Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
силлабус Отбасы педагогикасы 2017-2018ж.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
533.81 Кб
Скачать

Отбасы, мектеп, жұртшылық

Отбасы тәрбиесі

Мектеп пен отбасы ынтымақтастығы

Қызметтері

Белгілері

Оқушылар үйіне бару

Халық университеті

Ырғақ

Ата-аналар комитеті

1. Мектеп - өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесіндегі шешуші буын. Оның жас ұрпақты тәрбиелеудегі рөлі өте зор. Еліміздің жпотары мектеп арқылы өмірге жолдама алады. Мектеп еш уақытта отбасынан, қоғамнан бөлініп, автономиялық мекеме болған емес. Сондықтан оның іс-әрекеті отбасымен, жұртшылықпен, еңбек ұжымдарымен тығыз байланысты. Міне, мектептің үлкен тәрбиелік қызметі осында.

Мектеп тәрбиеге байланысты қоғамдық күштерді ұйымдастыру және біріктіру рөлін атқарады, Ол ішкі тәрбие процесін атқарып қана қоймайды, мөлтек аудандарда, кәсіпорындарда жүргізілетін тәрбие жұмысының мақсатқа бағыттылығын қамтамасыз етеді. Осы тұрғыдан мектеп — балалармен тәрбие жұмысын ұйымдастырып, жеке адамның дамуында және қалыптасуында әр түрлі факторлардың ықпалын үйлестіріп, біріктіретін орталық. Мектепте іс-әрекеттің ең бастысы - тәрбие түрлерінің (дүниетіным, еңбек, мінез-құлық, әстетикалық дене тәрбиесі) мақсаттары мен міндеттері жүзеге асырылады.

Мектеп басшылығымен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының формалары көп. Олар: ата-аналармен жұмыс: сынып жетекшілерінің және мұғалімдердің отбасымен жұмысы; сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстары. Осы жұмыстарға мектеп басшылық жасайды, көмектеседі, тиісті адамдармен, ұйымдармен бірігіп іске асыруды қамтамасыз етеді.

Тәрбие жүйесінде, әсіресе, жеке адамның жоғары моральдық қасиеттерін қалыптастыруда, адамгершілік сезімін, эстетикалық талғамын дамытуда қоғамдық тәрбие институттарының алатын орны ерекше.

2. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралардың сақтаушысы. Онда бала алғаш рет өмір жолымен танысады, моральдық нормаларын игереді. Сондықтан отбасылық өмір - жеке адамның азамат болып өсуінің негізі. Отбасы ғасырлар бойы адам баласы тәрбиесінің құралы болып келеді. Сондықтан ол адам үшін ең жақын әлеуметтік орта.

Отбасы - оқыту мен тәрбие жұмысындағы мектептің одақтасы. Ол бала тәрбиесі жөнінде мектеппен тығыз байланысты болуды өте жақсы түсінеді. Бала тәрбиесінің отбасында, мектепте нәтижелі болуы ынтымаңтастыққа негізделеді.

Отбасы тәрбиесі - бұл қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі, мемлекет алдындағы ата-аналардың борышы. Үкімет отбасына үнемі қамқорлық жасауда. Қамқорлықтың түрлері: балалар мекемелері жөнінде халықтың қажеттілігін толық қанағаттандыру, балалардың еңбек, спорт лагерьлерінің, жас натуралистер станцияларының, ғылыми-техникалық және көркем шығармашылық үйірмелерінің жұмысын кеңейту; ананы, балалық шақты қорғауға ерекше көңіл бөлу, отбасы мүшелерінің демалуы үшін санаториялардың, демалыс үйлерінің жүйесін кеңейту; аналар жағдайын еске алып, өйелдердің халық шаруашылығына қатысуын үйлестіру.

Отбасындағы басты мәселелердің бірі - баланың тіршілік әрекетін ұйымдастыру: баланың тәртібі, міндеттері, қойылатын талаптар, оның үй еңбегіне қатысуы, оқу-әрекеті, бос уақытын, ұйымдастыру.

Бала өмірін және іс-әрекетін ұйымдастыруда негізгі жағдайлардың бірі - ұтымды ырғақ жасау. Күн тәртібі - өмір тәртібі, еңбек пен демалыстың парасаттылықпен, кезектесіп өтуі, талаптардыр орындау, жақсы әдеттерді қалыптастыру.

Балалардың күн тәртібі жұмыс қабілетін толық сақтау үшін еңбек пен демалыстың кезектесіп өтуінің қажет екендігін көрінетін И.П.Павловтың іліміне негізделеді.

Күн төртібін баланы жинақылыққа, тілалғыштыңқа, дәлдікке мұқияттылыққа үйретеді, денсаулығын нығайтады, еңбек қабілетін жақсартады. Дұрыс ұйымдастырылған күн ырғағы белгілі дағдыға үйретеді, дағды әдетке айналады. Әдет келешекке бала қажетін қанағаттандырады.

Күн тәртібін жасауда ата-ана баланың жасын, үй жағдайын, денсаулығын мұғалімдер мен сынып жетекшілерінің кеңесін, отбасы мен мектеп ырғағының бірлігін еске алуы тиіс.

Отбасында күн тәртібінің негізгі қүрамды бөліктері - еңбек, демалыс, ойын, сабаққа дайындалу, тамақтану, ұйқы, т.б. дұрыс алмасып отыруы қажет.

Отбасында балалардың тәрбие үдерісіне табысты ықпал жасайтын басқа жағдайлар:

  • отбасының этникалық құрамы және құрылымы: толық емес отбасы, бір балалы, көп балалы отбасы, бір ұлттық, көп ұлттық отбасы.

  • тіршілік әрекетінің жағдайлары: отбасы мүшелерінің білім дәрежесі, еңбектену, кәсіптік құрамы, бюджеті, жалпы материалдық әл-ауқаты, ауылдық және қалалық отбасы.

  • отбасының мәдени потенциалы: күнделікті тұрмыстың жалпы мәдениеті, күн ырғағы, демалыс, оның формалары, кітапхананы, теледидарды, музыка аспаптарын пайдалана білуі, спорт-пен айналысу, отбасылық дәстүрлік мерекелер.

  • ішкі отбасылық қатынастар микроклиматы отбасындағы көзқарастың бірлігі және айырмашылығы, отбасы мүшелерінің өз міндеттеріне көзқарасы.

  • қоғамға көзқарасы: еңбек пен қоғамдық міндеттерге, қоғамдық тәрбие институттарына қатысы.

  • отбасының тәрбиелік мүмкіндігі: отбасылық тәрбие, әдістер, ата-аналардың және басқа мүшелердің педагогикалық мәдени дәрежесі. Отбасының осы ерекше белгілерінің тәрбиелік ықпалы өте күшті, оларды тәрбие барысында ескеру қажет.

