- •Пән бойынша оқу-әдістемелік кешен мазмұны
- •І. Байланыс ақпараты
- •V. Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
- •6.Пән мазмұны Дәріс курсы
- •Семинар сабақтары
- •Соөж тапсырмалары
- •7. Сөж тапсырмаларын өңдеуде әдістемелік ұсыныстар
- •8. Курстың саясаты және студенттің мінез-құлық этикасы
- •9. Отбасы педагогика пәнінен 1 аралық бақылауға арналған тест тапсырмалары
- •Баланың тұлғасын ұйлесімді дамыған және жан-жақты тәрбиелеу жөнінде педагогтар мен отбасының кұш салуларын ұйлестіру мәнін құрастырады:
- •Отбасында балаларды тәрбиелеу жұйесі сипатталады:
- •Қазіргі отбасы тәрбиесі принциптерге негізделуі тиіс:
- •Отбасын зерттеу әдістері:
- •Отбасының отбасы мұшелерінің қарым-қатынасын және өзара тұсінушілігін қанағаттандыратың функциясы:
- •Отбасы мәселелерін продуктивті шешуге бағытталған отбасының тұрі:
- •Қарама-қарсы бағытталған мақсаттарының, қызығушылықтарын және позициялардың соқтығысуы әр адамның психикалық ахуалында із қалдыратын және сенбеушілікке әкелетін жайдың аталуы:
- •«Гувернер» дәуірі деп саналатын ғасыр:
- •Гуверневство мен ұй білімі және педагогикалық әрекет ретінде тыйым салынатың жылы:
- •Гипоопека – бұл баланың:
- •«Халықаралық Отбасы кұні»:
- •Отбасы қақтығыстардың жалпы ұлгісінің тұрлері:
- •Отбасы тәрбиесінің мазмұны:
- •Отбасы тәрбиесінің жалпы әдістері:
- •Қасарысудың мәні:
- •Ерлікті қалыптастыру жолы:
- •Акселерация дегеніміз:
- •Отбасы мен педагогикалық іс-әрекеттің нәтижелері:
- •Өзін-өзі тәрбиелеу – бұл:
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •Нормативті әдебиеттер:
- •Дәріс кешені
- •1. Отбасы тәрбиесі жөніндегі педагог-классиктердің пікірлері
- •Дәріс №4. Шығыс халықтарының отбасындағы бала тәрбиелеу дәстүрлері
- •1 Шығыс халықтарына тән отбасы тәрбиесінің ерекшеліктері
- •2 Шығыс халықтарының отбасында бала тәрбиелеу дәстүрлері,олардың өзіне тән ерекшеліктері мен ұқсастықтары
- •Модуль 3. Отбасы тәрбиесінің құқықтық негіздері
- •Отбасының орын басу (қабылдау) құқығы
- •Модуль 4. Отбасы педагогиканың психологиялық негіздері
- •Отбасы, мектеп, жұртшылық
- •Демонстрациялау қосымша материалдар кешені Отбасы тәрбиесінің ерекшеліктері
- •Тұлғаның дамуындағы және тәрбиеленуіндегі отбасының ерекше рөлін қамтитын факторлар
- •Отбасы қызметтері
- •Отбасының негізгі қызметтері
- •Отбасының түрлері
- •Демократиялық Либералдық
- •Отбасындағы қатынастар түрі Отбасындағы қатынастар түрі
- •Жанұялық тәрбие мазмұнының құрамды бөліктері:
Отбасының орын басу (қабылдау) құқығы
Жалғыз қалған баланы ата-ана қамқорынсыз, әртүрлі заңға байланысты формада қарастырылады. Бір мезгілдің тәуелділігіне шейін балаға «ата-ана» жауапкершілігінің орындалуының барлық формаларын екі үлгіден қарастыруға болады: тұрақты құрылғы және уақытша. Және бұл жағдайда тұрақты-мерзімсіз дегеніміз ол – асырап алу. Ал қалған барлық формалар (қамқоршы, қамқорлық, патронат және т.б.) кәмелет жасқа толғанша уақытша болып есептеледі.
Бала құрылғы формасы – жетім және
ата-ана қамқорысыз қалған балалар.
-
Бала құрылғы формасы – жетім және ата-ана қамқорысыз қалған балалар
тұрақты
уақытша
даралық
даралық емес
асырап алу
қамқоршы
ауыл балалары/отбасы үлгі үйлері
интернат және балалар үйі
қамқорлық
патронат
Бала асырап алу дегеніміз – ол отбасыда бала тәрбиесінің қамқорлық формасы болып табылады, әсіресе ата-ана қамқорысыз қалған балалар. Асырап алу жағдайында бала мен ата-анада ұрпақта жалғасып келген құқықтық қарым-қатынастар заңға байланысты болады.
Қамқоршы (қамқор) тәжірибесі мол азамат қана бола алады. Сондай-ақ қамқоршының өнегелі және жеке сапасы, қамқоршының қабілеттік міндеттерінің орындалуы және де отбасы қамқоршысы балаға қарым-қатынасының бірдей болуы.
Патронат – ол баланы отбасында тәрбиелеудің құқықтық формасы, ата-ана қамқорысыз қалғандар, келісім-шарт негізінде азаматтық және өз тілеуімен баланы асырап және тәрбиелеу, және де қамқоршы органымен және қамқорлықпен тығыз байланыста болады.
Бала құрылғының ерекше формасы балалар үйінің отбасылық үлгісі және ауылдық үйдің отбасылық үлгісі, Қазақстан Республикасының Заңына байланысты 13.12.2000 жылдан № 113-2 «Отбасы үлгісінің ауыл балалардың және жастар үйлері» басты формасы болып есептеледі.
Балалар ауылы дегеніміз – ол балалар назарларын, заңға сүйенген құқықтарын қамтамасыз етуіне арналған ұйымдар және заңмен анықталған функциялардың орындалуы.
ҚР ғылым және білім Министрлігіне байланысты, Қазақстанда 5 ауыл балаларының отбасылық үлгілері жасалған. Ауыл балаларының отбасылық «Жануя» үлгісі 2000 жылдан бастап Қостанайда жасалып және табысты жұмыс жасайды.
Қазақстанда балалар саны – жетім балалардың ата-ана қамқорысыз қалғандардың саны 42494 балалар. Олардан 25315 балалар қамқорлы және асырап алуда орын алады, 2063 балалар патронаттық тәрбиеленуге берілді. Көбі 15 мың балалар 213 интернаттарда тәрбиеленуде, және де денсаулық қорғау және әлеуметтік ортада қорғалады (2011ж. статискикасына байланысты).
Модуль 4. Отбасы педагогиканың психологиялық негіздері
Дәріс 10. Отбасы тәрбиесінің психологиялық-педагогикалық негіздері
Жоспар:
Қазіргі отбасындағы қарым-қатынас ерекшеліктері және олардың отбасындағы моральді-психологиялық аһуалына әсері
Отбасы мүшелерінің арасындағы мәдени интеллектуалдық қатынастар
Отбасындағы адамгершілік бағытындағы қатынастар
Жанұя – тәрбие факторы. Жанұя, барлық уақытта да, өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешуде үлкен мүмкіндіктерге ие болған. Қазіргі заманғы жанұяның өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешудегі ерекшелігі – ата-ананың білім және жалпы мәдени деңгейінің жоғарлары болуы.
Балалардың жанұядағы тәрбиесі оның белгілі бір тұрақты әлеуметтік институт ретінде анықталады, ол жанұя мүшелері арасындағы өзара қатынастардың қалыптасуы мен дамуына септігін тигізетін адамдардың жақындығы, туыстық қатынастар, өзара үйелмендік, тұрмыстық өмір. Жанұя тәрбиесінің артықшылығы да осы қатынастарда, оны тәрбиенің ешқандай да түрі алмастыра алмайды.
Жанұя – болашақ азаматтың әлеуметтену жолындағы алғашқы қадамдарын жасайтын бастапқы адым. Ол балаға моралдық қалпы туралы алғашқы түсініктер береді, оны еңбекке баулып, өз-өзіне қызмет ету дағдыларын қалыптастырады. Ата-ананың іс-әрекеті мен мінез-кұлқы, өмір сүру салты арқылы балаға дүниетанымдық, адамгершілік, әлеуметтік-саяси құндылықтар беріледі.
Жанұя тәрбиесінің қоғамдық және мемлекеттік тәрбиеге қарағанда артықшылығы басым. Алайда, қазіргі қоғамдық өмірде болып жатқан әлеуметтік, экономикалық және демографиялық өзгерістер жанұяға белгілі бір қиыншылықтар туғызады.
