Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
силлабус Отбасы педагогикасы 2017-2018ж.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
533.81 Кб
Скачать

1. Отбасы тәрбиесі жөніндегі педагог-классиктердің пікірлері

Ежелгі замандағы отбасы тәрбиесі үй тәрбиесі (кейде үй – отбасылық) ретінде анықталады. Үй тәрбиесі отбасы мүшелері, сонымен қатар арнайы шақырылғандар кейде тәрбиелік іс - әрекетке дайындалған кәсіпқой адамдар (няня, бонна, гувернер және т.б.) арқылы іске асады.

Халықтық – отбасылық педагогика туралы айтқанда, онда дін және діндік көріністердің мақсаттары, функциялары және тәрбиелік құралдардың байланысы арқылы дамығанын басты назарға алу керек. Діндік күш – тек қана проваславиялық емес, адамның рухына назар аударумен қатар оның «жаман» ойлары мен сезімдерінен құтқару болып табылады. Адам өз өмірін былай сүруге міндетті, ол шарықтау шегіне, яғни өлім мезгіліне жеткенде, оның рухы Алланың алдында таза болу керек.

Х-ХІV ғғ.қатысты, ХІV-ХІХ ғғ. жинақтар бойынша, отбасы – бұл ежелгі орыс педагогикалық - әдеби мұраларының негізгі тақырыптарының бірі болған. Педагогикалық ой Ежелгі Русьта Владимир Мономах князінің «Получение к детям» әсіресе «Пчела»,«Прологи»,«Златоуст» әдеби жазбаларында көрініс тапты. Ежелгіорыс авторларының түсінігі бойынша отбасы тәрбиесінің нағыз данышпандылығы, жоғары адамгершілік және христиан адамгершілігімен байланысты.

Ежелгі орыс педагогикасының негізгі идеяларының бірі – балалардың ата – аналарды құрметтеуге, сүюге тәрбиелеу. Келесі идея бұл – кішкентай жасынан адамгершілік, оң қасиеттерімен (еңбексүйгіштік, кротости, сабырлылық, уступчивости, прилежания, скромности, шыншылдық және т.б.) болашақ отбасы құруға дайындау. Владимир Мономах айтқанындай, баланы еңбексүйгіштікке, отан – қорғаушылыққа және ең негізгісі - өз отбасын басқаруда әкенің ролін жоғары қойған. «Домостроя» (ХVІғ.) кітабының беттерінде, балаларды адамгершілікке тәрбиелеу, отбасылық өмірге дайындау және ең негізгісі «үй қажеттіліктері» туралы «программа» ұсынылған. Осыған қатысты негізгі қызығушылықты мына бөлімдерден көруге болады: «Как дочь воспитати, с наделком любити и беречи и повиноваться им, и покпити их во всем».

ХVІІ ғ. Отбасы педагогикасының дамуына, Епифаний Словинецкий және Симеон Полоцкий бағалы материалдар енгізді. Епифаний Словинецкий «Гражданство обычаев детских» еңбегінде балаларға арналған 164 ереже жазған. С. Полоцкий «Обет душевный» «Вечеря душевная» еңбектерінде баланың ата – анаға және туыстарға деген құрмет тәрбиесінің негізін ашқан. С.Полоцкий – қатаң тәртіпке, бірінші болып қарсы шыққандардың бірі.

ХVІ ғ.аяғында – ХІХ ғ. Басында отбасылық тәрбиенің анализі туралы А.Н.Радищева (1749-1802) Н.И.Новикова (1744-1818) еңбектерінде кездеседі. Олар үй тәрбиесінің – күрделі екендігін және балалар қоғамдық өмір үшін тәрбиеленетіні туралы жазған. Отбасы тәрбиесінің мақсаты – «бақытты адамдар мен қажетті азаматтарды өсіру (Н.И. Новиков) өмір бойы есінде болатын отансүйгіштік туралы бастапқы білім беру (А.Н. Радищев). Осындай тәрбиенің міндеттері: отбасының рухани қарым – қатынасы, ақыл мен дененің дамуына көңіл бөлу, баланың адамгершілік қасиеттері, махаббат пен талап етушіліктің үйлесімділігі.

Отбасы және үй тәрбиесі проблемасы- прогрессивті қоғамның назарын аударған, бұл В.Г. Белинскийдің (1811-1848), А.И. Герценаның (1812-1870), Н.И. Пирогованың1810-1881) Н.А.Добролюбованың (1836-1861) жәнебасқалардын шығармаларында көрініс тапқан.

