- •5. Асан Қайғы Сәбитұлының шығармашылығындағы дала образы, халық тағдыры, ел болашағы мәселелері.
- •8. Абай поэзиясындағы оқу білім өнер тақырыбы
- •13. Абайдың табиғат лирикасы
- •19. Абайдың көркем аудармаларының (Крылов, Пушкин, Лермонтов) поэтикалық ерекшеліктері
- •22. Абай өлеңдеріндегі сатира және юмор
- •25. Абайдың ақын, поэзия және өнер туралы өлеңдері
- •32. Абай лирикасындағы махаббат, сүйіспеншілік тақырыбы
- •44. Абай қарасөздеріндегі тақырып, мазмұн және түр ерекшеліктері.
- •Абай бейнесі
- •76. Абылай хан және оның батырлары туралы тарихи жырлар мен аңыздар поэтикасы.
- •12. Әдебиетті оқытудағы эвристикалық әдіс.
- •15. Әдебиет сабағында мәнерлеп оқу және оның әдістемесі
- •18. Әдебиетті жаңа технологиямен оқытудың ерекщеліктері.
- •29. Әдебиеттің тектері мен жанрлық түрлері
- •48. Ә.Тәжібаевтың поэзиясы: өлеңдері мен поэмалары
- •52. Әдебиет сабақтарының түрлері.
- •63. Ә.Нұрпейісовтің «Қан мен тер» роман – трилогиясының поэтикалық ерекшеліктері.
- •67. Әдеби кейіпкерге салыстырмалы мінездеме берудің жолдарын оқыту әдістері.
- •79. Әдебиеттану ғылымының негізгі және жанама салалары.
- •23. Б.Майлиннің «Сексен сом», «Талақ», «Арыстанбай» әңгімелеріндегі тақырып, идея, көркемдік шешім мәселелері.
- •43. Б. Майлиннің өмірі мен шығармашылығын оқыту.
- •20. Ғ.Мүсірепов «Қазақ солдаты» романы: тарихи шындық және кейіпкерді мінездеу
- •33. Ғ.Мүсірепов көркем әңгіме жанрының шебері.
- •36. Ғ.Мүсіреповтің «Оянған өлке», «Жат қолында» роман – дилогиясының тарихилығы.
- •72. Дулат Бабатайұлы өлеңдеріндегі заман шындығы мәселелері.
- •11. Ж.Аймауытов прозасындағы психологизм («Ақбілек» романы бойынша).
- •30. Жансүгіров эпик ақын. «Күйші» «Күй» «Құлагер» поэмаларына тән эпикалық, көркемдік ерекшелік.
- •35. Жамбыл өлеңдеріндегі халық тарихының шындығы
- •16. Көркем шығармадағы образ және тип
- •64. Көркем шығарманың тіл ерекшелігін мәтіндік талдаулар арқылы оқыту.
- •82. Көркем әдебиеттегі мазмұн мен пішін.
- •88. Көркем әдебиттегі натурализм, модернизм, постмодернизм.
- •51. Қорқыт ата – тарихи тұлға, күйші – сазгер, жырау.
- •58. Қазіргі кезеңдегі қазақ поэзиясын оқытудың ерекшеліктері, (с.Мәуленов, х.Ерғалиев, т.Молдағалиев, ф.Оңғарсынова) шығармалары бойынша.
- •59. Қазақ ертегілеріндегі қырық өтірік және тазша бала хикаялары.
- •60. Қазақ әдеби сыны қалыптасуы мен дамуының тарихи кезеңдері
- •73. Қазіргі кездегі қазақ поэзиясын (м.Шаханов, н.Оразалин, т.Медетбек, и.Оразбаев, м.Айтқожина, тб) оқытудың ерекшеліктері.
- •2. Ауыспалы стендтер:
- •Iy. Дидактикалық материалдар жүйесі:
- •87. Қазақ әдебиетін оқытудың қазіргі кезеңдегі бағыттары.
- •4. Лиро – эпостық жырлардың жанрлық сипаты
- •Махамбет Өтемісұлы шығармаларындағы реалистік – романтикалық сарын
- •10. Мұрат Мөңкеұлы жырларындағы зар заман сарыны. «Үш қиян» толғау – дастаны
- •17. М.Әуезов «Қорғансыздың күні»
- •57. М.Әуезовтің драмалық шығармалары. «Хан Кене» пьесасын талдау.
- •62. М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» дастаны.
- •66. М.Сералиннің өлеңдері мен мақалалары, «Айқап» журналын шығарудағы еңбегі.
- •69. М.Әуезовтің «Көксерек» повесіндегі тіршілік философиясының болмысы.
- •75. М.Мақатаев поэзиясындағы азаматтық – отаншылдық сарынды өлеңдері.
- •86. М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романындағы образдар жүйесі.