Отбасының өзіне тән ерекше қызметтері бар. Олар халықтың өсуі, адамзат ұрпағын әрі қарай жалғастыру, қажеттілік, шаруашылық қызметі, отбасы мүшелерінің өзара және туған-туысқандарымен қатынас жасау қызметі.

Отбасындағы тәрбие түгел іске асып отырмайды. Тәрбиенің сәтсіздікке ұшырауының басты себебі - тәрбиені жүргізіп отырған адамның педагогикалық көзқарастарының жеткіліксіздігі, адамның көңіл-күйі мен материалдық, өлеуметтік жағдайының нашарлығы. Отбасылық тәрбие тиімсіздігінің себептері:

  • отбасындағы өктемдіктің баланы өзін-өзі басқарудан, билеуден айырып, өз күшіне, мүмкіншілігіне сенуден қалып, оған қарсы қоярлық ішкі күш-жігерінің төмендеуі, сезімінің мұқалуы;

  • баланы өз еркімен жіберушілік, еркелік, бәрін кешірушілік. Баланың дегеніне көніп, жетегіне еру оны өзімшілдікке тәрбиелейді;

  • отбасында бірыңғай талаптың болмауы, ересектер арасындағы алауыздықты пайдаланып, баланың екі жүзді және жағымсыз нерсеге бейім болып өсуі;

  • ата-ананың баланы ұжымнан аулақтатып өсіруге тырысып, баланың қалыптасуына кері әсер етуі;

  • ата-ананың баласының іс-әрекетіне немқұрайды қарап, жауапсыздық танытып, баланың, кездейсоң, күмәнді адамдармен танысуға мүмкіншілік алуы.

Ата-ана абыройы дегеніміз - бала көзімен көріп тұрған, жасы үлкен кісінің күдіксіз қасиеті, күші, ішкі қуатты берік логикаға негізделген ісі мен қасиеті. Осы қасиеттерді баланың бойына сіңіре білу - отбасы тәрбиесінің мақсаты, борышы, міндеті.

3. Мектеп оқу-тәрбие жұмысының мазмұнын жақсартуға қамқорлық жасап, ата-аналарды, жұртшылықты қатыстырады. Мектеп пен отбасы ынтымақтастығының бірнеше нысандары бар. Мектеп пен отбасы байланысының басты формасы - ата-аналар жиналысы. Онда күнделікті өмір, еңбек, демалыс, оқушылардың бос уақыты, кәсіптік бағдар, оқу және тәрбие жұмысы, т.б. талқыланып, оларды одан әрі жетілдірудің нақты жолмен қарастырылады. Сынып ата-аналары жиналысында ата-аналаар комитеті, олардың төрағасы сайланады.

Байланыс нысандарының бірі - педагогтардың оқушылар үйіне баруы.

Мектеп пен отбасы ынтымақтастығының тағы бір түрі - педагогикалық насихат, яғни ата-аналарға педагогикалық білім беру. Қазіргі ата-аналар және қалың бұқара арасында психологиялық және педагогикалық білімді насихаттаудық маңызы өте зор. Насихат жұмысы оқыту мен тәрбие міндеттерін шешуге әсер етеді. Н.К.Крупская ата-аналарды педагогикалық минимуммен қаруландырудық қажет екенін бірінші рет айтқан болатын. Тәрбие процесінде жеке адамның қалыптасуына ата-аналардың ықпалы олардың жалпы және педагогикалық мәдениеке байланысты. Осы тұрғыдан педагогикалық-психологиялық білім негіздерімен ата-аналарды қаруландыру мектеп алдында тұрған міндеттердің бірі.

Мектептің ата-аналар комитеті мұғалімдерге, ата-аналарға комектесіп, балалардың демалысын, қиын отбасыларын қамқорлыққа алып, балалардың тұрған жеріндегі жұмыстарды ұйымдастыруға қатысып, ата-аналар жиналыстарын, конференцияларын пікірталастарды, балалар мерекелерін өткізуге арналған дайындық жұмыстарына қатысады.

Мектептің, отбасының, бүкіл халықтық және мемлекеттің негізгі мақсаты - қазіргі заманның талаптарына сай балаларды және жастарды тәрбиелеу, оларды мамандық таңдауға, арнайы орта және жоғары оқу орындарына түсуге халық шаруашылығының салаларында еңбек етуге даярлау.Мектептің сенімді одақтасының бірі — отбасы . Мектеп - өзгеріп отыратын жағдайлар мен құбылыстарды ажырата білетін, жасампаз шығармашылық тұрғысынан әр құбылысқа баға бере қарайтын, болашақ мамандық иелерін, қоғам мен заман талабына сай талаптарды көре біліп, іс жүзінде асыратын жеке тұлға әзірлейтін мемлекеттік мекеме. Олай болса мектеп өзіне бөлініп берілген шағын ауданда мемлекет атынан іс-әрекет жасай отырып, Негізгі заңда (Конститутцияда) жазылған білім беру саласындағы қағидаларды, ата-аналармен, әрбір отбасымен бірлесе отырып іске асырады. Ынтымақтастықтың бірнеше түрі бар. Ата-аналарды педагогика-психологиялық білім негіздерімен қаруландырып отыру мектептің алдында тұрған басты міндеттерінің бірі. Ата-аналарға педагогикалық білім беру үшін ата-аналар конференциясы, әңгімелер, сұрақ-жауап, консультациялар өткізіледі.

Ата-аналардың педагогикалық мәдениетін көтерудің жоғары түрі - халық университеті. Университет арқылы ата-ана психологиялық-педагогикалық білім алып, тәрбие мен оқыту теориясы және тәжірибе саласында білім жинаңтайды. Бұл сабақтардың тиімділігін арттыру үшін конференциялар, семинарлар, тәжірибелік сабақтар, кеңестер, экскурсиялар пайдаланылады. Ата-аналар рефераттар жазып өткізеді. Университетте өтетін сабақтар бағдарламалар мен оқу жоспары, сабақ кестесі бойынша белгілі бір жүйемен жүргізіледі. Бүгінгі өзгерістерге байланысты бұлардың өзіндік ерекшеліктері қалыптасуда.

Нарықтың экономикаға өтумен байланысты бұл салада ойланып істейтін шаралар көп. Егер қоғамға пайдалы адамдар тәрбиелеп шығару қажет деп тауып, педагогикалық білімнің маңызын көтеру қажет болса, мемлекет оны шешудің экономикалық кілтін табады. Бала тәрбиесіне байланысты ұсынылатын әдебиеттер тізімі ата-аналарға әрбір сынып арқылы жүйеленіп берілуі тиіс.

