- •Семинарлық сабақтар үшін әдістемелік нұсқамалар
- •1.Тақырып.Мемлекет және құқықтың түсінігі және белгілері.
- •3.Оқытудың міндеті:
- •4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6.Негізгі әдебиеттер тізімі:
- •7.Бақылау сұрақтары:
- •1.Тақырып: 2.Конституциялық құқық- ұлттық құқықтың жетекші саласы ретіндегі түсінігі,пәні.
- •3.Оқытудың міндеті:
- •4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6.Негізгі әдебиеттер тізімі:
- •7.Бақылау сұрақтары:
- •4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6.Негізгі әдебиеттер тізімі:
- •7.Бақылау сұрақтары:
- •Қазақстан республикасы
- •Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі
- •«Марат оспанов атындағы батыс қазақстан мемлекеттік медицина университеті» шжқ рмк
- •Семинарлық сабақтар
- •Үшін әдістемелік нұсқамалар
- •1.Тақырып 4. Отбасы және неке құқығының жалпы сипаттамасы мен түсінігі,қағидалары.
- •3.Оқытудың міндеті: -құқық саласының пәнін оқу
- •4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6.Негізгі әдебиеттер тізімі:
- •7.Бақылау сұрақтары:
- •Қазақстан республикасы
- •Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі
- •«Марат оспанов атындағы батыс қазақстан мемлекеттік медицина университеті» шжқ рмк
- •Семинарлық сабақтар
- •Үшін әдістемелік нұсқамалар
- •1.Тақырып 5. Еңбек құқығы пәні,әдісі,жүйесі және қайнар көздері.
- •4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6.Негізгі әдебиеттер тізімі:
- •7.Бақылау сұрақтары:
- •Семинарлық сабақтар үшін әдістемелік нұсқамалар
- •4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6.Негізгі әдебиеттер тізімі:
- •7.Бақылау сұрақтары:
- •Қазақстан республикасы
- •Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі
- •«Марат оспанов атындағы батыс қазақстан мемлекеттік медицина университеті» шжқ рмк
- •Семинарлық сабақтар
- •Үшін әдістемелік нұсқамалар
- •1.Тақырып 7. Қылмыстық құқық негіздері. Қылмыс түсінігі.
- •4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6.Негізгі әдебиеттер тізімі:
- •7.Бақылау сұрақтары:
- •Қазақстан республикасы
- •Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі
- •«Марат оспанов атындағы батыс қазақстан мемлекеттік медицина университеті» шжқ рмк
- •Семинарлық сабақтар
- •Үшінәдістемелік нұсқамалар
- •4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6.Негізгі әдебиеттер тізімі:
- •7.Бақылау сұрақтары:
- •Қазақстан республикасы
- •Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі
- •«Марат оспанов атындағы батыс қазақстан мемлекеттік медицина университеті» шжқ рмк
- •Семинарлық сабақтар
- •Үшін әдістемелік нұсқамалар
- •1.Тақырып 9. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының түсінігі және қызметінің негізгі бағыттары.
- •4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6.Негізгі әдебиеттер тізімі:
- •7.Бақылау сұрақтары :
- •Қазақстан республикасы
- •Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі
- •«Марат оспанов атындағы батыс қазақстан мемлекеттік медицина университеті» шжқ рмк
- •Семинарлық сабақтар
- •Үшін әдістемелік нұсқамалар
- •4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6.Негізгі әдебиеттер тізімі:
- •7.Бақылау сұрақтары:
- •Қазақстан республикасы
- •Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі
- •«Марат оспанов атындағы батыс қазақстан мемлекеттік медицина университеті» шжқ рмк
- •Семинарлық сабақтар
- •Үшін әдістемелік нұсқамалар
- •1.Тақырып 11. Қазақстан Республикасының экологиялық құқығының пәні, жүйесі.
- •4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6.Негізгі әдебиеттер тізімі:
- •7.Бақылау сұрақтары:
- •Н про бқмму 703-10-15. Сабақтар (практикалық, семинарлық, зертханалық)үшін әдістемелік нұсқамалар. Төртінші басылым.
- •Ф про зкгму 703-10-15.Методические рекомендации для занятий (практических, семинарских, лабораторных). Издание четвертое.
1.Тақырып: 2.Конституциялық құқық- ұлттық құқықтың жетекші саласы ретіндегі түсінігі,пәні.
2.Мақсаты: Конституциялық құқықтың ұғымын, құрылымын қарастыру, конституцияның қазіргі заманғы демократиялық мемлекеттің құқықтық жүйесіндегі маңыздылығын, ролін түсіндіру.
