- •Бүйректің жедел зақымдалуы
- •Мазмұны
- •Бүйректің жедел зақымдалуының (бжз) анықтамасы
- •2. Бүйректің жедел зақымдалуының себептері және жіктелуі
- •Пререналды себептері
- •Ақк азаюы
- •Жүрек лақтырысының төмендеуі
- •Жүйелі вазодилятация
- •Бүйрек ішілік вазомоторлы өзгеріс
- •Реналды бүйректің жедел зақымдалуы
- •Постреналды бжз
- •3. Бүйректің жедел зақымдалуының патогенезі
- •Пререналды бүйректің жедел зақымдалуы
- •Жедел тубулярлы некроздың патофизиологиясы
- •Постреналды бүйректің жедел зақымдалуының патогенезі
- •4. Бүйректің жедел зақымдалуының клиникалық көріністері мен диагностикасы
- •Анамнез:
- •Пререналды және реналды бжз-ның дифференциальды диагностикасы (s. Steddon e.A., 2006)
- •Зерттеудің визуалды әдістері
- •Бүйректің жедел зақымдалуының клиникасы
- •Бүйректің жедел зақымдалуының емі
- •Бүйректің жедел зақымдалуының сатыларына байланысты науқастарды емдеу әдісі (kdigo, 2012).
- •Пререналды бүйректің жедел зақымдалуы
- •Реналды бүйректің жедел зақымдалуы
- •Контраст-индуцирленген нефропатия
- •Mehran (jacc, 2004) бойынша контрастты нефропатияның қауіп көрсеткіші
- •Постреналды бүйректің жедел зақымдалуы
- •Бүйрек қызметін алмастыру терапиясы
- •Диализ емінің қағидалары
- •Ұзартылған бүйрек қызметін алмастыру терапиясы
- •Перитонеалды диализдің ұстанымдары
- •Перитонеалды катетердің орнату әдістерін салыстыру (John a. Kellum, Cl. Ronco, crrt, Oxford Press, 2010)
- •Перитонеалды диализ өткізу техникасы
- •Бжз кезіндегі диализ мөлшері
- •Бат әдістерін салыстыру (John a. Kellum, Cl. Ronco, crrt, Oxford Press, 2010)
- •Қорытынды
- •Шфж анықтаудың есептік әдістері:
- •Қанның негізгі биохимиялық көрсеткіштері, қалыпты
- •Қанның қышқылды-сілтілі көрсеткіштері
- •Натрийдің экскрецияланатын фракциясын анықтау әдісі (feNa):
- •Мочевинаның экскрецияланатын фракциясын анықтау әдісі (feUr):
Мазмұны
КІРІСПЕ ....……………...………………………………………………………
|
5 |
|
|
|
БҮЙРЕКТІҢ ЖЕДЕЛ ЗАҚЫМДАЛУЫНЫҢ АНЫҚТАМАСЫ....…
|
6 |
|
|
БҮЙРЕКТІҢ ЖЕДЕЛ ЗАҚЫМДАЛУЫНЫҢ СЕБЕПТЕРІ ЖӘНЕ ЖІКТЕЛУІ.................................................................................................... |
10 |
|
|
10 |
|
|
14 |
|
|
18 |
3. |
БҮЙРЕКТІҢ ЖЕДЕЛ ЗАҚЫМДАЛУЫНЫҢ ПАТОГЕНЕЗІ……… |
19 |
|
|
19 |
|
|
21 |
|
|
25 |
|
|
БҮЙРЕКТІҢ ЖЕДЕЛ ЗАҚЫМДАЛУЫНЫҢ КЛИНИКАЛЫҚ КӨРІНІСТЕРІ МЕН ДИАГНОСТИКАСЫ ............................................. |
25 |
|
|
25 |
|
|
26 |
|
|
29 |
|
|
30 |
5. |
БҮЙРЕКТІҢ ЖЕДЕЛ ЗАҚЫМДАЛУЫНЫҢ ЕМІ .........…………..... |
33 |
|
|
33 |
|
|
36 |
|
|
38 |
|
|
41 |
6. |
БҮЙРЕК ҚЫЗМЕТІН АЛМАСТЫРУ ТЕРАПИЯСЫ……………….. |
41 |
|
|
43 |
|
|
47 |
|
|
51 |
7. |
ҚОРЫТЫНДЫ .………..…………………………………………………. |
57 |
ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ ..……………………………………............................... |
62 |
|
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ........…………………………… |
74 |
|
КІРІСПЕ
Бүйректің жедел зақымдалуы (БЖЗ) – шумақтық фильтрация жылдамдығының тез (сағат-күн) төмендеуінің нәтижесінде дамитын синдром. Ол бүйректен шығатын, метаболизм кезінде түзілген азоттық (мочевина, креатинин) және азоттық емес өнімдердің өсуіне, соның салдарынан электролиттердің, қышқылды-сілтілі тепе-теңдіктің, сұйықтық көлемінің бұзылуына әкеледі.
