- •Пән бойынша оқу-әдістемелік кешен мазмұны
- •І. Байланыс ақпараты
- •V. Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
- •6.Пән мазмұны Дәріс курсы
- •Семинар сабақтары
- •Соөж тапсырмалары
- •7. Сөж тапсырмаларын өңдеуде әдістемелік ұсыныстар
- •8. Курстың саясаты және студенттің мінез-құлық этикасы
- •9. Отбасы педагогика пәнінен 1 аралық бақылауға арналған тест тапсырмалары
- •Баланың тұлғасын ұйлесімді дамыған және жан-жақты тәрбиелеу жөнінде педагогтар мен отбасының кұш салуларын ұйлестіру мәнін құрастырады:
- •Отбасында балаларды тәрбиелеу жұйесі сипатталады:
- •Қазіргі отбасы тәрбиесі принциптерге негізделуі тиіс:
- •Отбасын зерттеу әдістері:
- •Отбасының отбасы мұшелерінің қарым-қатынасын және өзара тұсінушілігін қанағаттандыратың функциясы:
- •Отбасы мәселелерін продуктивті шешуге бағытталған отбасының тұрі:
- •Қарама-қарсы бағытталған мақсаттарының, қызығушылықтарын және позициялардың соқтығысуы әр адамның психикалық ахуалында із қалдыратын және сенбеушілікке әкелетін жайдың аталуы:
- •«Гувернер» дәуірі деп саналатын ғасыр:
- •Гуверневство мен ұй білімі және педагогикалық әрекет ретінде тыйым салынатың жылы:
- •Гипоопека – бұл баланың:
- •«Халықаралық Отбасы кұні»:
- •Отбасы қақтығыстардың жалпы ұлгісінің тұрлері:
- •Отбасы тәрбиесінің мазмұны:
- •Отбасы тәрбиесінің жалпы әдістері:
- •Қасарысудың мәні:
- •Ерлікті қалыптастыру жолы:
- •Акселерация дегеніміз:
- •Отбасы мен педагогикалық іс-әрекеттің нәтижелері:
- •Өзін-өзі тәрбиелеу – бұл:
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •Нормативті әдебиеттер:
- •Дәріс кешені
- •1. Отбасы тәрбиесі жөніндегі педагог-классиктердің пікірлері
- •Дәріс №4. Шығыс халықтарының отбасындағы бала тәрбиелеу дәстүрлері
- •1 Шығыс халықтарына тән отбасы тәрбиесінің ерекшеліктері
- •2 Шығыс халықтарының отбасында бала тәрбиелеу дәстүрлері,олардың өзіне тән ерекшеліктері мен ұқсастықтары
- •Модуль 3. Отбасы тәрбиесінің құқықтық негіздері
- •Отбасының орын басу (қабылдау) құқығы
- •Модуль 4. Отбасы педагогиканың психологиялық негіздері
- •Отбасы, мектеп, жұртшылық
- •Демонстрациялау қосымша материалдар кешені Отбасы тәрбиесінің ерекшеліктері
- •Тұлғаның дамуындағы және тәрбиеленуіндегі отбасының ерекше рөлін қамтитын факторлар
- •Отбасы қызметтері
- •Отбасының негізгі қызметтері
- •Отбасының түрлері
- •Демократиялық Либералдық
- •Отбасындағы қатынастар түрі Отбасындағы қатынастар түрі
- •Жанұялық тәрбие мазмұнының құрамды бөліктері:
Нормативті әдебиеттер:
Қазакстан Республикасындағы баланың құқұқтары туралы Қазакстан Республикасының. 08.08.2002. № 345. // Ведомости Парламента Республики Казахстан. – 2002. – № 17. – С.154
Кодекс Республики Казахстан. О браке (супружестве) и семье. От 26.12.2011. № 518-IV ЗРК. – Астана: Акорда, – 2011. – Раздел 3. –141с.
Конвенция ООН о правах ребенка // Ведомости СССР. – 1990. – № 45. – С.955.
Қазакстан Республикасының «Білім туралы» заңы – Астана, 2007 ж.
