Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
otchet.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
440.56 Кб
Скачать

1. 3. Әлемдік ланшафты дизайн даму тарихы

Сан ғасырлар бойы адамзат баласы өзінің айналасын хош иісті, әдемі гүлдейтін сәнді гүлді және бұталы өсімдіктермен безендіруге тырысқан, яғни гүлге деген құштарлық сонау біздің дәуірімізге дейін үш мың жыл бұрын қалыптасқан.

Египеттегі ежелгі пирамидадан жасмин гүлінің тұқымдары мен жапырақтары табылған. Бұл олардың ерекше хош иісі бар жасмин гүлін қолданғандарының белгісі. Сонымен қоса, фикус, пальма және тағы да басқа декоративті өсімдіктердің жапырақтары табылған. Египтіктердің ескі тарихи жазбаларында лалагүл, лотос, конопля, фикус секілді гүлдер жайында баяндалған.

Иран елінің бақтарында пальма, жеміс ағаштары және сирень, лалагүл, фиалка, раушангүл, нарцисс, қылғалдық гүлдерінің сан алуан түрлері өсіріледі. Ақындардың жазбаларында Иран Гюлистан (гюль-раушангүл) атты есіммен белгілі болған, сонымен қоса ежелгі Иран елінің астанасы ертеде Суза (лалагүл қаласы) деп аталған.

Индияда раушангүл ерекше саналған. Басқа гүлдер арасында көп қолданылатындары: лотос, аконит, лалагүл, т.б.

Грециядағы гүл шаруашылығының дамығандығын Архипелага аралдарындағы бақтармен байланыстырады. Грек халқы ерте уақыттан бері гүлдердің түр-түрін өсірген: аюоты, гүлтәжі, қалампыр, сүмбіл, ирис, лалагүл, раушан, т.б.

Ежелгі Римде декоративті бақтармен айналысу ерекше дамыған. Қала көшелерін әртүрлі хош иісті гүлдермен безендіріп қана қоймай, әрбір үйдің қабырғасынан үйдің төбесіне дейін бойлап өсетін сәндік бұталы ағаштар кең қолданыста болған. Гүлдерді Греция, Египет, тіпті Индия елдерінен алдыртып отырған. Раушан гүлі Рим елінде инабаттылық пен өнегеліліктің нышаны болған. Кейінірек раушан гүлі ермек, ойын, әуесқойлылық ретінде пайдаланылған. Рим императоры Нерон өз заманында той-думандарда "розовые дожди" - "раушангүл жаңбырын" ұйымдастырып отырған. Сонымен қоса, ақ гүлді миртті денсаулық нышаны ретінде қабылдаған.

Қытай халқы да өзінің гүл щаруашылығы мен сонымен байланыста ежелгі дәстүрлерін мақтан тұтады. Олардың алғашқы гүл бақтары ғибадатхана маңдарында өсірілген. Шайшөп, гардения, таушымылдық, бақытгүл, бамбук өсімдіктеріне ерекше құрметпен қараған. Бұл елде гүлді өсімдіктерге кім және қалай қарайтындығына аса қатты мән берілген. Гүлді өсімдіктер күтіміне ерекше қызметшілер таңдап алынатын болған, ол адам гүл жапырақтарын жұмсақ қылқаламмен сүртуге міндеттенген, қылқалам қоянның жүнінен жасалатын болған. Таушымылдық гүлінің күтіміне көрікті келген қыздар қарайтын болса, ал қара өрік ағашын қарапайым сопы ер кісі суаруға міндеттенген. Бұл жерден, Қытай халқының гүл күтіміне ерекше мән беретіндігі байқалады. Кез-келген жыл мезгілінде көздің жауын алатын гүлдердің өсіп тұруын қалаған Қытай халқы, алғаш рет жібектен жасанды гүлдерді шығара бастаған.

Жапонияда ең мәртебелі өсімдік ретінде бақытгүлі, қара өрік, орхидея, және бамбук саналады. Жапония халқы өздеріне шие гүлдерін, лалагүлді, азалия гүлдерін жақын тартып, оларда өз тағдырларының осы өсімдіктермен байланыстыратын күш бар екендігіне сенім қалыптасқан. Жапон шеберлерінің арасында гүлдерден әрт.үрлі көңіл-күйді сездіретін гүлшоқтарын (икебано) жасау өнері жақсы дамыған.