ХІХғ. Жартысында – ХХғ. Басында отбасы тәрбиесінің теориясы педагогикалық білімнің жеке бөлімі ретінде, К.Д. Ушинскийдің (1824-1870), Н.В. Шелгунованың (1824 – 1891), П.Ф. Лесгафта (1837-1909), П.Ф.Каптереваның (1849-1922), М.И. Демкованың (1859 -1939) және басқа авторлардың еңбектерінде жоғары орын алған. Үй тәрбиесі – ата –аналардың бірінші міндеттерінің бірі, ал дұрыс және жақсы тәрбие –т әр баланың құқығы. Дұрыс тәрбиенің астарында өзіндік шығармашылық тұлғаның әр салада дамуы түсіндіріледі. Осындай тәрбие ата –ананың арнайы дайындығын қажет ететін баланың жасөспірімдік және психологиялық білімінің ерекшеліктеріне негізделеді. Зерттеушілердің пікірі бойынша отбасы тәрбиесінің төмен көрсеткіші – ата –аналардың әлсіз дайындығынан, әсіресе ананың баланы тәрбиеленуіне байланысты болады. Тәрбиеге көңіл аударатын отбасыларда әрқашан келісімділік, өзара құрметтеушілік және үлкендердің адамгершілік іс - әрекеттері баланың өсуіне үлгі болады.

1898 -1910 ж аралығында Каптеревтің редакциясында «Энциклопедии семейного воспитании» еңбегінің 59 бөлімі (выпуск) жарияланды. Онда отбасы тәрбиесінің тәжірибесі туралы жазылған. Өкінішке орай автор мектепке дейінгі жастағы балалардың отбасылық тәрбиедегі күрделі сұрақтарына назар аудармаған. 1908ж. Отбасы тәрбиесі туралы І съезі өтіп, онда тәрбиелеудің прогрессивті әдістері мен құралдары қарастырылды.

Революция алдындағы педагогтар отбасыны – балаларда ұлттық сезім және идеалдардың қалыптасуының негізі ретінде қарастырды. Отбасы тәрбиесінің ұлттық құндылығы қандай? Ғалымдар (П.Ф. Каптерев, М.М. Рубинштейн, В.Н. Сорока-Росинский және т.б.) дінді, еңбекті және халықтық шығармаларын (ертегілер, өлеңдер, аңыздар және т.б.) осы құндылықтардың негізі ретінде атап өтті. Дін рухани отбасыны қалыптастырып, бүкіл отбасының өмірін бағыттайтын адамгершілік, бірлік пен ортақ мақсат береді.Еңбек – отбасыны психологиялық жағынан біріктіреді.

XIXғ. аяғында XXғ.басында ғалымдардың күшімен отбасы тәрбиесі ғылыми бағыт ретінде қалыптасты. Балаларды отбасында оқыту және тәрбиелеудің мақсаттары мен міндеттері анықталды. Сол кездегі педагогтардың қалыптастырған көптеген жағдайлары осы кезге дейін актуалды болып қала береді.

XXғ.алғашқы 10 жылдығында отбасы тәрбиелік институт ретінде тәрбиенің дәстүрлі кризисті басынан өткізді. Дінге қарсы ұрыс-жанжалға байланысты институттың отбасына және отбасылық тәрбиеге деген оң әсері төмендеді. Революциядан кейінгі педагогикалық еңбектерде үй тәрбиесінің проблемасы екінші жоспарға көшіп, қоғамдық жағынан қарастырылды. Осы қарым-қатынаста Н.К. Крупскаяның жұмысы ескертуге кіреді, өйткені оны жаңа отбасы, ерліөзайыптылар, ата-аналар мен баланың арасындағы жаңа қарым-қатынастар ойландырған. Надежда Константинованың пікірі бойынша отбасыдағы негізгі ролді тәрбиеші ретінде ана атқарады. Үй тәрбиесінің принциптері бойынша балаға ақыл мен қамқорлық, оның жеке тұлғалық қасиетін құрметтеу, оны отбасының жұмысына ерте араластыру, махаббат пен талап етудің бірігуі – ұйымдастырылған тұрмыс. Н.К. Крупскаяның айтуынша, адамгершіліктің негізі отбасыда қалыптасады.

