Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКС ОЗЗ ГОСО 2012 каз..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.4 Mб
Скачать

4. Шетелде кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау, шетелдік мамандарды тарту

      18. Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау шетелдік жетекші мамандарды тарта отырып, Қазақстан Республикасында және сонымен бірге шетелдерде жүзеге асырылады.

      Шетелде оқыту медицина, фармация саласындағы білім беру, медициналық, фармацевтикалық, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыратын шетелдік ұйымдарда (бұдан әрі – шетелдік ұйымдар) жүргізіледі.

      Шетелдік жетекші мамандарды тарту шақырушы қазақстандық оқытатын ұйым немесе денсаулық сақтау ұйымы немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган), немесе облыстардағы, республикалық маңызы бар қаладағы және астанадағы денсаулық сақтау саласының жергілікті мемлекеттік басқару органы (бұдан әрі – жергілікті орган) мен шақырылатын шетелдік маман және (немесе) шетелдік ұйым арасында жасалған шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.

      Жұмыс оқу бағдарламасы және тартылатын шетел мамандарының тізімі уәкілетті (немесе жергілікті) органмен келісіледі.

      19. Республикалық және жергілікті (республикалық маңызы қаланың, астананың) бюджет қаражаты есебінен шетелдік ұйымдарда біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында жұмыс істейтін мамандар жіберіледі.

      20. Клиникалық медициналық мамандықтар бойынша біліктілікті арттыруға мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында жұмыс істейтін кадрларды жіберу жасасқан шарттарда біліктілікті арттыру бағдарламасына сәйкес қазақстандық мамандардың шетелдік пациенттерге диагностикалық және емдеу шараларын жүргізуіне рұқсат беру көзделген шетелдік ұйымдарға жүзеге асырылады.

      21. Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен біліктілікті арттыруға және (немесе) қайта даярлауға жіберетін уәкілетті (немесе жергілікті) орган немесе ұйым республика кадрларын медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша біліктілігін арттыруға шетелге жіберу жөніндегі комиссия (бұдан әрі – комиссия) құрайды.

      22. Комиссия ұсынысының негізінде уәкілетті (немесе жергілікті) орган немесе ұйым мен білім беруді жүзеге асыратын шетелдік ұйым арасында, сондай-ақ уәкілетті (немесе жергілікті) орган немесе ұйым мен мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен біліктілігін арттыруға шетелге жіберілетін кадрлардың арасында білім беру қызметтер көрсету туралы шарттар (бұдан әрі – шарт) жасалынады.

      Уәкілетті (немесе жергілікті) орган немесе ұйым мен кадрлар арасында жасалған шартта дәлелсіз себептермен оқу бағдарламасынан шығып кеткен және (немесе) шартта көзделген өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда оның біліктілігін арттыруға жұмсалған қаражатты қайтару жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету тәсілі белгіленеді.

      Уәкілетті (немесе жергілікті) орган немесе ұйым мен шетелдік ұйым арасындағы шарт оларға кадрлардың біліктілігін арттырғаны үшін шартта көзделген ақшаны аударуға негіз болып табылады.

      23. Мемлекеттік бюджеттен кадрлардың біліктілігін арттыру үшін бөлінетін қаражат тәуліктік шығыстарды, тұру ақысын, Қазақстандағы тұрғылықты жерінен оқитын жерге дейінгі жолақысын және оқуды аяқтаған соң қайту жолақысын, сондай-ақ уәкілетті (немесе жергілікті) орган немесе ұйым мен шетелдік ұйым арасындағы шарттарда көзделген оқу шығыстарының барлық түрлерін төлеуді қамтиды.

      24. Шетелдік ұйымдарда біліктіліктерін арттырған кадрлар келгеннен кейін уәкілетті (немесе жергілікті) органға немесе ұйымға мынадай құжаттаманы:

      1) шетелде біліктілікті арттыру циклінен өткені туралы шетелдік ұйым берген құжаттың көшірмесін;

      2) шетелде біліктілікті арттыру циклінен өткені туралы есепті;

      3) іссапар туралы аванстық есепті тапсырады.

Әдебиет:

Негізгі:

  1. Решетников А.В., Шаповалова О.А. Здоровье как предмет изучения в социологии медицины: учебное пособие. – М., 2008. – 64 с.

  2. Лисицын Ю.П., Полунина Н.В. Общественное здоровье и здравоохранение: Учебник. – М.: Медицина, 2007 – 416с.

