Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КРО шпор.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
226.88 Кб
Скачать

40. І. Жансүгіровтың өмірі мен шығармашылығын оқыту. 11 сынып.

Сабақтың тақырыбы: Ілияс Жансүгіров.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Ілияс Жансүгіров өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтерін толықтыру, қосымша жаңа мәліметтер беру.

2.Дамытушылық:оқушылардың білімдерін қолдана білуге дағдыландыру,ауызекі сөйлесу қабілеттерін дамыту.

3.Тәрбиелік: отанымызға,туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін арттыру-ұлы адамдарды құрметтеуге халықтың өткені мен бүгінгісін танып,білуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жазба жұмысы,білімдерін жинақтау, жүйелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап,әңгімеклеу,қазақьтың әдеби тілінің гормасына сай

сөйлей білуге үйрету

Сабақтың көрнекілігі: Ілияс Жансүгіровтың суреті, кітап көрмесі

Пәнаралық байланыс: ҚР тарихы,қазақ тілі. орыс әдебиеті.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі: амандасу,кезекшілермен сұхбатттасу,тіл дамыту жұмыстар (бір шағын тақырып бойынша әңгімелесу)

2. Үй тапсырмасын тексеру: «Шұғаның белгісі» повестін мазмұнын айту.

3. Жаңа сабақ.

I.Ой қозғау – побуждение

Мұғалім тақтадағы Ілияс туралы сөздерге назар аударады:

«Мен Ілиястың шын ақындығына ден қойдым» М.Әуезов

«Ілияс Жансүгіров – қазақ әдебиетінің көгіндегі аз ғана жарық жұлдыздардың бірі»

Ә.Тәжібаев

«Ілияс Жансүгіров қазақ әдебиетінің шаң жұқпас жүйрігі, жыр Құлагері, поэзиямыздың бар саласына үлес қосып, поэма жанрын қол жетпес биікке көтеріп, күні бүгінге дейін үлгі шашып, дәстүр жасаған қайраткерлігін бірінші орынға қойған абзал. Ілияс Жансүгіров ең алдымен қазақ поэзиясындағы ұлы таулардың бірі, жыр Құлагері».

Т.Кәкішев

-Міне, балалар, қазақ поэзиясының зерттеушілері Ілияс Жансүгіровке осылай деп баға берген екен.

II. Жаңа тақырыптың мағнасын ашу – осмысление

«Құлагер» поэмадан үзіндіні мәнерлеп оқу.

Сұрақтармен жұмыс:

1. 1 топ оқушылары3-5 сұрқтартар бойынша жұмыс.

2. 2 топ оқушылары6,7,10 сұрқтартар бойынша жұмыс.

3. 3 топ оқушылары – 2 сұрақ бойынша жұмыс.

III. Ой түйіні, пікір алысу – рефлексия.

Әр топтан 1-2 оқушы ортаға шығып өз ойларын айтады,немесе дәптерге жазғаннын оқып береді.

Бағалау.

Үйге тапсырма: «Құлагер трагедиясы – Ақан трагедиясы» атты шағын эссе жазу.

34. 10 Сыныпта ы. Алтынсарин өмірі мен шығармашылығын оқыту.

Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин өмірі мен шығармашылығы Сабақтың мақсаты: Ыбырайдың өмірі мен шығармашылық қызметі туралы баяндай отырып, қазақ әдебиетінің жанрды қалыптастырушысы болғанын айту. Сабақтың міндеттері: 1. Ыбырай әңгңмелерін оқушыларға қысқаша мазмұндата отырып, аз суретпен көп мағына аңғартатындығын әрі олардың шынайы өмірден алынғандығы - нына назар аударту. 2. Оқушының ой еркіндігін эстетикалықсезімін ояту, әңгімелердегі көркем сөз айшықтарын ұғындыру, қысқаша мазмұндату арқылы тіл дамыту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. 3. Оқушыларды Ыбырай әңгімелеріндегі кейіпкерлердің жақсы мінез - құлық, орынды іс - әрекеттерән талдау арқылы адамгершілікке, адалдыққа, мейірімділікке қамқорлық жасауға баулу. Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту Сабақтың типі: білік пен дағдыны қалыптастыру Сабақтың көрнекілігі: Ыбырай суреті, кітаптары, слайд Сабақтың әдістері: СТО стратегиялары Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру ІІ. Үй тапсырмасын сұрау 1. Шоқанның білім алған ортасы, араласып өскен ортасы туралы әңгімеле. 2. Аз ғұмырында көп іс тындырған Шоқан өмрінен қандай ғибырат аласың? 3. Шоқан зерттеулері туралы не білесің? ІІІ. Жаңа сабақ І. а)"Ыбырай Алтынсарин қазақ арасына әуелі Еуропаның білім - ғылымының көзін ашқан бір аяулы жан болды." (М. Әуезов) ә) БҮҮ стратегиясы бойынша Ыбырай туралы не білетіні, білгісі келетіні б) Хронологиялық таблица арқылы өмір жолына шолу Жылдар 1889ж. Қостанай облысы, Затабас ауданында дүниеге келді. Орынборда ашылған орыс - қазақ мектебінде оқыды. Мектепті үздік бітіріп шығады. Орынбор шекара қызметіне тілмаш болып барады. Осы жерде шығысты зерттеуші ғалым Григорьевпен танысады Троицк, Торғай, Ырғыз, Қазалы қалаларында қазақ мектебі ашылады. Торғай метебіне мұғалім болып барады. Торғайда қазақ балаларына мектеп ашады. 14 бала қабылданады. Қазақ балаларына"Қазақ хрестоматиясы"оқулығын жазуға кіріседі. Орынборда басылады. Орск қаласында тұңғыш мұғалімдер мектебін ашады. Торғайда қолөнер мектебі ашылады. Бұл техникалық білім беретін тұңғыш оқу орны болды. Ырғызда қыздар мектебін ашады. Ыбырай сол кездегі Орынбор, Қазан қалаларындағы шығыстану ғылымымен шұғылданушы В. В. Григорьев, Н. И. Ильминский, В. В. Каторинский, Я. П. Яковлев, А. АМазохинмен тығыз қарым - қатынаста болып, оқу ағарту мәелері жөнінде көп көмек алады. 48жасында дүние салады. в) Ыбырай - аудармашы Ыбырай - қазақ әдебиетіндегі тұңғыш аудармашы. Ол аудармаға үлкен ұқыптылықпен қараған. Толстойдан" Жақсылыққа жамандық","Жаман жолдас","Үш ұры", Крыловтан" Қайырымды түлкі", Пауьсоннан "Әдеп","Тәкаппарлық"," Алтын шеттеуік"," Бір уыс мақта", Ушинскиден "Түлкі мен ешкі"," Сауысқан мен ешкі"," Сауысқан мен қарға"т. б ІІ. Ыбырай әңгімелерін оқулықтан оқып, талдау, топтастыру. ІІІ". Екі жақты күнделік"стратегиясы Оқушыларға" Бақша ағаштары","Әке мен бала"әңгімелерінен ең маңызды сөйлемді тауып, өз көзқарасын жеткізу. Абзацтан үзінді Неге таңдадыңыз? Ой толғаныс ІҮ. Блумның сұрақ қою әдісі бойынша топтар бір - біріне сұрақ қойады. 1. Ы. Алтынсариннің «Таза бұлақ»әңгімесіндегі үш жолаушының пікірінің қайсысы дұрыс деп ойлайсың? 2. Ыбырай әңгімелеріндегі мақал - мәтелдерді тауып айт. 3. Егер сен жазушы болсаң, қандай тақырыпты әңгімелер жазар едің? Ү. «Ортада қаламсап»стратегиясы Ыбырай әңгімелерін оқи отырып, бойымызға қандай асыл қасиеттерді жинақтадық, нені ұқтық? Ыбырай әңгімелері арқылы(топтастырады) Тәрбиелі болуға, мейірімді болуға, тазалыққа, шыдамдылықты, әділдікті, білімді болуға, ұқыптылықты Ү. Сауалнама жұмысы ҮІ. Қорытынды ҮІІ. Үйге тапсырма: Даланың дара ұстазы ҮІІІ. Бағалау

28. 11- сыныпта Мағжан Жұмабаевтың өмірін оқыту.

Сабақтың тақырыбы:

Мағжан Жұмабаев өмір жолы, шығармашылығы.

