- •5. Асан Қайғы Сәбитұлының шығармашылығындағы дала образы, халық тағдыры, ел болашағы мәселелері.
- •8. Абай поэзиясындағы оқу білім өнер тақырыбы
- •13. Абайдың табиғат лирикасы
- •19. Абайдың көркем аудармаларының (Крылов, Пушкин, Лермонтов) поэтикалық ерекшеліктері
- •22. Абай өлеңдеріндегі сатира және юмор
- •25. Абайдың ақын, поэзия және өнер туралы өлеңдері
- •32. Абай лирикасындағы махаббат, сүйіспеншілік тақырыбы
- •44. Абай қарасөздеріндегі тақырып, мазмұн және түр ерекшеліктері.
- •Абай бейнесі
- •76. Абылай хан және оның батырлары туралы тарихи жырлар мен аңыздар поэтикасы.
- •12. Әдебиетті оқытудағы эвристикалық әдіс.
- •15. Әдебиет сабағында мәнерлеп оқу және оның әдістемесі
- •18. Әдебиетті жаңа технологиямен оқытудың ерекщеліктері.
- •29. Әдебиеттің тектері мен жанрлық түрлері
- •48. Ә.Тәжібаевтың поэзиясы: өлеңдері мен поэмалары
- •52. Әдебиет сабақтарының түрлері.
- •63. Ә.Нұрпейісовтің «Қан мен тер» роман – трилогиясының поэтикалық ерекшеліктері.
- •67. Әдеби кейіпкерге салыстырмалы мінездеме берудің жолдарын оқыту әдістері.
- •79. Әдебиеттану ғылымының негізгі және жанама салалары.
- •23. Б.Майлиннің «Сексен сом», «Талақ», «Арыстанбай» әңгімелеріндегі тақырып, идея, көркемдік шешім мәселелері.
- •43. Б. Майлиннің өмірі мен шығармашылығын оқыту.
- •20. Ғ.Мүсірепов «Қазақ солдаты» романы: тарихи шындық және кейіпкерді мінездеу
- •33. Ғ.Мүсірепов көркем әңгіме жанрының шебері.
- •36. Ғ.Мүсіреповтің «Оянған өлке», «Жат қолында» роман – дилогиясының тарихилығы.
- •72. Дулат Бабатайұлы өлеңдеріндегі заман шындығы мәселелері.
- •11. Ж.Аймауытов прозасындағы психологизм («Ақбілек» романы бойынша).
- •30. Жансүгіров эпик ақын. «Күйші» «Күй» «Құлагер» поэмаларына тән эпикалық, көркемдік ерекшелік.
- •35. Жамбыл өлеңдеріндегі халық тарихының шындығы
- •16. Көркем шығармадағы образ және тип
- •64. Көркем шығарманың тіл ерекшелігін мәтіндік талдаулар арқылы оқыту.
- •82. Көркем әдебиеттегі мазмұн мен пішін.
- •88. Көркем әдебиттегі натурализм, модернизм, постмодернизм.
- •51. Қорқыт ата – тарихи тұлға, күйші – сазгер, жырау.
- •58. Қазіргі кезеңдегі қазақ поэзиясын оқытудың ерекшеліктері, (с.Мәуленов, х.Ерғалиев, т.Молдағалиев, ф.Оңғарсынова) шығармалары бойынша.
- •59. Қазақ ертегілеріндегі қырық өтірік және тазша бала хикаялары.
- •60. Қазақ әдеби сыны қалыптасуы мен дамуының тарихи кезеңдері
- •73. Қазіргі кездегі қазақ поэзиясын (м.Шаханов, н.Оразалин, т.Медетбек, и.Оразбаев, м.Айтқожина, тб) оқытудың ерекшеліктері.
- •2. Ауыспалы стендтер:
- •Iy. Дидактикалық материалдар жүйесі:
- •87. Қазақ әдебиетін оқытудың қазіргі кезеңдегі бағыттары.
- •4. Лиро – эпостық жырлардың жанрлық сипаты
- •Махамбет Өтемісұлы шығармаларындағы реалистік – романтикалық сарын
- •10. Мұрат Мөңкеұлы жырларындағы зар заман сарыны. «Үш қиян» толғау – дастаны
- •17. М.Әуезов «Қорғансыздың күні»
- •57. М.Әуезовтің драмалық шығармалары. «Хан Кене» пьесасын талдау.
- •62. М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» дастаны.
- •66. М.Сералиннің өлеңдері мен мақалалары, «Айқап» журналын шығарудағы еңбегі.
- •69. М.Әуезовтің «Көксерек» повесіндегі тіршілік философиясының болмысы.
- •75. М.Мақатаев поэзиясындағы азаматтық – отаншылдық сарынды өлеңдері.
- •86. М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романындағы образдар жүйесі.
- •70. Прозалық шығармаларды оқыту жолдары мен әдістері.
- •9. Репродуктивтік әдіс. Әдебиет үйірмесі.