Дәріс 14. Ата - аналардың педагогикалық мәдениеті

Жоспар:

1.Педагогикалық мәдениет түсінігі

2.Педагогикалық мәдениетті көтерудегі мектеп пен ата – ананың рөлі

3.Педагогикалық мәдениетті көтерудің принциптері мен жолдары

1. Педагогикалық мәдениет түсінігі.Педагогикалық мәдениет – ол тұтас адам мәдениетінің бір бөлігі, онда ата-заманнан келе жатқан бала тәрбиесі. Педагогикалық мәдениетте ата-аналардың басты іс-әрекеті балаға тәрбие беру. Педагогикалық мәдениеттің деңгейіне қарай ата-аналар тәрбиесінің нәтижесін көруге болады. Педагогикалық мәдениет бірнеше компонеттерден тұрады: балалардың психологиясын түсіну, білу балаға уақыт бөлу, балалардың бойы іс- әрекеттерімен таныс болу, және басқа балалар мекемелермен байланыста болу.(мысалы мектеп,институт, бала-бақша).

XX ғасырда айтылғандай қазіргі ата-аналарға бала тәрбиесі туралы ахпарат жеткіліксіз.Оларға баланы толық түсіну үшін психология, физиология, педагогика, генетика салаларымен таныс болу керек. Сол салалармен танысқанда ғана ата-аналар балалардың құпия заңдылықтарын түсіне алады.

Педагогикалық мәдениетпен балалар кіші жастан бастап танысады,мысалы бала бала-бақшаға, мектепкебарғанда. Сол кезде бала өзіне көп (опыт) жинайды, және соған орай өз балаларына білім береді. Көп балалы отбасында балалар педагогикалық мәдениеттің теориясымен практикасын өтеді, мысалы өз тілерімді баққанда. Бірақ педагогикалық мәдениетті отбасында балаға қалыптастырған-Ата-ана. Көптеген дәлелдер бойынша педагогикалық мәдениетті ең жақсы білген ата-аналар –ол жоғары және орта білім алған ата-аналар. Әрбір елде педагогикалық мәдениетті көтеретін өз тәсілдері бар. Біздің елімізде XX ғасырда педагогикалық мәдениетті көтеру мақсатымен шығарылған- педагогикалық (всеобуч) сауатсыздықты жою ең басты мақсатты адамдарды бала тәрбиесімен таныстыру болды. Оның ішінде ата-аналарға арналған ғылыми методикалық программалар, оқулықтар, керекті әдебиеттер болды. (Всеобуч) сауатсыздықты жою соның ішінде халықтық унисертитеттер құрылды. Сол университеттердің құрамында бірнеше мұғалімдер, ата-аналар кірді және оларды басқаша «ата-аналар» университеті деп атады. Соның арқасында біздің еліміз педагогикалық мәдениетті көтеруде жоғарғы баға алады.

Қазіргі кезде басқа да бала тәрбиелеу жүйелері бар соның бірі И.В.Бестужев. А.Ладанның тәрбие программасы оның пікірінше бірінші деңгейде жастар, оқушылар «Половой лекбезді» өтуі қажет, содан кейін олар «Болашақ ата-аналар университетіне» өтеді және ең соңғысы ол «ата-аналардың ата-анасы университеті» онда көбінесе кәрі ата-әже тәрбиеге үйренеді. Бірақ бұл программа әлі-іске асырылмаған.

2. Педагогикалық-мәдениеттің көтеруінде мектептің рөлі.Ата-аналардың психолого-педагогикалық жағынан тәрбиеге үйрету-ол мектептің басты іс-әрәкеті болып табылады. Педагогикалық мәдениетті көтеру ол бір педагоктің бойы міндеті болып саналады. Көбінесе педагогтар ата-аналарға педагогикалық мәдениетті түсіндірмейді, өйткені қазіргі кезде педагогикалық мәдениентке байланысты көп әдебиеттер, теледидардарға әр түрлі бағдаламаларға, интернет, радио бар деп ойлайды. Диалогтың бұл түрі ата-аналардың тәрбиелеу әрекетін ұйымдастыруға мүмкіндік береді, ата-аналарды педагогикалық рефлексияға деген ұмтылысын оятады, педагогикалық позицияның толықтай өзгеруіне әкеліп соғады.

Педагогтың міндеті – теориялық білімі арқылы мінез – құлықты қалыптастыру. Мұнда ең негізгі мәселе ата-аналар тәрбие іс-әрекетін ұйымдастырады, және өзі анализ жасайды. Осы анализ жасағанда көп көңіл аударған жөн. Ата-аналар өзге жанұя мен тәжірибе алмасуы тиіс, және де педагогикалық ағарту ісін ұйымдастырудың жаңа түрін ізденуде болуы керек.

Ата-аналардың педагогикалық мәдениетін дамытудың мынадай жолы бар: Мұнда ата-анасынан бөлек педагогтар, балаларда қатысады. Бұл бірлескен мекемелер, спорттық ойындар, мектеп территориясындағы ойын сауықтары, концерттер және т.б. Мұнда педагогтар ата-аналарға өздерінің педагогикалық білімдік жұмыстарын тереңірек түсінуге көмектеседі. Бұл педагогикалық мәдениетін дамытудың бір құндылығы және де педагогикалық салт -дәстүрлер: конференция, ата-аналар жиналысы, ашық есік күндері еш ұмытылмайды.

Мектептегі педагогикалық ұжым арасында ерекше көңіл аударатын жайт, ол бақылау кезіндегі ата-аналардың өзіндік білімі болу керек. Сондықтан мектепте жанұя тәрбиесіне қатысты көптеген журналдық статиялардан басқа, әдебиетер болуы керек. Оқыған кітаптарын қоғамдық қолданысқа тарата алатын аналарды библиотека қорына шақыру болады. Әдебиеттерді насихаттау, педагоггикалық міндетіне жатады. Бұл жұмыс әр түрлі формада болуы тиіс: жеке кітаптарға сараптама жасау немесе консультация ретіндегі өтілімдер, дискуссиялық клубтағы мәжілісте, қабырғадағы топталған ақпараттар, қысқа аннотациямен әдебиеттер көрмесі ата-аналар жиналысында жаңалықтарға шолу жасау т.б.

Мұғалімдер міндетті ата-аналардың педагогикалық әдебиеттерге деген қызығушылығын ояту және қазіргі кездегі бір топ басылымдардың ішінен, теоретикалық ілімдерді таңдауға көмектесу.

Отбасы бала үшін – тұлғаны қалыптастырудағы алғашқы және белсенді қайнар көзі болып табылады. Ол жанұя ішіндегі қабылданған көзқарастарды, дәстүрлерді, міндеттерді сақтайды.

Адамның өмір сүру периодының әр түрлілігіне байланысты отбасы тәрбие әсерінің интенсивтілігі де әр алуан: мектепке дейінгі жас аралығында ол қажеттіліктерді (материялдық, рухани, танымдық) өтеуде үлкен рөл алады; кіші мектеп жасында материялдық коммуникативтік және эмоционалдық қажеттіліктер негізгі рөл атқарады; жеткіншек жасында отбасы әсері кеміп, өзін - өзі тану, тұлғалық, әлеуметтік және мамандық таңдау даму бағыттары басым болады.