Нарық қатынастарының дамуы нәтижесінде жанұяда айтарлықтай адамгершілік тұрғыдан ересектердің де, балалардың да жаңа құндылык бағыттарын қалыптастырып, жанұя өміріне елеулі өзгерістер әкелді. Ата-ана мен мұғалімдердің міндеті -қоғамдық қатынастардың жаңа жүйесі ұсынып отырған әлеуметтік мүмкіншілікті дұрыс пайдалану. Мектеп пен жанұя балаларды тауар мен ақша қатынастарының мәдениетіне үйрету жұмыстарын ойластыру қажет, сондай-ақ алып-сату пайда табу немесе пайдақорлық емес, ол жалпы игілік үшін және өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін құқықтық екі жақты қызмет көрсету екенін түсіндіру. Ата-ананын манызды міндеті балаларымен біріккен коммерциялық қызмет-әрекетке қатысып, оны бақылау, оларды баланың адалдығын, адамгершілігін, ұқыптылығын дамытатын қызмет көрсетудің әртүрін орындауға үйрету. Нарық жанұя мүшелерінің алатын орнына жанама әсер етеді, олардың өміріне жаңа әлеуметтік бағдарлар енгізеді. Қоғамдық және мемлекеттік тәрбие беделінің төмендеуі жанұя өмірінің тәрбиесіне «өзінше» қиындық әкелді.
Өркениетті қоғам дамыған сайын жанұядағы бала саны азайып келеді. Аз балалы жанұяда, негізінен бір баласы бар жанұяда, ішкі жанұялық тәрбиенің ең басты жағдайы жоқ, ол -балалар қарым-қатынасы. Бір баланың тәрбиесі қосымша педагогикалық күш салуды талап етеді. Жалғыз балаға деген ата-ананың, әжесі мен атасының артық көңіл бөлуі оны белсенділігінен айырып, оның эгоистік жақтарының басым болуып қалыптастырады.
Толық емес жанұяларда, ата-анасының біреуі жоқ болған жанұяларда тәрбиелік мәселелерді шешуде кейбір адамгершілік-психологиялық ыңғайсыздықтар болуы мүмкін. Мұндай жанұялардың көбінде ана мен бала ғана болады.
Жанұя тәрбиесінің проблемасы – ананың жанұя тұрмысынан қолы босамауы. Ананың уақыты жетпеуі көбінесе насихат, жазғыру, ұрсу сияқты тәрбиелік ықпалдың нәтижесіз әдістерін пайдалануға мәжбүр етеді.
Микроклиматы жағымсыз, жанұя өмірі ұрыс-керіске, ата-ананың бір-біріне, балаларына деген шағымдарына, айқай-шуға, қорлық сөздер мен іс-әрекеттерге толы жанұяларда өте маңызды тәрбие проблемалары туындайды.
Ата-ана құқығынан айрылғалы тұрған ата-аналар әлеуметтік және педагогикалық проблемалар тудырады. Мемлекет олардың ата-аналық құқықтарынан айырғанда балалардьвд мақсат-мүддесін басшылыққа алады. Алайда бұл ретте олардың өмірі өз мәнін барынша жоғалтады, өйткені өмір сүру мен дамудың маңыздылығы кемиді.
Елдегі түбегейлі әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге, жекеменшіктің пайда болуына, жеке адамның баю мүмкіндігінін тууына байланысты материалдық жағынан ауқатты жанұялар пайда бола бастады. Мұндай жанұяларда тәрбие белгілі бір проблемаға кездеседі. Көбінесе бұндай жанұядағы бала балалық ұжымдардан алшақ болады, оның ерекшелік сезімі қалыптасып, қоршаған адамдарға деген жөнсіз наразылық эгоизмі тууы мүмкін.
Жанұяның жоғары материалдық ауқаттылығы (материалдық жағдайының төмен болуы да) жанұя жұмысын ұйымдастыруда қолаңсыз жағдайлар туғызады. Мектеп жанұя әдістемелерін нақтылап, оның кемшіліктерін түзете отырып, бұл проблемаларды жеңуге тырысу керек.
Осылайша, демократиялық қоғамда ата-ананың бала тәрбиесіндегі қызметі толығымен қалпына келетінін есте ұстауымыз керек. Алайда, қазіргі заманғы әлеуметтік-экономикалық жағдайлар бала тәрбиесінде қиыншылықтар туғызып отыр. Ата-ана жанұя тәрбиесінің маңыздылығы баланың құндылық бағыттарын, оның моралдық қасиеттерін калыптастырулары қажет.
Жанұяның тәрбие жұмысын ұйымдастырудың теориялық негіздері. Жанұя тәрбиесі туралы алғашқы педагогикалық пайда болған. Педагогикалық ғылымның дамуы барысында жанұя тәрбиесінің мәселелері нақты ғылыми-теориялық және әдістемелік мазмұнға ие бола бастады. К.Д. Ушинский, Л.Н. Торлстой, П.Ф. Лесгаф және басқалар балалар тәрбиесін ұйымдастыруда олардың даралық ерекшеліктерін, бецімділіктерін, дене-күш және психологиялық даму деңгейін ескеру керектіггін ерекше көңіл бөлген. Н.К. Крупская, А.С. Макаренко, В.А. Сухомлинский бала тәрбиесінің теориясын атап көрсеткен. Қазіріг зерттеушілердің еңбектерінде баланың жанұядағы қарым-қатынасындағы қызме тәрекетін ұйымдастыруға, салауатты өмір салтын құру, мектеп пен жанұя ара қатынасы т.б. мәселелері қамтылған.
Жанұяның тәрбиесі өмір салты, оның барлық құрылымдық элементтері бір-бірімен тығыз байланысты, өйткені олардың мақсат-міндеттері ортақ іс-әрекеттерінің жалпы тәсілдері, әдістері және бағыттылығы бар. Жанұядағы тәрбиенің субъектілері – ата-анамен мен бала, әлеуметтік мақсат, міндет, педагогикалық тәсілдер, әдістер. Осы элементтерді біріктіретін негіз – іс-әрекет.
Баланың жанұяда орындайтын тапсырмалары оларды орынадуға қатынасы. Баланың жанұядағы орындайытын тапсырмалары оның деңгейі педагогикалық процестің бірлігі. Бұл деңгей арқылы ата-ананың ұйымдастыру және бағыттаушы ролін; ата-ана мен бала арасындағы өзара қатынастың сипатын; бала тәрибесіне әсер ететін жанұяның араласатын іс-әрекетінің алуан түрлілігін пайдалана алу қабілеттерін; баланың белсенділігінің дәрежесін көруге болады.
Ата-ананың тәрбие жұмысының сапасын оқушының күн тәртібін ұйымдастыруынан көруге болады, онда жанұя тәрбиесінің маңызды ерекшеліктері көрініс табады, жанұяның әдет-ғұрыптарының бір бөлігі болып табылады. Күн тәртібі баланың уақыт аралығындағы іс-әрекетінен тұрады: дене және еңбек қызметі, ой белсенділігі, бос уақыт, дер кезінде тамақтану, гигиена, ұйөы. Олардың ара қатынасы баланың жасына, оның жеке тұлғасының психикалық ерекшеліктеріне және тілек-қалауларына байланысты өзгеріп отырады. Баланың бос уақыты оның күн тәртібінің құрамды бөлігі болып табылады. Оқушының бос уақытын пайдалануы, оның іс-әрекетінің түрлері жанұяның тәрбие мүмкіндіктерінің айқын көрсеткіші.
Жанұяның бсо уақыттағы бірлескен іс-әрекетінің оқушы үшін маңызы өте зор. Жанұя мүшелерінің өзара әрекеттестігі ретінде, түсінісі, сезім әсерлері негізіндегі бір біріне ықпал етуі. Қарым-қатынас кезінде іс-әрекетпен, тәжірибемен, сезім әсерлері қатар жүреді. Ата-ана мен баланың ара қатынасы жанұя өмірінің айқын көрінісі, оның микроклиматын қалыптастырып, жанұяның даму мүмкіндіктері. Педагогикалық мәдениеті төмен жанұяларда бос уақыттың педагогикалық мәні болиайды, ол тек көңіл көтеру мақсатында ғана пайдаланылады. Педагогикалық процестің қызметіндегі іс-әрекеттің маңыздылығын, оныың жеке тұлғаның өмірлік болашағын анықтаудағы мақсаттылық сипатын көрсте отырып, оның нәтижелілігі оқушының белсенділік дәрежесі.
