Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
217.09 Кб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті

Технологиялық факультеті

«Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы мен конструкциялау және дизайн» кафедрасы

«Киім гигиенасы» пәні бойынша

дәрістер жинағы

Тараз – 2016

«Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы мен конструкциялау және дизайн» кафедра мәжілісінде қарастырылды. Хаттама №___, «____» _____________ 2016 ж.

Құрастырған: ____________________ Омарбекова М.Т.

/қолы/ /аты-жөні/

Кафедра меңгерушісі _______________ Омарбекова М.Т.

/қолы/ /аты-жөні/

Дәріс №1-2. Жылулық баланс, оның адамның денсаулығына әсері. Адамның жылу алмасуы

Қорғаушылық-бұл адам денесін қоршаған ортадан қорғауды қамтамасыз етеді. Оларға:

  1. Жағымсыз климаттық жерлерден- суықтан, желден, жаңбырдан, күн сәулесінен;

  2. Механикалық жарақаттанудан-күюден, жарақат алудан және т.б.

  3. Жағымсыз өндірістік әсерлерден-кірленуден, артық жылудан және суықтан, агрес-сивті ортадан.

Мұндай қажеттіліктерді әр алуан арнайы және профессионалды киімдерден, олар-дың адам денесін зиянды әсерлерден қорғайтынын, жұмыс қабілетін, денсаулығын және өмірін сақтайтынын игеруге болады.

Адамның өмірлік тіршілік шарттарында киімнің қатынас дәрежесі оған қойылатын гигиеналық талаптармен айқындалады, ал бұл дегеніміз жоғары сапалы киімді дайындау-дағы басты шарттарының бірі болып табылады.

Сапа көрсеткіштер жүйесінде адам денесінің сыртқы микроклиматын, оның қорша-ған ортамен газ алмасушылық-жылулықты анықтайтын гигиеналық көрсеткіштері маңыз-ды мағынаға ие. Сонымен киім гигиенасы пәнінің негізгі мақсаты-әр түрлі қызметтегі киімдерге қойылатын гигиеналық талаптарды, адам мен ішкі орта арасындағы жылу аламасу физиологиясын, әр алуан қызметтегі киімдерді жобалаудағы басты гигиеналық шарттарды сондай-ақ киімнің соңғы әдістемелік физиология-гигиеналық бағаларын анықтайды.

Адаммен қоршаған орта арасындағы жылу алмасу.

Жоспар.

  1. Адамның термореттеушілік механизмі.

  2. Жылулық баланс тепе-теңдік.

  3. Жылу иродукциясы және жылу берушілік.

1. Киім қызметінің ең негізгілерінің бірі-адамның жылулық балансын қалыпты ұстау, температуралық гомеостазды (дененің тұрақты температурасы) қамтамасыз ету. Бұл адам өмірінің қалыптылығы, оның жұмыс қабілетілігін жоғары дәрежеде болуын сақтауға қажетті шарты болып табылады.

Адам ағзасы ішкі жылу бастамаларымен термореттеушілік жүйені құрайды. Бұл ішкі жылу бастамалары қалыпты жағдайдағы шығарылатын жылу көлемі жылу өнімі -жылу берушілікке сәйкестенеді. Адам ағзасымен оны қоршаған орта арасындағы жылулық тепе-теңдік ыңғайлылық шарттармен немесе жылулық-баланспен сәйкестенеді және айналадағы заттардың беттерімен қабырғалардың ауа ылғалдылығының қозғалысының, адам киімімен жылу өнімінің шама сипаттамасының температурасына байланысты болады. Егер организмнің жылу өнімі жылу берушілікке тең болса, онда адам денесінің температурасы тұрақты қалыпта болады. Жылу өнімі жылу берушілік арасындағы қатынас өзгерген жағдайда, адам денесінің температурасының толқуы байқалады. Жылу өнімі жылу берушіліктен жоғарылаған жағдайда, дене температурасы көтеріледі және керісінше .

Термореттеушілік- қалыпты жағдайдағы дене температурасын ұстап тұратын орталық жүйке жүйесінің жұмысымен нақтыланған физиологиялық үдірістерінің жиынтығы.Термореттеушілікті организмнің оның ылғалдануына жауап беретін жылу түзушілігінің өркендеуімен байланысты химиялыққа және қоршаған ортаға жылу берушілік интенсивтілігін реттейтін физикалыққа бөледі. Адам ағзасында түзілетін жылу көлемі оның физикалық іс-әрекетімен ішкі ортаның шарттарымен, киім қасиеттерінің интенсивтілігімен анықталады. Бірақ химиялық термореттеушілік бұлшық еттің іс-әрекетімен де байланысты сонымен, организм өте қатты суыған жағдайда бұлшық ет жылу өнімділігінің жоғарылауына әсер етеді. Адамның бұлшық еттері толқулар жасайды (микровибрация), ол-заттар алмасуының жоғарылауының басты себептерінің бірі болып табылады. Сонымен интенсивтік микровибрацияның жоғарылауы бұлшық ететің күшеюіне ықпал етеді.

