Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Практ. жум ЭК-КА каз.12-13.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать

Теориялық кiрiспе

Негізгі түсініктер және анықтамалар

Айналым қаржылары – бұл ақша қаржысының үздіксіз айналымының қамтамасіз ететін айналым өндіріс қорларын және айналу қорларын шығару үшын авансыландырылған ақша қаржысының жиынтығы.

Айналым өндіріс қорлары – бұл еңбек құралдары (шикізт, негізгі материалдар және жартылай өнім, қосымша материалдар, отын, ыдыс, қосымша бөлшектер және т.б), аяқталмаған өндіріс, келешек период шығындары. Айналым өндіріс қорлары өндіріске өзінің натуралды – заттық күйінде түседі және өнімді дайындау процесінде толығымен пайдаланылады, ол өзінің құнын шығарылатын өнімге береді.

Өндіріс қаржыларының шамасы айналым өндіріс қорларының құрамында орналасқан, біріншіден өндірістің техникалық-ұымдастыру денгейімен және шығарылатын өнімнің өндіріс цикілінің ұзақтығамен анықталады.

Айналу қорлары жүзеге асыру сферасындағы дайын өнім мен кәсіпорынның ақша қаржыларынан тұрады.

Айналу қорлары құнның түзілуінде қатыспайды, бірақ енді түзілген құнда тасымалдаушы болып табылады. Айналу қорының негізгі міндеті-ақша қаржыларымен айналудың ырғақтылығын және үздіксіздігін қамтамасыз ету.

Айналым қаржыларының шамасы, айналу сферасында жұмыс істейтін, өнімді жүзеге асыру жағдаларына, тауар қозғалу жүйесіне, маркетингті ұйымдастыру денгейіне және өнімнің өтіміне байланысты. Сондықтан айналым қаржыларды нормалау фирманың шаруашылық қаржыларын ұтымды қолдану негізгі болып табылады. Ол дәмелденген нормаларды өндеуге және кәсіпорынның үздіксіз жұмысы үшін тұрақты минимальді қорды тудыру үшін қажет олардің шығындалу нормативтерінде жасалған.

Айналым қаржыларының нормасы 1 күндегі қорға немесе басқа өлшеу бірлігін есептелген материалды –тауар құндылықтарының минимальді қорын сипаттайды .

Айналым қаржыларының нормативі айналым қаржыларының бөлек элементтері (топтары) үшін және толығымен кәсіпорын (фирма) үшін ақшалай тірде анықталады.

Жалпы түрде норматив айналым қаржаларының бөлек элементтері бойынша мына формуламен анықталады:

Sni=Hзi+Ai,

Мұндағы, Hзi – і элементтің қор нормасы, күн, руб; Аі – белгіленген норма көрсеткіші.

Шикізат пен материалға айналым қаржылар нормасы уақыт негізінен қалыптасады:

- олардың жолда болуы (транспорт қоры):

- кәсіпорынға материалды жеткізу және оларды қоймаға салу:

- өндіріске материалдарды дайындау үшін (технологиялық қор):

- материалдың күнделікті қор түрінде болуы:

- материалдың сақтандыру қор түрінде болуы:

Материал тобы бойынша айналым қаржысының жалпы нормасында ең көп меншікті салмақты күнделік қор нормасы алып жатыр.

Күнделікті қор – өндірісті жүргізуге толығымен дайындалған және кәсіпорынның үздіксіз жұмыс істеуі үшін қолданылатын тұрақты материал қоры. Оның шамасы материалдың орташа күндік тұтынуына, кезекті материалды жеткізіп беру арасындағы интервалға, жеткізіп беру партиясының өлшеміне байланысты. Көптеген материал үшін кезекті жеткізіп беру арасындағы интервал толық өлшемде алынады немесе орташа арифметикалық әдіспен есептеледі.

Сақтау қорының өлшемі әдетте айналым қаржысы нормасының күнделікті қорға пайыз есебінде белгіленеді. Ол жеткізіп берудің кедергілері, жолдағы тұрып қалу, сапасыз материалдың айналымдылық коэффициенті.

  1. бір айналымның ұзақтығы

  2. айналым қаржыларын салу коэфиценті

Қаржылардың айналымдылық коэфиценті (айналым жылдамдығы) 1 руб. айналым қаржысына келетін жүзеге асырудан түскен түсім көлемінен өлшемімен сипатталады:

Коб=Qв/Sco

Мұндағы, Sco – периодтағы айналым қаржысының орташа құны, руб.

1 күндегі бір айналым ұзақтығы (Тай) талданатын период ішіндегі күн сонымен (30,90,360) айналым қаржыларының айналымдылық коэфицентінің қатынасына тең:

Тоб=t/K , немесе Т=(t Sсо)/вQ

Айналым жылдамдығына кіретін шама өнімді жүзеге асыруда түскен 1 руб , түсімге авансыландырылған айналым қаржысының өлшемін көрсетеді. Бұл қатынас айналымдағы қаржылардың салыну дәрежесін сипаттайды және айналым қаржыларының салыну коэффициенті деп аталады:

Кз= Sco/ Qв

Ал неғұрлым айналым қаржыларының салыну коэффициенті аз болса, соғұрлым айналым қаржылар тиімді қолданылады.