БЖЗ - мультидисциплинарлық мәселе, оның себептері әртүрлі және кез-келген дәрігердің тәжірибесінде кездеседі. Ол қарқынды ем бөліміндегі (ҚЕБ) ауыр жағдайдағы науқастарда өте жиі дамиды және өлімнің тәуелсіз факторы болып табылады. Медицина ғылымының және тәжірибесінің ауқымды дамуына қарамастан, соңғы үш он жылдықтың ішінде БЖЗ салдарынан өлім көрсеткіші мүлдем өзгерген жоқ десе де болады. Әсіресе өлімнің жоғары көрсеткіші (50-70% дейін) бүйрек қызметін алмастыру терапиясына (БАТ) мұқтаж науқастардың арасында бақыланады.
2006 жылғы Ұлыбритания мәліметтері бойынша, жаңа нақтыланған критерийлерді қолданған кезде креатинин деңгейінің 300 мкмоль/л-ден артық жоғарылау жиілігі әр 1 млн. тұрғынға 486-620-ны құраған. Диализды қажет ететін БЖЗ жиілігі әр 1 млн. тұрғынға шаққанда 200-ге жуық тұрғынды құрады. АҚШ-тағы соңғы жылдардағы зерттеулер ҚЕБ-гі науқастардың арасында БАТ-ға мұқтаж адам саны күрт өсіп келе жатқанын көрсетеді. Сонымен АҚШ-тағы мәліметтер бойынша (Waika S.S.e.a, 2006) бұл көрсеткіш алдыңғы ғасырдың 80-90 жылдары әр 1 млн. тұрғынға 50 науқас болса, ал 2006 жылы 1 млн. тұрғынға 270-ке дейін өсті.
Сондықтан, осы өзекті мәселені зерттеп, өлім көрсеткішін төмендетуге бағытталған ұсыныстар әзірлеу қажеттілігі туды. Қолданыстағы «жедел бүйрек жетіспеушілігі (ЖБЖ)» терминінің орнына жаңадан БЖЗ терминін ұсынуға ADQI (Acute Dialysis Qualite Initiative – Жедел диализ сапасын жақсарту инициативасы) және одан кейін AKIN (Acute Kidney Injury Network – Бүйректің жедел зақымдалуын зерттеу тобы) арнайы топтарының жұмыстары бастама болды. Бұл зерттеулерге 2000 жылы Американдық Нефрологтар Қауымдастығы мен Қарқынды Ем Мамандарының Қауымдастығы қолдау көрсеткен. БЖЗ жаңа тұжырымдамасы БЖЖ мәселелерін кең көлемде қарастырады, ол көбінесе БАТ қажет ететін жетіспеушілік сатысы дамуымен салыстырғанда үдерістердің қайтымды болу мүмкіндігі жоғары болып саналатын қауіп, бүйрек зақымдалуының бастапқы сатыларынан бастап науқасты бақылауды талап етеді.
БЖЗ сатыларын анықтауға бағытталған нақты критерийлерді әзірлеу үшін 200-ден аса БЖЖ критерийлері және 90-ға жуық бүйрек қызметін алмастыру терапиясын бастау ұстанымдары бар зерттеулер нәтижелері талданды. 2012 жылдың наурызында Kidney International журналында БЖЗ бойынша Тәжірибелік клиникалық ұсыныстар жарияланды, оның қысқаша аударма нұсқасы Ресейде басылып шықты. Тіпті жыл сайын атап өтілетін 2013 жылғы Дүниежүзілік бүйрек күні нефрологияның өзекті мәселесі – Бүйректің жедел зақымдалуына арналды.