Отбасы баланың жынысына байланысты әсер етеді, мысалы қыз бала жанұясына, ұлдарға қарағанда жақын болады.Отбасының тәрбие беру функциясының іске асуы ұлттық спецификаға, мәдени - әлеуметтік дәстүрлерге және осы топқа тән нормаларға негізделген. Тұлғаны әлеуметтендірудегі отбасының ерекше маңызын қамтамасыз ететін жалпы факторлар бар. Ол баланың тууынан бастап үздіксіз, тұрақты әсер етуі; жанұядағы қарым-қатынастың туысқандық, махаббат, сенімділік, өзара жауапкершіліктің арқасында құрылуы; жанұядағы жас мөлшері әр түрлі адамдармен әңгімелесу, қарым-қатынас жасау арқылы ұрпақтан ұрпаққа қалдыру. Ата-анасы баласының өзіне тән ерекшеліктерін, қызығушылығы мен қажеттіліктерін ескеру қажет.

Отбасы әр түрлі қасиеттерге қарай кластарға бөлінеді:

- құрылымы жағынан (отбасы мүшелері олардың жас ерекшеліктеріне): 3 ұрпаққа қарай бөледі – ата-ана, бала, немере; 2 ұрпаққа қарай ата-ана мен балалар; бір баласы бар жанұялар; көпбалалы (3 және одан да көп бала); толық емес яғни ата-анасы жоқ немесе баласы жоқ т.б

  • отбасындағы өмір сүру және даму жағдайларына қарай (дұрыс қалыптасқан және қалыптаса алмаған);

  • отбасында тәрбие беру стиліне қарай (авторитарлық, демократиялық және либералдық).

Авторитарлық стиль қаталдықпен, аса жоғары талап етушілігімен байқалады, бұны баланың қарсылығы мен агрессиясынан, апатиясы мен белсенділігінің төмендеуінен көруге болады. Бұл баланың дөрекі сөйлеп, өтірік айтып, өзін - өзі ғана ойлауынан байқалады, балада қорқыныш сезімі пайда болады. Демократиялық стильді ата-ананың балаға деген құрметінен байқауға болады. Бұндай ата-ана баланы тыңдай алады, өз шешімдерін балаға жүктемейді, олардың шығармашылығын қолдап отырады.Бұндай жанұяда бала өзін жайлы сезінеді, бар істегені табысты болады, ата-анасынан қорықпай құпияларын айтады, келеңсіз жағдайлармен бөліседі, кеңестерге құлақ асады, өзіндік абырой сезімі қалыптасады.

Либеральды стильде ата-ана баласының еркелігіне көнеді, ештеңеге тыйым салмайды, жауапкершіліксіздік, жаза қолданбау байқалады. Балалар шектен асатын махабаттан «қорғалған» бұл эгоизмге, менменділікке, тәртіпсіздікке, моральдік ,нормалардың жоқтығына әкеп соғады.

Өз балаларын нағыз жақсы көретін ата-ана, онымен демократиялық негізде қарым-қатынас жасайды, бірақ авторитарлық, либеральді стильдің элементтерін керек кезде қолдана алады.

И. Климантович жанұяларды тәрбие беру мүмкіндігіне қарай классификациялауды ұсынады:

  • баланың тұлғалық қалыптасуына жағымды әсер ететін (ата-анасы балаларын жақсы көретін және олардың, өзінің тіршілігін ұйымдастыра алатын жанұя;

  • отбасы мүшелері бір-бірін түсініп, көмек көрсете алады; қарым – қатынас енгізінде адамгершілік нормалар жатады; ата-анасының мәдени дәрежесінің жоғары болуы);

  • бала дамуына жағымсыздау әсер ететін (балаға тым көп көңіл бөлінетін немесе көңілдің жетіспейтін, міндет қойылмайтын, ата-анасы тек өз проблемаларымен айналысатын жанұялар. Ата-анасы мектеп жиналысына барғанымен, мұғалімдердің кеңесін орындай алмайды, бұл педагогикалық мәдениеттің төмендігіне байланысты болады);

  • Бала дамуына жағымсыз әсер ететін (ата – анасы аморальды өмір сүру түрін таңдайтын жанұялар); баламен қарым – қатынас жасауда авториталдық стильді таңдайтындар (қатаң бақылау, тұлғаға қысым көрсету); отбасы тіршілігін дұрыс ұйымдастыра алмайтындар, ата – анаға тән дәрежелі беделі жоқ; мәдени дәрежесі төмен; ата – анасы мен баласы бір – бірін түсіне алмайды, Ата-анасы баласының жағдайымен айналыспайды, мектепке келмейді, оның тәрбиесі мен дамуына көңіл бөлмейді. Бұндай қарым – қатынас баланың бойында қатыгездік, өзіне ешкімді жақындатпау, отбасына деген агрессияны туғызуы мүмкін.

  • нейтралды жанұялар( баланың іс - әрекеті өзіне байланысты,яғни –өз қолында, не істесе де өз еркі, баланы мұндай жанұяда жек көреді. Оның сүйеніші, тірегі жоқ, дұрыс басшылық, қамқорлықтан алыс).

Отбасында тәрбие берудің нәтижелі арнайы ережелері бар:

  • баланы қандай болса да жақсы көру керек;

  • балаға маңызды сөз емес, сол сөздердің қандай интонациямен айтылуы;

  • баланың ойына құлақ асу қажет, ойланбай қорытынды жасаудың да қажеті жоқ;

  • баланы тұлғасына қарай емес, жасалған қателігіне қарай жазалау керек;

  • басқалардың ескерулерінен қорытынды жасамас бұрын, оның жағдайын біліп, себептерін түсініп қорытынды жасау керек. Өз балаңның сенімін сақтау керек;

  • біз балаға нені үйретсек, соны өзіміз де жасауымыз қажет. Балаға қанша рет «жоқ» дейтінімізді санап, осыдан қорытынды шығаруымыз керек. Бала ата – анасына өте тәуелді болады.

  • жасы әр түрлі болғанына қарамастан толық бақылауды жек көреді.Ата – ананың шын жүректен бала өміріне араласуы жақсы нәтижеге жеткізеді, өйткені бала ата-анасын басынан бастап сүйеді.

  • балалармен өмір туралы жиі сөйлесу қажет, себебі қажеттіліктерден ешкім сақтандырылмаған.

  • баланы өз қиыншылықтармен бетпе-бет қалдыруға болмайды.