- •70. Прозалық шығармаларды оқыту жолдары мен әдістері.
- •9. Репродуктивтік әдіс. Әдебиет үйірмесі.
- •7. С.Сейфуллин – әдебиеттанушы ғалым
- •27. С.Торайғыровтың «Кедей», «Адасқан өмір» поэмалары.
- •45. С.Мұқановтың «Өмір мектебі» роман – трилогиясындағы тарихи кезең шындығы
- •46. С. Сейфуллиннің Көкшетау поэмасын оқыту
- •47. Сүйінбай Аронұлы шығармашылығындағы заман шындығы.
- •65.Сюжет пен композиция.
- •77. С.Торайғыровтың «Кім жазықты?» романының жанрлық ерекшелігі.
- •80. С.Көбеевтің «Қалың мал» романындағы басты кейіпкерлерді даралай мінездеу ерекшеліктері.
- •83. С.Торайғыровтың лирикалық өлеңдеріндегі тақырып, идея көркемдік тұтастығы.
- •55. Тіл дамытуға жүргізілетін жұмыстар, түрлері.
- •14. Шортанбай Қанайұлы шығармашылығындағы заман шындығы. Зар заман толғауы
- •41. Ш. Уәлиханов фальклор мен әдебиет зерттеушісі.
- •53. Шәкәрімнің лирикалық өлеңдеріндегі тақырып, идея, көркемдік.
- •68. Шәкәрім аудармаларының көркемдік ерекшеліктері. «Дубровский әңгімесі».
- •71. Шәкәрімнің прозалық шығармалары. «Әділ – Мария» романы.
- •81. Шолу тақырыбын оқытудың ерекшеліктері.
- •26. Ы. Алтынсариннің еңбек тақырыбындағы әңгімелері
- •38. Ы. Алтынсарин әңгімелеріндегі адамгершілік, еңбек тәрбиесі, мәселелері. (26 сұрақ)
- •50. Ы.Алиынсарин – педагог ағартушы. «Киригизская хрестоматия» оқу құралына сипаттама.
- •56. Ы.Алтынсариннің оқу – ағартуға, табиғатқа арналған өлеңдерінің көркемдік мәні.
- •39. І.Есенберлиннің «Көшпенділер» роман – трилогиясы: ел тарихы және көркем шындық.
- •Көшпенділер 1 - Алмас Қылыш
- •Көшпенділер 2 - Жанталас
- •40. І. Жансүгіровтың өмірі мен шығармашылығын оқыту. 11 сынып.
- •3. Жаңа сабақ.
- •I.Ой қозғау – побуждение
- •II. Жаңа тақырыптың мағнасын ашу – осмысление
- •III. Ой түйіні, пікір алысу – рефлексия.
- •34. 10 Сыныпта ы. Алтынсарин өмірі мен шығармашылығын оқыту.
59. Қазақ ертегілеріндегі қырық өтірік және тазша бала хикаялары.
Қырық Өтірік–қазақтың тұрмыс-салт ертегісі. “ ҚЫРЫҚ ӨТІРІК” ертегісінің ұқсас нұсқалары қарақалпақ, татар, өзбек, түрікмен, хакас және бурят халықтарының фольклорында кездеседі. Ертегінің негізгі сюжеті тазша баланың немесе тапқыр жігіттің қырық ауыз өтірікті табанда құрастырып, ханның қызына үйленуі туралы оқиғаға құрылған. Ертегінің әңгіме түрінде және өлеңмен жазылған нұсқалары бар. “ ҚЫРЫҚ ӨТІРІК ” қазақ ауыз әдебиетінде “Тазшаның қырық өтірігі”, “Тазша бала әңгімесі” деп те аталады. Тазша Бала - қазақтың күлдіргі тұрмыс-салт ертегілеріндегі басты кейіпкер. Бұған ұқсас нұсқалар өзбек, татар, қарақалпақ. түрікмен, хақас, бурят, моңғол халықтарының ауыз әдебиетінде де кездеседі. Қазақта тағыда басқа туралы ауыз әдебиетінде "Қу тазша", "Ақылды тазша", "Айлалы тазша", "Тазшаның қырық ауыз өтірігі", "Хан қызы мен Тазша", тағыда басқа ертегілер бар. Бұлар тағыда басқа халық арасынан шыққан ақылды, алғыр, айлалы, тапқыр, өжет жігіт ретінде суреттеледі.