А.С. Макаренко атап кеткен проблемалардың ішіндегі ең негізгі орынды отбасы тәрбиесінің теориясы алады. Ол бұл теорияны өзінің жаңадан ашқан педагогикалық көзқарасы – коллективтің тәрбиелік ролі туралы идеясына сүйене отырып құрастырды. А.С. Макаренко отбасыны коллектив ретінде қарастырады, яғни ертедегідей ата-анансының, әсіресе әкесінің үстемдігі жоғары болмау керек. Отбасылық тәрбиенің авторитарлығын жоққа шығарып, А.С. Макаренко ата-ананың нағыз беделін негіздейді, қазіргі кезде көп кездесетін жалған түрлерін көрсетеді.

Осы 100 жылдығының 2-ші жартысында педагогика мен психологияның тарихына эксперименттік отбасыны тану бірінші болып енді.Осы жылдардың ішінде қазіргі отбасының мінездемесі туралы көптеген диссертациялық жұмыстар, монографиялар, ғылыми еңбек жинақтары жазылған. Оқытудың пәні үй ішіндегі жағдайларға байланысты баланың әр түрлі іс-әрекеттері болып табылады. Олар – ойын және еңбек. Қазіргі ғалымдардың жұмысы отбасының психологиялық мәселесіне және үй тәрбиесінің әдебіне байланысты болады.Ата-ананың педагогикалық мәдениеті жеткілікті түрде зерттелген.

Баланың тұлғалық қалыптасуына және отбасының тәрбиелік ерекшеліктері ананың күнделікті жазуларының құндылығына әсер етеді. Осы күнделіктердің кейбіреулері жарияланып, отбасы педагогикасының фондында орын алды. Е.И, Конрадиның «Исповедь матери»,В.К. Махованың «Просто счастье», Никитин ерлі-зайыптылардың «Мы и наши дети» еңбектері қызықтырған. Ғылыми көзқарастан қарайтын болсақ, кәсіптік педагогтардың психологиялық шығармалары, күнделіктік кітаптары өте бағалы. Мысалы: В.С. Мухинаның «Близнецы», Н.А. Менчинскаяның «Дневник матери» және т.б.

Сонымен, отбасы педагогикасы теориялық мәселесі үшін, әр түрлі эмпирикалық және эксперименталды материалдарды қарастырады.

Бала тәрбиесі отбасында басталуы қажеттігі туралы айтқан ғалымдардың бірі Я.А.Коменский. ол балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, әр қайсысы 6 жастан 4 жас кезеңіне бөліп қарастырады:

  • Балалық шақ-туғаннан бастап 6жасқа дейін;

  • Жеткіншек шақ- 6 жастан 12 жасқа дейін;

  • Жастық шақ- 12 жастан 18 жасқа дейін;

  • Ересектік шақ- 18 жастан 24 жасқа дейін.

Осы жас кезеңдеріне сәйкес Коменский білім берудің ерекше сатысын ұсынды:

  • 6 жасқа дейінгі балаллар үшін ол аналық метеп;

  • Женткіншектер (6 жастан 12 жасқа дейін) үшін әр бір қауымда, жергілікті жерлердегі алты жылдық ана тілі мектебі;

  • Жастық шақ кезеңіндегілер үшін (12 жастан 18 жасқа дейін) латын мектебі немесе гимназияны;

  • Ересектер үшін ( 18 ден 24 жасқа дейін) академияны.

Оның ойынша, аналық мектеп- мектепке дейінге тәрбие мен оқытудың сатысы, онда негізгі тәрбиеші ана болып табылады. Аналық мектепте сабақ Коменскийдің идеясы бойынша, белгілі қатаң бағдарлама бойынша ерекше қарапайым осы жас кезіндегі балаларға түсінікті әдістемелік тәсілдерді қолдана отырып өткізу қажет болады. Аналық мектептің бағдарламасына ғылымның барлық салаларынан алғашқы мәліметтер енгізілді. Онда балалар су, жер, ауа, жаңбыр, қар, мұз, тас, темір, ағаш, шөп және т.б дегеніміз не екендігін білу қажет болды, табиғаттанудан қарапайым мәліметтерді меңгеру тиіс болды. Балалар бояуды ажырата білу, аспанның, күннің, айдың не екендігі туралы география ғылымынан мәліметтер мен алғашқы түсініктер берілді.

Коменскийдің айтуынша, аналық мектеп балаларды адамгершілікке тәрбиелеуге ерекше мән береді (адамды сүю, үлкенге құрмет, кішіге іззет, тәртіпті болу, кішіпейілділік т.б).

