Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция по ТТ ПФ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
7.82 Mб
Скачать

3 Марганец қорытпаларының сұраптары мен өңдіру көлемдері

Марганец қорытпаларының негізгі төрт сұрабы өндіріледі:

1) жоғары көміртекті ферромарганец: 6-8% C, 1-9% Si, 70-82% Mn;

2) орта және төмен көміртекті ферромерганец: 0,5-2% С, 0,5-2,0%Si, 70-82%Mn;

3) силикомарганец: 10-25% Si, 0,5-3,5%С, 60-70% Mn;

4) металдық марганец: 0,04-0,2% C, 0,8-1,8% Si, 95-99,8% Mn.

Қазіргі уақытта жылына 7,5-8 млн. т. марганец қорытпалары өндіріледі (кесте 7.5). Жоғары көміртекті ферромарганецтің негізгі өндірушілері (сурет 9): Қытай - 850 мың т., ОАР - 471 мың т., Жапония – 427 мың т., Франция – 402 мың т., Украина – 345 мың т. мен Бразилия – 124 мың т. Силикомарганецтің негізгі өндірушілері (сурет 10): Қытай – 880 мың т., Украина – 583 мың т., ОАР – 237 мың т., Норвегия – 215 мың т., Бразилия – 175 мың т. мен Үндістан 165 мың т. Орта және төмен көміртекті ферромарганецтің өндірісі негізінен Жапония – 157 мың т. (24%), Қытай – 125 мың т. (19%) мен Норвегияда – 125 мың т. (19%) орналасқан.

Қазіргі уақытта әлемдік нарықта көміртекті ферромарганец силикомарганецпен, орта және төмен көміртекті ферромарганецпен ығыстырылуда. Бұл дамыған елдерде болатты өңдірудің экологиялық таза және тиімді әдістеріне (электр пештер мен оттекті конверторлар) көшуімен, сонымен қатар силикомарганец өндірісінде сапасы төмен (SiO2 мөлшері жоғары) кендерді қолдану мүмкіндігімен түсіндіріледі.

ТМД елдерінде марганецті қорытпалар өндірісінің көлемдері 7.6 кестеде келтірілген.

Кесте 5 – Марганец қорытпаларының әлемдік өндірісі

Қорытпа атауы

Жылдар бойынша өндіріс көлемі, мын т

1991

1992

1993

1994

1995

1996

1997

1998

2000

Жоғары көміртекті ферромарганец

3664

3566

3232

3076

3335

3276

3573

3465

3520

Орта және төмен көміртекті ферромарганец

549

536

434

385

547

681

684

670

660

Ферросиликомарганец

3420

3327

3198

3005

3219

3198

3633

3251

3255

Барлығы

7633

7429

6864

6466

7101

7155

7890

7386

7435

Кесте 6 – ТМД елдерінде марганецті қорытпалар өндірісі 2005 ж., мың т.

Ел, зауыт

Ферромарганец

Силикомарганец

Металдық марганец

Барлығы

Украина

338,03

1032,88

0,6

1371,51

Никополь Ф3

238,03

586,44

0

824,47

Запорожье Ф3

71,10

346,34

0,6

418,04

Стаханов Ф3

0

100,10

0

100,10

Краматорск М3

28,90

0

0

28,90

Қазахстан

195,41

195,41

Ақсу Ф3

155,41

ТХМЗ

40,0

Ресей

54,4

80

134,4

Сатка ШҚЗ

54,4

54,4

Челябі ЭМК

80,0

80,0

Грузия

Зестафон Ф3

20

100

120

Сурет 9 - Жоғары көміртекті ферромарганецтің әлемдік өндірісіндегі елдердің үлесі

Сурет 10 – Ферросиликомарганецтің әлемдік өндірісіндегі елдердің үлесі

Сонымен, бүгінгі күнде Қазақстан марганец кендерінің қорлары бойынша әлемде 3 орында орналасқандығымен, марганец қорытпаларының өндірісі бойынша сонғы қатардағы орындарға ие болып отыр. Марганецті қорытпалар өндірісін арттыру үшін келесі шараларды іске асыру қажет:

  1. қазіргі уақытта ферроқорытпалар өндірісінде фракциясы 10-150 мм тауарлы концентраттар ғана қолдануда, ал олардың шығымы 30-60%-дан аспайды. Осыған байланысты металлургиялық өндіріске фракциясы 10 мм-ден кіші концентраттар мен байыту қалдықтарын кесектеу (агломераттау, түйершіктеу немесе брикеттеу) қажеттілігі туындайды. Бұл шикізат базасын екі есе арттыруға мүмкіндік береді.

  2. Қазақстандағы марганец қорларының 70%-ы темірмарганецті кендер түрінде кездеседі, және қазіргі уақытта қолданылмай отыр. Оларды пайдаға асыру үшін құрамындағы марганец пен темір минералдарын бөлу қажет. Бұны екі жолмен іске асруға болады: а) темірмарганецті кендерді электр пештерде тотықсыздандыра балқыту арқылы бай марганецті қож бен марганецті шойын алу; б) темірлі марганецті кендерді күйдіре магнитті байыту нәтижесінде темір мен марганец концентраттарын алу.