Қосымша

  1. Общественное здоровье и здравоохранение: Учебник для студентов мед.вузов/ Под ред. В.А. Миняева, Н.И. Вишнякова. – 4-е изд. – М.: МЕД пресс-информ, 2006. – 528с.

  2. Сестринское дело. Административно-управленческие дисциплины: Учебное пособие / Под ред. Г.П. Котельникова. – Ростов н/Д:

  3. Артюнина Г.П., Игнатькова С.А. Основы медицинских знаний: Здоровье, болезнь и образ жизни: Учебное пособие для высшей школы. – М.: Академический Проект; Фонд «Мир», 2006. – 560с

  4. Социальная энциклопедия: А.П. Редкая, Г.Н. Горкин, Е.Д. Катульская и др. – М., БРЭ, 2000. – 438 с.

  5. Тель Л.З. Валеология: учение о здоровье, болезни и выздоровлении: В 3т. – М.: Астрель, 2001. – 432с.

  6. Черносвитов Е.В. Социальная медицина: Учеб. Пос. для студ. Вузов. – М.: ВЛАДОС, 2000.

  7. «Старшая медицинская сестра», Журнал, МЦФЭР – Казахстан, Алматы.

  8. Журнал «Главная медицинская сестра», Москва.

  9. Журнал «Сестринское дело». Москва.

  10. Журнал «Медсестра», Москва.

Бақылау сұрақтары:

  1. Медициналық ғылымның даму принциптері

  2. Медициналық ғылымның даму мақсаты

  3. Еңбек ресурстарын рационалды қолданудың стратегилық тапсырмалары

  4. Медициналық кадрларды қамсыздандыруды талдау

  5. Адам ресурстарымен жоспарланған стратегиялық басқару

КРЕДИТ 3

1 дәріс

Тақырыбы: Денсаулық сақтаудағы операционды және қаржылық, стратегиялық менеджментінің таңдаулы сұрақтары.

Мақсаты: ҚР денсаулық сақтаудағы операционды және қаржылық,стратегиялық менеджментінің таңдаулы сұрақтарымен студенттерді таныстыру

Денсаулық сақтау жүйесін қаржылық қамтамасыз ету кӛздері

1. Денсаулық сақтау жүйесін қаржылық қамтамасыз ету кӛздері:

1) бюджет қаражаты;

 2) ерікті медициналық сақтандыру қаражаты;

3) ақылы қызметтер кӛрсетуден алынған қаражат; 3-1) жеке және заңды тұлғалардан ерікті қайырмалдықтар ретінде түскен қаражат; 4) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін ӛзге де кӛздер болып табылады. 2. Тегін медициналық кӛмектің кепілдік берілген кӛлемі шеңберінде кӛрсетілетін медициналық қызметтерге арналған тарифтерді қалыптастыру мен шығындарды жоспарлау әдістемесін уәкілетті орган айқындайды. 3. Тегін медициналық кӛмектің кепілдік берілген кӛлемін кӛрсетуге арналған шығындарды қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады

Денсаулық сақтау жүйесін қаржылық қамтамасыз ету кӛздерін пайдалану

1. Денсаулық сақтау жүйесінің қаржы қаражаттары:

1) тегін медициналық кӛмектің кепілдік берілген кӛлемін кӛрсету жӛніндегі шығындарды ӛтеуге;

2) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

3) денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жағынан жарақтандыруға; 2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

4) дәрілік заттарды, орфандық препараттарды, қан мен оның компоненттерін, вакциналарды және басқа да иммундық-биологиялық препараттарды, сондай-ақ медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сатып алуға;

5) инфекциялық аурулардың кӛріністері мен эпидемияларын жоюға; 2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

6) денсаулық сақтау саласындағы кадрларды даярлауға, олардың бiлiктiлiгiн арттыруға және оларды қайта даярлауға; 7) медицина ғылымының жетістіктерін дамытуға және енгізуге;

8) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған ӛзге де шығыстарға бағытталады. 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Денсаулық сақтау субъектілерінің шығындарын бюджет қаражаты есебінен ӛтеу тәртібін уәкілетті орган айқындайды. 3. Шығындарды ӛтеу кӛрсетілген медициналық кӛмектің сапасы мен кӛлеміне уәкілетті орган жүзеге асыратын бақылау нәтижелері ескеріле отырып жүргізіледі.

