Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
otchet.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
440.56 Кб
Скачать

Әдебиетке шолу

1. 1. Гүлді өсімдіктердің жалпы сипаттамасы

Біздің планетамыздағы континенттер 150 млн км жерді алып жатады, олардың көпшілігін өсімдіктер жауып тұрады. Өсімдіктер байлығын пайдаланудың алғашқы кезеңінде адамдар олардың жемістерін, тұқымдарын, түйнектерін, пиязшықтарын және тамырсабақтарын жинастырып өз қажетіне жаратқан, яғни тағам ретінде пайдаланған. Кейін қоғамның тұрақты қалыптасуына байланысты олардың әсемдіктеріне де көңіл бөлініп, тұрғын орындарды әдемі гүлді, декоративті қасиеті бар өсімдіктермен безендірді. Осы уақыттан бастап пайдалы өсімдіктердің ішінде әсемдік беретін өсімдіктер тобы пайда болды.

Гүл - табиғаттың тамаша туындысы, таңғажайып әсемдік белгісі. Ерте заманнан бері адам өмірінде ерекше орын алып, оның өмірін әдемілікке бөлеп отырған және гүл адамзат тарихында қашан да қуаныш пен бақыт белгісі саналған. (әдістемелік нұсқау)

Кесте 1. Декоративті гүлді өсімдіктердің систематикалық, экологиялық және биолого- морфологиялық сипаттамасы (алқа тұқымдасы)

Тұқымдас

Туыстар және сорттар

Биік-тігі

Жапырағының пішіні және түсі

Гүлі

мөлш.және түсі

Гүлдей-тін уақыты

Тәуелділігі

Ылғал-ға

Жары-қа

Кли-матқа

I.Алқалар

Паслено-вые

Solanaceae

Никандра

Nicandra

20-70

Ірі, қою жасыл әсем жа-пырақты

Ірі,көк-шіл не ақ түсті

VII

-

X

Ылғал сүйгіш

Көлең-келі жерде өсе алады

Жы-лу сүй-гіш

Петуния

Petunia

(П.садовая

P. hubrida)

20-50

Сопақша, шеті тегіс, беті түкті, қанық жасыл түс

Ірі, ақ, қызғылт, көкшіл

VI- суық түскенге дейін

Ылғал сүйгіш

Жарық сүйгіш

Суық-қа төзім-ді

Схизантус

(Щизантус)

Schisanthus

(С.визетон-ский

S.Wisetonensis)

20-60

Тілімделген, ашық жасыл түсті

Ұсақ, ақ, қызғылт, қызыл

VII- күн суытқанға дейін

Ылғал сүйгіш

Жарық сүйгіш

Суық-қа төзім-ді

Әсем гүлді өсімдіктердің түрлерін анықтаумен қатар, оларға таксономиялық (систематикалық), экологиялық, географиялық және өсу ерекшеліктеріне байланысты биолого - морфологиялық сараптамалар жасалынады.

1. 2. Гүлді өсімдіктердің классификациясы

Биологиялық және ботаникалық ерекшеліктеріне және шаруашылық сапасына қарай гүлді өсімдіктерді үш топқа бөледі: біржылдықтар (жаздықтар), екіжылдықтар, көпжылдықтар.

Біржылдық гүлді өсімдіктерге бір вегетациялық кезең ішінде тұқым қалыптастырып үлгеретін өсімдіктер жатады. Бұл топтың өсімдіктері өздерінің ерекше декоративті сыр-келбетімен, гүлдерінің әртүстілігімен, әдемілігімен басқа топ өкілдерінен асып түседі. Жаздық гүлді өсімдіктерді жалпы үш топқа бөледі, олар: әдемі гүлдейтіндер, декоративті жапырақтылар, шырмалып өсетіндер. Жаз бойына жаздық гүлді өсімдіктерді қала ішін безендіру мақсатында кеңінен қолданылады.

Екіжылдық гүлді өсімдіктерге вегетациялық кезеңі екі жылға созылатын бұталы өсімдіктер жатады. Бірінші жылы өсімдіктің қысқа сабағы мен жапырақтары дамиды, көбінесе жапырақты өсімдік күйінде болады. Екінші жылы - көктемде немесе жазда өсімдік гүлдейді, тұқым береді, соңынан тіршілігін тоқтатады. Сәндік мақсатта кеңінен қолданысқа ие.

Көпжылдық гүлді өсімдіктерге бірнеше жылға дейін тіршілік ететін шөптесін өсімдіктер жатады. Олардың бірнеше бағалы қасиеттеір бар:

- ерте көктемде біржылдық гүлді өсімдіктер енді өніп келе жатқанда, көпжылдықтар гүлдеп тұрады; күзде екінші рет гүлдеуге қабілеті бар, жалпы алғашқы аязға дейін гүлдейді.

- көпжылдық гүлді өсімдіктердің көбісінің гүлдері, гүлшоғырлары ірі келеді; олар ұзақ гүлдеп, өзінің декоративті сапасын сақтап тұрады.

- қаланы безендіруде жақсы қолданылады. (цветы в саду)

Зерттеген көпжылдық әсем өсімдіктер ішінде канналар (канна-canna), лалагүлділер (лилиейные-lilaceae), жалғыз гүлді болып келсе, қалған тұқымдас өкілдерінде гүлшоғыры кездеседі. Жалғыз гүлді өсімдіктердің гүлдері өте ірі, реңді болып келеді: қызғалдақтар (тюльпан-tulipa), лалагүлдер (лилиейные-lilaceae), таушымылдықтар (пион-paeonia).