Өзінің ақыл-парасаты, тапқырлығы арқасында талай қиын-қыстау жағдайдан, ауыр халден аман-есен құтылып кетеді, неше түрлі сыннан мүдірмей өтіп, жеңіп шығады. Өзі сіңірі шыққан кедей болса да уәзір, жендеттермен айқаска түсіп, оларды халық алдында күлкі, мазақ етеді. Әділетсіздікке, кертартпа әдет-ғұрыпқа, зұлымдыкқа қарсы тұрып, күншілдік, қызғаншактық, сараңдық сияқты мінездерді аяусыз әжуалайды. Сөйтіп тағыда басқа халық даналығы мен шешендігін бойына жиған типтік кейіпкер болып табылады. Б.Майлиннщ "Өтірікке бәйге" ертегісі (1922), ақындардың өтірік айтыстары тағыда басқа жайындағы ертегілердің әсерінен туған.
60. Қазақ әдеби сыны қалыптасуы мен дамуының тарихи кезеңдері
Ұлттық әдеби сынның өзіндік бағыты, бастау-арналары бар. Кешеден бүгінге жеткен тарихы мен тағылымы да мол. Әдеби сынның арғы-бергі кезеңдерін, қалыптасуы мен даму бағыттарын әдебиеттанушы-ғалым, профессор Т.Кәкішев төмендегіше атап көрсетеді: «Қазақ әдебиеті сыны мен ғылымының тарихи белестерінен үш кезеңді анық байқаймыз. Бірінші кезең – қазақ әдебиет сынының туу дәуірі. Қазақ әдебиеті сынының туу процесі Қазан төңкерісіне дейін созылған. Екінші кезең – қазақ әдебиет сынының жанр ретінде қалыптасу және әдебиеттану ғылымының туу дәуірі. Бұл процесс 1917-1937 жылдардың арасын қамтыды. Үшінші кезең – қазақ әдебиет сынының өсіп-өркендеу және қалыптасу дәуірі – 1938-1985 жылдар аралығы. Ә. с. көркем шығармашылыққа дер кезінде үн қосып, сыр-сипатын айқындайды, баға беріп, пікір білдіреді. Ә. с-ның тарихы ертеден басталады. Қазақ ауыз әдебиетінің көркемдік, идеялық сапалары аса жоғары классик. үлгілерін парықтауда Ә. с-ның рөлі зор болды. Ол жазба әдебиетінің, ғылымның дамуымен бірге өрбіп отырады. Отырарлық ғұлама Әбу Наср әл-Фарабидің, Махмұт Қашқаридың, Жүсіп Баласұғынның сөз өнері жайлы жазған пікірлері, Ш. Уәлихановтың, Ы. ААлтынсариннің, А. Құнанбаевтың әдебиетке қатысты айтқан ойлары қазіргі қазақ әдеби сынының бастау алар қайнар көзі деуге болады. 19 ғ-дың 2-жартысында “Түркістан уалаяты”, “Дала уалаяты” газеттерінің бетінде әдебиетке қатысты материалдардың жиі көрінуі. Ә. с. тарихындағы жаңа кезеңнің басы болды. “Айқап” журналы мен “Қазақ” газеті беттерінде жаңа кітаптардың шығуы туралы хабарлардан бастап, жекелеген жазушыларға арналған ғұмырнамалық мақалалар, әдеби шолулар, түрлі тақырыптағы мақалалар көптеп көріне бастады. Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, С. Торайғыров т.б. қазақ әдебиеті жайлы құнарлы пікірлер айтты. 20 ғ-дың 20-жылдары қазақ әдебиеті жаңа дәуірде қандай бағытта дамуы керектігі, көрнекті әдебиет қайраткерлері жайлы қызу пікір алысулар болды. Әсіресе Абай, Мағжан шығармашылықтары жайлы айтыстар 20 ж-дардағы әдеби сынның орталық мәселелеріне айналды. Байтұрсыновтың “Әдебиет танытқышы” (1927), Х. Досмұхаметовтің “Қазақ халық әдебиеті” (1928), Ғ. Тоғжановтың “Мағжанның ақындығы мен Жүсіпбектің сыны” (1926), “Әдебиет және сын мәселелері” (1929) сияқты еңбектер қазақ Ә.с-ның жаңа биіктерге бет алғанын байқатты. Ұлттық әдебиетіміздің түрлі мәселелері жайлы С. Сейфуллин, М. Әуезов, С. Мұқанов, Қ. Жансүгіров, Ғ. Мүсірепов, Ғ. Тоғжанов, Н. Төреқұлұлы, С. Қожанов, Ы. Мұстанбаев, Досмұхамедов, С. Сәдуақасов, Қ. Кемеңгеров, Ә. Бәйділдин, Х. Жүсіпбеков, Е. Бекенов, Ш. Тоқжігітов, Б. Кенжебаев т.б. өз ойларын ортаға салып, әдеби өмірде белсенділік танытты. Ә. с-ның аннотация, рецензия, мақала, айтыс мақала, шолу, шығармашылық портрет сияқты түрлері баспасөз бетінде жиі көрініп, жанр ретінде қалыптасты.