  Әдебиет:

Негізгі:

  1. Решетников А.В., Шаповалова О.А. Здоровье как предмет изучения в социологии медицины: учебное пособие. – М., 2008. – 64 с.

  2. Лисицын Ю.П., Полунина Н.В. Общественное здоровье и здравоохранение: Учебник. – М.: Медицина, 2007 – 416с.

Қосымша

  1. Общественное здоровье и здравоохранение: Учебник для студентов мед.вузов/ Под ред. В.А. Миняева, Н.И. Вишнякова. – 4-е изд. – М.: МЕД пресс-информ, 2006. – 528с.

  2. Сестринское дело. Административно-управленческие дисциплины: Учебное пособие / Под ред. Г.П. Котельникова. – Ростов н/Д:

  3. Артюнина Г.П., Игнатькова С.А. Основы медицинских знаний: Здоровье, болезнь и образ жизни: Учебное пособие для высшей школы. – М.: Академический Проект; Фонд «Мир», 2006. – 560с

  4. Социальная энциклопедия: А.П. Редкая, Г.Н. Горкин, Е.Д. Катульская и др. – М., БРЭ, 2000. – 438 с.

  5. Тель Л.З. Валеология: учение о здоровье, болезни и выздоровлении: В 3т. – М.: Астрель, 2001. – 432с.

  6. Черносвитов Е.В. Социальная медицина: Учеб. Пос. для студ. Вузов. – М.: ВЛАДОС, 2000.

  7. «Старшая медицинская сестра», Журнал, МЦФЭР – Казахстан, Алматы.

  8. Журнал «Главная медицинская сестра», Москва.

  9. Журнал «Сестринское дело». Москва.

  10. Журнал «Медсестра», Москва.

Бақылау сұрақтары:

  1. Басқару жүйесін сипаттап беріңіз?

  2. Басқару жүйесіне қойылатын талаптар

  3. Файолю бойынша басқару

  4. Стратегия дегеніміз не,оның түрлері?

  5. Стратегиялық басқару процессын сипаттаңыз

  6. Денсаулық сақтаудағы стратегиялық басқарудың ерекшеліктері?

  7. ЛПУ стратегиясы қаннша кезеңнен тұрады? 

  8. Экономикалық басқару әдістерінің негізгі мамұнын ашыңыз

  9. «Өндірістік жүйе» анықтамасы.

  10. «Операционды жүйе» анықтамасы.

  11. Денсаулық сақтаудағы қаржылық менеджмент құрылымы

  12. Денсаулық сақтаудағы қаржылық менеджмент қызметі

  13. Денсаулық сақтаудағы қаржылық менеджмент кезеңдері

2 дәріс

Тақырыбы: Денсаулық сақтаудағы негізгі экономикалық және қаржылық жоспарлау

Мақсаты: Денсаулық сақтаудағы негізгі экономикалық және қаржылық жоспарлаумен студенттерді танытыру

Тұрғындардың денсаулық көрсеткіштерін сапалы өзгертуде азаматтардың денсаулығын жақсартуда олардың өз ынтымақтастығы қажет. Осы мақсатта өткен жылы «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бойынша алғаш рет денсаулық сақтау бюджетінде аурудың алдын алу мәселелеріне, ақпараттық-насихат жұмыстарына азаматтық қоғамдастықтар мен үкіметтік емес ұйымдарды жұмылдыру шараларына қаржы бөлу мемлекеттік тапсырыстар арқылы қарастырылып отыр. Әлеуметтік жобалар өмір сүру ұзақтығын жоғарлатуға, салауатты өмір сүруді қантты диабетпен ауратын науқастың тұрмысын жақсартуға, арудың алдын алу медицинасын одан әрі нығайтуға бағытталған. Сондай-ақ кейбір жобалар медициналық қызмет көрсету сапасы мен дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді, денсаулық саласына әлеуметтік қызметкерлер дайындауды, медициналық қызметкерлер беделін көтеруге арналған.

Дегенмен Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесінде көптеген мәселелер өз шешімін күтуде. Соның бірі бюджет қалыптастыру жолы. Медицинаны қаржыландыру шет елдегі тәжірибелерді айтпағанның өзінде (мысалы АҚШ-та ол бюджеттің 14%-н құрайды) көптеген салалардан төмен қарқынмен жүргізілуде. Айталық, егемендік алғалы елдің қорғаныс саласын қаржыландыру 25 есе өскен, бұл қарқын денсаулық сақтаумен салыстырғанда 2 еседен жоғары. Ал көпшілік тұрғындардың медициналық көмек алуға қолы жетпей отыр, сондай-ақ көрсетілетін қызметтің сапалылығы да төмен.

