- •1 Сурет - Механикалық күректер экскаваторларының технологиялық параметрлерi және схемалары: а-болат арқанды экскаватор; б, в- гидравликалық экскаватор
- •2 Сурет - Гидравликалық экскаватордың көсiп алу траекториясы:
- •1, 2, 3, Экскаватордың жұмыс құралының айналу бағыты
- •3 Сурет - Механикалық күрек кенжарының схемалары және параметрлерi
- •4 Сурет Механикалық күректiң оржол кенжарының схемалары:
- •5 Сурет - Механикалық күрек кенжарында автосамосвалды қою схемалары
- •6 Сурет - Тау жыныстары қоспаларын қазу және тиеу схемалары
- •7 Сурет - Кеспелтек дөңбектi кенжармен тура және тұйық тiлмелердi қазу схемалары
- •1 Сурет - Драглайнның жұмыс параметрлерi
- •2 Сурет - Драглайнның жұмыс жасау схемалары: а, б, в-кеспелтек дөңбектi
- •3 Сурет - Драглайн тiлмесiнiң енiн анықтау схемасы
- •4 Сурет - Қарапайым (а), кең (б) және тар (в) кенжарлар
- •1 Сурет - Роторлы экскаватордың технологиялық параметрлері
- •3 Сурет. Вертикаль (а) және горизонталь (б) жоңқалармен тау
- •1 Сурет - Скрепермен қазу схемалары: аалаңда; ббойлық беткейде;
- •2 Сурет - Жүк тиеуiштiң кенжардағы жұмыс жасау схемалары
3 Сурет. Вертикаль (а) және горизонталь (б) жоңқалармен тау
жыныстарын қазғандағы кемердiн, биiктiгiн аңықтау схемалары
hк =L sin -r+c, м, (2)
мұндағы r- роторлы дөңгелектiң радиусы, м; с- роторлық жебенiң топса осiнiң бекiтiлу биiктiгi, м; hқ-кесiлетiн қабаттың биiктiгi, м; - жебенiң көлбеулiк бұрышы; L- жебенiң ұзындығы, м.
Роторлы экскаватордың кеспелтек дөңбектi кенжар кезiндегi тiлмесiнiң енi мына формуламен анықталады.
A=1,5 Rkmax-hк сtq , м, (3)
мұндағы - кемер беткейiнiң бұрышы, градус; Rkmax-барынша көп көсiп алу радиусы, м.
Тау жыныстарын скреперлермен, бульдозерлермен, шөмішті тиегіштермен қазу
Шөмiшiнiң сыйымдылығы 15-тен 40м3-қа дейiнгi доңғалақты скреперлер құрылыс материалдары карьерлерiнде, ұсақ тау жыныстары кендерiн қазуда, тағы да жұмсақ механикалық қопсытылған тығыз және жартылай тасты тау жыныстарын қазу кезiндегi қосалқы жұмыстарда қолданылады. Оларды тасымалдау қашықтығы 1 км-ден 1,5-ге дейiн болғанда қолдану өте тиiмдi болып саналады. Қуатты скреперлердiң бос бағытта 50-60 км/сағат және тиелген бағытта 20-30 км/сағат жылдамдықпен жүруге мүмкіндiгi бар. Ашық кен жұмыстарында өзi жүретін Д-468, Д-357г, Д-567, Д-392, Д-733 доңғалақты скреперлер және Д-374 Б, Д-523, Д-511 тiркемелi скреперлер қолданылады.
Скрепермен жұмсақ және құмды тау жыныстарын қазғанда кесiлiп алынатын қабаттың қалыңдығы 20-30см болады, ол тығыз және қопарылған тау жыныстарында-10-15см. Скрепермен қазу алаңда, бойлық беткейде және кемердiң кеспелтек дөңбегiнде болады (1 сурет).
1 Сурет - Скрепермен қазу схемалары: аалаңда; ббойлық беткейде;
вкемердiң кеспелтек дөнбегiнде; 1-қопсытқыш; 2-скрепер
Скрепермен қазуда кенжар-алаң мәңгi тоң жағдайында тау жыныстарының жоғарғы қабатының табиғи еруi үшін қолданылады. Скрепердiң бойлық және кеспелтек дөңбектi кенжарларда жұмыс жасауы шөмiштi толтыру мерзiмiн 20-30% -ке кемiту мүмкіндiгiн туғызады.
Скреперлiк тiлменiң кеспелтек дөңбектi кенжардағы енi (м)
А=Вск+Вқ+Т+Z, (1)
мұндағы Вск - скреперлеу алқабының енi [Вск =n(bk+bқ)]; n- скрепердiң шектес өту саны (n=24); bk- тау жыныстарын кесу алқабының енi, м; bқ- скрепердiң шектес өту арасындағы қырқаның енi (bқ-тау жыныстарын қопсыту алқабы (болмауы мүмкін), М; Т-скрепердiң жүруi үшін көлiктiк алқабы, м; Z-су сiңгiштiк алқап, м (Z=5-7м).
