Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДӘРІС микроб каз.гр..docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
320.76 Кб
Скачать

Салмонеллез қоздырғыштары

Салмонеллез-ішек асқазан жолының зақымдалуымен көрініс табатын жедел ішек инфекциясы қоздырғыштары Салмонелла туыстығына жататын көптеген бактериялар болып келеді.

Салмонелла туыстығының 2000-нан астам түрі бар олардың көпшілігі сальмонеллездердің себепшісі болуы мүмкін.

Эпидемиологиясы. Аурудың негізгі көзі – жануар, жиі үй жануарлары (ірі, ұсақ, шошқа т.б) және құстар (тауық, үйрек, қаз т.б). Сирек аурудың көзі болып ауру және тасмалдаушы адамдар табылады. Жұғу механизімі - нәжіс-ауыз арқылы. Инфекцияның негізгі таралуы жолы тағам арқылы.Таралу факторлары тек жануарлар мен құстардың ғана еттері емес, сонымен қатар жұмыртқалары да болып табылады. Иммуниттеті төмен және антибиотик қабылдап жүрген адамдар жиі шалдығады (әсіресе емшектегі балалар).

Патогенезі. Салмонеллалар ауыз арқылы ащы ішеке түседі де, содан патологиялық процес дамиды. Адгезивті факторы арқылы ішектің шырышты қабығына бекиді де терең қабатына еніп, макрофагтармен жұтылады. Саллмонеллалар көбейеді де және жойылып эндотоксин бөледі, ол диарея және жалпы интоксикация тудырады, су- тұз алмасуын бұзады. Ішектің қалыпты микрофлорасы салмонеллалардың жиналуына айтарлықтай кедергі жасайды. Кейбір жағдайда иммунитет төмен және қоздырғыштың жоғарғы вируленттігі кезінде бактериемия және сүйек, буын, ми қабығының т.б мүшелердің зақымдалуын дамытады.

Клиникалық белгілер. Жасырын кезеңі орташа 12 -14 сағат. Ауру дене қызуының жоғарлауымен, іш өтумен, іш ауруымен, жүрек айнумен, құсумен сипатталады. Аурудың ұзақтығы көбінесе 7 күн. Кейбір жағдайларда науқастың өліміне алып келетін кенеттен пайда болатын токсикалық түрі байқалады.

Иммунитет. Аурудың кейін бір жылға дейін сақталады.

Микробиологиялық диагностикасы. Зерттеу материалдары құсық, нәжіс, асқазан шайындысы. Бактериологиялық, серологиялық әдістері қолданады.

Емдеуі. Салмонеллездерді емдеу асқазанды жуу, диета, су тұз алмасуын реттеу үшін ертінділер қолданумен қорытындыланады. Жеңіл немесе орташа ауырлықты дәрежесінде антибиотиктер қолданбайды, себебі оларды пайдалану дисбактериозға және аурудың созылмалы түріне әкелуі мүмкін; сонымен қатар антибиотике тұрақты салмонеллалардың саны орасан көп.

Сақтандыруы. Бейспецификалық–санитарлық–гигиеналық шаралар, яғни ет немесе жұмыртқаны дұрыс өңдеу.

Іш сүзегі.

Іш сүзегі ішектің лимфа жүйесінің зақымдалуымен, көрнекті интоксикациямен сипатталады.

Таксономия. Іш сүзег қоздырғыштары Gracilicutes бөліміне, Enterobacteriaceae тұқымдастығына, Salmonella туыстығына жатады.

Морфологиялық және тинкторилдық қасиеттері. Салмонеллалар өте ұсақ, грам теріс, ұшы домалалақтанған. Жағындыда бейберекет орналасқан. Спора түзбейді, микрокапсуласы бар, перитрихтер.

Дақылды өсіру. Салмонеллаллар - факультативті анаэроб. Олар талғамды емес және 37ºС-та және рН 7,2-7,4 болатын қарапайым қоректік орталарда ешбір ерекшеліксіз өсе береді. Элективті орта болып ет сорпосы болып есептеледі. Іш сүзегінің диагностикасы барысында басқа ішек инфекциялары сияқты Эндо, Левин, висмут-сульфитті агар және т.б. дифференциалды- диагностикалық қоректік орталар қолданылады.

Ферменттік белсенділігі. Сахаралитикалық қасиеті белсенді сахарозаларды қышқыл мен газға дейін ыдыратады, протеолитикалық қасиеті желатинды сұйылтпайды.

Патогенді факторлары. Салмонелларлар энтеротропты, нейротропты, пирогенді әсер беретін эндотоксин түзеді.

Резистенттілігі. Салмонеллалар төмен температурада тұрақты, таза суық суда бір жарым жылға дейін сақталады; дезинфекциялық заттарға, жоғары температураға, УК- сәулелерге өте сезімтал. Тағамдық заттарда (етте, сүтте, және т.б.) салмонеллалар тек сақталып қоймай, сонымен қатар көбейеді.

Эпидемиологиясы. Іш сүзегінің көзі ауру адамдар мен тасымалдаушылар болып табылады. Инфекцияның таралу механизмі фекалды-оралды. Су арқылы тасымалдау жолы басым, тағамдық және тұрмыстық-қатынас жолдарымен сиректеу беріледі. Ауру әсіресе жаз бен күзде ұлғаяды.

Патогенезі. Қоздырғыштар ауыз арқылы ағзаға түсіп, ащы ішекке жетеді, оның лимфа түйіндерінде көбейіп, қанға түседі. Қан ағыны арқылы ағзаның барлық мүшелеріне таралып, паренхиматозды мүшелерше енеді көкбауыр, бауыр, бүйрек, сүйек кемігі. Бактериялар жойылғанда интоксикация тудыратын эндотоксин бөлінеді. Салмонеллалар ұзақ сақталатын, тіпті өмір бойы болатын өт қапшығынан олар ащы ішектің сөл лимфа түйіндеріне қайта түседі. Салмонелланың қайта түсуінің нәтижесінде қабыну түрінде, содан кейін лимфа түйіндерінің некрозымен бейнеленетін аллергиялық реакция пайда болуы мүмкін. Салмонеллалар ағзадан зәр және нәжіс арқылы шығарыларды.

Клиникалық белгілері. Жасырын кезеңі 12-14 күнге дейін созылады. Ауру негізінен дене температурасының жоғарлауынан, әлсіздіктің пайда болуымен, ұйықының бұзылуымен, қалжырауымен, тәбетінің төмендеуімен белгіленеді. Іш сүзек үшін ақыл естің ауысуы (грекше typhus –түтін, тұман), сандырақтау, галлюцинация, бөртпенің пайда болуы тән. Аурудың ауыр асқынулары перитонит, ащы ішектің лимфа түйіндеорінің некрозы нәтижесінде ішектік қан кету болып табылады.

Иммунитеті. Аурудан кейін тұрақты және ұзақ иммунитет пайда болады.

Микробиологиялық диагностикасы. Зерттелетін материал ретінде қан, құсық, асқазанның шайынды суы, зәр, нәжіс алынады. Диагностиканың негізгі түрі бактериологиялық әдіс болып табылады. Сонымен қатар, қосымша маңыздылығы бар серологиялық әдіс те қолданылады – Видаль агглютинация реакциясы.

Сақтандыруы. Алдын алу үшін санитарлық-гигиеналық іс-шаралар келтіріледі. Сонымен қатар эпидемиологиялық жағдайы нашар аймақтарда вакцинация жүргізіледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]