Қазіргі кезде отбасы тәрбиесі мәселесіне мәселесіне мемлекеттік тұрғыда басты назар аударылуда. Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» атты халыққа Жолдауында: «Біз бүгінгі кезеңнің міндеттерінен өзге қазіргі ұрпақтың келер ұрпақтар алдында орасан зор жауапкершілік жүгін арқалайтын, әкелер мен аналардың, аталар мен әжелердің өз балалары мен немерелері алдындағы жауапкершілігін күнделікті есте ұстауға тиіспіз» деп қазіргі отбасының әлеуметтік, мәдени, қоғамдық қызметі белсенділігінің маңызын жоғары бағалап, Республикадағыотбасылардың алдына қомақты міндеттер жүктесе, 2003 жылдың 27 мамырында өткен білім беру жүйесі қызметкерлерінің республикалық жиналысында сол кезде Білім және ғылым министрлігінің вице министрі болған К. Н. Шамшидинов қазіргі кезде отбасының бала тәрбиесіндегі алатын орнын айта келе ғылыми-әдістемелік және іс-тәжірибе жұмыстарында бұл мәселеге көңілдің көп бөлінбей жүргеніне тоқталып, отбасының мәнін көтеруге, оған ат салысуға шақырған еді.

Сол сияқты елбасы Н. Назарбаев «Еліміздің болашақта гүлденуі бүгіннен басталады» деген баяндамасында «Отбасының беріктігі, жұбайлардың бір-бірінің ең бастысы балалардың алдындағы жауапкершілігіне де көп нәрсе байланысты. Ата-аналар балаларына, ал балалары қартайған ата-аналарына қамқор болуға тиіс» деген болатын. Мұның өзі отбасындвғы өмірді ұйымдастыру, ең алдымен ондағы ересектердің, яғни ата-аналар мен ата-әжелердің бір-біріне деген қарым-қатынасы мен өзара сыйластығы негізінде қалыптасатындығын айғақтайды.

Қазіргі заманда отбасындағы тәрбиенің табысты болуы ата-аналардың тәжірибесіне, кәсіби шеберлігіне, мәдениетіне, ынтымақтастығына, отбасы мүшелерінің бірін-бірі түсінушілігіне, өзара қарым-қатынасына, көзқарастары мен мақсаттарының бірлігіне байланысты.

Қазіргі кезде көптеген ата-аналар күнделікті өмірде балаларының мінез-құлқында қажетті қасиеттердің қалыптасуына назар аударып, тәрбие үдерісінде теріс әрекеттерді болдырмаудың жолдарын іздестіруде. Алайда, кейбір отбасы өмірінде үстемдік, келіспеушілік сияқты түрлі теріс әрекеттер кездеседі. Бұлар отбасындағы бірқалыпты өмірдің бұзылуына себепші болады. Басты себепші- ата-аналар. Олар отбасын біріктіру, ұйымдастыру, балаларды тәрбиелеу және оқыту жөнінде өз міндеттерін дұрыс орындамайды. Осының нәтижесінде өрескел әрекеттер де туады. Ал бұл жағдай жасөспірімдердің келешегі үшін қатерлі зардапқа айналуы мүмкін.

Отбасында бала әр нәрсеніс естиді, көреді, қалай өмір сүру керек, өзін-өзі қалай ұстай білу керектігін үйренеді, жағымды және жағымсыз мінез-құлықтарды, отбасы мүшелерінің өмірге, еңбекке көзқарастарын, өзара қарым-қатынастарын байқайды, еліміздің ішкі және халықаралық жағдайларын білуге тырысады. Сондықтан, ата-ана балаға үңіле қарап, үнемі бақылау мен зерттеу жағдайын да еске алып отыруы керек.

Отбасында тәрбие үдерісін шеңбер басқару үшін ең алдымен ата-ана өз өмірін, өз ісін дұрыс ұйымдастыра білуі керек. Бұл жөнінде А. С. Макаренко мына пікірін естен шығаруға болмайды. Ол: «Тәрбие жұмысының дәл мәні... Сіздің баламен тіпті көзбе-көз әңгімелесуіңізде емес, сіздің балаға тікелей әсер етуіңізде емес, ол сіздің өз отбасыңызды ұйымдастыруыңызда, сіздің жеке және қоғамдық өміріңізді және бала өмірін ұйымдастыра білуіңізде»- деп жазды.