Ата-ана арасындағы, ата-ана мен бала арасындағы, балалардың арасындағы өзара қатынас педагогикалық процестің тәрбиелік механизмдері болып табылады. Олар жеке тұлғалық мән беріп, көзқарастардың дамуына, балалардың мінез-құлқына, олардың адамдарға деген қатынасына әсер етеді. Жанұядағы өзара қатынас сипаты әдет-ғұрыптармен, ата-ананың өзінің бұрынғы жанұясынан алған тәрбие-нұсқауларымен, темперамент ерекшеліктерімен, ерлі-зайыптылардың эмоционалдық деңгейімен, олардың адамгершілік және педагогикалық мәдениетімен анықталады. Осының бәрі ата-ананың балаға деген қатынасына орын алады.
Жанұя тәрбиесінің құқықтық негізі. Жанұя тәрбиесінің, ата-ананың әлеуметтік-жауапкершілік қызмет-әрекеті ретінде басты құқықтық негізі бар. 1989 жылдың 20 қарашасында БҮҮ Бас Ассамблеясы қабылдаған «Бала құқығы туралы конвенция» маңызды негізгі құжат болып табылады. «Балаға, дене жағынан және ақыл-ойының жетілмегендігінен, арнайы қорғау мен қамқорлық, соның ішінде, туылғанға дейінгі және туылғаннан кейінгі тиісті құқықтық қорғау керек», – деп жазылган Конвенцияда.
Баланың өмір сүру, тіршілік ету және салауатты даму құқығын жариялай отырып, Конвенция баланың жеке тұлғалық дамуында өзінің дербестігін, даралығын сақтау құқығына ерекше көңіл бөледі. Сондай-ақ баланың ата-анаға деген құқығы да ескеріледі. Ата-ана «баланың мақсат-мүддесі үшін қажетін» орындамаған жағдайда ғана өз құқықтарынан айырылады.
Осы Конвенцияға қол қойған мемлекеттер мына міндеттерді орындауы тиіс: ақысыз және бәріне міндетті бастауыш білім беруді енгізу, орта және кәсіби білім алуға жағдай жасау, жоғары білім алуға жол ашу. Конвенцияның 28 тарауында «мектептегі тәртіп баланың адами қадір-қасиетіне құрмет көрсететін әдістер арқылы жүргізілуі тиіс» деп, ерекше аталып кеткен.
Конвенция, сондай-ақ БҮҮ Бас Ассамблеясының 1959 жылдың 20 қарашасында қабылдаған «Бала құқығының декларациясы»; «Адам құқықтарының жалпы декларациясы» және басқа да көптеген халықаралық құжаттар ҚР Конституциясының ішкі жанұялық қатынастарды, баланың жанұя мен қоғамдағы тәрбйесі және ағартушылығы мәселелерін қамтитын тарауларына негіз болды. ҚР Конституциясының 27 тарауында былай делінген:
1. Неке мен жанұя, аналық, әкелік және балалық мемлекет қамқорлығының аясында.
2. Балаларды қорғау мен тәрбиелеу – ата-ананың табиғи құқығы және міндеті.
3. Кәмелетке толған және еңбекке жарамды балалар еңбекке жарамсыз ата-аналарына қамқорлық жасауы тиіс.
ҚР Консититуциясында бекітілген жанұя тәрбиесінің құқықтық принциптері «Неке және жанұя туралы» заңда (17. 12. 1998 ж.) нақтыланған. Онда қазіргі заманғы жанұя құқығының бір некелік, некеге тұрудың бостандығы мен еркіндігі, ажырасу еркіндігі, ерлі-зайыптылардың жанұя қатынасындағы тең құқығы сияқты негізгі принциптері жазылған. Бұл құқықтар жанұя өміріндегі, жанұя ұжымындағы өзара байланыстың терең демократияға жол ашады. 52 тарауда баланың жанұялық тәрбиесі, оның құқығын және мақсат-мүдделерін қорғаудың баптары келтірілген: «Баланың өз ата-анасы тарапынан тәрбиеленуіне, оның тілек-қалауларының орындалуына, жан-жақты дамуына, оның адами қадір-қасиетінің сыйлануына құқығы бар». Бала ата-ана билігіне тәуелді объект ретінде емес, өзіндік құқық субъектісі ретінде қарастырылады.
Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» заңында (07. 06. 1999 ж.) елдегі білім беру-тәрбиелік процесті мемлекеттік-құқықтық реттеудің мәселелеріне айрықша көңіл бөлінген. Бұл құжаттың нақты жасалған құқықтық негізі бар, ол ата-аналарға және балаларға, олардың қазіргі заманның талабына сай зиялы білім алуларына, құқықтық кепіл береді. Ата-ана және баска құқық өкілдері балаларға өмір сүру мен білім алу үшін салауатты және қауіпсіз жағдайлар жасау керек, бала жеке тұлғасының интеллектуалды, дене-күш және адамгершілік қасиеттерінің дамуын қамтамасыз етулері керек. Жалпы алғанда, Қазақстан Республикасында елдегі білім беру-тәрбие процесін жүзеге асыратын дамыған, қызмет етіп тұрған құқықгық негіз бар, жанұяның дамуына кепіл беретін және жанұя өмірінің, жанұя ұжымындағы өзара байданыстың терең демократиялы қамтамасыз ететін құқықтық нормалардың жүйесі жетілген.
Мектеп пен жанұяның әрекеттестік. Қазіргі уақытта мектеп пен жанұя ынтымақтастық әрекетінің келесі бағыттары айқындалған: ата-аналармен ұйымдастырушылық-педагогикалық жұмыс; ата-аналардың педагогикалық сауаттылығын дамыту; ата-аналармен баланың оқу үлгерімі мен тәрбиесін жақсарту үшін жүйелі жеке дара жұмыстарын жүргізу.
Ата-аналармен ұйымдастырушылық-педагогикалық жұмыс ата-аналар комитеті (жалпы мектептік, сыныптық), ата-аналар жиналысы және конференциялары сияқты формалар арқылы жүзеге асады. Ата-аналар комитеті – ең белсенді, ықыласты деген ата-аналардан тұратын қоғамдық орган, ол жалпы мектептік (жалпы мектептік ата-аналар комитеті) немесе сыныптық жиналыстарда (сыныптық ата-аналар комитеті) сайланады. Ол 5-6 адамнан (өзара негізгі міндеттерді бөліп алатын председательден және 4-5 мүшесінен) тұрады. Керек болған жағдайда ата-аналар комитетінің жанында кеңестер, комиссияның ынталы топтары құрылуы мүмкін.
Дұрыс және тұрақты қызмет ететін ата-аналар комитеті – сынып жетекшісінің оң қолы. Сыныптың барлық күнделікті жұмысы (ұйымдастырушылық, орындаушылық, бастамалық, тәрбиелік, бақылаушылық, үтіттеушілік) сынып жетекшісінің шебер әрі бағыттаушылық ықпалымен ата-аналар комитетінің көмегімен жүзеге асырылады. Ата-аналар комитетінің мүшелері сынып жетекшісіне мектеп пен оқушылардың жанұялары арасындағы байланысты орнатуға, сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын (мерекелерді, кештерді, саяхаттарды, театрға саяхатты, т.б.) өткізуге көмектеседі. Олар педагогикалық жағынан кемшілігі бар балалардың ата-аналарымен арнайы жұмыс жүргізе алады.
Ата-аналар комитеті жұмысының жемісті болу шарттары -оның мүшелерінің ата-аналар ұжымының алдында есеп беруі, оның іс-әрекетіне дем беру (алғыстар, грамоталар, жұмыс тәжірибесін талдап қорыту және арнайы бюллетендер шығару арқылы), сынып жетекшісімен үздіксіз ынтымақтастық әрекет.
Мектептің жанұялармен ұйымдастырушылық-педагогикалық жұмыстар жүйесінде мектеп кеңестерінің қызмет-әрекеті ерекше орын алады, олардың қызметтері сан түрлі болып келеді. Олар ата-аналардың мектеппен байланысын нығайтуға, олардың педагогикалық сауаттылығын ұйымдастыруға ықпал етіп, кейбір жанұяларға тәрбиеден көмек көрсетеді (көп балалы отбасыларға, жағдайы нашар жанұяларға).
Кей мектептерде құрамына жергілікті әкімшілік өкілдері, кәсіпорын, фирма, мәдени-ағартушылық ұйымдар, мәдени ұлттық орталықтар басшылары кіретін қамқорлық кеңестері қызмет етеді. Қамқорлық кеңестер мектепке жөндеу және жабдықтау жұмыстарында, компьютерлеуде, тілек-қалаулары бойынша клубтарды ұйымдастыруға, кәсіби бағыттарында, еңбекке орналасуда, мектеп бітірушілердің одан әрі білімін жалғастыруда демеушілік көмек көрсетеді.