Еуропада гүл шаруашылығының дәстүрі Шығыс-Оңтүстік Азиямен салыстырғанда кешірек қалыптасқан. Алғаш дамуы Испания елінен бастау алады. Олар әлемнің әр аймағынан экзотикалық өсімдіктердің тұқымдарын тасып, оларды жерсіндірумне айналысқан. Қазіргі таңда Еуропада гүл шаруашылығы аса жоғары агротеникасы менен ерекше дамыған ландшафты-декоративті гүлдер дизайнмен сипатталды. Ұлыбританиядағы гүл бақтары – Еуропадағы ең көздің жауын алатын жерлердің бірі саналады. Англияда бұталы өсімдіктерден әртүрлі фигурадағы мүсіндер жасау қарқынды дамыған. Гүлдің әдемі көрінісінен ләззат алу жағынан Голландия әрдайым ерекшеленіп отырады. Сондықтан да бұл жерде, гүл шаруашылығы ерекше атақты сала түрі. Көздің жауын алатын голландиялық қызғалдақтардың алаңы XVII ғасырдан бастап қолға алынып, жаппай өсіріле бастаған. Сол кезеңдерде «тюльпаномания» деген атпен тарихта белгілі болған, ол дегеніміз Голландиялық қызғалдақтарға деген қысқа мерзімді аса жоғары сұраныс ұшқыны. Әрбір жаңа қызғалдақ сорты үшін адам сенгісіз төлем берілген.

Көрші ел Ресейде гүл шарушылығы жеміс-жидекті және декоративті-гүл бақтарымен байланысты. Орыс халқының гүлге деген құрметін орамалдарға кестелеп түсірілген гүл суреттерінен байқауға болады. Мәскеу қаласында гүл шаруашылығының дамуы XIVғасырлардан байқалады. XVI ғасырда Ресейде монастырь маңындағы гүл бақтары қатты дамып, «жұмбақ қала» деген атауға ие болған. I Петр кезінде гүл бақтарының дамуы өріс алып, соның билігі тұсында көптеген Ресей қалаларында гүл бақтары пайда болған. Ол «Садовая контора» - бақтық бақылау кеңсесін құрып, онда өз заманының мамандары сирек кездесетін гүл түрлерін сақтаумен және гүлдерден әртүрлі әшекей бұйымдарын жасаумен айналысқан.

Дегенмен де, әрбір адам тек мамандар қолымен жасалынған гүл бақтарын тамашалап қана қоймай, өзінің жеке бір әлемі іспетті, шағын ғана үйінің маңынан орын алған бақтың болуын калайды. Бірақ, ол үшін көп нәрсені білу қажет; сол жердің топырағы мен климатында өсе алатын өсімдік түрін таңдай білу қажет, оларға қалай күтім жасау керектігін білу қажет. (энциклопедия цветы)

Декоративті өсімдік сорттарына қайда және қандай белгілері бойынша баға береді?!

Біздің елімізде декоративті өсімдік сорттарын сынау1959 жылдан бастап қолға алынған, яғни Кеңес Одағы уақытынан бастау алған. 20-дан астам сортсынау орталықтары жұмыс жасаған. Сортсынау орталығында декоративті өсімдіктердің жаңа сорттарына 3 жыл көлемінде сол аймақтағы басқа жерсіндірілген өсімдіктерімен салыстыру жұмыстары жүргізілген. Сыналып отырған сорт ауа-райы қолайсыздықтарына төзімдірек келсе, аурулармен, зиянкестермен аз зақымдалса, жоғары сапалы гүл түзіп жатса, оны сол аймақтың жерсіндірілген өсімдіктер тізіміне енгізіп отырған. Сорт сынауды сарапшы комиссия декоративті өсімдіктің жаппай гүлдеу кезеңінде жүрзізеді. Жыл соңында әр жыл мезгіліндегі сортсынау нәтижелерін шығарады. 3 жылдық сынау нәтижесі бойынша сортты жерсіндіруге үсынады не болмаса сол климаттық аймақтан сынауды алып астауды ұсынады.

Гүлді-декоративті өсімдіктер екі белгісі бойынша бағаланады. Олар: декоративті белгісі және шаруашылық-биололгиялық белгісі.

Декоративті белгілеріне биіктігі, өсімдік формасы, боялуы, көлемі, гүлінің формасы мен орналасуы, гүлшоғыры және жапырағы жатады.

