Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
052723.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
119.07 Кб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ МИНИСТРЛІГІ

«МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН

МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» ШЖҚ РМК

Семинарлық сабақтар үшін әдістемелік нұсқамалар

Мамандығы: (5В130100) «Жалпы медицина»

Пән: Құқық негіздері

Кафедра: Қазақстан тарихы және қоғамдық-гуманитарлық пәндер мен психология және педагогика

Курс: 1

Тақырып №1. Мемлекет және құқықтың түсінігі және белгілері

Құрастырушы:

аға оқытушы, гуманитарлық ғылымдар магистрі

_______Г.Ж.Набиева

Ақтөбе, 2016 ж.

Кафедра отырысында талқыланды және бекітілді:

Хаттама № _____

____ _________ 2016ж.

Кафедра жетекшісінің м.а._____________________ А.К.Мұхамбетгалиева

1.Тақырып.Мемлекет және құқықтың түсінігі және белгілері.

2.Мақсаты: Мемлекет және оның қызметтерін, сонымен қатар құқықтың түсінігі мен негізгі белгілерін оқып-үйрену. Құқықбұзушылық түсінігі мен оның түрлерін қарастыру.

3.Оқытудың міндеті:

1.білім алушы мемлекет дамуының кезеңдері мен теорияларын біледі және талдай алады.

2. білім алушы мемлекет пен құқықтың қоғам өміріндегі орны мен рөлін біле алады.

3. білім алушы нормативтік –құқықтық актілермен жұмыс жасай алады.

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1 Мемлекеттің түсінігі және негізгі белгілері.

2 Мемлекеттің сыртқы және ішкі қызметтері.

3 Құқықтың негізгі белгілері және анықтамасы.

4 Құқық бұзушылықтың түсінігі мен түрлері

1-сұраққа: Мемлекет түсінігін анықтау барысында біркелкі қоғамдық құбылыстарды әр адамның әрқилы қабылдау мүмкіндігін білдіретін субьективті сипатын ғана емес, сонымен қатар олардың обьективті жағдайларын да ескерген жөн. Бұл жерде сөз, ең алдымен, құбылыс ретіндегі мемлекеттің күрделілігі мен көпқырлылығы және соған сәйкес оның түсінігін анықтау варианттарының көптігі туралы болып отыр.

Мемлекетті рулық құрылымдағы әлеуметтік биліктен ажырататын төмендегідей белгілері болады: 1. Бұқаралық биліктің болуы.2.Аумақтық бөлініс.3. Салықтар жүйесі. 4. Егемендік. 5.Құқықтың болуы.

2-сұраққа: Мемлекеттің функциялары – бұл мемлекеттің жалпы адами мәні мен әлеуметтік тағайындалуы көрініс табатын және нақтыланатын оның ішкі және сыртқы қызметінің негізгі бағыттары. Мемлекеттің ішкі қызметтері- оның алдында тұрған ішкі міндеттерді шешудегі қызметінің негізгі бағыттары.

Мемлекеттің сыртқы қызметтері – оның алдында тұрған сыртқы міндеттерді шешуге байланысты қызметінің негізгі бағыттары.

3-сұраққа: Құқық – қоғамдық қатынастардың ұйымшылдығын қамтамасыз етуде қажетті құрал б.т. Құқық – бұл қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған, мемлекетпен орнықтырылатын және қамтамасыз етілетін, жалпыға міндетті, формальды анықталған заң нормаларының жүйесі. Құқықтың әлеуметтік нормалардан ажырататын белгілері: еріктілігі; жалпыға міндеттілігі; нормативтілігі;мемлекетпен байланысы;формальды анықталғандығы; жүйелілігі.

4-сұраққа: Құқықбұзушылық -бұл қоғамның,мемлекеттің, тұлғаның мүдделеріне нұқсан келтіруші, тұлғаның кіәлі, құқыққа қайшы, қоғамға қауіпті іс-әрекеті. Әлеуметтік қауіптілігіне қарай барлық құқықбұзушылықтар қылмыстарға және терісқылықтарға бөлінеді.

Қылмыстар- бұл қоғамға ерекше қауптіліктен ерекшеленетін, әлеуметтік маңызды мүдделерге нұқсан келтіретін, нұқсан келтірушіліктен қылмыстық заңнамамен қорғалатын қылмыстық құқықбұзушылықтар.

Теріс қылықтар - әлеуметтік қауіптіліктің, қылмысқа қарағанда, аз дәрежесімен ерекшеленеді,қоғамдық өмірдің әр түрлі салаларында жүзеге асырылуы мүмкін, әр түрлі нұқсан келтіру обьектілері мен заңды салаларға ие. Олар үшін жаза емес, әр түрлі шаралар көзделген.

5.Сабақ беру және оқыту әдістері: талдау,сұрақ-жауап, терминдермен жұмыс, ситуациялық есептер шешу:

Есеп1.Заңды күшінің өсу тәртібіне қарай нормативтік актілерді қойыңыз:

ҚР Конституциясына өзгерту, Университет ректорының бұйрығы, ҚР Үкіметінің қаулысы,ҚР заңы.

Есеп 2.Әрекет қабілеттілік құқықтық қабілеттіліктен қалай ажыратылады?

Назар аударатын ұғымдар:(терминдер)Мемлекет,қоғам,норма, мемлекеттік егемендік,саяси жүйе, саяси режим, демократиялық мемлекет, авторитарлық мемлекет, тоталитарлық мемлекет, мемлекеттік аппарат, құқық, құқықтық реттеу, заңдылық, құқықтық тәртіп, құқықтық жүйе, құқықтың қайнар көздері,нормативтік акт, заң, құқық саласы, құқық субьектілері, құқықбұзушылық.