- •1. Беріліс механизмдерінің міндеттері және классификациясы (жіктелуі)
- •2. Берілістердің негізгі кинематикалық және энергетикалық сипаттамалары
- •1 Және 2 тісті доңғалақтар (кіру және шығу жұлдызшалары)
- •3. Тісті берілістер. Тісті берілістердің әрекет принципі және классификациясы
- •1 Шестерня; 2 доңғалақ; a – сыртқы ілініс; б ішкі ілініс; в – рейкалы ілініс
- •3.2.2. Цилиндрлік тісті берілістердің геометриясы және кинематикасы
3. Тісті берілістер. Тісті берілістердің әрекет принципі және классификациясы
Зубчатые передачи. Принцип действия и классификация зубчатых передач
Gear trains. Mode and classification of gear trains
Тісті механизм деп кем дегенде бір тісті ілінісуі бар болатын беріліс механизмін айтады.
Тісті беріліс – бұл үш буынды механизм болып, онда екі қозғалмалы буыны тісті доңғалақ болып, қозғалмайтын буынмен айналмалы немесе ілгерілемелі жұп құрайды.
Тісті берілістер айналдырушы моментті біртіндеп ілінісетін тістер жәрдемімен қамтамасыз етеді (4,а-сурет). Тістер орналасқан айналу денесі тісті доңғалақтар деп аталады. Тісті жұптың кіші доңғалағы – шестерня, ал үлкені доңғалақ деп аталады. Тісті доңғалақтар шартты түрде дене (күпшекті диск) және тіс тәжінен тұрады.
Тісті берілістерді геометриялық және функционалдық белгілері бойынша классификациялайды.
• Тісті доңғалақтар өстерінің өзара орналасуы бойынша бөлінеді: өстері параллель беріліс – сыртқы (4,а-сурет) және ішкі (4,б-сурет) цилиндрлік беріліс; өстері қиылысқан беріліс – конусты беріліс (5- сурет); өстері айқасқан беріліс – гиперболоидты беріліс (винттік, гипоидтық және бұрамдық) (6,а,б,в-сурет).
а) б)
в)
4 - сурет. Цилиндрлік тісті берілістер:
1 Шестерня; 2 доңғалақ; a – сыртқы ілініс; б ішкі ілініс; в – рейкалы ілініс
• Тістердің бағыты бойынша (доңғалақтар өсіне қатынасты тістердің орналасуы) тісті доңғалақтар түзутісті (3, 5-суреттер), қиғаштісті (7-сурет), шевронды (8-сурет) және дөңгелекті (6,а-сурет) болады.
Қиғаштісті берілістер тарту электрқозғалтқыштың қиғаштісті шестернясынан локомотивтердің доңғалақ жұптарының қиғаштісті доңғалақтарына энергия беретін локомотивтердің механикалық беріліс конструкцияларында кеңінен қолданыс тапты (1.9 және 3.9-суреттер).
5-сурет. Конусты тісті жұп:
1 шестерня; 2 доңғалақ
6-сурет. Гиперболоидты беріліс:
а – винтік; б - гипоидтық; в - бұрамдық
7-сурет. Қиғаш тісті беріліс 8-сурет. Шевронды тісті беріліс
• Тіс профилінің пішіні бойынша эвольвенттік, дөңгелектік (Новиков ілінісуі) және циклоидтық болып бөлінеді. Тәжірибеде ең көп таралғаны тістің эвольвенттік профильді тіс, оны 1760 ж. Л.Эйлер ұсынған, оның технологиялық және пайдалану жағынан бірқатар маңызды артықшылықтары бар (11-сурет).
• Доңғалақ тістерінің дөңестігі және ойығы жазықтарының салыстырмалы орналасуы бойынша сыртқы іліністі (4,а-сурет) беріліс және ішкі іліністі (4,б-сурет) беріліс болып бөлінеді.
• Конструктивтік орындалуы бойынша беріліс ашық және жабық (май ваннасында қорапта орналасқан) болады.
• Қуат беру үшін пайдаланылатын беріліс күш беретін және кинема-тикалық функцияларды орындау үшін пайдаланылатын беріліс кинематикалық (күш бермейтін) болады.
Тісті берілістер жетектегі біліктің айналу жиілігін төмендетуі немесе жоғарылатуы мүмкін. Төмендетуші берілісте жетектеуші біліктің айналу жиілігінен жетектегі біліктің (доңғалақтың) айналу жиілігі кем, ал жоғарылатушы берілісте көп болады. Төмендетуші берілісті агрегат редуктор деп аталады, ал жоғарылатушы берілісті агрегат мульти-пликатор деп аталады.
Тісті берілістердің артықшылығы: конструктивтік орындалуының қарапайымдылығы; жүктелу қабілеттілігінің жоғарылығы; габариттерінің кішілігі (ықшам); сенімділігі және шыдамдылығы үлкен; пайдалы әсер коэффициенті (ПӘК) жоғары (бір сатыда 0,97…0,98 дейін); беріліс қатынасының тұрақтылығы; жылдамдықтар (150 м/с дейін) мен беріліс қатынастарының (бірнеше жүзге, тіпті мыңға дейін) кең диапазонында пайдалану мүмкіндігі.
Тісті берілістердің кемшіліктеріне: жасау және жинау дәлділігіне талаптың жоғарылығы, үлкен жылдамдықтарда шудың пайда болуы, қатаңдығы жоғары болғандықтан, динамикалық күштерді қабылдау қабілеттілігінің нашарлығы жатады.