Мектеп пен жанұялардың ынтымақтастық әрекеттерінің ұйымдастыру-шылық-педагогикалық формаларына, сондай-ақ, ата-аналар жиналыстары мен конференциялары жатады. Олар жалпы мектеп бойынша да, жеке сыныптар бойынша да өткізіледі. Жалпы мектептік ата-аналар жиналысы немесе конференцияларда жанұя мен мектептің оқыту-тәрбие жұмыстарын жетілдірудің өзекті мәселелері талқыланады. Мектептегі ата-аналар жиналысы, әдетте, жылына 2-3 рет өткізіледі.
Жанұямен ұйымдастырушылық-педагогикалық жұмыстың ең тікелей формасы жеке сынып оқушылары ата-аналарынын жиналыстары. Мұндай жиналыстарда сынып жетекшілері оқушылардың үлгерімі мен тәртібінің сынып өмірі жайлы, ұжым міндеттері туралы, т.б. ақпарат береді. Жиналыстар жанұя мен мектептің тәрбие жұмысында ортақ мақсаттарды анықтау үшін өте маңызды. Жиналыстарды оқушылармен бірігіп өткізген тиімді. Ата-аналар жиналысы әртүлі болуы мүмкін: тақырыптық, жиналыс-практикумдар, қорытынды, тоқсандық, жылдық, топтық, әнгімелесу-жиналыстар, т.б. Жылына бір рет болса да сынып немесе мектеп деңгейінде диагностикалық негізде ата-аналар жиналысын (немесе конференцияларды) өткізіп тұру керек, яғни бұл процестің жетекші (өзгермелі) сипаттары арқылы мектептегі және жанұядағы шынайы жайды анықтау үшін керек.
Жанұяға бала тәрбиесінде көмек көрсетудің ықпалды тәсілі -ата-аналардың педагогикалық сауатын дамытуды ұйымдастыру. Мектеп ата-аналардың педагогикалық сауатын дамытуды ата-аналар жиналысын, консультациялар, сұрақ-жауап кештерін, әкелер конференцияларын, т.б. өткізу арқылы ұйымдастыруға тырысады. Бұл орайда, әрбір мектеп өз жағдайына, «жанұя суреті» ерекшеліктеріне, оқушылар тәрбиелілігіне сәйкес ата-аналардын педагогикалық сауатын дамытудың нақты жүйесін жасайды. Көбінесе оқушылар ата-анасымен бала тәрбиесін жақсартудағы педагогикалық кенестер және практикалық кеңестер сипатындағы жеке дара жұмыс жиі қолданылады.
Ата-аналарға жанұя тәрбиесін жақсарту мақсатында жеке дара көмек көрсетіп, ықпал жасай отырып, мұғалім педагогикалық әдептілік сақтау керек. Мұғалімдердің ата-аналарға оқушылардың мектептегі «жаман» тәртібіне шағымдануы әрқашанда теріс бағаға ие болады. Мұндай ағым-данулардың еш нәтижесі болмайды, керісінше олардың тигізер зияны өте зор. А.С. Макаренко мұғалімдерді ата-аналарды мектепке шақыртудан, балалар тәртібіне шағымданудан сақтандырған: «Кей ата-ана мұндай әңгіме-ден кейін қолына қамшы алады, ал кейбіреуі болса еш нәрсе істемейді де, нәтижесінде барлығы бұрыңғы қалпында қалады», -дейді А.С. Макаренко.
Ата-аналар оқушылардың оқу еңбегінің әртүрлі шараларын өткізуге қатыстырылады (пәндік тақырыптық кештер, танымдық-ойын-сауық
ойындар, үйірмелік сабақтар, т.б.). Көптеген мектептерде «Ашық есік күндері» дәстүрге айналған, бұл күні ата-аналар сабақгарға қатысып, сабақтағы өз балаларын бақылауға, олардың белсенділік деңгейін және оқу материалын игеру тереңдігін бағалауға мүмкіндік беріледі. Олар бұл күні: пәннің ерекшелігін ескере отырып үй жұмысын қалай орындау керек, оқушы пән бойынша оқу жұмысының қандай тәсілдерін игеру тиіс, осы пәнді игеруде қандай қиыншылықтар туындайды және оқушыға оларды жеңу үшін қалай көмектесу керек, т.б. өзекті мәселелерді шешуде білікті көмек ала алады. Ата-аналарға жанұя тәрбиесінің тәжірибесімен алмасудың әртүрлі формалары ұсынылады.
Жанұяны мектеп жұмысына тартудың нәтижелі формасының бірі «кіші педагогикалық кеңестер», ата-аналардың белсенді мүшелерімен бірігіп мұғалімдердің нақты бір сыныптың оқыту-тәрбие үдерісінің әртүрлі мәселелері бойынша ерекше кеңестер өткізуі.
Осылайша, мектеп пен жанұяның сынып жетекшісі арқылы реттелетін педагогикалық процестерінің ара қатынасы мұғалім қызметінің диагностикасы негізінде қойылған міндеттерімен анықталады. Сынып жетекшісі қальштастырған мақсат пен міндеттер оның оқушылар мен олардың жанұяларымен әрі қарай жұмысының бағыттарын да анықтайды.
Дәріс 11. . Ата-аналар мен балалардың қарым-қатынас стильдері мен оны дианостикалау әдістері
Жоспар:
1.Отбасындағы қарым-қатынастардың стильдері және түрлері, оларға сипаттама
2.Отбасындағы ішкі қарым-қатынастар
3.Отбасындағы ішкі қарым-қатынастардың негізгі бағыттары және олардың жетілдіру жолдары
1. Бала сезімінің еркіндігін, ақыл-ойын, сезімін тәрбиелеу
Тіл табыс көбінесе отбасы мен мектептің қарым – қатынасына байланысты болады. Оқушылардың ата – аналары педагогтың өз балаларына деген жақсы қарым – қатынасына сенімді болуы керек. Ата – аналармен әңгімелесуінде мұғалім баланың дамуы туралы асығыс шешім қабылдауға болмайды, мысалы қойғанда. Сөйлескенде «сіздің балаңыз» деген сөздерді айтуға болмайды, өйткені ол мұғалімнің баланы ұнатпауын көрсетуі мүмкін.
Мектеп пен отбасы бір – бірінің көмегіне мұқтаж екені практикада көп көруге болады. Мұғалімдер мен отбасында баланың тәрбиесі туралы ақпарат жетіспейді. Көбінесе тәрбиелеу мұғалімнің қолында болады, өйткені онда педагогикалық дайындық жеткілікті болады. Ата-аналар әр уақытта мектепке келіп, баланың сабақта немен айналасатынын көруге болады. Бірақ педагогтарға ондай ата-аналардың келуі ұнамауы да мүмкін. Педагогтар оны бақылау ретінде сезінеді, бірақ ол дұрыс емес. Ата-аналар сабақта отырып, баланың әлсіз жерлерін біліп оған көмек береді. Бірігіп әңгімелескенде мұғалім мен ата-аналардың арасында жақсы қарым-қатынас болуға тиіс. Бірлесіп әрекет ету- ол диолог, ал диолог әрқашан да әңгімелесу ретінде өтеді. Сол диалогта екі жақ та қатысып отыруы тиіс. Әңгімелесу барысында екі жақ та бір-бірін тыңдап, бір-бірінің сөздерін үзбеуі тиіс. Егер екі жақтың біреуі күліп, мимика арқылы өз сөздерін жеткізсе, онда екінші жақ та оған жылы қарым-қатынаспен жауап қайтарады. Әңгімелесу соңында бір нәрсе ұнамаса, жай қайталап, «Мен сізді түсінген жоқпын», «Мен сізбен мынау жерде кіліспеймін», «Сіз сіз балалармен өте аутар сөйлесесіз» деуге болады. Бірақ ешқашанда «Сіз аутарсыз», «Сіз балалармен істей алмайсыз» деуге болмайды. Педагог пен ата-аналар әрқашан да тіл табыста болуға тиіс. Бір-бірлерімен сөйлескенде бір-бірімен ұрыспай, бір-бірін тыңдап ақылдасып жүруі тиіс . Қазіргі жас педагогтар кітаптардың авторларына сүйеніп әңгімелесу барысында мысал ретінде олардың сөздерін қолданады, бірақ ол дұрыс емес, өйткені ол ата-аналарды қорлайды. Ертеде педагог әрқашан да жиналыстар өткізіп ата-аналармен әңгімелесіп, сыныптағы мәселелерді шешіп отырды, ал қазір көбінесе жиналыс орнына, жеке ата-аналармен әңгімелесу қалыптасқан.