  • Медициналық қызмет көрсету мен кепілді көлемде жүргізу арасы анық болмағандығынан медициналық көмек беру көптеген жерлерде ақылы түрде өтеді. Сонымен қатар медициналық көмек «сатуып алушы» (төлейтін жағы) мен «жасаушы» (медициналық мекеме) арасы анық бөлінбеген, азаматтар тұратын мекенінің сыртында ақылы медициналық көмек ала алмайды, медициналық көмек беру үшін бірегей тарифтық саясат жоқ

Сондықтан бұл мәселелерді шешу үшін медициналық көмек беру жүйесінің қағидаларын өзгертуіміз, әлі де мемлекеттің, жұмыс берушілердің және азаматтардың өз денсаулығына қарау жөніндегі жауапкершілігін мен өкілеттігін айқындауымыз керек. Ол үшін денсаулық сақтау саласындағы өткен кездегі болған тәжірибеге көңіл бөлуіміз қажет, тіпті кезінде болған Міндетті түрде медициналық сақтандыру қорын да (алда – Қор делінеді) қайта қарауымыз керек. Бұл Қордың қызметі өз кезінде азаматтарға медициналық көмек көрсетуде оң әсер еткен, сөйтіп аз уақыттың ішінде ақылы медициналық қызмет көрсетуде нарықтық жол ашып берген болатын еді. Алайда бюджеттен жұмыс істемейтін тұрғындады сақтандыруды аз мөлшерде қаржыландыру әсерінен Қор шығындары аса көбейіп кеткен еді. Ал Қор жұмысын уақытылы бақыламағандықтан міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде жемқорлық өрбіп кетіп, ол жабылып қалған болатын.

Медициналық қызмет көрсетуге тұрғындардың қолы жетуінің кепілді болуын және оның сапалы жүруін қамтамасыз ететін денсаулық сақтаудың оңтайлы ұйымдастырушылық құрамдары мен қаржыландыру нұсқаларын құру мақсатына сай қаржыландыруды мынадай үш деңгейде жүргізген дұрыс болар еді. Бірінші, ақысыз медициналық көмек берудің кепілденген көлемін мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру. Екінші деңгейде міндетті медициналық сақтандыру қаржылары жатады, ал үшінші деңгейде ақысыз медициналық көмек берудің кепілденген көлемі мен міндетті медициналық сақтандыру бағдарламасы қарастырмаған қызметтің ерікті медициналық сақтандыру қоры мен ақылы қызмет көрсету қаржылары болмақ.

Денсаулық сақтау саласын қаржыландырудың негізгі бағыттары мыналарды қамтуы қажет:

- азаматтарды медициналық көмек көрсетуді мемлекеттің кепілдеме беруін;

- әлеуметтік жағынан ақысыз медициналық көмек берудің кепілденген көлемі ішіне ең маңызды медициналық көмек шаралары кіруі тиіс;

- тұрғындарға кепілденген медициналық көмек берудің негізгі тұжырымдамасы ол тұрғындарды жаппай қамту, оған қай әлеуметтік ортаның да қолы жетуі және олардың ақысыз болуын.

Сондықтан ақысыз медициналық көмек берудің кепілденген көлемі ішінде тұрғындарға мынадай медициналық көмек үшін қаржылар бөлінуі қажет:

- тұратын жерлерінде алғашқы медициналы-санитарлық көмек беруге;

- жедел, шұғыл және асығыс медициналық қөмек беруге;

- кейбір әлеуметтік-маңызды аурулар түріне;

- өте жоғары мамандардырылған медициналық көмек беретін республикалық медициналық мекемелерге.

Ақысыз медициналық көмек берудің кепілденген көлемі ішінде аталған медициналық қызмет түрлерінің нақтылы тізімдері заң шығару арқылы айқындалуы тиіс.

Зейнеткерлерге, балиқалы жасқа толмағандарға, аяғы ауыр немесе жаңа туған әйелдерге, мүгедектерге, ардагерлерге, жұмыссыздарға (тиесілі тәртіп бойынша тіркелгендерге), мемлекеттік тапсырыс бойынша күндізгі бөлімде оқитын студенттерге және басқа да ақысыз медициналық көмек берудің кепілденген көлеміне кірмеген денсаулық сақтау бағдарламасы бойынша қаржыландыру мемлекеттік бюджет есебінен жүргізген дұрыс болмақ. Әскери, ішкі істер орындарының қызметтегілеріне және соларға теңестірілген тұлғаларға ақысыз медициналық көмек беру арнайы заң шығару арқылы жүзеге асырған дұрыс.