Қазакстан Республикасының Конституциясы – А., 2005 ж.-174б7
Об утверждении Положений об органах опеки и попечительства Республики Казахстан, о патронате и Правил организации централизованного учета детей, оставшихся без попечения родителей. Постановление Правительства РК от 9 сентября 1999 года № 1346. // САПП РК. – 1999. – № 46. – С. 418
Права ребенка: Основные международные документы.– М.: ДОМ, 1992. – 212с.
Программа «Дети Казахстана» на 2007-2011 г.г. от 21.12.2007. № 1245. – Астана: МОН РК, 2007. – 63с.
Дәріс кешені
І модуль. Отбасы педагогикалық теоретикалық негіздері
Дәріс 1. Отбасы педагогикасы ғылым ретінде
Жоспар:
1.Отбасы педагогикасының функциялары, міндеттері заңдылықтары және принциптері
2.Отбасы педагогикасының негізгі ұғымдары, оларға сипаттама
3.Отбасы педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы
4.Отбасы тәрбиесінің мақсаты мен міндеттері.
1. Отбасы дегенеіміз – туысқандардың байланыста болатын, бірлесіп әлеуметтік тұрмыста өмір сүретін адамдар.
Отбасы міндеті – баланы еңбекке, адамдар арасында өмір сүре білуді үйрету.
Мамырдың 15 Халықаралық отбасы күні болып саналады. Отбасы мәселелеріне көңіл аударту үшін 1993 жылы БҰҰ-ның Басты Ассамблеясы резолюциясына сәйкес қабылданды.
Әлеуметтік зерттеулердің көрсетуінше, бала тәрбиесіне отбасы 50% , БАҚ 30% , мектеп 10% , дала 10% әсер етеді.
Отбасының пәні, міндеттері мен функциялары
Отбасы тәрбиесі – ойлаған нәтижеге жету мақсатымен ата-аналардың және отбасының басқа да мүшелерінің балаларға ықпал жасау үрдісі.
Отбасы бала үшін өмір сүру және тәрбие ортасы болып табылады. Отбасы әсері, әсіресе бала өмірінің бастапқа периоды кезінде , басқа тәрбие әсерлерге қарағанда көбірек ықпал жасайды. Отбасы мен бала бір-бірінің айнадағы көрінісі ретінде қарастыруға болады.
Егер де отбасы тұлғаның қалыптасу үдерісіне және нәтижесіне соншалықты әсер етсе, онда тәрбие ықпалын дұрыс ұйымдастыру үшін қоғам мен мемлекет, ең алдымен жанұяға үлкен мән беру керек. Мықты, рухани мұрасы мол отбасылар – қуатты мемлекет.
Қазіргі пелдагогикасы салаларының бірі Отбасы педагогикасы болып табылады.
Тәрбие
Отбасы Қоғамдық
(Эмоционалды) (Рационалды)
жылулық пен табиғилығы жоқ
салқындық сезіледі(М.М.Рубинштейн)
қоғамдық тәрбиені әлеуметтік институттар(бала-бақша, мектеп және т.б.) жүзеге асырады
Айырмашылықтары:
Істерінде, принциптерінде, мазмұнында және т.б.
- мақсаты: субъективизмдік - мақсаты: объективті
(кімді, нақты отбасы қандай (қоғамның талабы)сипаты бар;
етіп өсіргісі келеді)сипатта; - нормативті құжаттарда
принциптерінің ғылыми базасы бар,
- имплицитті (құрастырылмаған) - жоспарлылық пен мақсатқа
сипатта болады; мақсаттардың, бағыттаушылықпен ажыраты-
мазмұнының, лады
түрлі себептерден болады:ата-анасының
жалпы және педагогикалық мәдениетіне,
білім деңгейіне, құнды ориен-
тацияларға; олардың этникалық иелігіне,
жауапкершілік дәрежесіне, отбасы ынты-
мақтастығына байланысты
Әдістері:
іс арқылы үйретеді (сөз оған қосымша ретінде пайдаланылады (Песталоцци))
өзіндік тәрбие жүйесі құралады (М.М.Петровский):
ата-аналары үшін бала тәрбиесі бәрінен де маңызды болады;
қатаң, ол жағдайда бала мүддесін қарастырмайды.
