Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КРО шпор.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
226.88 Кб
Скачать

47. Сүйінбай Аронұлы шығармашылығындағы заман шындығы.

Сүйінбай – XIX ғасырдың 30-жылдарынан 80-жылдардың соңына дейін алпыс жылдан астам іркіліссіз жырлаған, айтыста жеңіліп көрмеген аса көрнекті ақын-жырау. Оның өлеңдері мен айтыстарында XIX ғасырдағы қазақ елінің өмір-тіршілігі, арман-мұраты көрініс тапқан. Жасынан қолында билігі мен байлығы барлардың кедей- кепшікке көрсеткен зорлық-зомбылығын, әлеуметтік әділетсіздікті көріп-біліп өскен ол қара халықтың жоқшысы болды. Би мен бектің, атқа мінерлердің халыққа жасаған қиянаттарын алмастай өткір жырлармен естен кетпестей қып бетіне басты. Ел бірлігін, оның тәуелсіздігін, сол жолдағы ерлердің жанқиярлығын талмай жырлады. Ол өзінің бұл биік адамгершілік-этикалық ұстанымын жолын қуған талантты шәкірттерінің көкірегіне құйып отырған. Қаратай, Өтеген, Сұраншы, Сауырық, Сыпатай сияқты жоңғар қалмақтарына соққы берген, Жетісуды Қоқан басқыншыларынан азат еткен даңқты батырлар жайында Жамбыл бастаған кейінгі ақындар Сүйінбайдан қалған үлгімен жырлаған. Қырғыз эпосы «Манас», көне түркілік «Көрұғлы», түбі шығыстық «Шахнама», «Тотының тоқсан тарауы» тәрізді ұлы туындыларды жырлап, келесі ұрпаққа жеткізген.

Өлеңдері

Сүйінбай – ірі ақын. Сондықтан оның қозғаған тақырып, көтерген мәселелері де ірі болып келеді, соған орай ойы да өрелі, тілі де өрнекті шығады. Сүйінбай үнемі халыққа арқа сүйеп, ру емес, тайпа емес, тұтас елдің мүддесін жырлайды, ел үшін оттан да, судан да тайынбай, өмірін қиған ерлерді мадақтайды. Елдік, ерлік идеясы – Сүйінбайдың өлеңдері мен жыр-дастандарының, айтыстарының өн бойына тартылған өзекті идеясы. Ақын шығармаларының бір парасы осы елдік пен ерлік тақырыбына арналған. Солардың ішінде елдік пен ерліктің гимні іспетті «Бөрілі менің байрағым» өлеңінің орны бөлек. Онда бір тайпа елдің ғана емес, бүкіл қазақтың, түпкі тегі – көк бөріге сиынған, оның басын ту етіп, тұлпар мініп, елін қорғаған сонау хүн-түркі заманынан қанына сіңген халық рухы есіп тұр.

65.Сюжет пен композиция.

Композиция (латын сөзі - kompositio - құрастыру, тәртіпке

келтіру) - көркем шығарманың

құрылысы. Көркем әңгіме не

поэма, не роман, қайсысын оқысақ та, әр алуан сюжетке құрылады. Сюжет дегеніміз

- шығармадағы адамдардың бір-бірімен байланысы, қарым-қатысы, күрес-тартыстары

- шығармадағы оқиғаның дамуы. Ендеше оқиға қалай болса солай суреттелмейді;

белгілі бір тәртіппен дамиды. Бір оқиға себебі болса, екіншісі - оның нәтижесі.

Адамдардың арасындағы күрес-тартыстар тек кездейсоқ нәрсе емес, өмір шындығы,

өмірге екі түрлі көзқарас, екі түрлі мінездің түйісуі екендігі аңғарылады.

Оқиғаның белгілі бір мекенде, белгілі мезгілдерде болғандығы көрсетіледі.

Әңгіме адамдар

туралы болғандықтан, олардың сыртқы пішіні, кескіні, мінез-құлқы, іс-әрекеті,

күйініш-сүйініші, сөйлеген сөзі, қысқасы, өмірдегі адам қандай болса, көркем

шығармада да біз тап сондай адамдарды кездестіреміз. Сөйтіп, шығармада

кездесетін оқиғаның осылар тәрізді әр алуан бөлшектердің қалауын тауып жазушы

асқан шеберлікпен қиюластырып, бір бүтін нәрсе етіп шығарады. Міне, осыны

шығарманың композициясы - құрылысы деп атайды.

Сонымен қатар

композиция, сюжет деген терминдердің мағыналарын аша түсетін бірнеше жайттарға

тоқтала кетуге тура келеді.

Композиция (құрылыс)

- көркем шығарманың барлық түріне қатысы бар ұғым. Ал сюжет тек оқиғалы

шығармаларға ғана қолданылады.