  • Азаматтардың ақысыз медициналық көмек берудің кепілденген көлеміне ие болуы үшін аңғарым жасау және емдеу жолдары, медициналық көмек берудің бірегей тарифтері, медициналық көмектің заң шығару жолдарын бір тәртіпке келтіру ісі қолға алынуы тиіс.

  • Халықтың денсаулығы кай елдің де ең негізгі байлығы, сондықтан денсаулық сақтау саласын қаржыландыру көлемі таяу жылдары бірнеше есе көбейтіліп, әлемдегі ең дамыған АҚШ және Батыс Еуропа елдері деңгейіне жетуіміз қажет.

Әдебиет:

Негізгі:

  1. Решетников А.В., Шаповалова О.А. Здоровье как предмет изучения в социологии медицины: учебное пособие. – М., 2008. – 64 с.

  2. Лисицын Ю.П., Полунина Н.В. Общественное здоровье и здравоохранение: Учебник. – М.: Медицина, 2007 – 416с.

Қосымша

  1. Общественное здоровье и здравоохранение: Учебник для студентов мед.вузов/ Под ред. В.А. Миняева, Н.И. Вишнякова. – 4-е изд. – М.: МЕД пресс-информ, 2006. – 528с.

  2. Сестринское дело. Административно-управленческие дисциплины: Учебное пособие / Под ред. Г.П. Котельникова. – Ростов н/Д:

  3. Артюнина Г.П., Игнатькова С.А. Основы медицинских знаний: Здоровье, болезнь и образ жизни: Учебное пособие для высшей школы. – М.: Академический Проект; Фонд «Мир», 2006. – 560с

  4. Социальная энциклопедия: А.П. Редкая, Г.Н. Горкин, Е.Д. Катульская и др. – М., БРЭ, 2000. – 438 с.

  5. Тель Л.З. Валеология: учение о здоровье, болезни и выздоровлении: В 3т. – М.: Астрель, 2001. – 432с.

  6. Черносвитов Е.В. Социальная медицина: Учеб. Пос. для студ. Вузов. – М.: ВЛАДОС, 2000.

  7. «Старшая медицинская сестра», Журнал, МЦФЭР – Казахстан, Алматы.

  8. Журнал «Главная медицинская сестра», Москва.

  9. Журнал «Сестринское дело». Москва.

  10. Журнал «Медсестра», Москва.

Бақылау сұрақтары

    1. Денсаулық сақтау жоспарының анықтамасы

    2. Денсаулық сақтауды жоспарлаудың принципі.

    3. Денсаулық сақтауды жоспарлаудың әдістері

    4. Денсаулық сақтауды жоспарлаудың бөлімдері

    5. Денсаулық сақтау экономикасы

    6. Денсаулық сақтауды қаржыландыру

3 дәріс

Тақырыбы: Денсаулық сақтауда сараптама және стандарттау.

Мақсаты:Студенттерді денсаулық сақтауда сараптама мен стандарттау саласын ұйымдастыру және өткізумен таныстыру.

Сапаны анықтау әдісі нақтылы жағдайды күткенімен салыстырудан шығады. Денсаулық сақтау да күткен жағдай формалды түрі сапаның базалық (эталонды) көрсеткіш ретінде қаралатын стандарттар болып шығады.

Стандарттар мыналарды анықтауы керек:

• кепілді мемлекеттік ақысыз медициналық көмек көрсетіу бағдарламасының негізін жасайтын міндетті түрде болатын талаптардың ең аз деген сапалылық деңгейін;

• ұсыныс ретінде болатын қосымша талаптарды көрсеттен сапалалық бағытын одан әрі жетілдіру жолдарын.

Стандарттандрудың үш іріленген нысандары мен үш негізгі стандарттар тобын бөліп айтуға болады:

· денсаулық сақтауда ресурстармен қамтамасыз ету стандарттары (түрлі кадрлық, материалды, қаржылық, ақпараттық ресурстарға қойылатын талаптар);

· денсаулық сақтаудағы, әкімшілкті де қоса, үдерістер (технологиялар) стандарттары;

· нәтижелер (тиімділік көрсеткіштері).

