- •Бүйректің жедел зақымдалуы
- •Мазмұны
- •Бүйректің жедел зақымдалуының (бжз) анықтамасы
- •2. Бүйректің жедел зақымдалуының себептері және жіктелуі
- •Пререналды себептері
- •Ақк азаюы
- •Жүрек лақтырысының төмендеуі
- •Жүйелі вазодилятация
- •Бүйрек ішілік вазомоторлы өзгеріс
- •Реналды бүйректің жедел зақымдалуы
- •Постреналды бжз
- •3. Бүйректің жедел зақымдалуының патогенезі
- •Пререналды бүйректің жедел зақымдалуы
- •Жедел тубулярлы некроздың патофизиологиясы
- •Постреналды бүйректің жедел зақымдалуының патогенезі
- •4. Бүйректің жедел зақымдалуының клиникалық көріністері мен диагностикасы
- •Анамнез:
- •Пререналды және реналды бжз-ның дифференциальды диагностикасы (s. Steddon e.A., 2006)
- •Зерттеудің визуалды әдістері
- •Бүйректің жедел зақымдалуының клиникасы
- •Бүйректің жедел зақымдалуының емі
- •Бүйректің жедел зақымдалуының сатыларына байланысты науқастарды емдеу әдісі (kdigo, 2012).
- •Пререналды бүйректің жедел зақымдалуы
- •Реналды бүйректің жедел зақымдалуы
- •Контраст-индуцирленген нефропатия
- •Mehran (jacc, 2004) бойынша контрастты нефропатияның қауіп көрсеткіші
- •Постреналды бүйректің жедел зақымдалуы
- •Бүйрек қызметін алмастыру терапиясы
- •Диализ емінің қағидалары
- •Ұзартылған бүйрек қызметін алмастыру терапиясы
- •Перитонеалды диализдің ұстанымдары
- •Перитонеалды катетердің орнату әдістерін салыстыру (John a. Kellum, Cl. Ronco, crrt, Oxford Press, 2010)
- •Перитонеалды диализ өткізу техникасы
- •Бжз кезіндегі диализ мөлшері
- •Бат әдістерін салыстыру (John a. Kellum, Cl. Ronco, crrt, Oxford Press, 2010)
- •Қорытынды
- •Шфж анықтаудың есептік әдістері:
- •Қанның негізгі биохимиялық көрсеткіштері, қалыпты
- •Қанның қышқылды-сілтілі көрсеткіштері
- •Натрийдің экскрецияланатын фракциясын анықтау әдісі (feNa):
- •Мочевинаның экскрецияланатын фракциясын анықтау әдісі (feUr):
3. Бүйректің жедел зақымдалуының патогенезі
БЖЗ-ын сәтті емдеу дәрігердің бүйрек зақымдалуының себептерін және оның даму барысын жетік білуіне байланысты. Соңғы жылдарда БЖЗ-ның патогенезі жөніндегі түсініктер кеңейді.
Пререналды бүйректің жедел зақымдалуы
Пререналды БЖЗ бүйрек гипоперфузиясының әсерінен шумақ фильтрациясы төмендеуінен басталады, яғни бүйрек қан айналымының төмендеуіне байланысты. Бірақ бүйрек құрылымы өзгеріссіз қала береді. Метаболизмі гипоксияға аса сезімтал проксималды өзекшелер бірнеше күн бойы гипоксияға қарсы тұра алады, осыдан кейін олар зақымдала бастайды да жедел тубулярлы некроз дамиды.
Қалыпты жағдайда бүйрек перфузиясы айналымдағы қанның тиімді көлеміне, жүрек лақтырысына және шеткі қантамырлардың резистенттілігіне байланысты. Науқастың гидратациялық жағдайы қандай болса да тиімді артериалды қан көлемінің азаюы әрқашанда пререналды БЖЗ-ның дамуына алып келеді. Бүйрек гипоперфузиясына әкелетін себептердің 3 тобы:
Гиповолемия
Жүрек жетіспеушілігі
Жүйелі вазодилятация.
Гипоперфузияға жауап ретінде барорецепторлар арқылы жүйелі және бүйрекішілік өзгерістер дамиды (3-сурет).
Гиповолемия,
жүрек лақтырысының төмендеуі және
шеткі
артериалық
вазодилятация
Қарыншалық
және
артериалды
барорецепторлардың
белсенуі
активациясы
Осмостық
емес вазопрессиннің белсенуі
РААЖ
белсенуі
Симпатикалық
жүйке
жүйесінің
белсенуі
Реналды
судың жиналуы
Шеткі
және
бүйректік қантамырлық
резистенттіліктің
↑
Натрийдің
жиналуы
Артериалды
айналымды ұстап тұру
3-сурет. Пререналды БЖЗ-ның даму реттілігі
(Schrier R.W.e.a., 2004 бойынша бейімделген)
Бүйрек гипоперфузиясына жүйелі жауап:
Симпатикалық жүйке жүйесінің белсенділігі
РААЖ белсенділігі
Вазопрессин белсенділігінің жоғарылауы.
Бұл үдерістің мақсаты артериалық қан қысымын және өмірлік маңызды ағзалардағы қанағысты тұрақты ұстап тұру. Осы өзгерістер нәтижесінде дамиды:
Вазоконстрикция;
Жүрек лақтырысының жоғарылауы және жүрек соғуының жиілеуі;
Шөлдеудің күшеюі, тер бөлудің азаюы;
Бүйректе натрий мен судың кідіруі;
Гипоперфузияға бүйрек ішілік жауап (бүйректік ауторегуляция):
Бастапқыда шумақтық фильтрация шумақішілік қысым есебінен жүйелі артериалық қысымның төмендеуіне қарамастан ұсталып тұрады. Бұл шумаққа дейінгі афферентті артериоланың дилятациясы (простагландин және NO әсерінен) мен шумақтан кейінгі эфферентті артериоланың тарылуы (ангиотензин II әсерінен) арасындағы тепе-теңдігі арқасында қамтамасыз етіледі. Егер де бүйрек перфузиясы тез қалпына келмесе, онда бүйректің ауыр ишемиясы дамиды және пререналды БЖЗ паренхиматозды түріне ауысады.
Систоликалық АҚ 80 мм.с.б.б. төмен болса, бүйрек қанағысының және ШФ-ның төмендеу қаупі болады. Кейбір науқастарда (қарт адамдар, ААФт, АРТ қабылдайтын гипертониялық нефросклероз, диабеттік нефропатиясы бар науқастар) ШФ төмендеуі одан аздау гипотензияда дамуы мүмкін, сондықтан олардағы АГ-ны емдегенде БЖЗ-ның алдын-алу үшін осы қауіпті ескеру керек.