Отбасында тәрбиелеудің негізгі әдістері – бұл үлгі, бірге іс - әрекет жасау, әңгімелесу, көмек, баланы қорғау. «Мен сияқты жаса!» девизімен тәрбиелеу арқылы ата-аналар баласына қалай өмір сүру,еңбек ету, сүю керектігін көрсетеді. Жанұяда ешкім «Мен қазір сені тәрбиелеймін!» деп айта алмайды, себебі баланы қоршаған орта қалыптастырады: балаға деген қарым-қатынасы, ата-аналар арасындағы басқа адамдармен қарым-қатынасы, отбасында тұру үрдісі. Сондықтан тәрбиелеу үшін ерекше жағдайлар жасаудың қажеттілігі жоқ – тек дұрыс өмір сүру қажет. Отбасында қатынас орнатудың психология-педагогикалық ережелері:

  • Мектеп пен сынып жетекшісінің отбасымен, қоғаммен жұмысының негізінде ата-ана беделін жоғарылатуға бағытталған іс-әрекеттер жатуы тиіс.

  • Ата-ананың тәрбиелей алу мүмкіндігіне сенімділік, олардың педагогикалық мәдениеті деңгейінің жоғарылауы және тәрбиелеудегі белсенділігі.

  • Педагогикалық әдеп, отбасы өміріне абайсыздан араласу қателігіне жол берілмеу.

  • Тәрбиелеудегі проблемаларын шешудегі өмірге деген сеніммен, мажорлы көңілмен қарау, баланың жақсы қасиеттеріне, отбасы тәрбиесіндегі жақсы жақтарына тірек болу, тұлғаның дұрыс болуына жол сілтеу.

Оқушының ата-анасымен қарым-қатынас орнату – мұғалім жұмысындағы басты деңгейдегі міндет. Отбасымен қарым-қатынас орнату формаларының бірі – оқушының отбасына барып жағдайын білу.

Отбасымен, ата-аналармен қарым-қатынасты орнату – отбасы тәрбиесін уағыздау дегенді білдіреді.

Педагогикалық тапсырыс:

  • белсенді тәрбиелік позиция мен балалармен тығыз жұмыс жасауды қарастыратын тапсырыс.

  • мұғаліммен өзара іс әрекет, ұйымдастырушылық көмек көрсететін тапсырыс.

  • мектептің материялдық базасының дамуы мен нығаюына септігін тигізетін тапсырыс.

Ата-аналармен жұмыс істеу формалары – коллективтік және жеке дара ұжымдық формаларға: педагогикалық лекторий, ғылыми – практикалық конференциялар, ата – аналар жиналысы жатады.

Жеке дара формаларына отбасының жағдайын білу, педагогикалық тапсырыс, педагогикалық кенес, әңгімелесу жатады.

Ата-аналармен жұмыс істеудің дәстүрлі емес түрлері:

  • такырыптық кенестер

  • ата-аналарға арналған оқулар

  • ата-аналарға арналған кештер

  • ата-аналарға арналған тренингтер

  • ата-аналарға арналған рингтер.

Т.А. Маркова ата -аналдырдың талабы балалардын тандауынын сыйлау, оларды шешпеу, кім оғаи сай келеді, кім оған жоқ..Бала өзінін рұқсат бермеуімен көп нәрсе істеуге болмайды, бала өзінін шегін көрмей отыра, қандай достарды таңдады.

бастап балада үйдін ішінде тұрақты, басқа отбасы мүшелелріннің маңызды талапты болу керек, мысалы: ойныншықғында ұқыптылықты сақтау, бөлме өсімдіктерін суару, столды жайуға комектесу және тағыда басқа.

Тәртіптілік-балаға деген маңызды инабаттылық дағдыларының бірі. Осы дағдын балада тәрбиелеу тек қана бала үшінөзінің қоршаған ортасында гармониялық қарым -қатынас жасау үшін.

Мектепке дейінгі балаға тәртіптілікті тәрбиелеу ұзақ үдеріс мұны педагогикалық зерттеумен, педагогикалық тәжірибие анықтайды.Бала мен үлкендердің қарым- қатынасының стилі көбіне баланың тәртіптілігіне байланысты.Ата-аналардың сабырсыздалған, мінездерің ұстамсыздаған дұрыс емес орта қалыптасуда: көтерінкі дауыспен сөйлесу, баланы жиі сөгу балада жағымсыз эмоциялар пайда болады, еңбек дағдылары төмендейді осының бәрі тәртібінің бұзулуына әкеледі. Баланың айтқаның істеу, неғұрлым қарауда тәртібінің дұрыс болуға әкелмейді. Тындамайдтын бала намысы, тәртібі бұзылуы онын жалғастырады үй переутомления(үйңыған баушылық, ұзақ уақыт бойы теледидар алдында отыру, қоңақтарға бару, шулы үйінің алдында ойнау) утомления жағдайында назар аударылмайды іс әректке деген көңіл болмайды.

Отбасындағы тәрбие балаға қарай бағытталған күлкіліктен, әділетеіздіктен, оның тәртібінін адамдардың әңгімелеуден және басқа өкініштін шығатын антипедагогикалық әсерлерден алшақ болу керек.

Туған тіл бір уақытта интелектуалдық, адамгершілік, эстетикалық тәрбие болып табылады, ол баланы тұлға ретінде қатыстырады. Тілді қарым- қатынас ретінде пайдалана отыра, бала өзіне мәдениетін ұрпаққажалғастырады, қоршаған ортаны және өзін-өзі таниды, әлеуметтік істердін нормаларын ұғады.Баланын тілі көбінесе ата-аналардың, мәдениетінен, әдебетінен, әлеуметтік ортадағы орнынан, сөйлеу мәдениетінің дұрыстылығынын баланын дамуындағы маңыздылығыны түсінушілігінен тәуелді. Ата-аналар баланың тілінің дамуынан ерекше жауапкершілігін сезіну керек. Бұл баланың жоғарғы сезімділіктін тілдік ақпараттқа сезіну керек. Бұл ауыртпалық баланын бірінші жылдарына түседі.

Дәріс 15. Болашақ отбасы иесін тәрбиелеу

Жоспар:

  1. Болашақ отбасы иесін тәрбиелеудің қажеттіліктері

  2. Отбасы туралы көріністердің қалыптасуы

  3. Отбасы экономикасына баланы қатыстыру

  4. Жыныстық тәрбие

  5. Демографиялық тәрбие

1. Болашақ отбасы иесін тәрбиелеудің қажеттіліктері.

Соңғы жылдары жеткіншек ұрпақты дайындаудың отбасы – ата – аналық іс - әрекетінің проблемасы, дәстүрлі болашақ ата – ананы тәрбиелейтін «үй мектебінің» (И.В.Бестужев Лада) жойылғанымен байланысты белсендіріледі. СССР – да бұл проблеманы 2 рет шешуге тырысты. Бірінші рет – «ата – аналық жалпыоқытудағы» енгізу жолымен, екінші рет – «Отбасылық өмірдің этикасы мен психологиясын» мектептік курсымен өткізу арқылы шешуге тырысты. Бұл 2 мүмкіндік те шешімін таппады, проблема шешілмеді.