Отбасы тәрбиесі қоғамдық тәрбиеге қарағанда аз зерттелген, себептері:
Ұзақ уақыт бойы мемлекетте қоғамдық тәрбие жүзеге асырылды. Отбасының мемлекеттік институт ретінде ролі төмендетілді.
Үй тәрбиесі «жеті мөрдің астындағы құпия» ретінде болды, оған бөтендерді(зерттеушілерді) кіргізбейді.
Жанұяны зерттеу үдерісі бар әдістерге қоса басқа да зерттеу әдістерін талап етеді.
Отбасы тек қана тәрбиелік функцияны бар деп есептеуге болмайды, сондықтан да пәнаралық, комплексті бағыт қажет.
Тәрбие институты ретінде отбасы дамуының негізгі тенденциялары мен қалпы отбасы педагогикасыны объектісі болып табылады.
Отбасы педагогикасының зерттеу пәні - жанұядағы тәрбие механизмдерінің мәні, бұл үрдістің бала тұлғасының қалыптасуына әсері.
Отбасы функциялары:
баланы тәрбиелеу (яғни, қалыптасу үшін жағдай жасау)
Репродуктивті – балаларды дүниеге әкелу(ұрпақ жалғастыру)
Шаруашылық-эконосмикалық – ортақ шаруашылықты, бюджетті жүргізу, міндеттер пен рольдерді бөлу негізінде материалдық-тұрмыстық жағдайды ұйымдастыру, еңбекке жарамсыз адамдарға қамқорлық көрсету.
Адамгершілік- психологиялық қамтамасыз етушілік – отбасында жағымда адамгершілік-психологиялық ахуалды орнату; жанұя ішіндегі қатынастардың стилі мен мінезін құрастыру; отбасының әрбір мүшесіне моральды-психологиялық қолдау көрсету.
Коммуникативті – отбасы ішіндегі қарым-қатынасты ұйымдастыру, жанұяның басқа адамдар мен әлеуметтік топтармен өзара әрекеттестік.
Рекреативті – бос уақытты ұйымдастыру; отбасы ұжымының мүшелерінің денсаулығын, күштерін қалпына келтіру үшін жағдай жасау.
Қорытынды:
Отбасы ықпалы басқаларға қарағанда күштірек болады. Уақыт өте келе әлсірейді, бірақ ешқашан толығымен жойылмайды;
Жанұядан басқа ешқайда қалыптаса алмайтын қасиеттер онда ғана қалыптасады;
Отбасы әлеуметтік тұлғаны қалыптастырады; физикалық, моральдық, еңбек тәрбиесінде оның күштер көрінісі болып табылады. Жанұядан қоғам мүшелері шығады: отбасы қандай болса, қоғам да сондай болады;
Отбасы салт-дәстүрлерді ұстануын қамтамасыз етеді;
Отбасы азаматты, патриотты, болашақ жанұя иесін тәрбиелейді;
Мамандық таңдауға жанұя айтарлықтай әсер етеді.
2. Отбасы педагогикасы,атап айтқанда, философия, әлеуметтану, экономика, заң ғылымдары, психология, медицина, физиология мен генетика сияқты көптеген ғылымдармен байланысты.
Барлық ғылымдардың интеграция қажеттілігі көрінді. Отбасы жайындағы көп кешенді ғылым өзінің даму сатысында болды және Фамилистика деп аталды (бұр терминді 1978 жылы А.Г.Харчев, М.С.Мацковский секілді ресейлік философтар ұсынды).
Отбасы педагогикасының міндеттері:
Отбасы педагогикасының теоретикалық мәселелерін құрастыру.
Отбасы педагогикасының тәжірибесін зерттеу.
Отбасы педагогикасының практикасына ғылыми жетістіктерді енгізу.
Ата-аналардың педагогикалық мәдениетін көтеру жолдарын зерттеу.
Отбасы мен қоғамдық тәрбиенің өзара мақсатты қатынастарды және білікті педагогтар мен ата-аналардың өзара әрекеттесу технологиясын негіздеу.
Философия
Отбасы философия үшін адамның өзіндік жетілдірудің маңызды аймағы ретінде қызығушылық туғызады. Ғасырлар бойы адам үшін отбасылық өмір балаларды тәрбиелеу әлемге деген құнды қатынастары, өмірдің мәнін, махаббаты, сұлулықты, ақиқатты, жамандық пен жақсылықтың өзара қатынасын және т.б. іздеу сияқты мәңгі философиялық сұрақтарымен ұштасады.