- •7. С.Сейфуллин – әдебиеттанушы ғалым
- •27. С.Торайғыровтың «Кедей», «Адасқан өмір» поэмалары.
- •45. С.Мұқановтың «Өмір мектебі» роман – трилогиясындағы тарихи кезең шындығы
- •46. С. Сейфуллиннің Көкшетау поэмасын оқыту
- •47. Сүйінбай Аронұлы шығармашылығындағы заман шындығы.
- •65.Сюжет пен композиция.
- •77. С.Торайғыровтың «Кім жазықты?» романының жанрлық ерекшелігі.
- •80. С.Көбеевтің «Қалың мал» романындағы басты кейіпкерлерді даралай мінездеу ерекшеліктері.
- •83. С.Торайғыровтың лирикалық өлеңдеріндегі тақырып, идея көркемдік тұтастығы.
- •55. Тіл дамытуға жүргізілетін жұмыстар, түрлері.
- •14. Шортанбай Қанайұлы шығармашылығындағы заман шындығы. Зар заман толғауы
- •41. Ш. Уәлиханов фальклор мен әдебиет зерттеушісі.
- •53. Шәкәрімнің лирикалық өлеңдеріндегі тақырып, идея, көркемдік.
- •68. Шәкәрім аудармаларының көркемдік ерекшеліктері. «Дубровский әңгімесі».
- •71. Шәкәрімнің прозалық шығармалары. «Әділ – Мария» романы.
- •81. Шолу тақырыбын оқытудың ерекшеліктері.
- •26. Ы. Алтынсариннің еңбек тақырыбындағы әңгімелері
- •38. Ы. Алтынсарин әңгімелеріндегі адамгершілік, еңбек тәрбиесі, мәселелері. (26 сұрақ)
- •50. Ы.Алиынсарин – педагог ағартушы. «Киригизская хрестоматия» оқу құралына сипаттама.
- •56. Ы.Алтынсариннің оқу – ағартуға, табиғатқа арналған өлеңдерінің көркемдік мәні.
- •39. І.Есенберлиннің «Көшпенділер» роман – трилогиясы: ел тарихы және көркем шындық.
- •Көшпенділер 1 - Алмас Қылыш
- •Көшпенділер 2 - Жанталас
- •40. І. Жансүгіровтың өмірі мен шығармашылығын оқыту. 11 сынып.
- •3. Жаңа сабақ.
- •I.Ой қозғау – побуждение
- •II. Жаңа тақырыптың мағнасын ашу – осмысление
- •III. Ой түйіні, пікір алысу – рефлексия.
- •34. 10 Сыныпта ы. Алтынсарин өмірі мен шығармашылығын оқыту.
55. Тіл дамытуға жүргізілетін жұмыстар, түрлері.
Тіл дамыту – қазіргі оқытудың басты мәселесі. Тіл мен сөйлеу процесін жіктей оқыту, оқушының дұрыс сөйлей білуіне көңіл бөлу, ауызша және жазбаша тілін дамытып, тіл мәдениетін жетілдіруде қазақ тілі мен әдебиет пәнінің алатын орны ерекше. Әр мұғалім қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында тіл дамыту жұмыстарын шығармашылықпен жүргізіп, дұрыс ұйымдастыра білсе, ол оқушының күнделікті өмірдегі құбылысты жан-жақты түсіне білуіне, білген нәрселерін ауызекі сөздерінде қолдана білуіне жағдай жасайды.Тіл дамытудың басты құралы сөздік қорда жатады. Оқушының сөздік қорының неғұрлым көп болуы және оны тиімді қолдана білуі жүйелі еңбекті қажет етеді. Сөздік қорды байыту жұмысында іріктелініп алынатын атаулар, ұғымдар ұлттық дәстүріміз бен өткен тарихымызға байланысты болса, оның жан-жақты маңызы артып отыратындығы белгілі.Өйткені оқушылар өзінің туған халқының тарихымен, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрімен байланысты атауларды үйрену арқылы білім қорын жинай бастайды.Қазақ тіліндегі тіл ұстарту жұмыстарының негізгі мақсаты – дұрыс, сауатты жазуға, оқушының ауызша және жазбаша ойын, грамматикасын және стилистикасы жағынан дұрыс сөйлем құрап,жүйелі сөйлеуге үйрету. Мұғалім оқушының ауызша және жазбаша тілін дұрыс дамытуда грамматикалық ережелерді жақсы білуге, тыныс белгілерін дұрыс қоюға үйретіп,көркем әдебиетті көп оқуға бағыт беріп,оның үлгісін көрсетіп отыруы тиіс. Әр мұғалім тіл ұстарту жұмыстарын шығармашылықпен жүргізіп, дұрыс ұйымдастыра білсе, ол оқушының күнделікті өмірдегі құбылысты жан-жақты түсіне білуіне,білген нәрселерін ауызекі сөздерін де қолдана білуіне жағдай жасайды.Тіл дамыту жұмыстары ауызша-жазбаша жаттығулар,мәтінмен жұмыс,мазмұндама,шығарма,диктант, мақала жазу, мінездеме беру,суретпен жұмыс,сұраққа жауап жаздыру, жоспар жасату, кітап оқу сияқты жұмыс түрлері арқылыіске асырылады. Тіл дамытудағы өнімді тәсілдердің бірі – шығармашылық тапсырмалар. Шығармашылықтың түрі әр алуан, мәні біреу-ол жаңа мазмұн жасау. Озық педагогика: әрбір бала өзінше талантты, әрқайсысы шығармашыл бола алады. Шығармашыл бала өзінің қабілетін, күш-қуатын, бейімділігін сезіне алатынын дәлелдейді.Тамаша педагог В.Сухомлинский: «Шығармашылық арқылы тұлғаның рухани байығы қалыптасады,шығармашылық адамды адамға тартатын магнитпен тең. Сондықтан да мектептің, мұғалімнің, ата-ананың, тәрбиешілердің негізгімақсаты баланы өмірге, еңбекке шығармашылықпен қарауға үйрету» - деп атап көрсеткен. Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілдері мен жазба тілдерін тіл дамыту жұмыстарында бірлікте ала отырып жүргізудің тиімділігі зор.