3.Оқытудың міндеті:
білім алушы білетін болады:
- конституциялық құқықтың түсінігі мен пәнін;
- конституциялық құқықтың жүйесін;
- ҚР конституциясының құрылымын.
4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1 Конституциялық құқықтың түсінігі.
2 Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының жүйесі.
3.Азаматтық туралы жалпы мәселелер.
4 Адам мен азаматтың конституциялық құқық,еркіндік және міндеттер жүйесі.
1-сұраққа: Конституциялық құқық Қазақстан Республикасының ұлттық құқық жүйесінің басты саласы б.т. Конституциялық құқық қоғам мен мемлекет құрылысының негізін құрайтын қатынастарды, мемлекеттік билікті жүзеге асыруға байланысты қатынастарды, сонымен бірге адам мен мемлекет арасындағы қатынастарды реттейді.Қазақстанның құқық жүйесінде конституциялық құқықтың алатын ролі, орны, маңызы зор. Құқықтық әдебиеттерде Кеңес Одағы дәуіріндегідей ТМД елдерінде де конституциялық құқық – құқық жүйесінің саласы ретінде есептеу қабылданған.
2-сұраққа: Конституция қазіргі заманғы демократиялық мемлекеттің құқықтық жүйесінде айрықша орын алады және құқықтық мемлекеттің қажетті белгілерінің бірі болып табылады. Конституцияның болуы – заңдылықтың, құқық тәртібінің және билік институтының тұрақтылығының міндетті шарты. Конституция өзіндік заңдық ерекшеліктерге: жоғарғы заң күшіне, тікелей әрекет етуге, құрылтайшылық сипатқа, түзетулер қабылдау мен енгізудің ерекше тәртібіне ие. Қазақстан Республикасының Конституциясы елдегі нормативтік құқықтық актілер жүйесін бастай отырып,ең алдымен заң күшіне ие.
3-сұраққа: Бұл сұрақта ең алдымен азаматтық туралы ұғымына түсінік беріп кетуіміз қажет. Азаматтық дегеніміз – адамның мемлекетпен,оның өзара құқықтары мен міндеттері жиынтығын білдіретін тұрақты саяси-құқықтық байланысы болып табылады. Азаматтықты анықтайтын құжат төлқұжат болып табылады.Қазақстан Республикасының азаматтығы заңға сәйкес алынады және тоқтатылады, ол қандай негізді алынғанына қарамастан бірыңғай және тең болып табылады. Азаматтықты алудың тәсілін айтар болсақ, ең оңай жолы- азаматтықты тууына байланысты алуы. Олай дейтініміз оны алу не оны беру тек жеке адамның не тиісті мемлекеттік органның еркі емес, ол адамның табиғи құқығы болып табылады.Келесі мәселе –азаматтықты тоқтату негіздеріне арналған. Оның біріншісі –азаматтықтан шығу, екінші негізі – азаматтықтан айыру.
Азаматтар мен адамдардың құқықтары мен бостандықтары – мемлекетпен қорғалатын тұлғаның құқықтық мәртебесінің кіндігі болып табылатын адам туғанда,азаматтық алғанда пайда болатын ажырамас құқықтары мен бостандықтары. «адамның құқығы» және «азаматтың құқығы» екі түрлі ұғымдар.
4-сұраққа: Сайлау жүйесі дегеніміз сайлау органдарын құрудың,сайлауды ұйымдастырудың тәртібі қағидаларын қамтитын, сайланбалы мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарын қалыптастырудың тәртібі. Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі деп Конституция мен сайлау туралы заңдарда көрсетілгендей республика Президентін, Мәжіліс пен Сенат депуттаттарын, ауылдық әкімдерді, төте және жанама сайлау тәртібін айтамыз. Сайлау жүйесінің тепе-тең және мажоритарлы сияқты екі түрі бар.
5.Сабақ беру және оқыту әдістері: талдау, шағын топ,пікір-талас,терминдермен жұмыс
Есеп 1. Сайлау комиссиясы президент үміткеріне сенімді тұлғалардың болуына тиым салды? Комиссияның әрекеті заңды болып табыла ма?
Есеп 2. Мәжіліс депутаттығына үміткер тарихи құндылыққа ие ескерткішке үгіттеу материалдарын жапсырған. Үміткердің әрекеті заңды ма?
Есеп 3. Сенат депутаттығына үміткер үшін діни бірлестіктер ақшалай қаражат жинады.Бұндай алым сайлау туралы заңнамаға сәйкес келе ме?
Назар аударатын ұғымдар:(терминдер)
Конституциялық құқық,конституция, азаматтық, унитарлы мемлекет, зайырлы, әлеуметтік мемлекет, демократия, азаматтықты алу және тоқтату.