Демография мен әлеуметтану қазіргі отбасының даму тенденциясы мен күйін зерттейді. Бұл ғылымдардың мәліметтері мемлекеттік отбасылық саясатын анықтау үшін қолданылады. Экономика отбасының баспанамен қамтамасыз етілуін, еңбекті, балалар тамағын, киімін, ойыншықтарын және т.б. өндіру сияқты оның шаруашылық жақтарын зерттейді.
Заң ғылымы (юриспруденция) үй тәрбиесінің, некенің, отбасының құқықтық негіздерін зерттейді. Құқықтық нормалар үй тәрбиесі мен отбасылық өмір аймағындағы балалар және ата-аналардың міндеттерін, құқықтары мен мәртебесін анықтайды.
Этика үшін отбасының қандай адамгершілік бағыттары, салт-дәстүрлері сияқты оның адамгершілік «цитаделі» ретіндегі мәселелер маңызды.Тарих отбасы тәрбиесінің қалыптасуы, оның тарихи дамудың түрлі кезеңдер эволюциясы, ата-аналардың сезімдері, рольдері мен қатынастарының сипаттын зерттейді. Осыған орай ұлттық мәдениетті сақтау, құнды ойларды, салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды қайта жаңғыртуға көмектесетін этнографтартың зерттеулері өте маңызды. Отбасы әлеуметтік топ ретінде психологияның зерттеу пәні болып табылады. Жанұядағы психологиялық және тұлғаны қалыптастыру үшін жағымды ахуалындағы қарым-қатынас ерекшеліктері, балалар мен ата-аналар арасындағы қатынастар сипаты зерттеледі. Отбасы мен ондағы қатынастар дәстүрлі түрде медицина мен физиологияның ғылыми қызығушылық шеңберіне кірген еді. Қазіргі уақытта бұл ғылымдар зерттейтін салауатты өмір салты, аурудың профилактикасы сияқты мәселелер өзекті болып табылады. Өзара жыныстық қатынастар қазіргі отбасыларға айтарлықтай қатысы бар, олар оның сәттілік деңгейін анықтайды. Ата-аналардың әдепке қайшы өмір салты, олардың шылым шегуге, ішімдікке, есірткіге деген әуестенушілігі әсерінен тұқым қуалаушылық механизмдердің бұзылуымен шартталған қазіргі балалар дамуындағы физикалық және психикалық ауытқушылықтар халықаралық мәселе деңгейіне жетті. Тұқым қуалаушылықпен байланысты мәселелер кешенін генетика зерттейді. Педагогиканы отбасы баланың алғашқы және мықты тәрбиешісі ретінде қызығушылық туғызады, ол ата-аналардың педагогикалық мәдениетін, отбасының басқа әлеуметтік институттармен өзара әрекеттестік формалардын жоғарылату жолдарын зерттейді.
3. Отбасы халық педагогикасында ерекше орын алады, өйткені ол дәстүрлі мәдениетте табиғи айнала ретінде қарастырылды. Үй тәрбиесінің тәртібі отбасы, салт-дәстүр, әдет-ғұрыптар мен мерекелердің белгілі ұстанымын қамтамасыз етеді. Үй тәрбиесі адамның бейбетшілік, күнделікті өмірге бағытталған. Оның мақсаты балаға оның өмірі қиынға түспейтіндей етіп, осындай өмірге дайындау болып табылады. Кішкентай кезінен бастап баланы еңбекке баулу – адам өміріндегі сәттіліктің адамгершілік кепілдігі. Бұған халықтың даналығы дәлел бола алады: «Адам еңбек үшін дүниеге келді», «Еңбексіз мейірімділік жоқ», «Жақсы еңбек болмаса жеміс жоқ» және т.б.
Мақалдарда өзінің адамгершілік құндылықтарын қазіргі уақытқа дейін жоғалтпаған өзара қатынас ережелері, отбасы қатынастары және жанұя туралы көріністері айқын көрсетілген. Кейбіреулерін есіңізге түсірейік: «Күйеуі - басы, әйелі - жаны», «Баланы туу оңай, өсіру қиын», «Бала қамыр тәрізді: қалай илесең, солай өседі» және т.б.