Болашақ ана – аналарды тәрбиелеудің мүмкіндіктері: балалардың қоғамдық – тарихи әлеуметтік ориентациясы тәжірибедегі отбасы бейнесіне жетуден басталатыны туралы жазылған педагогикалық зертттеулерде дәлелденген (А.В.Запорожец, А.Н. Леонтьев, В.А. Петровский, Н.Н. Поддьяков).

Қазіргі ғылыми деректердің дәлелдеуінше, отбасында тәрбиеленіп жатқан баланың өмірінің бірінші жылында оның бейнесі қалыптасады. Отбасында бала іс - әрекеттің жүйесіне қосылады.

Ғалымдардың айтуынша, қазіргі көптеген балаларда отбасы туралы өзгерген жағымсыз бейнелер қалыптасады (И.В. Бестужев - Лада, Н.Н. Поддьяков). Шындығына келетін болсақ, оған байланысты отбасы кризисі анықталатын әлемдік көрініспен байланысты объективтік себептер кездеседі. Қазіргі ғылыми деректер және әлемдік сатистика бойынша, қазіргі кезде отбасында жеке функциялар өзгеріп қана қоймай, отбасы мүшелерінің әлеуметтік ролі және олардың бір – бірімен қарым – қатынасы өзгеруде. Баланың өміріне, ортасына, туған – туыстарына қарамастан жалғыздығының себебі отбасындағы үлкен мүшелердің қызметтік бос болмауына байланысты ата – аналардың балалармен эмоциональды – тұлғалық дефициттік контактілерді құруы. Балада отбасы бейнесінің қалыптасуында, отбасы мүшесі және тәрбиеші ретінде әкенің жоқтығы өзінің теріс әсерін тигізеді. Әлемдік статистика бойынша бұл жағдай әрбір үшінші бала тап болады.

Ажырасқан, толық емес отбасында бала үлкендердің әңгімесін,анасы және оның құрбысының алдыңғы күйеуі туралы әңгімелерін есітеді, бұл жағдай балада отбасы туралы теріс ойлар, қатігездік, сатқындық және т.б. ойларды ойлауға мәжбүр етеді. Бұл теріс жағдайлар баланың дамуында қалыптасып, оның келешекте болатын өзінің отбасына кесірін тигізуі мүмкін (Х. Фидгор). Отбасы көпсалалы системаны қамтамасыз етеді, онда тек қана «ата – аналар – бала» диадамасының өзара іс - әрекеттілігі мен өзара қарым – қатынасы ғана емес,сонымен қатар балада «отбасы бейнесін» қалыптастыра алатын объективті үлкендер әлемі мен балалар әлемінің қарым – қатынасы жатады (Л.В. Загик, Т.А. Маркова, В.А. Петровский). Осы қарым – қатынаста ереже бойынша отбасы әртүрлі жасөспірімдік, жыныстық, кәсіптік жүйелерден тұратыны бағалы. Отандық педагогтардың зерттеулерінде балаларды еңбек іс - әрекеті және отбасылық мерекелердің дайындығына қатысу арқылы өмірге дайындау мүмкіндіктері туралы жазылған (А.Г. Харчев). Ғалымдардың айтуы бойынша балаларды тәрбиелеуде қажеттіліктер: Бұл баланы қамқр, абай болуына және басқалардың көңіл – күйін түсінушілігі. Ал мұндай қасиеттерді тәрбиелеу – бұл балаларды қоғамдық өмірге дайындау және болашақ ата – аналардың функцияларын орындау болып табылады.

Психологтардың айтуы бойынша отбасылық атмосфера баланың бай эмоциональды өмірінің дамуына және ондағы оң қарым – қатынастардың барысында «жылы» отбасы бейнесінің қалыптасуына ықпал етеді. Ғалымдардың шешіміне келісе отырып, салмақты адам және «бақытты отбасы иесі» деп жастық шағында бақытты ата – анасы болған, оған қатты байланған және олармен ашық әңгімелесе алатын, отбасы мүшелеріне жақсы ниетпен, сыйластықпен, бірақ қажет етушілік қасиеттерімен қарым – қатынас жасайтын тұлғаны атай аламыз, яғни мынадай шешім шығаруға болады: отбасы өзінің ориентацияларымен, тұлғааралық қатынас негіздерімен өмірдің бүкілі тура немесе ауыспалы стильдерімен үлкен немесе кіші дәрежеде баланы болашақ отбасылық өмірге дайындайды.

2. Балада отбасы туралы ойларының қалыптасуы

Зерттеулердің қатарында баланы отбасы туралы ойларының стихиялы түрде қалыптасуына үйрету мүмкіндіктері қабылданған. Осы ойлардың фрагментарлық, дәлелсіздік, эмоционалды, «бояудың» кедейлігі және шындыққа сәйкес келмейтін, ойлардан айырмашылығы бар екені айтылып кеткен.

Соңғы жылдары балаларды қоршаған ортамен таныстыру бағдарламалары құрылып, онда отбасы білімі туралы айтылған (О.К. Васильева, С.А. Козлова, Х.А. Тагирова және т.б.) Бұл қатынаста С.а.Козлованың «Я – Человек» деген бағдарламасын айтпай кетпеуге болмайды. Автор баланы толық отбасының мүшесі ретінде қалыптасқанын, отанның азаматы және Жер ғаламшарының тұрғынын тұрғынын тәрбиелеуде «Адамдағы Адам» логикасында қарастырады. Отбасы білімі туралы «Моя семья,моя родословная» деген арнайы тақырыбында орын алған, «Что я знаю о себе» бөлімі баланың өзі арқылы жазылып, онда отбасы білімі балалық қабылдаудың айнасы ретінде ұсынылғаны туралы жазылған.

Өзіндік «программа» баланың отбасы туралы жалпыадамзаттық құндылықтарының қалыптасуы халық педагогикасында көрініс тапқан. Халық ауыз шығармалары(ертегілер, мақал – мәтелдер және т.б.), ол баланың кішкентай жасынан отбасы өміріне бағыттайтынын зерттеуге болады. Балаларды халықтық ертегілермен таныстыру барысында балаға ең жақын адамдардың (анасы,әкесі, атасы, әжесі, бауырлары). Ортасы қалыптасып «туыстық», «отбасы» түсініктерінің мәні ашылады. Бірақ, бұрынғы және қазіргі отбасында бірдей қайғы: Балалар – жетім,«жаман» - балалар. Бүгінгі жетім балалардың проблемасы ерекше актуалды. Педагогтың міндеті – балаларға ақылмен ғана емес, жүрекпен халықтың даналығын «В сиротсве жить – слезы жить» мағынасын түсінуге көмектесу. Сүйікті ертегілерді оқу және талқылау, мақал – мәтелдердің мазмұнын анализдеу, балада айналасындағы балаларға көңіл аударуға және көмектесуге талпыну сезімдерін оятады.