Гүлшоғырлы көпжылдық әсем өсімдіктер өзінің әсемділігіне байланысты көгалдандыруда кеңінен пайдаланылады. Әдемі гүлшоғырлары бар канна (канна-canna), өсімдігінен, хризантемалардан (хризантема-chrysantehem), баршынгүлдерден (гладиолус-gladiolus), нарғызгүлдерден (георгина-dahlia) тұратын ірі композициялар көгалдандыруда пайдаланылады. Композицияларды құруда өсімдіктердің гүлдеу уақытына көңіл бөлінген жөн. Ерте көктемде мамыр айында гүлдейтіндерге: қызғалдақ (тюльпан-tulipa), таушымылдық (пион-paeonia), құртқашаш (ирис-iris), лалагүлділер (лилиейные-lilaceae), шөмішгүл (водосбор-aguilegia) жатады. Көпжылдық әсем өсімдіктердің қалғаны жаз айларында канналар (канна-canna), лалагүлділер (лилиейные-lilaceae), қалампыр (гвоздика-diathus), шегіргүл (фиалка-viola), және күз айларында гүлдейді. Өте кеш гүлдейтін өсімдіктерге; баршынгүл (гладиолус-gladiolus), хризантема (хризантема-chrysantehem), нарғызгүл (георгина-dahlia) жатады. Олардың жаппай гүлдеуі тамыз айының аяғында, қыркүйектің басында гүлдеуі жүреді.

Көпжылдық әсем өсімдіктерді өсіру тұқыммен қатар, вегетативті жолмен жүзеге асырылады. Бұл өсімдіктердің ішінде қызғалдақтар (тюльпан-tulipa), таушымылдықтар (пион-paeonia), құртқашаш (ирис-iris), шөмішгүл (водосбор-aguilegia), лилейник (лилейник-heterocallis). Климаттық жағдайында қыстап өзінің жер астындағы вегетативті, әсем мүшелерін сақтайтын декоратвиті гүлдер бар, сондықтан оларды гүлзарларда қалдыруға болады. Қалған көпжылдық әсем өсімдіктерді (нарғызгүл-георгина-dahlia, канна-canna, хризантема-chrysantehem, баршынгүл-гладиолус-gladiolus) гүлзарлардан қазып алып, олардың түйнектерін немесе тамырсабақтарын төменгі температурада сақтайды. Ерте көктемде оларды қайтадан гүлзарларға отырғызады. Сондықтан бұл өсімдіктер гүлзарларды құруда егу, күтуге байланысты еңбекті қажет етеді.

Көпжылдықтар өздерінің жер асты мүшелерінің құрылыстарына сәйкес келесідей бірнеше топтарға бөлінеді:

- пиязшықтар - нәркес, қызғалдақ, гиацинт, лалагүл, т.б.

- түйнектілер - запыран, гладиолус, монтребеция, т.б.

- тамырсабақтылар - бәйшешек, қоңыраугүл, т.б.

- тамыр-түйнектілер - нарғызгүл, бегония, т.б.

Тұқыммен көбейетін көпжылдық гүлді өсімдіктердің сорттары - бұл гүлді өсімдіктердің жаңа тобы. Көп жағдайда гүлді өсімдіктерді вегетативті жолмен көбейтетін. себебі олар тұқыммен көбейген бойда өзінің сорттық қасиеттерінен айырылатын. Тек XX ғ. ортасына карай АҚШ, Жапония, Англия, Канада елдерінде тұқыммен көбею барысында ата-аналық қасиеттерін толығымен сақтап қалатын көпжылдық гүлді өсімдіктердің сорттарын ойлап шығарды. Оларға мысал: тегеурінгүл, гибридті алтыншар, т.б.

Ылғал сүйгіш өсімдіктерге (гүлтәжі-амарант-amaranthus, шытырлақ-бальзамин-impatiens, барқытшөп-бархатцы-tagetes, календула-calendula, нарғызгүл-георгина-dahlia, никандра-nicandra, мальва-malva, шырайгүл-петуния-petunia, лобулярия-lobularia т.б.) жатады, қуаңшылыққа төзімділерге (гүлкекіре-василек-centaurea, целозия-celosia, мақсыр-сафлор-carthamus, космос-cosmos т. б.) жатқызылады, жарық сүйгіштер қатарына (гүлтәжі– амарант-amaranthus, шытырлақ-бальзамин-impatiens, барқытшөп-бархатцы-tagetes, ночная красавица-mirabilis, диморфотека-dumorphotheca, цинния- zinnia, үлкенгүлді зығыр-лен крупноцветковый-linum grandiflorum т.б.) атты өсімдіктер енсе, ал көлеңкелі жерде өсе алатындарға (мақсыр-сафлор-carthamus, космос-cosmos, никандра-nicandra, жұқа жапырақты барқытшөп-tagetes tenuifolia-бархатцы тонколистные) жатқызылады, жылу сүйгіштер қатарында (гүлтәжі-амарант-amaranthus, шытырлақ-бальзамин-impatiens, барқытшөп-бархатцы-tagetes, ночная красавица-mirabilis, целозия-celosia, үлкенгүлді зығыр - лен крупноцветковый- linum grandiflorum т.б.) өсімдіктері, суыққа төзімді (гүлкекіре-василек-centaurea, календула-calendula, петуния-petunia, мальва-malva, мақсыр-сафлор-carthamus, космос-cosmos т.б.) өсімдіктер. (әдістеме)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]