Ұрпақ тәрбиесі - болашақ тірегі. «Адамзат ұрпағымен мың жасайды» ,- деген, ұрпақ тәрбиесі – қай кезде де халық мәселесі болған. Қазақ халқы – рухани зор байлықтың мұрагері. Ғұлама Ә.Н.Әл-Фараби: « Тәрбиесіз білім қауіпті»,- деген болатын. Жалпы адамзаттық тұрғыдан қарағанда тәрбие мақсаты - әрбір тұлғаны жан-жақты жарасымды етіп тәрбиелеу. Олай болса, келешек ұрпаққа білім-ғылым нәрін егумен қатар, өз халқымыздың тағылымдарын үйретудің мәні зор.
Қазақ халқы ертеден-ақ тәрбиеге жете көңіл бөліп келеді. Оның айғағы ретінде тәрбиеге байланысты нақыл сөздері, мақал-мәтелдер, өсиет сөздер, ...бүгінгі кезге дейін жетіп келді. Мысалы: «Әке көрген оқ жанар, шеше көрген тон пішер», «Аяғына қарап асын іш, шешесіне қарап қызын ал» және т.б.
Әсіресе қыз бала тәрбиесіне қазақ ерекше көңіл бөлген: «Қызға қырық үйден тыю». Қыз бала тәрбиесі ұл бала тәрбиесінен күрделілеу. Өйткені қыз – ұрпақ жалғастырушысы, сол ұрпаққа тәрбие беруші, отбасының береке-бірлігін сақтаушы.
Отбасындағы тәрбие халық педагогикасында үш ірі топқа бөлінеді:
Ана тәрбиесі
Әке тәрбиесі
Ене тәрбиесі
Ана мектебінде: мол мейірімділікке, перзенттердің бір-біріне деген бауырмашылдығына, шыншылдыққа, ар тазалығына, әдептілік пен тәртіптілікке баулиды.
Ене мектебінде: ата тегін білу, қонақ күту, алыс-жақынмен достық, жолдастық қарым-қатынаста болу, дербес өмір сүруге, келелі кеңестерге араласуға, күн кіріспе, икемділікке, өжеттілікке баулуға көңіл бөлген.
Осылардың ішінде ең қуатты да, пәрмендісі әке тәрбиесі. Бүгінде, мектеп оқушыларының түрлі тәртіпсіздікке жол бермеуіне, үлкен мен кішінің жарасты сыйластығын қалыптастыруда, ағайын-туысқандардың, ауыз бірлігін орнықтыруда әкелердің ықпалы ыдырап, қаншама өрескендікке жол беріліп отырғаны ащы да болса шындық.
Отбасының формасы мен атқаратын міндеттері мен қызметтерінің өзгеруі, сайып келгенде, өндіргіш күштердің дамуына яғни адамның шығу тегін айқындайтын элементтердің дамцына байланысты болады. Тәрбиенің негізі болатын бастапқы ережелер әр түрлі жағдайлардағы ересектердің жүйелі және тұрақты іс әрекеттерін анықтайды. Тәрбие ұстанымдары тәрбие мақсатынан ересектер балаларын қандайда бір жетістіктерге, биікке жеткізу деп түсінсе, онда тәрбие ұстанымдары нақты әлеуметтік психалогиялық жағдайларда сол мақсатпен жүзеге асырудың мүмкіндігін анықтайды.
Сонғы жылдары қоғамдағы демократиялық өзгерістерге қарай тәрбие ұстанымдары да өзгеріп бұрынғының орнын жаңа басуда. Педагогикалық әдебиеттерде отбасы тәрбиесінің төмендегідей ұстанымдары көрсетілген мақсаттылық ұстанымы, ғылымдық тәрбиені ізгілендіру, тәрбенәң бірізділігі мен үздіксіздігі , тәрбиенің кешенділігі мен жүйелілігі, қойылған талаппардың бірлігі.