Халықтық педагогикада, яғни бүкіл халық мәдениетінде «Отчий дем» түсінігі ерекше орын алады. Балаларды отбасы мүшелерінің эмоциональды жағдайын түсінушілігін үйрету және оларды қуанту тілегіне тәрбиелеу қажет. Арнайы жағдайаттардың мақсатын қалыптастыруда, бала өзінің туыстарын қуантып, әсер қалдыру үшін, олардың ерекшеліктерін, қызығушылықтарын білуге тырысады. Мысалы: «Аналар күні, 8 наурыз – халықаралық әйелдер күні» мерекелерінің алдында педагог балаларға сол күні отбасындағы әйелдерге сыйлық жасау керек екенін ескертеді. «Отбасы» түсінігінің мағынасын анықтау үшін, 3 ұрпақтан тұратын (ата – анасының әке - шешесі, балалары) отбасы мүшелерінің бейнелері салынған бейнелі материалдар қолданылады. Одан кейін мақсатқа сәйкес моделдеуге сүйену. Педагог балаларға 3 ұрпақтан тұратын отбасының моделін құруды ұсынады. Әрбір ұрпақтың өз фишкаларының түсі болуы керек. Бала фишкаларды жайып, отбасы мүшелерінің бейнелерін жинап, отбасы моделін құрастырады және кім кімге кім болатынын анықтайды. Бірақ бұл абстрактылық отбасы. Келесі қадам - өз отбасының моделі, яғни бала отбасы мүшелерінің бейнелерінің жанына олардың атын, тегін, әлеуметтік ролін жазады, туыстарына өзінің кім болатынын анықтайды (бала,немере, жиен, аға).

Кейінгі өз ру шежіресін үйренуді отбасында жалғастыру керек. Педагогтардың ұсынысы бойынша , ата – аналар суреттерді қолданып «Біздің ру шежіреміз» деген отбасының генеалогиялық альбомын жасау керек. Өз ру шежіресіне деген қызығушылықты дамыту үшін балаға «Отбасымыздың ең улкен (ең кіші) мүшесі», «Ата – анамның әке – шешесі туралы», «Біздің отбасымыздағы Отан қорғаушылар»,«біздің отбасындағы есімдер (қызметтері),«Менің отбасым» тақырыбына коллаж дайындау сияқты нәтижесі күмәнсіз: балада туыстық қатынастардың ерекшеліктерін қалыптастыру мүмкіншілігі туады және отбасы мүшелеріне қамқорлы қарым –қатынас жасауға, ең негізгісі осындай қарым – қатынасқа үйренуге көмектеседі.

3. Отбасы экономикасына қатыстыру

Бала санасында, барлық отбасы мүшелеріне қатысты отбасы экономикасы туралы ойларды қалыптастыру керек. Демек, балада да отбасы экономикасында соңғы «скрипкасын» ойнамайтынын түсіну керек.

Отбасы – бұл бала өмір сүріп қана қоймай, сонымен қатар көптеген ерекшеліктерімен байланысты деректі экономикалық ортаны көрсетеді. Баланың алдында кіріс-шығыс туралы, оның қажеттілігін қанағаттандыруға кеткен қаржы туралы әңгіме жүргізіледі. Қазіргі балалардың санасына «ақша», «сатып алу», «төлеу» деген сөздер ерте енеді. Өсе келе бала талап-тілегенің қанағаттандырылуы , («Балмұздақ сатып алшы», «мынадай машина алғым келеді») үлкендердің оған қарым-қатысына ғана емес, әмияндағы ақшаға тәуелді екенін түсіне бастайды.

Бала 5-6 жасында отбасы әмиясы неден тұратынын, қанша табыс жиналатынын білуі қажет: ата-ананың жалақысы, атаның зейнетақысы және өзінің балалық жәрдемақысы. Ал осы ақша қайда жұмсалатыны туралы бөлек.

Егер отбасыда кіріс-шығыс кітабы жүргізілсе, (бұрынғы отбасыларда міндетті түрде дәстүрі болғандай) онда балаға оның белгіленуі туралы бастапқы ой беру кенрек. Баланы бір тілім нанға қамқорлықпен қатынасуды, яғни көптеген адамдардың оның ішінде ата-аналардың еңбегіне деген сыйластықты көрсетуді үйрету керек. Балада мынадай ереже болуы қажет: «Егер саған киім сатып алса, онымен қолдана және оны сақтай біл. Абайсызда бүлінген киімді үлкендерден кеңес сұрап жөндеу керек.»

Үй ішіндегі ремонт кезінде әртүрлі заттар, киімдер және ойыншықтарды жасау барысында бала қатысуы қажет. Бала өз тәжірибесіне қарап, үлкендер мен кішкентайлардың еңбегі нәтижесінде еңбек жемісі, яғни киімдер, заттар, ойыншықтардың пайда болуына көзі жетеді. Осыған байланысты орындалған жұмыстың «экономикалық эффектісін» ескерту қажет: «Міне, Арман, сен печенье сатып алуды сұрадың, ал біз оны өзіміз жасадық. Дүкендегі печеньеден гөрі татымды болып, ақшаны жұмсамадық.» Экономикалық тәрбиелеуде үй алдындағы жерде және бақшадағы еңбек ерекше орын алады.

Әрбір отбасы, әсіресе осы замандағы жағдайда өз-өзін қамтамасыз етудің қолайлы тәсілдерін іздейді. Егер өнерлі болсаң, көптеген заттардан әртүрлі нәрселерді істеуге болатынына баланың көзі жетеді. Тғы да бір негізгі сабақ: ортақ еңбек біріктіреді және бір-біріне қуаныш сыйлайды. Балалардың экономикалық білімі тек адамгершілік-еңбекші арнада тәрбиеленеді.

Балада еңбексүйгіштік, қамқорлық, ынта, іскерлік, рақымдылық және қайырымдылық қасиеттерін тәрбиелеу болашақ отбасы иесінің роліне дайындықтың қажетті қадамдары болып табылады.

Жыныстық тәрбие.Адамның әлеуметтік факторларымен жағдай жасалған табиғат ерекшеліктерінің қатарына жыныспен анықталатындары кіреді. Бала өзін не қыз не ұл екенін сезінуі – бұл жынысқа қатыстығының бірінші категориясы. Қазіргі ғылымда жыныстық тәрбиелеу мектепке дейінгі балаларға үйрету қажет болып отыр. 20 жылдары көрінген педагогтар мен психологтардың айтуы бойынша балаларды тәрбиелеуде мақсатқа лайықтылық, дифференциалды жыныстық тәсілден тәуелді болады.