Шаруашылық-биологиялық белгілеріне вегетативті өсіп-өнуіге қабелеттілігі, қолайсыз қоршаған орта жағдайларына төзімділігі (құрғақшылық, аяз, жапырылуға төзімділігі) жатады. Декоративті өсімдіктер үшін ең бастысы, олардың өсімталдылығы, біруақытта гүлдеуі.

Гүлді өсімдіктер үшін ең маңыздысы гүлсидамдарының ұзындығы мен олардың беріктігі, гүлшоғырларының ұзындығы және оны қиюға төзімділігі. Олардың бірдей уақытта гүлдеуі, гүлдерінің орналасуы және жапырақтануы да маңызды саналады. (спутник цветовода)

??????????????

Аулада гүл өсіру үшін алдымен жерді дұрыс таңдап алған жөн. Тегіс және күн сәулесі жақсы түсетінжерге егілетін гүлден нәтиже күтуге болады. Өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктеріне, қоршаған ортаға талабы бойынша, сорттарына қарай гүлзарлардан үшбұрыш, төртбұрыш, трапеция, бесжұлдыз, т.б. пішіндер жасауға болады.

Себілетін өсімдіктердің биіктіктерін, сабақтарының қалай жайылып, төселіп, өрмелеп өсетіндігін ескеру қажет, биік өсетіндері аласа өсетіндерді қалқаламайтындай, ал жайылып өсетіндері тік өсетіндерге кедергі жасамайтындай болу керек. Гүлзарлардың жиектеріне жағалай енін 20-25 см етіп көк шөп еккен дұрыс, ол әрі сән берсе әрі күн сәулесін жақсы түсіруге көмектеседі.

Гүлзарларды арнайы өлшеуішпен есептей отырып жасайды. Гүл себетін жерге құнарлы топырақты алдын ала дайындайды. Ол үшін күзде жерді аударып, арамшөптерден тазартып, тыңайтқыштар шашады. Көктемде қайтадан аударып, тыңайтқыш шашып, гүлзарлар аласарып қалса топырақ қосып биіктетеді.

Аулада өсірілетін гүлдер бір жылдық, екі жылдық, көп жылдық және сәндік бұталар деп бөлінеді.

Бір жылдықтар: цинния, хош иісті темекі, космея, шырайгүл, бір жылдық астра, календула, настурция.

Екі жылдықтар: қожағай, шерменгүл, қоңыраугүл.

Көп жылдықтар: флекс, астра, пиязшықты өсімдіктер, інжугүл, қара қоғар, желайдар, гладиолус, георгина, канна, троллиус, ромашка, пион, т.б.

Торф - өте жеңіл, борпылдақ, суды жақсы сіңіреді, өте баяу ыдырайтын органикалық қалдықтардан түзіледі, оны батпақты жерлердегі ыдыраған, шіріген торфтан дайындайды. Торфты құммен, шым топырақпен араластырса топырақтың ылғал сіңіргіштігі мен құнарлылығын арттырады және оған майда тұқымдарды себеді.

Өсімдік өсіретін топырақтың 10 - 20 % құм болу керек, ол топыраққа ауаны жақсы өткізетін болғандықтан өсімдіктерді вегетативтік жолмен көбейтерде қалемшелерін алдымен құмға отырғызады. Құм түйірлерінің ірілеу болғаны дұрыс, құмды өзен мен көлдерден алады. (өсімдік өмір езегі)

Торф бойында барлық қоректік эліменттер ішінде азот көп мөлшерде кездеседі. Торф жай әсер ететіндіктен, оның әсері 4-5 жылдан кейін байқалады. Оның құрамындағы азотты температураны жоғарылату арқылы (+60°С) тиімді қолдануға болады. Бұл компостағы торфты пайдаланғанда жүзеге асырылады. Қолданылатын азот мөлшері 0,25-0,3 кг / 100 кг торф қатынасында артады. Торф топырақ құрамындағы қоректік элементтер мөлшерін арттырып, оның құрылымын жақсартады. Топырақ барынша борпылдақ, жылы болып, ауа өткізгіштігі жоғарылайды. Сондықтан да топыраққа құрамында ең аз мөлшерде қоректік элементтері бар торфты салу ұсынылады. Топырақ құнарлылығы жақсы болатын болса (3%), онда торфты пайдалану тиімсіз саналады. Торфты жыл мезгілдерінің кез-келгенінде қолдануға болады. Топырақ бойындағы органикалық заттарды арттыру үшін, шамамен 1 шаршы м-ге 12-15 кг қажет болады. Көп жағдайда торфтың өзін органикалық тыңайтқыш ретінде қолдану тиімсіз келеді, оны басқа да биологиялық тыңайтқыш түрлерімен араластырып қолдану керек, және оның жай еритінін ескере отырып 1 % мөлшерде әк қосу қажет. (энциклопедия цветы)

