Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КРО шпор.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
226.88 Кб
Скачать

81. Шолу тақырыбын оқытудың ерекшеліктері.

Шолу тақырыптары 9-11 сыныптар бойынша беріледі.

Әдеби құбылыстарды тарихи-қоғамдық-мәселелер, ауқымды қарастыруда, үлкен бір кезеңдегі әдеби дамулар мен жағдайларды қоғам сипаты, оның саяси-әлеуметтік бейнесімен бірге түсіндіруде бұл тақырыптардың маңызы ерекше.Бағдарламада берілетін сағат санының аздығы, бірақ шолулардың ауқымдылығы, маңызы оны оқытудың өзіндік күрделілігін көрсетеді. Шолуларда ең алдымен тарихи-саяси мәселелер, қоғам дамуының жалпы сипаты беріледі, ары қарай мәдениет, әдебиет, өнерге олардың әсері сөз етіледі. Әдеби бағыттар, жанрлар, ағымдар туралы айтыла отырып, ақын-жазушылар шығармашылығы (сол кезеңдегі), олардың негізгі жетістіктері әңгімеленеді. Қай ақын-жазушы болмасын, ол-өз дәуірі, өз қоғамының бел баласы, соның өкілі. Олардың еңбектері, өздері өмір сүріп отырған қоғамды, оның тыныс-тіршілігін, бейнесін сөз өнерімен берулері, сол кезеңге байланысты әдебиеткн қосқан үлесі шолу түрінде беріледі. Соңғы кезеңдердегі тарихи өзгерістер, өткен мен қазіргіге жаңаша көзқараспен қарау шолу тақырыптарын өтуде мұғалімге маңызды жұмыстар жүктейді. Ол қандай жұмыстар?

1. Халқымыздың тарихи түбірімен қайта қарастырылуда, бағалануда. Ол жөнінде біршама (тарихшылардың) зерттеу еңбектері басылуда. Мысалы, Исатай мен Махамбет бастаған көтеріліс тек шаруалар көтерілісі ғана емес, оның ұлт-азаттық сипаты да дәлелденуде. Тарихи шындық бұрмаланып, екі жарым ғасырдан артық «Қазақстан Ресейге өз еркімен қосылған» деген бір жақты пікірлер айтылып келген, қазір ол туралы нағыз шындық беті ашылуда. Хан болса, би-сұлтан болса, бәрін «жау», бәрін «қанішер» деген ұғымнан арыла бастадық. Кейбір ақын-жыраулар да кертартпа, сары уайымшыл, ескіні көксеушілер, ұлтшылдар деген қарғыбаудан босатылып жүр. Міне, қоғамымыздағы осындай ұлы өзгерістер енді әдебиетке де мүлде жаңа козқараспен қарау идеясын өзінен-өзі әкелуде. Ақын-жазушы, жыраулар, тіпті ауыз әдебиетіміздің де тамаша туындыларын қайта қарастыру, сөз өнерінің нағыз саф алтындарын тарихымызға әкелу, әрі оқу бағдарламаларына енгізу қасиетті борыш. Сол себептерден де мұғалім бағдарлама, оқулық қашан қайта жасалады деп отырмай, әдебиетті оқыту мәселесіне жаңаша қарау керек. Соның ішінде әдебиетті тарихи кезеңдермен байланыстыра берілетін шолу тақырыптарының мазмұны, берілетін білім жүйесін қайта шолу, саралау әр мұғалімге үлкен жауапкершілік артады. Материалдар жинақтау, оларды оқулықтағы материалдармен байланыстыру, тиімді әдіс-тәсілдерді сұрыптау, материалдың күрделілігі, маңызын ескере отырып, оны оқушыға жеткізудің жеңіл, қонымды жолдарын дөп басып табу-тек шеберлікті ғана емес, талмай іздену, терең білімді де қажет етеді. Сабақ мазмұнын, онда берілетін білімді тәртіпке келтіре отырып, енді оны балаға жеткізудің тиімді, қонымды деген әдіс-тәсілдерінен іздену қажет.

Сонымен шолу тақырыптарын өтудің тиімді әдіс-тәсілдері, жолдары қайсы,мұғалім ең алдымен қандай мәселелерді басшылыққа алу керек,неден бастау керек? Қай шолу тақырыбында болсын, қамтылатын материал ауқымы кең де,керісінше,оны өтуге бөлінген уақыт тапшы. Әдебиетті оқытуда шолу тақырыптарының бір маңызы сол, ол бүкіл кезең әдебиеті туралы оқушыларға алдын ала хабар береді, жан-жақты түсінік жасайды.