ХХ ғасырдың 30 жылдарынан бастап 60 жылдарына.дейін жыныстық тәрбиелеу мәселесі шешілмеді. Педагогика баланың абстрактылы қасиеттеріне көңіл бөліп, ал оның негізгі мінездемесін, яғни психологиялық жыныстық ерекшеліктерін ескермей, «жыныссыз» қалды. Тәрбиелік процесте осы ерекшеліктерді елемей, «орта» заттың дамуына бағыт алды. (Т.А.Репина) Ал нәтижесі мынадай болып шықты: Ұлдарда эмоционалды тұрақтылық, төзімділік, табандылық, ал қыздарда нәзіктік, сыпайылық, шыдамдылық, жұмсақтық қасиеттері жеткіліксіз екені анықталды. Балалардың болашақ өмірінде болатын арнайы міндеттерді орындаудың дайындығына көп көңіл бөле бермеген. Осының нәтижесінде көптеген отбасылар отбасылық «ауыртпалық» міндетін орындай алмай, отбасылық жанжал, ажырасуға әкеліп соқты. Сонымен, баланың жыныстық әлеуметтену мәселесіне көңіл бөлмеушілік, қоғамға және олардың өздеріне кері әсерін тигізді.

Қазіргі отбасыдағы жыныстық тәрбиелеу мәселесі негізгі мәселерінің бірі болып отыр.Жыныстық арақатынас туралы информациялық ағымдар балаларға теледидардан «ашық» түрінде көрсетуі педагогтар мен психологтардың заңдық үрейді тудырады. Бұл информациялар үлкендердің балаларды жыныстық тәрбиелеуге қажетті мәдениетінің дәрежесін көтермейді. Жыныстық тәрбие тұлғаның адамгершілігін қалыптастыру арнасында қарастырылады. Қыздың немесе ұлдың тұтас тұлғалық қалыптасуы жыныстық психологияның, анатомо-физиологиялық ерекшеліктерін және өмірдегі әлеуметік ролін элементарлы түрінде түсіну қабілетіне бағытталған.

Шынайы өмірде бала белгілі бір жыныстың өкілі ретінде дамыпжатқаны екені белгілі. Отбасыда жыныстық тәрбиелеудің маңызды міндеті – бұл баланың жыныстық эмоциялық сәйкестендіруге көмектесу. Ғалымдардың (В.Е.Каган, Д.В.Колесов,И.С.Кон және т.б.) айтуы бойынша жыныстың эмоциялық сәйкестендірудің қалыптасуы – бұл бала қсіп жатқан әлеуметтік ортадағы жыныстық тәртіптің екеуінің бір моделін таңдау және меңгеру биоәлеуметтік ұзақ үрдіс.

Бала 3 жасында адамның дене құрылымы анатомиялық ерекшеліктермен анықталатынын түсіне бастайды. Бала қыз және ұл денелерінің құрылымы, оның айырмашылықтары мен ұқсастықтары және жыныстың өзгермейтіндігі туралы шын информацияны қажет ететіндігін әрбір ата-ана білуі тиіс.

Ата-ана баланың туған кезінен бастап, оны жыныстық роліне, яғни ұл баланы ұл деп, қыз баланы қыз деп бағыт көрсетеді. Бұл баланың киетін киімінің түсінен, (көгілдір, қызғылт) ойыншықтарды таңдау, ойын барысында білдіруге болады. Баланың жыныстық идентификациясында ішкі атрибуттардың сіңірілуі маңызды рол білдіреді. Бала 3 жасында жыныстық тек сыртқы айырмашылықтарымен игерілген, яғни әйел мен ердің киетін киімі және жүріс-тұрыстың әдеті бойынша айырады. (Мысалы, әкесі баласын иыққа отырғызады, ал анасы оны сүйеді және еркелетеді). Сондықтан да баланың алдында әйел(ана, әже) мен ердің(әке, ата) екеуінің де тәртіп моделдері болуы қажет.

Отбасы, яғни баланы ата-ананың екеуі де тәрбиелейтін болса, ол өз жынысына тән іс-әрекетке ерте «қосылады». Ұл бала әкесіне ұқсап техникаға, машинаға, компьютерді игеруге, футболға, ерлердің айналысатын ісіне «құмар» болады. Әсіресе, әкесі ұл балаға бірінші физикалық жаттығулар мен практикалық қабілеттерге үйрету керек. Ал қыз бала болса, анасымен бірге үй шаруаларымен айналысуға бейімделеді.

Ата-аналар балалардың дәстүрлі жынысына сәйкес мінездерін ерте мадақтай бастайды. Балалардың санасына мынау «ұлдар үшін», мынау «қыздар үшін» дешендей мінез-құлық ережелерінің жиынтығы іс-әрекет арқылы енгізіледі. Кез келген жағдайларда әкесі баласына нағыз еркек өзін қалай ұстау керектігін есіне салып отырады. Мыспалы, «жай жағдайларға мазаланбау», «қараңғылықтан қорықпау», «автбустан түсіп келе жатқан анасына қолын беру» және т.б.

Балаларда сексуалды қызығушылық «мешіну» ойынынан, яғни бір-бірінің жыныстық органын көруден басталады. Мысалы, «дәрігер» «ауруларды» қабылдау барысында одан жыныстық мүшесін көрсетуін сұрайды. Бұндай ойындар табиғи қызығушылық пен құштарлық нәтижесі. 5-6 жастан бастап жыныстық процестердің дамуы қиындайды, яғни балалар өздерінің дамуына үлгі ретінде кітап және киноның кейіпкерін таңдайды. Ал қыз балаларда ондай кейіпкерлер – ханшайымдар, ханымдар, ертегі кейіпкерлері. Өкінішке орай, қазіргі кезде боевик киноларының жағымсыз кейіпкерлерінің образы қалыптасуда. Нәтижесінде ер балаларда дөрекелік, жабайылық, қайырымсыздық мінездері пайда болады.

Үлкен қателікті негізінен ата-аналар, яғни ұл баланы қыз бала сияқты, ал қыз баланы ұл бала сияқты тәрбиелеуде жібереді. Мысалы, мұндай жағдайлар ұл баланы күткенде қыз бала дүниеге келген жағдайда туындайды. Жаңа туған қыз баланы өздері армандаған ұл бала сияқты тәрбиелей бастайды. Егер ата-аналар отбасындағы балада жыныссыз тәрбиені қалыптастыруға күш салмаса, баланың дамуына кері әсерін тигізеді. Оқушыларды жыныстық тәрбиеге тәрбиелеу өте қажет. Бұл қажеттілікті балалардың адамгершілік тәрбиесі арқылы, яғни ұл балаларды нағыз еркек, қыз балаларды нағыз әйел қылып қалыптастыру керек.