14. Шортанбай Қанайұлы шығармашылығындағы заман шындығы. Зар заман толғауы
Шортанбай Қанайұлы (1818, қазіргі Жамбыл облысы Қаратау өңірі – 1881, қазіргі Қарағанды облысы Шет ауданы) – ақын, діни қайраткер. Ол Түркістан жерінде Қаратауды жайлаған шаруа Қанайдың отбасында дүниеге келген. Жас шағынан мұсылманша оқып замандастары қатарлы білім алмаған. Бұрыннан қазақ халқының қасиетті астанасы есепті Түркістан қаласы, оның сол тұстағы шар тарапқа жайылған даңқы жас талапқа әсерсіз болмаған.Ол 19 ғасырда өз дәуірінің шындығын бүге-шігесіне дейін көрсете білген бірден-бір ақын. Шортанбай белгілі бір ортаның немесе аймақтың ғана емес, барша халықтың мұң-мұқтажын толғады, көптің жоқтаушысы болды. Ресей отаршылдығының зорлығын көзімен көріп, жанымен, тәнімен сезінген ақын өзінің “Зар заман”, “Бала зары”, “Тар заман”, “Опасыз жалған”, т.б. толғаулары арқылы ақиқаттың астарын ашып көрсетті. Шортанбай өзіне дейінгі Бұқар жырау, Тәтіқара жырау, Ақтамберді жыраулар мен Шал ақынның мол мұраларымен жақсы таныс болған.Шортанбай - өз заманының жалынды ақыны, ақылғой шешен жырауы. Өзі өмір кешкен замана шындығын барлық көрінісімен айқын да дәл бейнелеп, әлеуметтік маңызы зор шығармалар жазды. Шортанбай шығармашылығы ХІХ ғасырдағы қазақ өмірінің айнасы, әсіресе, кедей – кеншік, момын шаруаларының тұрмыс тіршілігінің шынайы куәгері. Жан-жақты талан- таражға душар боп жатқан туған елінің ауыр тағдырын тайға таңба басқандай бейнелей білген білгір жазушы. Кеңес заманында толғаулары мен айтыстары С. Сейфуллиннің «Ескі әдебиет нүскаларында» (1931), С. Мұқанов, К. Бекхожин құрастырған «қазақ әдебиетінің хрестоматиясында» (1942), «Айтыс» (1965) жинағында жарияланды. Ш-дың өз кіндігінен Алда- берген, Аязбай деген ұлдары, Бәйіш атты қызыболған. Шортанбай шығармалары өткен ғасырдың соңғы ширегінде кейбір жинақтарда баспа бетін көре бастады. 1882 жылдардан бастап, өлең, толғаулары жинақталып, бөлек кітап көлемінде жарық көреді. Көрсетілген жинақтарға ақынның "Тар заман", "Опасыз жалған", "Байды құдай атқаны", "Атамыз Адам пайғамбар", "Өсиет – насихат сөздер", "Айттым сәлем", "Асан қожаға" т.б. енген.Шортанбай шығармаларының лейтмотиві – заман, қоғам, халық тұрмысы, ел өмірі, жер, қоныс қысымы, отаршылар мен жергілікті әкімдердің озбырлығы, жаңа қарым-қатынастан туындаған тонаудың жаңа түрлері, сатқын ел билеушілер, бұзақы топта, т.б. Елді қанаушылардың жаңа тобының ақшалы байлар, алыпсатарлар, саудагерлер екенін ақын айқын суреттейді. Оларды нағыз ел ырысын еміп, сездірмей сорып жатқан араны толмас алпауыттар деп бейнелейді. Ақшаға байланысты елдегіқайғы қасіреттің де шынайы суреті жасалады.
Арам арсыз жан шықты,
Қайыры жоқ бай шықты.
Сауып ішер сүті жоқ,
Мініп көрер күші жоқ,
Ақша деген мал шықты.
