- •Студенттің оқу - әдістемелік жиынтығы
- •Силлабус
- •1. Мейірбике ісі кафедрасының оқытушылары туралы жалпы ақпарттар:
- •2. Бағдарлама
- •Пәннің қысқаша мазмұны
- •Дәрістік сабақтардың тақырыптық жоспары
- •Тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары
- •Соөж тақырыптық жоспары
- •Сөж тақырыптық жоспары
- •Оқыту және сабақ беру әдістері:
- •Білімді бағалаудың критерийлері мен ережелері
- •Ұсынылған әдебиеттер тізімі
- •Білімді бағалаудың критерийлері мен ережелері
- •Бақылау түріне байланысты рейтингтік баллдарды үлестіру
- •Сөж тапсырмаларын бағалау.
- •Оқушының білімін бағалау критерилері
- •Студент білімін бағалау
2. Бағдарлама
Кіріспе
Қазіргі кезде Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесі үшін көрсетілетін медициналық қызметтердің тиімділігін көтеру мәселесі өзекті болып табылады. Сондықтан, денсаулық сақтау саласындағы бюджеттік политика ҚР барлық халығына сапалы медициналық қызметті қамтамасыз етуді өз ішіне алады.
Макроэкономикалық тұрақсыздық шарттарына байланысты әлемдік қаржылық дағдарыстың алдын – алу және ары қарай мемлекеттің стратегиялық курсының даму мақсатында, Үкімет тарапынан негізгі дағдарысқа қарсы іс-шараларының бірі болып бюджеттің барлық шығын мақалалары бойынша экономия және жергілікті, республикалық бюджеттің шығындарын оптимизациялауға және бюджеттік қаржыны қолдану бойынша мониторингті жүзеге асыруға арналған қаржылық тәртіпті ұстану көрсетілген.
Қазақстанның заманауи денсаулық сақтау жүйесі басқарудың жаңа түрлері мен әдістерін, адекватты нарықтық әлеуметтік - экономикалық құрылымдарды белсенді түрде қолданатын, Қазақстандағы нарықты қатынастардың қалыптасуы барысындағы адам денсаулығын және оның қоғамда жалпы өмір сүре алу ыңғайлылығын анықтай алатын фактор ретінде, медико-әлеуметтік сақтандырудың базистік бағдарламасын қалыптастырумен сипатталған жаңа жүйеге трансформация үстінде тұр.
Пәнді оқу мақсаты болып, студенттерде экономикалық ойлау және медицинада кәсіпкерлік қарым-қатынастарды қалыптастыру және дамыту болып табылады. Осы әрекеттерді жүзеге асыруға экономиканың теориялық жағдайларын, денсаулық сақтауды қаржыландырудың негізгі үлгілері мен көздерін білу мүмкіндік береді.
Пәннің мақсаттары:
Экономикалық және қаржылық біліктіліктің негіздерін, медициналық қызметкердің экономикалық қарым-қатынастар шарттарында ақпараттық қызмет дағдыларын және науқастардың қоғамның жаңа әлеуметтік-экономикалық қарым-қатынастарға ауысу шарттарында денсаулық сақтаудағы медициналық қызмет түсініктері мен қаржыландыру түрлерін қалыптастыру.
Пәннің тапсырмалары:
денсаулық сақтау экономикасының негіздері туралы білімді қалыптастыру;
денсаулық сақтау жүйесін қаржыландырудың заманауи негізгі үлгілері және көздерімен таныстыру;
медициналық мекемелердегі нақты бір жағдайда экономикалық шешім қабылдау алуды үйрету;
медициналық ұйымдардың қаржылық талдауының негізгі түрлерін оқыту.
Оқытудың соңғы нәтижесі:
Студент білуі керек:
ҚР-ның ЕПМ-нің экономикалық және қаржылық қызметін басқаратын, нормативті-құқықтық актілерін;
ҚР Конституция негіздерін, ҚР және халықаралық қатынастардағы шаруашылық үрдістерді басқаратын заңды қағидаларды;
Денсаулық сақтау жүйесінің қоғамның экономикалық жүйесіндегі орны;
Халыққа емдік - профилактикалық көмек көрсетудің негізгі экономикалық көрсеткіштерін есептей алуды;
Медициналық көмекті көрсетудің альтернативті түрлерінің экономикалық бағалау әдістерін;
Экономика мен қаржы терминдерімен негізгі түсініктері;
Денсаулық сақтаудың әлеуметтік-экономикалық шарттарындағы денсаулық сақтау нарығын анықтау;
Студент істей алуы керек:
Халыққа емдік – профилактикалық көмек көрсетудің негізгі экономикалық көрсеткіштерін есептей алу;
Ситуациялық тапсырмалар мысалында медициналық қызметтер нарығын талдау;
Маркетингтік жиынтық жоспарының құрылымын ұсыну.
Пәннің пререквизиттері: экономикалық теория негіздері, құқық негіздері, политология, мейірбике ісі негіздері, денсаулық жағдайын бағалау, денсаулық сақтаудағы әлеуметтік жұмыс негіздері, МІ-дегі менеджмент, дәлелдеуші медицна негіздері.
Пәннің постреквизиттері: МІ заманауи ұйымдастырылуы, денсаулық сақтаудағы маркетинг, өндірістік тәжірибе «Мейірбике ісі бакалавр»