2. Тәрбиелеу механизмы.
Ата- ананың балаға деген көз қарасы және бұл көз қарастың мазмұны мен мінез құлқы балаға деген тәрбие арқылы түсіндіріледі. Мұндай механизмнің түр әлпеті әлеуметтік жағдайы арқылы бала, өмірге енеді және оны жеке басты қатысушысы болып табылады.Баланың бұл механизмді түсүнуі отбасылық тәрбие арқылы қарастырылады.
Көмек ұсынады, балалардың мінез-құлқы қалыптасады,жанұяның байлығы туралы, жақсы мен жаманды айыруға жауап береді.
Сөз арқылы және іс-әрекеті арқылы ата-ана баланың мінез-құлқын құптайды және баланың ойы жақсы адам туралы түсінік береді.Күнен күнге баланың системалық нормасын,ережесін елестейтуін түсіндіреді,олардың қайсысы қолданбалы,ал қайсысынан қашу жөн.
Иденфикация-дегенің бала өз ата-анасын жақсы көру мен құрметтеу,олардың авторитетіне еліктеу,олардың мінез-құлқына тоқталалады,қоршаған ортамен қарым-қатынасты танып біледі. Өзге жанұядағы баланы тәрбиелеу және сол жерде оны жақсы көру,оның алғашқы қадамына,сөзіне және басқа да табысына табына отырып,әлемде өз еркіне бағындырады. Жанұяда бала өзгене қуантуды түсінеді,анасына көмек беру,үстелді даярлау,әжесіне сурет салып беру,әкесіне жақсы құттықтаулар ойлап табады.
Ата-ана үйі ол өзге бір материалдық түсінік,өзіне деген қорғаныс жанұя тұратын жр, өз басында шыныменде үлкен қорғау бар,екінші әркімнің өз үйінде өзіне тиісті орын болады,яғни жанұя мүшесі балаға құрметпен қарайды.
Баланың өзіне тиісті жұмысы болады,үстел үстіндегі ортақ орын,краваті,үстелі,кітап полкасы,аумағы , ойыншықтармен айналысуы.
Түсінушілік-бала өзін тану және оның жеке құқығы.Оны ата-анадан басқа ешкім түсіндіре алмас,олар баланың ішкі жан дүнисін біледі,оның көніл күйін түсіне біледі.Жанұяның кішігірім климаты ең жақын адамдары арқылы танылады-әке,шеше,әже,аға,сіңілі немесе қарындас ж.т.т.Бала құпия қатынасты түсінеді және қиын жағдайды және бірқалыпты қорқыныш кең егер бұйырса жанының тыныштығы,қуаныш және жан жанаты.Әр балаға жанының тыныштығы маңызды,татулық пен қуаныштағы.
Жанұяда баланың өз құқығы «мен» пайдалы болады.Бірақ өз туған үйінде өзінің ең алғашқы ұяты,ауыртпалық егер жанұялық ережені бұзу өз жақындарын ренжітіп алу,отбасының қосақ жайлылығы баланың қоршаған ортамен жағы араласуы.
Отбасылық үй ол қоршаған орта,адамдар,заттар,табиғат.Отбасылық үйдің өзгермейтін салты бар.Әр үйдің өз ержесі,өз стилі бар. Егер отбпсы өте орнықты болмаса,оны ол өшер вокзал,бәрі өтті кетеді,өзгереді.Бала мен ананың қатынасы дүниеге келгеннен басталады. Баланың әр жасында өзгерістер пайда болады.Ер баланың анасына,қыз баланың әкесіне деген махаббаты.Бірақта баланың анаға деген махаббаты өшпейді. Ана сүйеніш,өмірге жетелеуші адам социологиялық тексерулер көрсетті әкенің орны анамен бірдейлеуін.Қазіргі уақыттағы аналар өз балаларымен көп уақыт өткізеді, олардың қалыптасуына ықпал етеді. Баланың өмірін қалыптасуын оның қоршаған ортасы әке мен ана.
Ерекше ерлер мен әйелдер жыныстық, психологиялық қасиеттердің даумында үлкен рол ерлерде балады. Әке, әдеттендей қыз балалар мен ұл баларға дифференциялдық түрде көңіл бөледі :ұл балаларда белсенділікті, шыдамдылықты, батылдықты, қыз балаларда жұмсақтықты, мейірімділікті, шыдамдылықты мадақтайды.
Әкенің болмауы - ол демографиялық емес, нейзінен психологиялық, өнегелі ұғым болып табылады. Жанұяда әкенің болмауы ұл баланың да, қыз баланың да, тұлға ретінде қалыптасуына жер етеді.
Сонымен, ана да, әке де - әз балалары үшін ең жақын, ең кымбатты адамдар болып табылады. Олар балаларын қорғап, оладың өмірін сақтауға тырысады, баланың толық дамуына ең жақсы, тиімді жағдай туғызады.
Әже мен ата – ата-аналардан кейін бала үшін ең жақын адамдар. Ата мен әженің баламен қарым-қатынасы эмоционалды негізде болады. Ата мен әже, олардың балалары мен немерелері бар күрделі жанұяда ата-ана мен бала арсындағы қарым-қатынасты дұрыс ұйымдастыру өте қиын жағдай. Бұл ұрпактың тиістілігіне байланысты болады.
Бірақ, қазіргі заманға сай жанұялар басқаша қалыптасады; ата мен әже, олардың балалары, немерелері бар күрделі жанұялардың: бір үй төбесінің астында өмір сүруі сиякты жағдайлар аздап келе жатыр. Сондықтан, ата мен әже немеренің тәрбиеленуіне жүйелі түрде аз қатысады. Қалай қайғылы болмасын, бірақ бұл ұрпақтар арасындағы эмоционалды туысқандық байланыстардың әлсіреуіне әкелді, бұл бала тәрбиесінің ажарын кетіреді. Негізінен, ата мен әже тәрбиесінің даналығы жоғарырақ болады.Өйткені олардың кішкентай балалармен өзара қарым-қатынастық тәжірибесі көбірек болады.
Қазіргі заманға сай ата мен әжелер өте саутты, мәдениетті адамдар. Олар баланы асырап бағу ғана емес, сонымен қатар балаға жүйелі түрде әсер ету, оның ой-өрісінің дамуына ыкпал жасау бала өмірін сенімді, тұрақты етіп қалыптастыруға тырысады. Жасы үлкен адамдар баланы тәрбиілеуге мұқтапе болады.
Жанұядағы махаббат моральдық құндылық ретінде. Бала үшін ең қолайлы климат-бұл ата-аналардың оны саналы түрде жаратқаны болып табылады. Ата-ананың махаббаты адаммен бүкіл өмір бойы еріп келеді, бірақ оның функциялары үнемі өзгеріп отырады.
Ата-ана махаббатында түрлі ауытқуларда болады, кейде олар бұрмаланған формаларда кездеседі. Бұл жағдайда мәнсіз махаббат туралы, айтады. Кейбір жанұяларға ата-ана тек бала үшін, өмір сүреді. Олар баланы жанұя кумирі деп санайды. Бұл жанұяда бала кез-келген жағдайда жоғары дәрежеде болады. Жанұя кумирі ролінің өзге түрі-бұл жанұя мүшелернің. әрқайсысы баланы жеке меншік ретінде санауы. Егер бала белгілі бір жағдайда ауырын қалса, ата-аналар, оның барлық бұйрықтарын орындай бастайды. Міне бұл жағдайда, бала «ауру баланың» рөлін ойнай бастайды.
Деструктивті жанұяларда ата-аналар өз агрессиясын балаға көрсетеді. Бұл жағдайда бала үнемі қорқыныш сезімде, өмір сүреді. Бұл жанұялар қазіргі таңда да жақ емес. Бала, өзінің керек еместігін үнемі сезіп отырады. Олар өз ата-аналарын әр жағдайда қанағаттандыруға тырысады. Бірақ ата-аналар оларға керек болған жағдайда ғана баланы еске алады. Бала өзін қалай ұстау керек екендігін білмей қалады.
Баланы жақсы көретін жанұя бала дамуының оптимальды шарты болын табылады. Баланы жақсы көретін жанұя -бұл үйлесімділік қарым-қатынасқа жеткен жанұяны айтамыз. Бұл жанұяда баламен қарым-қатынаста болатын ата-аналар үшін-өте үлкен қуаныш.