Тәрбие педагогикалық құбылыс ретінде әлеуметтік мәдени құндылықтарға бағытталғанымен сипатталады. Қазіргі кезде отбасы бала тәрбиесінде қандай да бір дәрежеде қоғамның алдыға қойған мақсатына сүйенеді. Соңғы жылдары тәрбиенің негізі мақсаты адам құқығы, балалар құқығы туралы декларацияларда, ҚР заңдарында көрсетілген адамга құндылық ретінде қарау болып табылады. Әрбір отбасының бала тәрбиелеудегі мақсаты әр түрлі, кейбір ата аналар өз біліміне, өмірде көрген түйгеніне, өзі алған тәрбиесіне сүйеніп, өз балаларын тәрбиелейді. Ал кей ата аналар өзіне жетіспеген, өзі ала алмаған кемшіліктерді ескре отырып,сол кемшіліктерді жібермеуге тырысып тәрбие мақсатын анықтайды. Сондай ак әр отбасы бала тәрбиесінде қалыптасқан этикалық мәдни, діни дәстүрлерді де ескереді. Отбасы қоғамның бір бөлігі ретінде ондағы тәрбие институттарымен тығыз байланысты. Сондықтан оьбасы тәрбие мақсатын анықтағанда сол тәрбие институтының мақсаттарын да ескереді.
Тәрбие мақсатын анықтағанда отбасы бырқатар қиыншылықтарға да кездеседі. Себебі кез келген отбасы балаларынығ жас және дербес ерекшеліктері туралы біле бермейді. Сондықтан педагогтардың кәсіби қызметінің бірі ата аналарға тәрбие мақсатын нақтылауға көмектесу. Көптеген ғасырлар бойы тәрбие ана ұрпақтан келеі ұрпаққа күнделікті өмір барысында, салт дәстүрлер ретінде беріліп келді. М. Жқмабаевтың пайымдауынша , адам баласын тәрбиелегенде ең алдымен өз тәжрибесіне сүйенеді. Алайда адамның өз тәжрибесі болашақ бала тәрбиесі үшін жеткілікіз. Екінші бала тәрбиесінде адам салт дәстүрлерге сүйенеді. Бірақ салт дәстүрлердің де озығы мен тозығы бар. Сондықтан ат ана бала тәрбиесінің ғылыми негізін білукерек. Т. А. Марков, Л. В. Загик және т.б. ғалымдардың зерттеуінде отбасы тәрбиесіндегі олқылықтар ата аналардың педагогика мен психалогия ғылымдарының білімдерінің төмендігінен екендігі анықталған. Мысалы, ата аналардың балаларының жас ерекшелігін білмеуі тәрбие барысында әр түрлі кездейсоқ әдістері мен құралады пайдалануларына алып келеді.
Сондай ақ отбасында жағымды психолоиялық ахуал тудыра алмау балалардың жүйке ауруына шалдығуына, жасөспірім дердің жүріс тұрысына әсер етеді. Шығыс пен батыс гуманисттері дүниенің ең асылы, бағалысы адам, ал оның бақыты бала деп білген. Ізгілендіру ұстанымының негізі баланың жеке басына кұрметпен қарау. Бұл ұстанымның мәні ата аналар өз балаларын қаз қалпында өзіндік мәнез қырларымен, талғамымен, әдеттерімен қабылдауы керек. Бала өмір есігін өз еркімен және қалауымен емес ата ана қалауымен ашты. Сондықтан балалар өздеренің үмітін ақтамаса, оған ренжудің керегі жоқ. Себебі әр ата ана өз балаларына келбеті мен табиғи нышандарды, темпераментті силайды. Әр түрлі тәрбие құралдары арқылы олардың мінез қырларын сезімднрі мен әдеттерін , дүниеге деген қатынасын қалыптастыруға тырысады. Алайда бала ата ана санасындағыдай идеяға сәйкес келе бермейді. Соған қарамастан әр ата ана өз баласын қайталанбас, ерекше тұлға ретінде қабылдауы керек.
