- •1 Сурет - Механикалық күректер экскаваторларының технологиялық параметрлерi және схемалары: а-болат арқанды экскаватор; б, в- гидравликалық экскаватор
- •2 Сурет - Гидравликалық экскаватордың көсiп алу траекториясы:
- •1, 2, 3, Экскаватордың жұмыс құралының айналу бағыты
- •3 Сурет - Механикалық күрек кенжарының схемалары және параметрлерi
- •4 Сурет Механикалық күректiң оржол кенжарының схемалары:
- •5 Сурет - Механикалық күрек кенжарында автосамосвалды қою схемалары
- •6 Сурет - Тау жыныстары қоспаларын қазу және тиеу схемалары
- •7 Сурет - Кеспелтек дөңбектi кенжармен тура және тұйық тiлмелердi қазу схемалары
- •1 Сурет - Драглайнның жұмыс параметрлерi
- •2 Сурет - Драглайнның жұмыс жасау схемалары: а, б, в-кеспелтек дөңбектi
- •3 Сурет - Драглайн тiлмесiнiң енiн анықтау схемасы
- •4 Сурет - Қарапайым (а), кең (б) және тар (в) кенжарлар
- •1 Сурет - Роторлы экскаватордың технологиялық параметрлері
- •3 Сурет. Вертикаль (а) және горизонталь (б) жоңқалармен тау
- •1 Сурет - Скрепермен қазу схемалары: аалаңда; ббойлық беткейде;
- •2 Сурет - Жүк тиеуiштiң кенжардағы жұмыс жасау схемалары
5 Сурет - Механикалық күрек кенжарында автосамосвалды қою схемалары
Қазу машиналары мен көлiк коммуникацияларының орналасу орнына байланысты тау жыныстарын қазу және тиеу төмендегi схемалар бойынша жүргізiлуi мүмкін: жоғары көсiп алу және төменгi тиеу (6,а сурет); жоғары көсiп алу және жоғары тиеу (6,б сурет); төменгi көсiп алу және жоғары тиеу (6,в сурет).
6 Сурет - Тау жыныстары қоспаларын қазу және тиеу схемалары
Тау жыныстарын қазғанда карьерлiк механикалық күректер көбiнесе кеспелтек дөңбектi кенжарда жұмыс жасайды. Кеспелтек дөңбектi кенжарлармен тура және тұйық тiлмелер қазылады (7 сурет).
7 Сурет - Кеспелтек дөңбектi кенжармен тура және тұйық тiлмелердi қазу схемалары
Тура тiлмелер механикалық күректердiң өнiмдiлiгiн арттырады және де көлiктiң тура жүру схемасын қолдануға мүмкіндiк бередi.
Жұмсақ тау жыныстарын қазғанда кенжар биiктiгi (м):
барынша көп (салбырауықтар мен күнқағарлардың пайда болуын алдын ала сақтандыру бойынша)
Нж.мах Нкмах, (5)
барынша аз (экскаватор шөмiшiнiң бiр көсiп алғанда толу шарты бойынша)
,
(6)
мұндағы Нж.max- көсiп алудың барынша көп (құжаттық) биiктiгi, м; Нв - экскаватордың қысым бiлiгiнiң орналасу биiктiгi, м.
Көсiп алудың дәлелденген радиусы (м)
Rк = (0,7-0,8) Rкmax, (7)
мұндағы Rкmax - көсiп алудың барынша көп (құжаттық) радиусы, м.
Тау жыныстарын сiлемнен қазып автомобиль, темiр жол және конвейер көлiктерiне тиеген кездегi қарапайым тiлменiң енi (м)
Ақ=(1,5-1,7)Rк.д, (8)
мұндағы Rк.д-экскаватордың тұру деңгейiндегi көсiп алу радиусы,м.
Тар тiлмелер (Ат<Aқ) автомобиль және темiр жол көлiгi кезiнде қолданылады, ал кең (Ак>Ақ)- автомобиль көлiгi кезiнде қолданылады.
Тау жыныстарын драглайндармен қазу технологиясы
Бiр шөмiштi экскаваторларға шөмiшінің сыйымдылығы 4-120м3 адымдаушы драглайндар жатады. Олар тұрған орнынан төмен және жоғары орналасқан кенжарларды қазуға арналған және тау жыныстарын қазылған кеңiстiкке тасымалдап төгуге қолданылады. Драглайнның адымдап жүруi үймеленген тау жыныстарының үстінде жылжуын қамтамасыз етедi.
Адымдаушы драглайндардың жұмыс параметрлерiне көсiп алу радиусы Rк, көсiп алу тереңдiгi Нк, төгу радиусы Rт және төгу биiктiгi Нт жатады (1-сурет). Осы параметрлер жебенiң ұзындығына және оның еңкiштiк бұрышына байланысты болады. Көсiп алу радиусы Rк шөмiштi лақтырып тастағанда және көсiп алу радиусы Rкл шөмiштi лақтырмай тастағанда болып бөлiнедi. Лақтырып тастау мөлшерi драглайнның түріне және жүргізушiнiң қабiлетiне байланысты болады да, ол 2,5 м-ден 15 м-ге дейiн жетедi. Шөмiштi лақтырып тастау кезiнде көтеру болат арқанның вертикальдан ауытқуы 12-150 болады.
1 Сурет - Драглайнның жұмыс параметрлерi
Көсiп алу тереңдiгi Нк-экскаватордың тұру горизонтынан қазылатын кемердiң төменгi табанына дейiнгi вертикаль ара қашықтық болып есептеледi. Көсiп алу тереңдiгi жебенiң ұзындығы мен оның еңкiштiк бұрышына, драглайнның кенжарда тұруына, тау жыныстарының физикалық-механикалық қасиеттерiне, болат арқанның ұзындығына және жүргізушiнiң қабiлетiне байланысты болады. Жебенiң еңкiштiк бұрышы 30-350 шамасына тең. Еңкiштiк бұрыштың азаюы драглайнның радиусын және көсiп алу тереңдiгiн көбейтедi.
Драглайнның жұмыс цикл операциялары төмендегiдей жүйеде орындалады: шөмiштi кенжарға лақтырып тастау, шөмiштi жұмыс жағдайына келтiру, шөмiштi толтыру (шөмiшпен көсiп алу), шөмiштi кенжардан шығару, төгуге бұрылу, төгу, кенжарға бұрылу. Шөмiштi кенжарға түсіру және оны кенжардан шығару операциялары экскаватордың бұрылуы кезiнде жасалынады.
Тау жыныстарын үйіндеге тасымалдағанда экскаватордың 3600-қа бұрылу мүмкіндiгi арқасында шөмiштi төгу экскаваторды тоқтатпай-ақ орындалуы мүмкін. Осы жағдайда циклдың ұзақтығы азаяды, себебi ол шөмiштi төгу бұрылумен қатар жасалынып, экскаваторды тоқтатпай бұрылу бағыты өзгертiледi.
Тау жыныстарын драглайн кеспелтек дөңбектi және тұйық кенжарларда қаза алады. Осы кезде ол кемердiң үстінде, аралық алаңда және кемердiң табанында орналасуы мүмкін (2 сурет).