Дәріс 3. Қазақ баласын отбасында тәрбиелеудің әдістемесі

Жоспар:

  1. Қазақ отбасының тәлімгерлері

  2. Ұл бала және ер жігіт тәрбиесі

  3. Қыз бала тәрбиесі

  4. Әдептілікке тәрбиелеу

Қазақ отбасы тәрбиесіндегі мәдени құндылықтар

Әр халықтың өзіндік ерекшелігіне қарай отбасы тәрбиесінде де ерекшеліктер болады.

Белгілі ғалым Я.И. Ханбиков "Халықтық эмпирикалық білімдер саласы, оларда тәрбиенің мақсаттары мен міндеттері, еңбекшілердің кең бұқарасы қолданылатын тәрбие мен оқытудың халықтық құралдары, іскерліктері мен дағдылары көрініс табады ", -деп текке айтпаса керек.

Ал, Г.Н.Филоновтың: " Белгілі-бір халық белгілі бір жерде қолданылатын тәрбие тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы болады. Ол бір ұрпақтан екінші ұрпаққа беріліп отырады және олар ең алдымен адамдардың тіршілік процесінде ие болған белгілі-бір білім мен дағдылар ретінде меңгеріледі. Адамзат баласының пайда болған кезінде өмір сүре отырып, ол өз бойына бала тәрбиесіне деген ғасырлық ғұрыптары мен талаптарын сіңірген", - деген пікірі де әр халықтың бала тәрбиесінде өзіндік ерекшеліктері болуының заңды құбылыс екенін дәлелдей түседі.

Әр халықтың бала тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктері арқылы сол халық отбасы тәрбиесінің де өзіне ғана тән мәдени құндылықтары қалыптасады.

Мәдени құндылық деген ұғым философиядағы, қоғамтанудағы және педагогикадағы негізгі құбылыстардың бірі болып табылады. Мәселен, философиядағы құндылық қоршаған дүниедегі объектілердің әлеуметтік ерекшеліктерін, олардың адам мен қоғам үшін, қоғамдық өмір мен табиғаттағы құбылыстардың дұрыс немесе бұрыс мәнін көрсету, түсіндіру үшін қолданады. Сондай-ақ, мәдени құндылықты қоғамдық сана түрінде сипаттап қана қоймайды, сонымен бірге оларға баға береді, оларды мақұлдайды немесе айыптайды және олардың жүзеге асуын талап етеді, немесе кемшілікті жоюдың өлшемі деп санайды. Мәдени құндылықтардың арасында философтар, прогресшіл ойшылдар мен педагогтар әрқашан бірінші орынға адамның құқығын, оның бостандығы және оған сәйкес келетін тәрбие мен білімді бөліп құрастырған. Кез келген халықтың өмірінде мәдени құндылықтардың орнығуы қоғамның тарихи дамуының заңды нәтижелері болып табылады. Адам құқығының адамгершілік мүмкіндігі басқа мәдени құндылықтар сияқты мыңдаған жылдар бойы жинақталады және жаңа үлгінің негізгі адамның мінез-құлқын реттеуші ретінде қызмет етті. Мамандар дәлелдегендей, оқушылардың рухани-адамгершілік тұлғасын қалыптастыру ісі оларға адамзат баласының қолы жеткен қоғамдық-тарихи тәжірибесін игерту және тұтастай алғанда әлеуметтік-экономикалық нормалар мен жалпыадамзаттық ізгіліктерді қатар игеруге болатынын дәлелдеп берді. Бұл өлшемдер халықтық дәстүрлерде, адамгершілік уағыздарда, діни мәдениетте жазылып қойған және әлеуметтік ойдың тәуір белгілері, тұлғаның қасиеттері, адамгершілік үлгілері шоғырландырылған күйде әдептіліктің қоғамда қабылданған үлгісі ретінде көрінеді.

Қазақ отбасы тәрбиесінің өзіне тән ерекшеліктері оның халықтық педагогика мұраларының мазмұна мен түрлерінде бейнеленген. Көне заманнан-ақ қазақ халқында жазбаша педагогикалық еңбек жазып қалдырмаса да білгір педагогтар, тәрбиешілер, ұстаздар болған. Олар өз көзқарастары мен әрекеттерінде белгілі-бір дәстүрлі дүнетанымды ұстанып, халықтың мұраттары мен арман-тілектеріне сүйеніп отырған.

