- •1 Сурет - Механикалық күректер экскаваторларының технологиялық параметрлерi және схемалары: а-болат арқанды экскаватор; б, в- гидравликалық экскаватор
- •2 Сурет - Гидравликалық экскаватордың көсiп алу траекториясы:
- •1, 2, 3, Экскаватордың жұмыс құралының айналу бағыты
- •3 Сурет - Механикалық күрек кенжарының схемалары және параметрлерi
- •4 Сурет Механикалық күректiң оржол кенжарының схемалары:
- •5 Сурет - Механикалық күрек кенжарында автосамосвалды қою схемалары
- •6 Сурет - Тау жыныстары қоспаларын қазу және тиеу схемалары
- •7 Сурет - Кеспелтек дөңбектi кенжармен тура және тұйық тiлмелердi қазу схемалары
- •1 Сурет - Драглайнның жұмыс параметрлерi
- •2 Сурет - Драглайнның жұмыс жасау схемалары: а, б, в-кеспелтек дөңбектi
- •3 Сурет - Драглайн тiлмесiнiң енiн анықтау схемасы
- •4 Сурет - Қарапайым (а), кең (б) және тар (в) кенжарлар
- •1 Сурет - Роторлы экскаватордың технологиялық параметрлері
- •3 Сурет. Вертикаль (а) және горизонталь (б) жоңқалармен тау
- •1 Сурет - Скрепермен қазу схемалары: аалаңда; ббойлық беткейде;
- •2 Сурет - Жүк тиеуiштiң кенжардағы жұмыс жасау схемалары
3 Сурет - Механикалық күрек кенжарының схемалары және параметрлерi
Алдын ала қопсытылмаған тау жыныстарын қазғанда экскаватор тiлмесiнiң енi кенжардың енiне сәйкес болады.
Берiк тау жыныстарын бұрғылау-жарылыспен қопсытқанда сiлемдегi тiлме енi В бұрғылау-жарылыс жұмыстарының параметрлерiмен анықталады.
Аршыма механикалық күректерiмен тау-кен жыныстарын қазып, қазылған кеңiстiкке тасымалдауда тiлменiң енi iшкi үйінділердiң сыйымдылығымен анықталады да, тiлменiң барынша көп енi 1,7 RКТ-тi құрады. Iшкi үйінділердiң сыйымдылығы азғантай болса тiлменiң енiн кемiтуге болады:
В 0,5Сж+Rкт , (1)
мұндағы Сж- экскаватордың жүріс енi, м.
Оржолдарды қазғанда, көлiкпен қамтамасыз етудi ескермесе тұйық тiлменiң ең аз енi экскаватор кабинасының айналу радиусымен Rк және беткейге дейiнгi қауiпсiз ара қашықтықпен с анықталады (4 сурет)
4 Сурет Механикалық күректiң оржол кенжарының схемалары:
атабанының енi қарапайым болса; бтабанының енi ең аз болғанда;
оржолдың ернеу беткейiнiң бұрышы
В=2(Rk+c) (2)
Осы айтылған жағдай ұзартылған жұмыс құралы бар экскаваторлармен тау жыныстарын көлiк құралына жоғары тиеу немесе үйіндінi оржол жиегiне орналастырған кезде қамтамасыз етiлуi мүмкін.
Тiлменiң барынша көп енi
В=2Rкт. (3)
Экскаватордың тұру деңгейiнде тау-кен жыныстары қоспаларын көлiк құралдарына тиеу кезiнде тұйық тiлменiң енi көлiк коммуникацияларын орналастыруға және көлiк құралдарын тиеуге беру схемасына байланысты анықталады. Кенжардың биiктiгi экскаватордың көсiп алу биiктiгiмен шектеледi. Механикалық күрек кенжарының ең аз биiктiгi шөмiштiң бiр көсiп алғандағы толу шартымен қабылданады.
Бұрғылау жарылыспен қопарылмаған сiлемдегi кемердiң биiктiгi кенжардың биiктiгiне сәйкес болады.
Егерде қопсыма биiктiгi экскаватордың барынша көп көсiп алу радиусына тең болса, онда берiк тау жыныстарындағы кемердiң биiктiгi 1,5.Нкмах шамасына дейiн рұхсат етiледi.
Ұзартылған жұмыс құралы бар механикалық күректiң жоғары төгу кезiндегi кемердiң биiктiгi hк, көлiк ыдысының биiктiгi hы және ыдыс пен шөмiш арасындағы қажеттi саңылау с шартымен анықталады:
hк Нтмах- (hы+с). (4)
Кемердiң беткей бұрышы қазылатын сiлемнiң физикалық-механикалық қасиеттерiне байланысты болады, ол көбiнесе 70-800-қа тең.
Тау-кен жыныстары қоспасын темiр жол көлiгiне тиеп кемердi қазғанда жол осiн экскаватор осiнен 0,8 Rтмах шамасында орналастырады.
Қиын қопарылатын тау жыныстарын қазғанда, тау-кен жыныстары қопсымасының енi көбiрек болғанда қопсыманы жолды жылжыту арқылы бiрнеше тiлмелермен жинап алады. Осы жағдайда жолды жылжыту салдарынан экскаватордың тұрып қалу мерзiмiн азайту үшін тiлме енi 1,7Rкт шамасына дейiн ұлкейтiлуi мүмкін. Автомобиль көлiгi кезiнде автосамосвалдар экскаватордың жанында (5,а,б сурет) немесе арт жағында (5,в,г сурет), шөмiштi төгу зонасында, көсiп алу жерiнен барынша аз бұрышпен бұрылған жерде орналасуы мүмкін. Конвейер көлiгi кезiнде тау-кен жыныстары қоспасы экскаватордың жанында немесе тiлменiң iшiндегi экскаватордың артында орналасқан қорландыру бункерiне толтыра салынады.