Бақытты жанұя-бұл, баланың эмоцоналды дамуының негізі болып табылды. Бала сезімін тәрбиелеу жақсы күш-қуатты қажет етеді. Сухомлинскийдің айтуы бойынша, баланы сезуге үйрету-бұл тәриедегі ең қиыны. Василий Александрович жанұяда бала сезімін тәрбиелеудің келесі жолын ұсынды:
баланы басқа адамды сыйлау, қорғау, оған, қамқорлық жасау сияқты дұрыс істерге қызықтыру қажет;
кішкентай балаларға, жасы үлкен кісілерге көмек көрсете білуді дамыту;
балалардың эмоциналдық байлығын байыту үшін табиғат, көркемөнер шығармаларды пайдалану.
3. Отбасы тәрбиесінің психологиялық-педогогиканың негіздері.
Баланы үлкендерді сыйлауға,олармен бірге уайымдауға ата-аналар үйретуге тиіс. Ол үшін баланың ішкі дүниесіне назар аудару керек.
Тәрбиеленудегі талаптар. Баланы еш талап қоймастан тәрбиелеуге бола ма?
Әр бір халықтын өзінің тәрбиелеу әдістері бар, қай кезде балаға шектеу қою қажет, қай кезде рұқсат беру керек.Жағдайларда шектеу қою-қоймау әрқашан ата-ананы алдында тұрады. Талаптың ұйымдастырылуының күштілігі, оның анықтылығына , түсініктілігіне байланысты.Кішкентай балаларға талапты іс-әрекет арқылы нақты,жеке бөліп көрсетуі тиіс
Талаптылық жеткен деңгейге және баланың даму дәрежесіне сәйкес келу қажет.Ата-аналарға баланың үйренген ісін жасамауы тиіс.Мысалы,үш жасар Настя көйлекті өзі кие алады,сондықтан оған мамасы: «Көйлегіңді өзің ки ,ал түймесін екеуміз саламыз».
А.В.Петровский отбасы қарым-қатынасы мен оған сәйкес тәрбиелеудің тактикалық жолының түрлерін анықтады:диктат,қамқорлық ,тату өмір сүру,ынтымақтастық.
Диктат-мұнда бірінші кезекте ата-аналардың бала өміріне,күштеу,бұйрық,қорқыту және тағы басқа әдістермен кіргізетін талаптар,ережелер тұрады.Адамгершіліксіз диктата дәлелдеуі талап етпейді: бала еркіндігі бұзылады,өзімшілдікке деген талпыныс басылады,жеке абройы тапталады. Мұндай тәрбиенің «нәтижесі»-қорқыныш,екі жүзделік,өтірік айту,дөрепілік,бала денсаулығының кемшілігі.Әрине,ата-аналар мұндай нәтижеге талпынбайды, жақсы оймен жоғары талаптылыққа баруы мүмкін,ол тұлғаның дамуына әкелген зияның орнын қалпына келтіру мумкін емес.Талап-балаға деген сенімсіздіксіз және сыйластықсыз қысымның жоғарлауына, мәжбүрлеуге әкеліп соғады.
Қамқорлық (опека)- бір қарағанда бұл диктатқа қарамақайшы: баланы қиындықтан босату, артық талаптардан арылу.Бірақ ата-аналардың диктаты және қомқоршылық(опепа)-бір нәрсе,олар қалпымен емес, формасымен ерекшеленеді,нәтижесі көбіне сәйкес келеді.
Бала өміріне араласпауға негізделген бейбіт өмір-бұл тактиканы негізінен қазіргі кездегі отбасылар,жас жанұялар,білімді ата-аналар ұсынады: бала міндетті түрде тәуелсіз,еркін,болып өсуі тиіс.Мұнда ережелер мен талаптар,мінез-құлық деңгей:ең төменгі дәрежеде.Екі жақтың тәуелсіздігі ата-ана мен бала мынадай отбасыларда бақыланады:үлкендер өз ісімен бос емес,сонымен қатар карьердік,ана мен әкенің өз жүйпесінің бұзылмауы сақтайтын,жан дүниесін талаптарға жұмсамайтын отбасыларда.Бұл тәрбиенің нәтижесі эмоциалдық автономия,ата-ана мен баланың арасындағы жабайылықтың пайда болуы.
Ынтымақтастық)-мұндағы негізгі әрекет махаббат,сыйластық,балаға деген талаптылық (жанұядағы басқа да адамдарға).Мұндағы талап табиғи,егер барлық әрекет жақсы болса,онда бір-біріне деген махаббатын,қамқоршылығын білдіреді.Бала бір нәрсені орындау, орындамау кезінде қорықпайды,керсінше талап,ереже балаға қалай жасау керектігіне көмектеседі.Бірақ ең бастысы-баланың өз күшіне мүмкіндігіне сенуі,басқа сөзбен айтқанда, оның компенттілігі дұрыс қалыптасады.
Отбасы тәрбиесінің ғұрыптары (традиция).
Үй тәрбиесінің ерекшелігіне анағұрлым әсерін тигізетін негізгі субьективтік жағдайдын қатарына отбасы әдеп-ғұрыпы жатады. «Традиция»-сөзі (лат аударғанда-«передача») яғни жеткізу, ол тарихи оқиғаларды, әдеп-ғұрып,мінез-құлық ережелерін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу дегенді білдіреді.
Әдеп-ғұрып негізінде дәстүрдің орындалуын анықтайтын отбасы құндылығы жатады.
Әдеп- ғұрыптың ең басты негізгі-қарапайым әдеттер-күнделікті қолданылатын, автоматты түрге айналған,стереотипті қайталанатын іс-әрекеттер ( мысалы, әлдилеу әуені, таңның қайырлы болуын тілейтін, ауыл тұрғындарының керемет дәстүрлері-кез келген адаммен сәлемдесуі сонымен қатар бөгде адаммен де).
Әдеп-ғұры пен дәстүрлерде отбасының религноздық мәдениеттік,этникалық ерекшелігі, ондағы отбасы мүшесінің профессионалдық меншігі екендігі бейнеленеді.Отбасы әдеп-ғұрыптың мазмұны отбасының өмірлік әрекетінің толық ұйымдастыруын, анықтайды.Отбасы мүшелерінің арасындағы әсіресе ата-ана мен бала арасындағы түсінушілікті бақылайды,үй тәрбиесі процесінің жүзеге асуына көмектеседі.
Отбасы әдеп-ғұрыпы әлеуметтік-мәдениеттік құндылықтардың трансляциясының, отбасы нормасының, оның өмірлік іс-әрекетіне кіретін обьектілермен байланыс жасауының негізгі әдісі болып табылады. (Б.М.Бим-Бад, А.В.Петровский).
Дәріс 12. Ойын – балаларды тәрбиелеу және дамыту құралы
Жоспар:
Отбасындағы ойынның мәні мен ерекшеліктері
Отбасында баланы тәрбиелеуде ойынның құрал ретіндегі тәрбиелеушілік рөлі
1. Ойын әдістері
Ойын – адам мәдениетінің тарихи бірігуінің бір бөлігі, ата-аналардың сонда алып бару, өміріне еңгізу. Осындай еңгізудің көптеген каналдары бар. Соның бірі – ойыншықтармен ойнауын қамтамасыз ету. Ойыншықтарды өзі таңдауы бала ойынының даму бағытын анықтамайды. Балаға ойыншықтың құрылысын түсіндіру, ойнау әрекетін үйрету керек. Ойнау әрекетінде балада белгілі бір заттарға деген мұқтаждық жиі пайда болады, ойын жолы жеңіл болу керек. Ал мұнда үлкеннің көмегі өте қажет.
Бала дамуы туралы ойлайтын ата-аналар – баланың ойын, қарым-қатынас жасауын тәрбиелеу мектебіне айналады. Ата-аналар баланың ойнауына, қызығуына, өзін уайымдауына сыйластықпен қарайды. Сөз арқылы, іс-әрекет арқылы ата-ана балаға ойнау әрекетінің қажет екенін түсіндіреді. Содан кейін бала ойын әрекетінің басқа да түрлерімен жақындап таныса бастайды.Кез келген ойын баланың мінез-құлқының дамуына әсер етеді.
Бақылау және көмектесу, талап қою арқасында бала ойнай отырып, білмеген нәрсені, басқаша қарым-қатынасты дамытады.