Сөйтіп, денсаулық сақтауда сапалылықты басқару жүйесі сапаны үздіксіз жақсарту қағидасына негізделеді:

· адам денсаулығын сақтау мен оны қатайтудың қажеттілігі;

· медициналық көмекке қол жетуді қамтамасыз ету;

· сапаны үздіксіз көтеру жұмысына денсаулық сақтау жүйесіндегі барлық мамандар мен ұйымдардың қатысуы;

· ғылыми зерттеулер қорытындысы негізінде қабылданған клиникалық және басқарушылық шешімдер;

· жекеше бақылаудан технологиялық үдерістерді жетілдіруге, оларды ресурстармен қамтамасыз етуге, қойылған талаптардан ауытқушылықты анықтап, олардың себептерін талдап және оларды алдағы уақытта болдырмауға көшу;

· жұмысты жақсартуда маңызды болатын мәселелерде мамандардың келісімге келуге өзара ұмтылуы;

· мөлшерлейтін құжаттарды жасау, қабылдау және іске енгізудің бірегей тәртібін қабылдап, оларды орындауды бақылау

· заңнаманың, мөлшерлі-құқылық актілердің, халықаралық құқылық құжаттардың сәйкес келуі;

· үдерістер мен алынған нәтижелердің тиімділігін объективті әдістермен бағалауды қамтамасыз ету.

Стратегиялық басқару негіздерінің өзінде оны үздіксіз жетілдіруге ықпал ететін шараларды жасау және өны іске енгізу қарастырылған.

Денсаулық сақтауда сапалылықты үздіксіз көтерудің маңызды бағыты болып сапалы медициналық көмек берудің ұйымдас-тырушылық технологиясын жасау болмақ. Олардың ішіне мыналар кіреді

· денсаулық сақтауда сапалалықты басқарудың әдістік көзқарастары мен технологияларын жасау;

· денсаулық сақтауда сапалалықты басқару жүйесінің ұйымдастырушылық құрылымдарын жетілдіру;

· медициналық көмек берудің сапалылығын басқаруда ақпараттық жүйемен қамсыздандыруды жасау.

Сапалылықты басқару жүйесі жұмыс тұрғысынан қарағанда әр қайсысына сараптамалы-бақылау кезеңді, сапаны қамтамасыз ететін шараларды жасауды және оны іске асыру кезеңін білдіретін үздіксіз циклдік үдеріс болып саналады.

Денсаулық сақтауда сапалалықты басқару жүйесі әр-бір медициналық мекемде, әр-бір медициналық қызметкер деңгейінде қызмет атқарады. Әр деңгейде басқару циклінің үш кезеңін қамтитын сапалылықты басқарудың басымды мәселелері тағайындалады, сапалылықты тамтамасыз ететін міндеттер мен технологиялар сипатталынады. Нақтылы міндеттерді шешу үшін стандарттар жасалынады, сондықтан басқарудың барлық деңгейінде мынадай мәселелерді шешешетін құрылымдық жұмыстар ұйымдастырылады:

- денсаулық сақтауда сапалылық көрсеткіштері сараптау;

- денсаулық сақтауда сапалылықты көтеруге бағытталған ісшаралар жасау;

- сапалылыққа бөгет болатын себептерді жоятын жедел шаралар қабылдау;

- сапалалықты басқару бағдарламасын іске асыруды бақалу.

Әдебиет:

Негізгі:

  1. Решетников А.В., Шаповалова О.А. Здоровье как предмет изучения в социологии медицины: учебное пособие. – М., 2008. – 64 с.

  2. Лисицын Ю.П., Полунина Н.В. Общественное здоровье и здравоохранение: Учебник. – М.: Медицина, 2007 – 416с.

Қосымша

  1. Общественное здоровье и здравоохранение: Учебник для студентов мед.вузов/ Под ред. В.А. Миняева, Н.И. Вишнякова. – 4-е изд. – М.: МЕД пресс-информ, 2006. – 528с.

  2. Сестринское дело. Административно-управленческие дисциплины: Учебное пособие / Под ред. Г.П. Котельникова. – Ростов н/Д:

  3. Артюнина Г.П., Игнатькова С.А. Основы медицинских знаний: Здоровье, болезнь и образ жизни: Учебное пособие для высшей школы. – М.: Академический Проект; Фонд «Мир», 2006. – 560с

  4. Социальная энциклопедия: А.П. Редкая, Г.Н. Горкин, Е.Д. Катульская и др. – М., БРЭ, 2000. – 438 с.