Химиялық термореттеушілік. Физикалық терморегуляция тері температурасының өзгеруімен тері тамырларының үлкеюімен күшеюіне байланысты, тері бөлушілік интенсивтілігінің өзгеруінен (тері бетінен тердің буланып кетуі) және демалыстың өзгеруінен (судың өкпемен булануы) болады.

Сонымен дененің қалыпты температурасы сақталу үшін барлық жүйе термоқалыптылық жағдайда болады. Теңдікті белгілеу үшін организмдегі жылу түзушілік пен жылу берушілік араларында «жылулық баланс» термині қабылданған.

Жалпы жылулық баланс теңдігі:

Qтп+Qтв = Qрад+Qконв+Qконд+Qисп.д+Qисп.дых+Qисп.п.+Qдых.н. ± Д* (1)

жылу өнімі жылу берушілік

Мұндағы:

Qтп – адамның жылу өнімі;

Qтв – ішкі жылулық салмақ (мысалға, күн радиациясының әсері);

Qрад– радиациямен жоғалтылған жылу;

Qконв – конвекциямен жоғалтылған жылу;

Qконд – кондукциямен жоғалтылған жылу;

Qисп.д – тері бетінен ылғалдық диффузиялық булану әсерінен жоғалтылған жылу;

Qисп.п. – тердің булануынан жоғалтылған жылу;

Qдых.н. – демалатын ауаның жылуының әсерінен жоғалтылған жылу;

Д – жылу дефициті (ыңғайлылық дәрежемен салыстырғандағы ағзаның жылулық құ-рамының өзгеруі);

*Д(+) – егер жылу берушілік › жылу түзушіліктен;

*Д(-) – егер жылу түзушілік › жылу берушіліктен.

Жылу өнім – жылу адам организмінде жылу бөлушілік ағынында химиялық реакциялар нәтижесінде биологиялық заттардың алмасуы үдірісінде пайда болады.

Жылу түзушілік интенсивтілігі, сол сияқты жылу өнімдер адам ағзасының өмір сүру үдірісінде оның жасына, жынысына, қоршаған орта температурасына, тамақтануына, бұлшық ет іс-әрекетіне және т.б. байланысты болады. Тамақтану жылу істегенде бірден жылу өнімі көтеріледі. Тыныштық күйде энергия аз шығындалады. Толық физикалық тыныштық жағдайында ағзасынан шығындалатын энергия көлемі ыңғайлы микроклиматтық шарттарда тамақтанғанға дейін (ашқарында), сол сияқты термореттеушілік механизмінің минимальды белсенділікті қамтамасыз ету шарттарында негізгі (стандартты) алмасу (Qo) деп аталынады.

Негізгі алмасу – бұл басты өмірлік үрдістерді ұстап тұру үшін қажетті және жынысқа және салмаққа байланысты минимальды энергия көлемі (салмақ бірлігіне сәйкес келетін калория немесе дененің бірлігіне сай келетін ([Qо = Вт/м2])

Физикалық (бұлшық етті) қозғалыста үлкен энергия бөлігі механикалық жұмыс ретінде шығындалады (N).

Негізгі энергия бөлігі жылулыққа (Qтп) ауысады, сөйтіп, адам ағзасында шығарылатын жылу түріндегі (жылу өнімі) және дене температурасын қалыпты жағдайда ұстап тұруға кететін энергия бұлшық ет (физикалық) жұмысы кезінде құрылады, тек ортақ энерго таратушылықтың бөлігі ғана (Qэ.т.)

Qтп = Qэ.т – N (2)

Механикалық жұмыс орындалмағанда, барлық адам ағзасында түзілетін энергия жылулыққа айналады (тыныштық күйі-жатқанда, тұрғанда, отырғанда және кейбір физикалық жұмыстар түрлері).(1-кестенің қара-Дельра).

Орындалған механикалық жұмыстар көлемі анықталады:

N = η(Qэ.т -Qо) (3)

Мұндағы:

η – пайдалы әсер коэффициент термикалығы, (20-25%);

Qо – негізгі алмасу;

N – берілген физиологтар арқылы анықтау өте қиын, себебі, орындалған жұмысты өлшеу мүмкін емес.

Сонымен адамның жылу өнімін былай анықтауға болады:

Qтп = Qэ – η(Qэ.т Qо) (4)

Жылу өнімі тәжірибелі түрде калориметрия әдісімен анықталады (тіке және жанама).