Қазақ отбасында дене, еңбек, ақыл-ой, адамгершілік, экономикалық, экологиялық, құқықтық, сұлулық тәрбиелері жүргізілген. Қазақ отбасында аталған тәрбие түрлерін жүзеге асырудың мақсаты жан-жақты жетілген азаматтәрбиелеу болды. Отбасындағы бала тәрбиесінің мақсаты бала денесін дамыту, денсаулығын нығайту, ағзасын шынықтыру және күн тәртібін дұрыс ұйымдастыруға, салауатты өмір салтына тәрбиелеу болады.

Қазақ халқы еңбекті бүкіл тәрбие жүйесінің күретамыры деп қарастырады. Еңбекке асыл мұрат деңгейінде қарады. Еңбек тәрбиесі деп баланы еңбекке сүйіспеншілікпен, еңбек адамдарына құрметпен қарауға, халық шаруашылығының салаларындағы еңбек түрлеріне баулу, еңбек іс-әрекетінің барысында олардың дағдысы мен іскерлігін қалыптастыру, болашақта мамандық таңдауға дайындауды түсінді. Отбасында еңбекке тәрбиелеу, баулу және кәсіптік бағдар беру баланың қоғамға пайдалы, өнімді еңбекке тікелей қатысуы оқуға деген сапалы көзқарасты тәрбиелеудің, жеке адамды адамгершілік және зиялылық жағыныа қалыптастырудың негізгі көзі болып табылады.

Қазақ отбасы баланың қоғамның моральдық нормасын орындауға қатыстыру, олардың тәртіп және мінез-құлық тәжірибесін қалыптастыру, Отанға, халқына, еңбек және қоғамдық іс-әрекетке жауапкершілік сезімін тәрбиелеу арқылы адамгершілікке тәрбиелей білді.

Сондай-ақ, қазақ отбасында адам зиялылығының негізгі ─ақыл-ой тәрбиесі деп есептелінеді. Ақыл-ой тәрбиесі арқылы баланы ойлау іс-әрекетінің шарты болатын білім қорымен қаруландыру, негізгі ойлау операцияларын меңгерту зиялылық біліктері мен дуниетанымын қалыптастыру міндеттері шешілді.

Тәрбиенің басқа салаларымен тығыз байланысты тәрбиенің түрі экономикалық тәрбиеге де қазақ отбасында ерекше мән берілді. Қазақ халқы бала тәрбиелеуде экономикалық тәрбие деген ұғымды пайдаланбағанымен, тәрбиенің бұл түрі отбасында мақал, өсиет айту, өнеге көрсету арқылы жүзеге асқан. Мысалы, "Еңбегіқаттының ембегі тәтті", "Еңбек ─ өмірдің тұтқасы, тіршіліктің көзі", "Еңбек түбі ─ береке", "Үнемшілдік ─ сараңдық емес", " Ескі киімді баптағанын, жаңа киімді сақтағаның", "Сараң дүниенің малын жисада тоймайды" деген мақалдары дәлел бола алады. Бұл қазақтардың экономикалық тәрбиенің негіздері еңбек тәрбиесінде екенін жақсы түсінгенін байқатады. Қазақ отбасында экономикалық тәрбие арқылы айырбас, бөлісу және табыс табу сияқты негізгі экономикалық қатынастарды тәжірибеде меңгерту жүзеге асты.

Қазақ халқы ежелден ұл бала мен қыз баланың тәрбиесін бөліп қараған. Ұлды мал бағуға, отын шабуға, қолөнер шеберлігіне, мал табуға, отбасын асырауға, ал қыз баланы ас пісіруге, кесте тігу, өрмек тоқу сияқты үй ішінің ішкі жұмыстарына үйрету арқылы экономикалық тәрбиенің көзі болып табылатын унемшілдікке, тәуелшілдікке үндеп, сараңдыққа салынып кетуден жирендіріп отырған.

Қазақ халқының күнделікті кәсібінде, тұрмыс-тіршілігінде төрт-түлік мал бағу, аң аулап кәсіп етуді ұйымдастыруында да экономикалық тәрбиенің нышандары айқын аңғарылады. Мәселен, "Мал өсірсең ─қой өсір, өнімі оның көл-көсір" деп қой малының пайдасының зор екенін ұғындырса ешкінің өсімталдығымен одан да пайдасы көп екендігін:"Ақылды қыз бен тазша" т.с.с. ертегілер мен халық арасында кең тараған Қожанасыр туралы әзіл әңгімелерден де экономикалық құбылыстар мен оларды шешудің тиімді жолдарын аңғарамыз.

