Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДӘРІС микроб каз.гр..docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
320.76 Кб
Скачать

2. Грам теріс кокктар. Менингококктар

Neisseriaceae тұқымдасына, Neisseria туысына, Neisseria meiningitidis түріне жатады.

Менингококк Вексельбауммен алғаш рет 1887 жылы ашылды. Менингитпен сырқаттанған аурудың жұлынның сұйықтығынан анықталған.

Менингококктар түдыратың аурулар.

  1. Церебраспинальды эпидемиялық менингит.

  2. Назофарингит.

  3. Менингококкоцемия.

  4. Менингококктар іріңді микробтар болғандықтан әртүрлі ағзаларда қабыну және іріңді процесстер шақырады.

Инфекцияның қақпасы. Менингококктар организмге ауа-тамшы жолмен еніп және мұрын жұтқыншақтың шырышты қабығында орналасып жергілікті қабыну шақырады – ринофарингит. Мидың қабығына менингококктар гематогенді жолмен (қан арқылы) түседі, сондықтан да менингококк қанда табылады.

Морфологиясы.

Менингококктар – диплококктар, екі ірі бұршақ тәрізді бір-біріне ойық жағымен орналасқан кокктар.

Әр кокктын мөлшері 1,2-1,5х0,6-0,8 мк. Менингококктар қозғалмайтың, спорасы жоқ, кейде нәзік капсула бар микробтар. Жиі лейкоциттердің ішінде орналасады, бірақ клеткадан тыс кездеседі. Грам теріс.

Менингококктарға полиморфизм сипат, олар мөлшерін, түрін және тіпті Грам бойынша бояуға қатынасыда өзгеру мүмкін. Таза культурада жиі шар тәрізді түрде болады. Менингококктар эндотоксин бөледі.

Культуральды қасиеті. Менингококктар – аэробтар, 37ºС температурад және рН 7,4-7,6 ортада жақсы өседі, құрамында нативті ақуызы (қан, қанның сары суы) бар орталарда көбееді. Қатты қоректік орталарға егкенде агар-агар мөлшері 2% аспау керек. Орталар жаңа дайындалған және ылғалды болу керек. Қанның сары суы бар агарда коллониялар үлкен емес (диаметрі 2-3 мм), нәзік, жартылай мөлдір, түссіз, күнгірт реңк.

Қанның сары суы бар сорпада менингококк жеңіл лай және түбінде тұнба түрінде болады. 3-4 сағаттан кейін сорпаның бетінде нәзік қабыршақ пайда болады.

Ферментативті қасиеті. Менингококктың ферментативтік қасиеті әлсіз. Менингококктар сүтті ірітпейді, желатинды сұйылтпайды, көмір сүтегіні (глюкозамен мальтозаны ғана) қышқылға дейін ыдыратады.

Химиялық және физикалық факторларға төзімділігі. 70ºC температурада менингококктар 2-3 минутта өледі. Культиварование жасағанда термостаттың температурасы (37ºС) тербеліссіз болу керек, өйткені микробтар тез бұзылады.

Менингококктар салқынға және кептіргенде өте тез өледі.

Дезинфекциялық ерітінділердің әсері: 1% фенол ерітіндісі және ажарасқан (1:1000) сулема менингококктарды 1 минутта өлтіреді.

Зерттеуге алынатың материал.

  1. жұлын мидың сұйықтығы

  2. шырышты қабықтың бөлігі

  3. қан

Негізгі зерттеу әдістері:

  1. Микроскопиялық

  2. Бактериологиялық

  3. Серологиялық

ГОНОКОККТАР

Neisseriaceae тұқымдасына, Neisseria туысына, Neisseria gonnorrheae түріне жатады.

Гонококктар Нейсеермен 1879 жылы табылған. Тек қана адамның ағзасында паразиттік өмір сүреді.

Гонококктар түдыратың аурулар.

  1. Гонорея – несеп жолдарының ауруы.

  2. Бленорея – көздің шырышты қабығының ауруы.

  3. Гонококктар іріңді бактериялар болғандықтан әртүрлі ағзаларда іріңді-қабыну процесстер шақырады.

Инфекцияның қақпасы. Несеп жыныс жолдарының және көздің шырышты қабығы болып табылады.

Морфологиясы.

Гонококктар – диплококктар, екі ірі бұршақ тәрізді бір-біріне ойық жағымен орналасқан кокктар. Гонококктардың мөлшері 1,2-1,3х0,7-0,8 мк, қозғалмайды, спорасы және капсуласы жоқ, бірақ жаңа алынған материалда гонококктың айналасында капсула тәрізді шырышты зат көруге болады, грам теріс. Гонококктар эндотоксин бөледі.

Культуральды қасиеті.

Гонококктар – аэробтар, қоректі орталарға өте талғағыш және оларда нашар өседі, СО2 мұқтаж етеді.

Гонококкты өсіру үшін зерттелетің материалды қанның сары суы бар агарға немесе Бейл ортасына егеді. Материалды алғаннан кейін жаңа дайындалған, міндетті түрде ылғалды ортаға егуді дереу жасау керек.

Гонококктар ұсақ коллония (1-2 мм) түзеді, мөлдір көгілдір, жылтыр, шеттері тегіс (шықтың тамшыларына ұқсас).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]