- •1 Сурет - Механикалық күректер экскаваторларының технологиялық параметрлерi және схемалары: а-болат арқанды экскаватор; б, в- гидравликалық экскаватор
- •2 Сурет - Гидравликалық экскаватордың көсiп алу траекториясы:
- •1, 2, 3, Экскаватордың жұмыс құралының айналу бағыты
- •3 Сурет - Механикалық күрек кенжарының схемалары және параметрлерi
- •4 Сурет Механикалық күректiң оржол кенжарының схемалары:
- •5 Сурет - Механикалық күрек кенжарында автосамосвалды қою схемалары
- •6 Сурет - Тау жыныстары қоспаларын қазу және тиеу схемалары
- •7 Сурет - Кеспелтек дөңбектi кенжармен тура және тұйық тiлмелердi қазу схемалары
- •1 Сурет - Драглайнның жұмыс параметрлерi
- •2 Сурет - Драглайнның жұмыс жасау схемалары: а, б, в-кеспелтек дөңбектi
- •3 Сурет - Драглайн тiлмесiнiң енiн анықтау схемасы
- •4 Сурет - Қарапайым (а), кең (б) және тар (в) кенжарлар
- •1 Сурет - Роторлы экскаватордың технологиялық параметрлері
- •3 Сурет. Вертикаль (а) және горизонталь (б) жоңқалармен тау
- •1 Сурет - Скрепермен қазу схемалары: аалаңда; ббойлық беткейде;
- •2 Сурет - Жүк тиеуiштiң кенжардағы жұмыс жасау схемалары
2 Сурет - Драглайнның жұмыс жасау схемалары: а, б, в-кеспелтек дөңбектi
кенжарда драглайнды кемердiң үстінде, аралық алаңда және кемер табанында орналастырғанда; гтұйық кенжарда драглайнды кемердiң үстінде орналастырғанда
Драглайн кемердiң үстінде орналасқан жағдайда тау-кен жыныстары қоспалары үйіндіге немесе көлiк құралдарына тасымалданып төгiледi. Драглайнның кенжары шөмiштiң траекториясына сәйкес қисық сызықты профильдi құрады. Шөмiштiң жылжуы және тау жыныстарын көсiп алу тартушы болат арқан арқылы жасалынады, ал шөмiштiң кенжарда жылжуы мен тау жыныстар қабатын кесiп алу бұрышы көтеру болат арқанмен реттеледi. Кенжардың ықтимал биiктiгi көсiп алудың құжаттық тереңдiгiмен, кенжардың беткей бұрышымен және драглайнның тұрған орнына байланысты анықталады. Тiлменiң барынша көп енi
Аmax = Rк (sin1 + sin2) , м, (1)
мұндағы 1 =30450, 2 = 30450 - драглайнның жүру өсiнен сiлем жаққа және қазылған кеңiстiкке қарай сәйкес бұрылу бұрышы (3 сурет), градус.
Әдетте үйіндіге жұмыс жасағанда 1 =0. Онда драглайнның көсiп алу кезiндегi жалпы бұрылу бұрышы = 2 = 30450. Драглайнның шөмiштi төгу кезiндегi бұрылу бұрышы 900-тан аспайды. Сонымен кенжардың енi
А = Rк sin, м. , (2)
ЭШ-4/45, ЭШ-8/60, ЭШ-15/90, ЭШ-80/100 драглайндар кенжарларының енi 23, 29, 42, 47 м-ге сәйкес болады.
Драглайнның аралық алаңда орналасу схемасы биiк жартылай кемердi бiр мезгiлде қазу мақсатымен шөмiш сыйымдылығы 8-10м3 қуатты драглайндарды пайдаланғанда қолданылады, себебi драглайнның жүру осi үйіндіге жақын жылжытылады. Жоғарғы жартылай кемердi қазғанда шөмiштiң сырғанауын болдырмау үшін кенжар беткейiнiң бұрышы 250-тан аспауы керек. Жоғарғы жартылай кемердiң биiктiгi мына шартты қанағаттандыруы тиiс hж к (0,7 0,8)Нк.
3 Сурет - Драглайн тiлмесiнiң енiн анықтау схемасы
Драглайнның жоғары көсiп алу кезiндегi өнiмдiлiгi төменгi көсiп алумен салыстырғанда 10-15 %-ке төмен.
Драглайнды қазылатын кемердiң табанына сирек орналастырады. Iс жүзiнде тау-кен және жер жұмыстарының шамамен 15%-тi драглайндармен орындалады.
Кенжарлар қарапайым Ақ, тар Ат және кең Ақ болып бөлiнедi (4 сурет).
4 Сурет - Қарапайым (а), кең (б) және тар (в) кенжарлар
Қарапайым кенжарлар қазу машиналарының жұмыс жасау параметрлерiн толық пайдалануымен сипатталады. Кең кенжарларда қазу машиналарының жұмыс жасау мезгiлiнде жүру осiнiң орны өзгерiп отырады.
Тау жыныстарын роторлы экскаваторлармен қазу
Роторлы экскаваторлар өнiмдiлiгi жоғары машиналар болып саналады, олардың өнiмдiлiгi 12000 м3/сағатқа дейiн жетедi. Олар жұмсақ, тығыз тау жыныстарын және көмiрдi қазғанда қолданылады.
Роторлық жебенiң шетiнде орналасқан роторлы дөңгелек роторлы экскаваторлардың жұмыс құралы болып саналады. Роторлы дөңгелек айналғанда шөмiштер тау жыныстар қабатын кесiп, толтырылады да роторлы дөңгелектiң жанында тұрған экскаватордың жебесiнде орналасқан конвейерге төгiледi. Содан соң тау жыныстары төгу конвейерiне және одан әрi көлiк құралдарына келiп түседі.
Роторлы экскаватордың жұмыс құралының шынжыр табандық экскаватордың жұмыс құралымен салыстырғанда төмендегiдей артықшылығы бар. Төгуге қажеттi тау жыныстарын көсiп алу және тасымалдау операциялары бөлек орындалады, көсiп алу қабiлетi және берiктiлiгi жоғары. Роторда берiк қорытпамен қапталған тiстермен жабдықталған 6-дан 12 дейiн шөмiштер орнатылған. Роторлы экскаватордың технологиялық параметрлері 1 суретте келтірілген.