"Жеті Жарғы" заңының бір бабы "құн төлеуге" арнаулы және "судың да сұрауы бар" деген ата-бабаларымызды кім экономикадан хабарсыз болды дер екен.

Сол кезеңдегі қазақ теңгелерінің дүниеге келуі оның тек қана сауда айналымы үшін ғана емес, өзінің экономикасын жүргізу жолдарын ерте меңгергендігін де дәлелдейді.

Қазақ халқы экономиканың жаны ─ табыс табу мәнін балаға түсіндіре отырып, оның таза жолмен келгені дұрыс екеніндігін де ескертіп отырған. Табысқа қабілеттілер, еңбекқорлар ғана жететінін, табыс табу, пайда табудан да үлкен өнер екенін жақсы түсінген. Мәселен, "артық олжа ─ басқа еңбек", "Оңай олжа ─ тұрмас қолға", "Шығысы шықпай, кірісі кірмейді", ─ дейді халық.

Қорыта келгенде, қазақ отбасында экономикалық тәрбие берудің мәні баланы жасынан еңбекті бағалауға, уақытты ұтымды пайдалануға, үнемшілдікке, сараңдыққа салынбауға, ұқыптылыққа, ақша, қаражатқа дұрыс көзқарас калыптастыру, олардың қалай келетінін немесе табысты да таза еңбекпен жасауға үйрету, тәрбиелеу болған деуге толық негіз бар.

Ал, ата-бабаларымыздың қоршаған ортаны аялауы мен оған деген, ізгі мейірбан қарым-қатынасын мақтанышпен айтуға тұрады. Себебі олар көшпенді өмір сүргендіктен әркез өздерін табиғаттың бір бөлігіміз деп есептеген. Жер-Анаға деген құрмет пен ізет олардың санасында ғасырлар бойы қалыптасқан.

Сондықтан, экологиялық нормалардың, ережелердің қажеттілігін жастардың мінез-құлқында тәрбиелеу және экологиялық мәдениет дағдысын қалыптастыру әрекеттері қазақ отбасында бала аяғы шығып, апыл-ғұпыл жүре бастаған кезден-ақ қолға алынған. Мысалы, баланың тұсауын көк шөппен кесудің терең тәрбиелік мәнімен бірге тірі табиғатқа деген көзқарасын білдірген. Қазақ отбасындағы тәрбие құралдарының бірі болып есептелінетін тыйым сөздердің мазмұны ата-бабамыздың экологиялық тәрбиеге зор мән бергеннің дәлелі болып табылады. Мәселен, "суға дәрет сындырма", "көк шөпті жұлма", "отқа түкірме" және т.с.с.

Қазақ халқының адамның сұлулық сезімдерінің тұлға өмірінде зор рөл атқаратынын жете түсінген. Әсемдікті көре, түсіне, жасай білу адамның рухани өмірін байытады және сұлулықты танытудың негізгі құралдары әдебиет және өнер деп білген. Қазақ отбасындағы сұлулық тәрбиесінің мақсаты баланы көркемдік пен сұлулықты тануға, оған баға беруге, күнделікті өмірдегі адамның жеке басының, қатынас, үй-жағдай және киім-кешек мәдениетін, сыртқы мәдениеті мен ішкі дүниесінің ұштасуын қалыптастыру және талғампаздықты тәрбиелеуді көздеді.

Қазақ отбасы тәрбиесінің құралдары дегенде халық ауыз әдебиетін, ұлттық ойындар, айтыс, және шешендік сөздерді, ойын-сауықтарды т.б. айтамыз.

Қазақ отбасында жоғарыда аталған тәрбие түрлерін жүзеге асырудағы ежелден қолданып келе жатқан өзіндік әдіс-тәсілдері бар. Олар: балаларға қайырымды, ізгі қатынас жасау, сыйлау, адамгершілік сезімдеріне әсер ету, жанама ықпал жасау, қулықтық қолдау, өзіне деген сенімін нығайту, сенім арту, реніш, наразылық білдіру, тыю, айыптау, бұйыру, еркелете кінәсін мойындату, түсіндіру, мысалдар келтіру, үлгі-өнеге, ғибрат айтуды есептейміз.

Қазақ отбасында баланың ерте есеюіне көп көңіл бөлген.