«Жазғы таң», «Толқын», «Туған жер», «Сен сұлу»,«Шолпы», «Мені де өлім, əлдиле» өлеңдері

Жалпы мақсат:

Мағжан Жұмабаев «Жазғы таң», «Толқын», «Туған жер», «Сен сұлу», «Шолпы», «Мені де өлім, әлдиле» өлеңдеріндегі азаматтық рух, ағартушылық-демократтық сарынды өлеңдерін талдату арқылы түсінуіне мүмкіндік беру.

Мағжанның табиғат, махаббат лирикасын өлеңдерін тыңдау, талдау арқылы білу. Өлеңдеріндегі бейнелілік,суреттілікпен метафоралыққолданыстарды табуға үйрету.    

Сілтеме:

1.МАН

2.11-сыныпқа арналған әдебиет оқулығы. Авторлары:Р.Құтқожина, Қ.Бітібаева, Е.Арын Алматы «Атамұра», 2015ж.

3.Ғаламтор сайттарынан ақпараттар

Күтілетін нәтиже:

Ақынның «Жазғы таң», «Толқын», «Туған жер», «Сен сұлу», «Шолпы», «Мені де өлім, әлдиле» өлеңдерін талдау арқылы азаматтық рух, ағартушылық-демократтық сарынды түсінеді.

Табиғат, махаббат лирикасын өлеңдерін тыңдау, талдау арқылы біледі.

Поэзиясындағы бейнелілік, суреттілік пен метафоралық қолданыстарды табуға үйренеді.    

Негізгі идеялар:

Ақын шыққан аса биік тұғырдың бір - табиғат лирикасы. Европалық және орыс лирикасындағы бай эстетикалық тәжірибелер мені зденістерді ұлттық топыраққа батыл енгізеді. Эпикалық жанрда поэманың ықшам формаларын қалыптастырады.

Әдебиет теориясы: лирика жанры.     

Өзіндік ізденіс жұмыстары: Қасым Аманжолов өлеңдерімен салыстыра талдау.

Сабақта қолданылатын материалдар:

1.Постер, маркер

2. Электронды әдебиеттер

Оқыту әдістері:

Оқытудағы жаңа әдістер:АКТ,СТО,ОүБ,

1.Диалогтік оқыту 2.Жеке жұмыс

3.Топтық жұмыс

Дереккөздер:

«Мәссаған» сайты

Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І.Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

«Сен сұлу» әнін тыңдатып, ән тармақтар б/ша бойынша топқа бөлу.

Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін белгілеу.

Топқа бөлінеді, көңіл-күйлері жақсарады.

Қызығушылықты ояту

Ой шақыру үшін берілген тапсырма.

«Қазақ» өлеңіне топтастыру. Өлеңдерін тыңдату.

1913 жылы М.Дулатовтан сабақ алып, семинарияға оқуға түседі.

Ж.Аймауытов «Мағжанның ақындығы туралы» зерттеу еңбегі.

1923 жылы Ташкент «Мағжан өлеңдері» атты жинақ.

Берілген тапсырманы оқушылар сынып болып орындайды.

ІІ.Мағынаны тану

Тапсырмалар: 1-топ. «Көкшетау» топтамасы.

/Табиғат лирикасын талдау. Абай дәстүріндегі жыл маусымдары. Постер қорғау/

2-топ. Ғашықтық жырлар. / «Сүй, жан сәулем», «Сен сұлу» өлеңдерін талдау/ 3-топ. Поэмаларындағы көркемдік жаңалықтар

/Презентацияжасау. аңыздар мен

шығыстық сарындар/

Өлеңдеріне сатылай кешенді талдау жасау.

Сәйкесінше, мәтінді оқу, топта әңгімелеу.

Топтық жұмысты ортада қорғайды.

III Ой толғаныс

Табиғат көріністерін берудегі ерекшелігін қалай байқадың? Қасым Аманжоловтың «Дауыл» өлеңімен салыстыру.

Тапсырманы жеке орындайды.

Үйге тапсырма

Ақынның бірнеше өлеңін жаттау.

Үй тапсырмасын білу, түртіп алу.

Бағалау

Топтық бағалау, жинақтық баға.

Өз бағасын еркін көрсету.