Жамбыл облысының табиғаты, климаты, топырағы

Кез-келген аймақтың геологиялық жағдайысол жердің табиғи ландшафтысының структурасы мен ерекшелігіне және сондағы шаруашылық салаларының әсер етуіне байланысты дамиды. Жамбыл облысы республиканың ертеден халық қоныстанған, экономикасы сан-салалы дамыңан аграрлы-индустриялды аймағы. Шаруашылықтың әртүрлі саласы жергілікті жердің табиғи ландшафтысына әртүрлі деңгейде әсер етеді. Өлке жер бедерінің 90 % жазық, 10 % таулы болып келеді. Кез-келген жыл мезгілдері ішінде жауын-шашынның әркелкі түсуі шөлді аймақтардың дамуына ықпал жасап отыр. Облыс климатының осы бір қасиеті гиосистемалардың антропогендік әрекеттерге төтеп бере алу қабілетінің төмен, табиғи шөл басу аридтенуге бейім екендігін көрсетеді.

Табиғи ортаның экологиялық жағдайына және оның өзгерістеріне климаттың қосатын үлесі мол. Климаттық жағдайлар біріншіден атмосфераның өз бетімен тазаруына, екіншіден оның ластануына ықпал жасайды. Жамбыл облысы территориясындағы климаттың экологиялық әсерінен осындай байқалып отырған бірнеше табиғи құбылыстардан көреміз: аса құрғақшылық, аңызақ желдердің соғуы, көктемдегі және күздегі ауа температурасының әсіресе түнде күрт төмендеуі, радиациялық үсіктің жүріп кетуіне себеп болады. Көктемдегі жауған нөсер жаңбырлардың зиянды жақтары да бар, ол өсімдіктердің гүлдеп, дер кезінде тозаңдануына мүмкіндік бере қоймайды.

Табиғи ландшафтының тұрақтылығына өсімдік жамылғысының да қосар .лесі мол, ол эрозия мен дефиляцияға кедергі болуы мүмкін не он жеделдетуі мүмкін. Облыстың табиғи өсімдік жамылғысы жұқа, жайылымдық дегрессияға тез ұшырап отырады. Өсімдіктердің 3 мыңнан астам түрі бар, таулы аймақтарында Қазақстанда өсетін барлық 685 өсімдік түрінің 181 түрі өседі. Мұнда бір мың шаршы шақырым жерге 145 түрлі өсімдіктен келеді екен, бұл Қазақстан үшін ең максималды көрсеткіш. Шу-Іле, Қаратау аймақтары өсімдіктердің жаңа түрлері қалыптасатын орталықтар қатарына жатады, себебі неотектоника әлі де жүріп жатыр. Мысалы, бір ғана Қаратауда ағаштың 25 эндемикалық түрлері анықталған.

Климаты мен ауа-райы құрғақшылығымен, шұғыл континенталдылығымен ерекшеленеді. Бұл жағдайлар, біріншіден территорияның Евразияның дәл ортасында орналасуымен және мұхит бассейндерінен шалғайда орналасуына байланысты. Екіншіден, атмосфера циркуляциясының да әсері бар. Қоңыржай белдеуінің оңтүстігінде орналасуы – күн радияциясының мол келуіне септігін тигізеді. Жыл мезгілдері айқын бірін-бірі алмастырып отырады. Қыс әдетте қарашаның соңында қалыптасады, арктикалық ауа массаларының келуі ауа температурасын -25ºС, кей күндері одан да төмендетіп жібереді. Дегенмен, көктем тез келіп, ауа температурасы бірден көтеріледі, 9,7 ... 11,7 ºС. Жазы өте ыстық, шілде айында орташа температура 26-26ºС, максимум шегі 43-44 ºС дейін барады. Атмосфералық жауын-шашын, жалпы облыс бойынша аз түседі, жылына шамамен 250 мм. Тау бөктерінде 300-350 мм жауын жауады.