  5. Тель Л.З. Валеология: учение о здоровье, болезни и выздоровлении: В 3т. – М.: Астрель, 2001. – 432с.

  6. Черносвитов Е.В. Социальная медицина: Учеб. Пос. для студ. Вузов. – М.: ВЛАДОС, 2000.

  7. «Старшая медицинская сестра», Журнал, МЦФЭР – Казахстан, Алматы.

  8. Журнал «Главная медицинская сестра», Москва.

  9. Журнал «Сестринское дело». Москва.

  10. Журнал «Медсестра», Москва.

Бақылау сұрақтары:

  1. Медициналық қызметтің сапасына сараптама түсінігі.

  2. Медициналық қызметтің сапасы сараптамасына кіретіндер (тізімі).

  3. Сараптамаға қандай жағдайлар жатады?

  4. Медицинада стандарттаудың анықтамасы.

  5. Стандарттауды қамтамасыз етуге не мүмкіндік береді?

  6. Стандарттау қандай функцияны орындау керек?

  7. Денсаулық сақтауда стандарттаудың мақсаты, тапсырмалары және қағидалары.

  8. Денсаулық сақтауда стандарттаудың негізгі қағидалары.

  9. Денсаулық сақтауда стандарттаудың жүйенің ұйымдастырылуы.

Денсаулық сақтауда стандарттаудың негізі нысандарын тізімдеу

4 дәріс

Тақырыбы: Медициналық көмектің сапасын басқару.

Мақсаты:Студенттерді медициналық көмектің сапасын басқару әдістерімен таныстыру.

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық көмек көрсету сапасын басқару жүйесін жетілдіру бойынша ережелері 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ережелер Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау субъектілерінде медициналық көмектің сапасын басқару іс-шар аларын ұйымдастыру тәртібін анықтайды.       2. Медициналық көмектің сапасын басқару мақсаты - пациенттердің қажетті көлемде уақтылы, сапалы және қауіпсіз медициналық көмек алу құқығын қамтамасыз ету болып табылады.       3. Медициналық көмектің сапасын басқару денсаулық сақтау ұйымы (бұдан әрі - ұйым) қызмет нәтижелерін жақсартуға бағытталған шараларды әзірлеу арқылы өз жүйелерін, процедуралары мен жұмыстарын, олардың сәйкестілігін және тиімділігін бағалауды талдау арқылы қамтамасыз етіледі.       4. Медициналық көмектің сапасын басқару жөніндегі іс-шараларды қызметкерлер, бөлімше жетекшілері, әкімшілік, аурухана ішіндегі комиссиялар, сондай-ақ медициналық көмектің сапасын басқару бойынша арнайы құрылған қызмет жүзеге асырады.       5. Денсаулық сақтау басқармасының жергілікті органдарының штаттан тыс бас мамандары олардың қызмет саласына сәйкес медициналық көмектің сапасын басқару іс-шараларын ұйымдастыруда және оны қамтамасыз етудің механизмдерін жетілдіру бойынша қажетті әдістемелік көмек көрсетеді.       6. Осы ережелерде келесі анықтамалар қолданылды:       1) медициналық көмектің сапасын басқару – денсаулық сақтау ұйымы деңгейінде жоспарлауды, ұйымдастыруды, ынталандыру, өз жұмысына ішкі аудит өткізуді, басқа да медициналық көмектің сапасын қамтитын және өз жұмысындағы кемшіліктерді жоюға бағытталған шараларды қосатын жүйелі, тәуелсіз, үзбей, өзара байланыс әрекеттердің құжатталған процес;       2) медициналық көмектің сапасын басқару қызметі - қызметкерлер арасынан алынған денсаулық сақтау ұйымы деңгейінде медициналық көмектің сапасын басқару қызметін атқаратын және сәйкес өкілетік берілген қызмет;       3) қуаты аз мемлекеттік медициналық ұйымдар – жанұялық-дәрігерлік амбулаториялар, ауылдық учаскелік ауруханалар, 100 орыннан аз төсекті стационарлар;       4) аурухана ішіндегі комиссиялар – медициналық ұйым аясында медициналық қызметтің түрлі бағыттары бойынша құрылатын комиссиялар;       5) қызметкер – медициналық ұйымның қызметшісі.