Іздендіру ұстанымы ересектер мен балалардың қарым қатынасын реттейді. Олардың бір біріне деген қатынасы өзара сенімділік пен сыйластыққа, махаббат пен ынтымақтастыққа негізделген. Бұл ұстанымға сәйкес біртіндеп, баланың жасына, оның ерекшелігіне сай жүзеге асыруы қажет. Бірізділік тек тәрбие мазмұнына ғана емес, тәрбие құралдары мен әдістеріне қатысты. Мысалы, ерте жастағы баланы бір әрекетпен екінші әрекетке ауыстыру үшін оны қызықтыру тәсіі сәтті болса, 5-6 жастағы балаларға бұл жеткіліксіз. Оған түсіндіру сезіндіру үлгі онеге көрсету тиімді.
Тәрбие оте ұзақ үрдіс. Оның нәтижесі бірден байқалмайды, сондықтан тәрбие де бірізді, үздіксіз жүргізілуі керек. Ересектердің бірізді әрі үздіксіздік жүргізген тәрбиесі балаға тұрақтылық пен сенімділік береді, ал бұл тұлға қалыптасуының негізі. Егерр баланың жақындарының бәрң белгілі бірдей жағдайда өздерін балағай қатысты үлгі ретінде ұстай білсе , онда бала өзінен іс күтетінін бәрден түсінді. Соның арқасында бала өз бостандығының шегін аңғара бастайды.Мысалы, егер отбасы мүшелерінің бәрі баланы өзбетінше әрекет нтуге біртіндеп әдеттендірсе, соған қажетті дағдыларды игеруге көмектесе, онда бала серуенге шығарда өзін киіндіруді талап етпейді. Алайда, бала бойына ббелгіі бір сапалық қасиеттер бірден қалыптаса салмайды. Ол көп қайталауды, әр түрлі ықпалды қажет етеді. Ата-аналардың , әсіресе жас ата аналардың қателігі өнімнің жемісін көргісі келетіндігінде.
Кейбір ата аналар бала тәрбиесіне бірізді көңіл бөлмей, тек белгілі бір кезеңдерде ғана көңіл не мұғаліммен сөйлескеннен кейін. Бұл бала психологтясына жағымсыз әсер етеді. Бұл ұстанымның мәнң тұлғаға педпгогткалық үдерістің әртүрлі қаралары мен факторларын ескере отырып , тәрбие мақсаты, құралдары, әдістері арқылы жан жақты ықпал ету. Казіргі бала тек отбасында ғана емес, әр түрлі әлеуметтік табиғи мәдени ортада өсіп келеді. Бала ерте кезден бастап радио тындайды, теледидар, компютер көреді, серуенге шығады. Онда әр түрлі адамдармен қарым қатынасқа түседі. Бұл ортаның барлығы бала дамуына қандайда бір дәрежеде ықпал етеді. Ғылыми мәліметтерге қарасақ, басқа қоғамдық институттаға қарағанда отбасының бала тәрбиелеу мүмкіндігі зор. Алайда мұны барлық отбасы түсіне бермейді де, жекелеген тәрбие түрлеріне басымдыұ береді. Бала тәрбиесінің бір ерекшелігі оны әр түрлі тұлғалар, отбасы мүшелері, білім беру мекемелеріндегі кәсіби педагогтар жүзеге асыратындығы. Сондықтан олар тарапынан қойылатын талаптар да біріңғай болуы керек.
Бұлай болмаған жағдайда И. А. Крылов мысалындағыдай «Аққу, шортан һәм шаян» болуы мүмкін. Таланттардың бірыңғай болмауы баланы ұстамсыздыққа, «ауырдың үстімен, жеңілдің астымен» жүруге итермелейді.Отбасындағы тәрбие үрдісін жоғарыда айтылған ұстанымдарға сәйкес құру ата аналарға балаларының танымдық, еңбек , көркемдік, дене және басқа да әрекеттерін дұрыс басқаруға мүмкіндік береді.
Дәріс 2. Отбасы педагогикасының даму тарихы
Жоспар:
1.Халықтық педагогика отбасы педагогикасының негіздері ретінде.
2.ХІХ ғ. басы – ХХ ғ. (1917жылға дейін) отбасы педагогикасының ережесінің теориялық негіздері.
3.Кеңес педагогтары еңбектеріндегі отбасын педагогикасын сұрақтарын дайындау.
4.ХХғ . аяғы ХХғ. басындағы отбасы педагогикасының пәнаралық теориясы.