Жамбыл облысының климаты, белгілі су мен топырақ қорының арқасында, ауыл шарушылығының әртүрлі саласын дамытуға экологиялық тұрғыдан өте қолайлы. Күн жарығы мол, вегетациялық кезеңі ұзақ, жылы құрғақ күзі, осында құнды деген қант қызылшасын, жеміс-жидек, бау-бақша дақылдарын, гүлді өсімдіктерді өсіруге қолайлы. Қорытындалай келе:

1.Жамбыл облысының климаты шұғыл континенталды, құрғақ, жылы мерзімі ұзақ, суық мерзімі қысқа болады.

2.Климаты мен ауа-райының қалыптасуына облыстың географиялық орны әсер етеді. Қоңыржай белдеудің төменгі ендіктерінде орналасқандықтан, термикалық ресурстарға бай.

3.Климатының құрғақшылығы, облыс жерінде шөлді табиғат зонасының дамуына себеп болады. Экологиялық зиянды жағдайлардан – аңызақ желдің жиі қайталануын, ылғалдың аз түсуін, булану мүмкіндігінің молдығын, желдің дефляциясы мен құмды жыныстардың көшкінін атауға болады.

4. Жыл ішінде жауын-шашын біркелкі түспегенмен, ауылшаруашылық дақылдарының пісіп-жетілуіне экологиялық мүмкіндігі мол.

Облыс аймағында әртүрлі топырақ типтері кездеседі, және олар бірін-бірі жиі алмастырып дамыған. Территорияның 90 % алып жатқан жазықтықтардың топырағы негізінен құм-сазды, саздақты құнарлылығы төмен топырақтар. Топырақ жамылғысының қалыптасуы, ендік бағытындағы зональды және таулардағы вертикальді биіктік белдеулік заңдылықтарына бағынады. Облыстың жаздық аймағында шөлді зона дамығандықтан, топырақ жамылғысының типтері, шөлді құрап тұрған аналық тау жыныстарына байланысты болады. Шөлдерде аналық тау жыныстары – аллювиальды, теңіздік, пролювиальды болып бөлінеді.

Облыс территориясындағы өзендердің төменгі ағысында, сондай-ақ Бетпақдала, Мойынқұмның депрессиялық ойыстарында тақырлар дамыған. Көктемде тақырлар еріген қар суларына толады да, лайланып, қысқа мерзім ішінде болса да, балдырлардың өсуіне жағдай туады. Тақырдың қалыңдықтары 20-40 см, қара шірігі аз – 0,3-0,8 %, тұздары 20-40 см тереңдікте басталады. Тақырлар суды жақсы өткізбейді, ылғалданғанда ісінеді, құрғағанда қайтадан орнына келіп қатады, кебірге айналады. Сонымен қатар, сұр-қоңыр топырақ, сортаң топырақтар қалыптасқан. Сұр-қоңыр топырақтарының ерекшелігі гипс қабатының қалың болуы, 5-50 см тереңдікте гипс горнизонты орныққан, гипс мөлшері 30-60 % шамасында.

Сортаңды топырақтардың ерекшелігі олар карбонатты, саздақты болып келеді. Топырақтың 0-4 см төмен жатқан горизонтында тұздылық – 0,76 %. Одан басқа, құмды сұр топырақ та кездеседі, құмды төбелер арасындағы ойпаңдарда дамиды, құрамында саз, шаңды бөлшектер кездеседі. Қара шірігі аз – 0,3-1 %. Суармалы оазистерде сұр топырақ дамиды. Қара шірігі – 1-2 %, терең қабатында карбонат пен гипс жиналған. Басқа топырақтардан ерекшелегі ұдайы суару әсерінен жоғарғы горизонты тығыздалған. Оның әсерінен су нашар жылжып, топырақ аэрациясы төмендейді.

Таулардың етегінде, бұлақтар мен өзендер маңында сазды-шалғынды шымтезекті топырақ дамиды. Облыста топырақ қабатының қалыптасу ерекшеліктері:

  1. Жамбыл облысының жазық аудандарында топырақ жамылғысының қалыптасуы зональды заңдылыққа байланысты дамыса, ал таулы аудандарында биіктік белдеулік заңдылығына сәйкес дамыған.

  2. Жазық аудандағы негізгі зональды топырақтың типі – сұр топырақ, бірақ аналық тау жыныстар мен климаттық өзгешеліктерге байланысты, облыстың жазықтарында тақырлар, сұр-қоңыр топырақ, шалғынды сұр-қоңыр топырақ, құмды сұр топырақ, сортаңды-сұр топырақ кездеседі.

  3. Қырғыз Алатауында топырақтың белдеулік спекторы әралуан. Шөлдің сұр топырағынан бастап, қара топыраққа дейін дамыған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]