Скреперлiк тiлменiң кеспелтек дөңбектi кенжардағы енi (м)
А=Вск+Вқ+Т+Z, (1)
мұндағы Вск - скреперлеу алқабының енi [Вск =n(bk+bқ)]; n- скрепердiң шектес өту саны (n=24); bk- тау жыныстарын кесу алқабының енi, м; bқ- скрепердiң шектес өту арасындағы қырқаның енi (bқ-тау жыныстарын қопсыту алқабы (болмауы мүмкін), М; Т-скрепердiң жүруi үшін көлiктiк алқабы, м; Z-су сiңгiштiк алқап, м (Z=5-7м).
Доңғалақты скрепердiң ауысымдық эксплуатациялық өнiмдiлiгi
,
м3
(2)
мұндағы Е-скрепердiң шөмiш сиымдылығы, м3; Та - ауысым ұзақтығы, сағат; Кск - скреперлеу коэффициентi; Кп.ск = 0,7- 0,85 -скрепердi бiр мезгiлде пайдалану коэффициентi; Ту - скрепердiң жұмыс циклiнiң ұзақтығы, мин.
Қуатты доңғалақты скрепердiң өнiмдiлiгi негiзiнен тасымалдау ара қашықтыққа байланысты. Шөмiш сыйымдылығы 15м3 скрепердiң ауысымдық эксплуатациялық өнiмдiлiгi 200м ара қашықтыққа тасымалдағанда 1000-1500м3 болады, ал 1000 м-ге тасымалдағанда 300 м3-ге дейiн төмендейдi.
Ашық кен жұмыстарында қолданылатын қозғалтқыш қуаты 730 Вт және одан да жоғары шынжыр табанды бульдозерлер (Д-271А, Д-492А, Д-532, Д-385А, Д-572) ұсақ тау жыныстарын, құрылыс тау жыныстарын және құрылымы күрделі пайдалы қазынды кендерiн қазғанда пайдаланылады. Бульдозердiң тасымалдау қашықтығы 100-200м. Бульдозермен қазу скрепер сияқты алаңда, бойлық беткейде және кемердiң кеспелтек дөңбегiнде болады. Бульдозерлер қопсытылған тау жыныстарын (тығыз, жарықшақталған, жартылай тасты және қатып қалған) қаза алады.
Бульдозердiң ауысымдық эксплуатациялық өнiмдiлiгi
,
м3
(3)
мұндағы Vт - бульдозер бiр циклде тасымалдайтын тау жыныстарының көлемi, м3; Кq - тау жыныстарын тасымалдау қашықтығын және көлбеулiктi ескеретiн бульдозер өнiмдiлiгiнiң өзгеру коэффициентi; Та - ауысым ұзақтығы, сағат; Kп.б. - бульдозердi бiр мезгiлде пайдалану коэффициентi; Ту - жұмыс циклiнiң ұзақтығы, с; Kқ - тау жыныстарының қопсу коэффициентi.
Бульдозердiң жұмысы қазылатын тау жыныстарын шамалы қашықтыққа (80 м-ге дейiн) тасымалдағанда тиiмдi болады. ұсақ тау жыныстарын қазғанда және тау-кен жыныстары қоспаларын ылдиға қарай 100-м-ге, одан да көп ара қашықтыққа тасымалдағанда тиiмдi.
Жұмсақ, қопарылған құрылыс тау-жыныстары және түсті металдар рудасы карьерiнiң өндiрiс өнiмi 1-5 млн.т болған кезде шөмiш сыйымдылығы 40 т дейiнгi бiр шөмiштi жүк тиеуiштер қолданылуы мүмкін.
Бiр шөмiштi жүк тиеуiштер скрепер сияқты қазу-тасымалдау машиналарының функциясын орындай алады.
Мобильдiгi мен маневрлiгi және жүру жылдамдығы жоғары (40 км/сағатқа дейiн) болғандықтан жүк тиеуiш бiрнеше кенжарды қамтамасыз ете алады. Осында пайдалы қазындыны тазалау және тиеу кезiнде жоғалым мен құнарсыздану едәуiр азаяды.
Тау жыныстарын бiр шөмiштi жүк тиеуiштермен қазу кеспелтек дөңбектi немесе биiктiгi 1 мге дейiн (аласа кенжарлар) бойлық кенжарларда, 1-5м (қарапайым кенжарлар) және 5 мден жоғары (биiк кенжарлар) кенжарларда жүргізiледi (2 сурет).