В.В.Давыдов ойнау әрекеті кезінде бала ойының дамытатын түрін үйренген, бірақ ол оқу әрекетінсіз іске аспайды. Бұл функцияларды бір заттан екінші затқа алмастыра алу қабілеті, бұл функцияны жүзеге асыра алмайтындарға (қарындаш, пышаққа, қасыққа, дерижерлік немесе сиқырлы таяқщаға айналады).Осы қабілетінің арқасында бала оқу әрекетіне қажетті схема, белгілер, модельдерді жасауға үйренеді.
Әр ойынның балаға әсер ететін негізгі әсері жеке орында тұруы міндетті емес. Ойнау әрекеті бала дамуында үлкен роль атқарады, бірақ ойынның бір ғана түрі емес, мазмұны бар, ойын тәрбиелеуге белгілі бір көмегін тигізеді.
Балаға ойындарды таңдағанда оның түріне, ойнау әдісіне назар аудару керек. Ойын бала қабілетінің дәрежесіне сай келуі тиіс (мысалы, бөлшектелген сурет, домино). Ата-ана ойын қалай жүзеге асырылатының үйретіп отыруы тиіс. Әсіресе, төменгі сынып немесе бала-бақшадағы балаларға ойын әрекетінде өзіне серік керек болады. Ойын олардың жағдайына байланысты болуы керек. Егер бала ата-анасымен ойнап үйренген болса, ол басқа баламен де сіңісіп кетеді. Ал бұл достары арасында бала статусының жоғарғы дәрежеде екенін көрсетеді. Баланың достарының арасында өзін ұстау, олармен ойнауы – ата-ана баласымен қалай қарым-қатынас жасағанына байланысты. Соның ішінде: ата-ана баланы ойнауға қалай үйретті, қалай бақылады, жеңіліс табу мен жеңу кездерін қалай қабылдау керектігін үйретеді. Мұнда ата-ананың баламен қалай ойнады? Баланың жеңуіне жол берді ме, жоқ әлде баламен бір дәрежеде шын ойнады ма? Жауап біреу ғана болуы мүмкін: баламен бір дәрежеде, бірақ бұрыс әрекетін дұрыстап ақыл бере отырып ойнау. Өмір бір ғана жеңістен тұрмайды. Столдық ойындар, басқа ойындар секілді баланы жеңіліс табуда және жеңіс беруге үміттенуін үйретеді.
Сонымен ата-аналар балаларымен ойнауға міндетті, немесе бала ойнау әрекетіне қабілеті толық қалыптаспайды, сондықтан ол ойыншықтарды жай ғана қызыға қарап отыра беруі мүмкін. Мынаған назар аударыңыздар: баламен тек қана ойнау керек, үлкендер өзін жоғары ұстамауы тиіс.Үлкендер балаға міндетті түрде уақыт бөлуі тиіс. Ең болмаса баламен бірге он минут отырса, соның өзі балаға қатты әсер етеді. Соның нәтижесінде баланың жүрегінде анаға деген махаббаты күшейе түседі.
Жазалау, көтермелеу, кешіру.Баланы жазалау оны ұру-ұрсу емес, керісінше оның дұрыс емес істерін дұрыстау. Егер жазалау дұрыс болмаса, ол педагогикалық әсер тигізбейді, және бала соған үйреніп қалады. Ата-ана баланың бұрыстығын түсіндіріп, іс-әрекет арқылы көрсетуі керек.
Отбасындағы ата-аналар балаларды жазалағанда көбінесе айқайлап, дөрекі сөздерді айтып, баланы қорқытады. Мысалы:”Бүгін сен қараңғы бөлмеде отырасын!” деп айтады. Бірақ бұл дұрыс емес, өйткені баланың психикасы бұзылып, оның ата-анаға деген көзқарасы өзгеруі мүмкін. Қазіргі кезде баланы ұру өте көп кездеседі. Көптеген ата-аналардың шыдамы жетпей, баланы ұрып тастайды. Иә, ұру арқылы жазалау нәтижесінде бала тез тыңдай бастайды, бірақ ол баланың психикасына өте үлкен әсер тигізеді. Баланы көп ұра берсе, ол соған үйреніп қалып, жай сөзбен айтқанды түсінбейді, үлкендердің айтқан сөздеріне сенбейді. Ойын-сауықтықты шектеу де жазалаудың бір түрі. Балаға үлкендер ашуланып, ренжіп қалса, балалар соны тез сезіп, үлкендерді тез тыңдай бастайды.
Көтермелеу де жазалаудың бір түрі болып есептеледі. Ол жазалаудан жоғары болады. Мысалы, ана күлімсіреп балаға айтса:”Сен мені тыңдасаң мен саған мынау ойыншықты алып берем”, сонда бала үлкендерді тыңдауға тырысады. Бірақ баланы көп көтермелеуге болмайды, өйткені ол соған үйреніп кетуі мүмкін.
Көптеген ғылымдар айтуынша, үлкендер кешіруді білуі тиіс. Кешіру дегенде, ата-аналардың балалармен жылы сезімге қайтып келуді білдіреді. Егер әкесі баласына: “Сен бүгін жамандық істедің, бірақ мен сені кешіремін, келесі рет бұзық болма!” деп айтса, бала өз кінәсін түсініп, ол ісін қайталаймайды. Кешіре алмаған ата-аналар бала мен өздерінің қарым-қатынастарын бұзуы мүмкін. Сонда бала ата-анасынан бас тартып, достарынан немесе басқа адамдардан жылы қарым-қатынас іздеуі мүмкін.
2. Отбасында баланың өзін-өзі тәрбиелеуі
Бала тәрбиелеудің тек қана обьекті емес, сонымен қоса субьекті болып табылады. Баланы өсірумен қатар оның бойында тұлғаны қалыптастыру қажеттілігі ата-аналарды баланың өзін-өзі тәрбиелеу ұғымымен таныстыруды керек етеді.
Өзін-өзі тәрбиелеу–адамның өзін-өзі дамыту мақсатында өз қажеттілігімен қатар, қоғам қажеттілігіне сай келетін қасиеттерді қалыптастыратын сапалы, жоспарланған іс-әрекет.
Өзін-өзі тәрбиелеу қалыптасқан тәрбие мен өмірлік тәжірибесінің негізінде адамның өзін тұлға ретінде сезініп, өз мінез-құлығының қандай екендігіне көңіл аудара бастаған кезде пайда болады.Өзін-өзі тәрбиелеудегі талап етушілік табиғи қажеттілік ретінде пайда болады. Мұндай қажеттілік ұжымның, отбасының, сыныптың қарым –қатынасы жақсы қалыптасқанда көрініс табады.Өзін-өзі тәрбиелеу адамзат дамуының әртүрлі салаларын қамтуы мүмкін. Ол адамгершілік не физикалық, интеллектуалдық не эстетикалық тәрбиеге бағыттала алады. Өзін-өзі тәрбиелеудегі бұл бағыттаушылық адамның өзін-өзі қалай көргісі келгеніне байланысты. Егер бала өзін-өзі физикалық жағынан қайратты болып көргісі келсе, ол физикалық жаттығумен айналысады, шынығады. Бағыттаушылық қасиет сондай-ақ өмірде кездесетін қиыншылықтарға байланысты болмақ, оларға тым ұялшақтық, өзін-өзі ұстау білмеушілік, сенімсіздік, жалқаулық жатады.
А.С.Макаренко өзін-өзі тәрбиелеуді тұлға нәтижесі ретінде қарастырылып оған үлкен мән берген. Л.Н. Толстой жасөспірім кезінде күнделік жазған, онда ол өзінің кемшіліктерін, қателіктерін жазып, өзін-өзі тәрбиелеудегі жоспарын құрған.
Өзін-өзі тәрбиелеу қажеттілігі жасөспірім шақта пайда болады. Осы кезде балалар бой жету шағында тұрады, өз-өзіне жауаптылық қалыптастырады, адамдарға критикалық көзқараспен қарау байқалады. Олар өзін идеалмен салыстырады, оған жету үшін өзін-өзі дамытудың қамын ойластырады. Ал бұл өзін-өзі тәрбиелеудің алғышарты.
Жасөспірім шақтағы балалар ерік-жігер кемшіліктерін жою мақсатында, қайрат, күш, қуаттылық, төзімділік тәрбиелегісі келеді.
Өзін-өзі тәрбиелеу нәтижесінде балалар жинақты, шыныққан, өзін-өзі және өз істерін бақылай алатын қасиеттермен ерекшеленеді. Алайда жоғарғы сынып оқушыларының өзін-өзі тәрбиелеуі жасөспірімдерден ерекшеленеді. Жоғарғы сынып оқушылары өз тәрбиесі үшін жауапкершілікті түсінеді, олардың өзін-өзі тәрбиелеуі өзіндік біліммен ұштасады.
Тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеудегі дайындығы өмірлік жағдайы мен тәрбиесінің ықпалынан қалыптасады. Өмірлік жағдай бұл адамның қоршаған ортамен байланысы. Бұл материалдық, мәдениеттік, моральдық және психологиялық жағдайлар, бала бұл жағдайларда өмір сүреді және оның сана сезіміне осы жағдайлар өз ізін қалдырады.Тәрбиелік жұмыс оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуге қажеттілігін тура және жанама түрде тудыруға бағытталуы керек. Өз-өзін тәрбиелеудің алғышарты өзін-өзі тану болып табылады. Өзін-өзі тәрбиелеу басқа адамдармен қоса, өзін де тану үрдісінен басталады.
Ата-ананың талап етуді дұрыс ұйымдастыру өзін-өзі тәрбиелеуді тудыруда үлкен роль атқарады. Макаренконың айтуынша, ерте жастан бастап балалар нақты уақыт пен тәрбиенің нақты шекарасына үйретілуі қажет. Нақты уақытқа деген әдет – өзіне деген нақты талап қою әдеті. Нақты уақыт–ерікті жаттықтырудың негізгі түрі. Мектепке дейінгі баланың өзінен ата-анасы күн тәртібінің сақталуын талап етеді.
Баланың өзіндік жұмысының негізі – белгіленген тәртіпті сақтау. Бала күн тәртібін өзі үшін жасайды және оны бұзуы мүмкін, сондықтан ата-аналар бұған дайын болуы тиіс. Одан қорқудың қажеті жоқ, бірақ қол қусырып отыра беруге болмайды. Ата-аналар ескертуін талап етумен емес, еске салумен жеткізу қажет.
Өзін-өзі тәрбиелеудің құралы ретінде белгілі әдебиет кейіпкерлерін үлгі ретінде алуға болады. Дарынды адамдардың өмірде олардың өз кемшіліктерімен қалай күрескенін көре аламыз. Бұны Л.Н Толстой, К.Д. Ушинский, А.П Чеховтың күнделіктері мен хаттарынан білуге болады.
Қыз не ұл балаға өзін тәрбиелеудің мақсатын ғана анықтау жеткілікті емес. Ең бастысы – оларға өзін тәрбиелеудің нақты бағдарламасын жасауда көмектесу қажет. Негізгі міндет: тұлғалық қасиеттерді дамытатын не тоқтататын іс-әрекет тәсілдері мен жолдарын анықтау.
Балалар өз-өзіне әсер етудің кейбір тәсілдерін білуі қажет. Бұл тәсілдерге:
Өзін-өзі нандыру – бұл сөз арқылы өз-өзіне әсер етудің түрі,өзін нандыратын сөздерді өз атынан келер шақта емес, осы шақта айту қажет. Мысалы: «Мен темекі тартпаймын». («Мен ендігі темекі тартпаймын» емес)
Өзін-өзі сендіру – белгілі бір жағдайдың ақиқат не жалғандығын, дұрыс не бұрыстығын, біреуге не бір құбылысқа көзқарасын өзіне дәлелдеу. Өзін сендіру арқылы өзіндік санасын, өзіндік тәртібін, басқа заттарға қатынастығын өзгертуге, қайта құруға болады.
Жасөспірімдік шақта өз-өзін сендіру қажеттігі туады, өйткені осы шақта бала қызық пен қызықсыздық, бірақ қажетті іс-әрекеттің (әсіресе оқудың) арасында таңдауына тура келеді. Өзін сендіру қабілеті балаға өзі таңдап алған іс-әрекеттерге қайшылықтар кездескенде қажет болады.
Жаттығу – арнайы тәрбие стилін қалыптастыруға бағытталған қайталау әрекеті. Бұл стильді жаттықтыру үшін Островскийдің айтуы бойынша, өте тәртіпті болу қажет, яғни өзі құрған тәрбие ережелеріне бағынып, жоспарланған өмірлік ритмді сақтау қажет.
Дәріс 13. Мектеп оқушыларының ата-аналарымен жұмыс істеу әдістемесі
Жоспар:
1.Оқушылардың ата-аналарымен педагогикалық өзара әрекеттестігінің негіздері
2.Отбасының психологиялық-педагогикалық диагностикалау
3.Ата-аналарға педагогикалық білім беру
4.Оқушылардың ата-аналарымен ынтымақтастықта болу формасы
Мектеп пен жанұяның әрекеттестік. Қазіргі уақытта мектеп пен жанұя ынтымақтастық әрекетінің келесі бағыттары айқындалған: ата-аналармен ұйымдастырушылық-педагогикалық жұмыс; ата-аналардың педагогикалық сауаттылығын дамыту; ата-аналармен баланың оқу үлгерімі мен тәрбиесін жақсарту үшін жүйелі жеке дара жұмыстарын жүргізу.
Ата-аналармен ұйымдастырушылық-педагогикалық жұмыс ата-аналар комитеті (жалпы мектептік, сыныптық), ата-аналар жиналысы және конференциялары сияқты формалар арқылы жүзеге асады. Ата-аналар комитеті – ең белсенді, ықыласты деген ата-аналардан тұратын қоғамдық орган, ол жалпы мектептік (жалпы мектептік ата-аналар комитеті) немесе сыныптық жиналыстарда (сыныптық ата-аналар комитеті) сайланады. Ол 5-6 адамнан (өзара негізгі міндеттерді бөліп алатын председательден және 4-5 мүшесінен) тұрады. Керек болған жағдайда ата-аналар комитетінің жанында кеңестер, комиссияның ынталы топтары құрылуы мүмкін.
Дұрыс және тұрақты қызмет ететін ата-аналар комитеті – сынып жетекшісінің оң қолы. Сыныптың барлық күнделікті жұмысы (ұйымдастырушылық, орындаушылық, бастамалық, тәрбиелік, бақылаушылық, үтіттеушілік) сынып жетекшісінің шебер әрі бағыттаушылық ықпалымен ата-аналар комитетінің көмегімен жүзеге асырылады. Ата-аналар комитетінің мүшелері сынып жетекшісіне мектеп пен оқушылардың жанұялары арасындағы байланысты орнатуға, сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын (мерекелерді, кештерді, саяхаттарды, театрға саяхатты, т.б.) өткізуге көмектеседі. Олар педагогикалық жағынан кемшілігі бар балалардың ата-аналарымен арнайы жұмыс жүргізе алады.
Ата-аналар комитеті жұмысының жемісті болу шарттары -оның мүшелерінің ата-аналар ұжымының алдында есеп беруі, оның іс-әрекетіне дем беру (алғыстар, грамоталар, жұмыс тәжірибесін талдап қорыту және арнайы бюллетендер шығару арқылы), сынып жетекшісімен үздіксіз ынтымақтастық әрекет.
Мектептің жанұялармен ұйымдастырушылық-педагогикалық жұмыстар жүйесінде мектеп кеңестерінің қызмет-әрекеті ерекше орын алады, олардың қызметтері сан түрлі болып келеді. Олар ата-аналардың мектеппен байланысын нығайтуға, олардың педагогикалық сауаттылығын ұйымдастыруға ықпал етіп, кейбір жанұяларға тәрбиеден көмек көрсетеді (көп балалы отбасыларға, жағдайы нашар жанұяларға).
Кей мектептерде құрамына жергілікті әкімшілік өкілдері, кәсіпорын, фирма, мәдени-ағартушылық ұйымдар, мәдени ұлттық орталықтар басшылары кіретін қамқорлық кеңестері қызмет етеді. Қамқорлық кеңестер мектепке жөндеу және жабдықтау жұмыстарында, компьютерлеуде, тілек-қалаулары бойынша клубтарды ұйымдастыруға, кәсіби бағыттарында, еңбекке орналасуда, мектеп бітірушілердің одан әрі білімін жалғастыруда демеушілік көмек көрсетеді.
Мектеп пен жанұялардың ынтымақтастық әрекеттерінің ұйымдастыру-шылық-педагогикалық формаларына, сондай-ақ, ата-аналар жиналыстары мен конференциялары жатады. Олар жалпы мектеп бойынша да, жеке сыныптар бойынша да өткізіледі. Жалпы мектептік ата-аналар жиналысы немесе конференцияларда жанұя мен мектептің оқыту-тәрбие жұмыстарын жетілдірудің өзекті мәселелері талқыланады. Мектептегі ата-аналар жиналысы, әдетте, жылына 2-3 рет өткізіледі.
