- •5. Асан Қайғы Сәбитұлының шығармашылығындағы дала образы, халық тағдыры, ел болашағы мәселелері.
- •8. Абай поэзиясындағы оқу білім өнер тақырыбы
- •13. Абайдың табиғат лирикасы
- •19. Абайдың көркем аудармаларының (Крылов, Пушкин, Лермонтов) поэтикалық ерекшеліктері
- •22. Абай өлеңдеріндегі сатира және юмор
- •25. Абайдың ақын, поэзия және өнер туралы өлеңдері
- •32. Абай лирикасындағы махаббат, сүйіспеншілік тақырыбы
- •44. Абай қарасөздеріндегі тақырып, мазмұн және түр ерекшеліктері.
- •Абай бейнесі
- •76. Абылай хан және оның батырлары туралы тарихи жырлар мен аңыздар поэтикасы.
- •12. Әдебиетті оқытудағы эвристикалық әдіс.
- •15. Әдебиет сабағында мәнерлеп оқу және оның әдістемесі
- •18. Әдебиетті жаңа технологиямен оқытудың ерекщеліктері.
- •29. Әдебиеттің тектері мен жанрлық түрлері
- •48. Ә.Тәжібаевтың поэзиясы: өлеңдері мен поэмалары
- •52. Әдебиет сабақтарының түрлері.
- •63. Ә.Нұрпейісовтің «Қан мен тер» роман – трилогиясының поэтикалық ерекшеліктері.
- •67. Әдеби кейіпкерге салыстырмалы мінездеме берудің жолдарын оқыту әдістері.
- •79. Әдебиеттану ғылымының негізгі және жанама салалары.
- •23. Б.Майлиннің «Сексен сом», «Талақ», «Арыстанбай» әңгімелеріндегі тақырып, идея, көркемдік шешім мәселелері.
- •43. Б. Майлиннің өмірі мен шығармашылығын оқыту.
- •20. Ғ.Мүсірепов «Қазақ солдаты» романы: тарихи шындық және кейіпкерді мінездеу
- •33. Ғ.Мүсірепов көркем әңгіме жанрының шебері.
- •36. Ғ.Мүсіреповтің «Оянған өлке», «Жат қолында» роман – дилогиясының тарихилығы.
- •72. Дулат Бабатайұлы өлеңдеріндегі заман шындығы мәселелері.
- •11. Ж.Аймауытов прозасындағы психологизм («Ақбілек» романы бойынша).
- •30. Жансүгіров эпик ақын. «Күйші» «Күй» «Құлагер» поэмаларына тән эпикалық, көркемдік ерекшелік.
- •35. Жамбыл өлеңдеріндегі халық тарихының шындығы
- •16. Көркем шығармадағы образ және тип
- •64. Көркем шығарманың тіл ерекшелігін мәтіндік талдаулар арқылы оқыту.
- •82. Көркем әдебиеттегі мазмұн мен пішін.
- •88. Көркем әдебиттегі натурализм, модернизм, постмодернизм.
- •51. Қорқыт ата – тарихи тұлға, күйші – сазгер, жырау.
- •58. Қазіргі кезеңдегі қазақ поэзиясын оқытудың ерекшеліктері, (с.Мәуленов, х.Ерғалиев, т.Молдағалиев, ф.Оңғарсынова) шығармалары бойынша.
- •59. Қазақ ертегілеріндегі қырық өтірік және тазша бала хикаялары.
- •60. Қазақ әдеби сыны қалыптасуы мен дамуының тарихи кезеңдері
- •73. Қазіргі кездегі қазақ поэзиясын (м.Шаханов, н.Оразалин, т.Медетбек, и.Оразбаев, м.Айтқожина, тб) оқытудың ерекшеліктері.
- •2. Ауыспалы стендтер:
- •Iy. Дидактикалық материалдар жүйесі:
- •87. Қазақ әдебиетін оқытудың қазіргі кезеңдегі бағыттары.
- •4. Лиро – эпостық жырлардың жанрлық сипаты
- •Махамбет Өтемісұлы шығармаларындағы реалистік – романтикалық сарын
- •10. Мұрат Мөңкеұлы жырларындағы зар заман сарыны. «Үш қиян» толғау – дастаны
- •17. М.Әуезов «Қорғансыздың күні»
- •57. М.Әуезовтің драмалық шығармалары. «Хан Кене» пьесасын талдау.
- •62. М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» дастаны.
- •66. М.Сералиннің өлеңдері мен мақалалары, «Айқап» журналын шығарудағы еңбегі.
- •69. М.Әуезовтің «Көксерек» повесіндегі тіршілік философиясының болмысы.
- •75. М.Мақатаев поэзиясындағы азаматтық – отаншылдық сарынды өлеңдері.
- •86. М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романындағы образдар жүйесі.
- •70. Прозалық шығармаларды оқыту жолдары мен әдістері.
- •9. Репродуктивтік әдіс. Әдебиет үйірмесі.
- •7. С.Сейфуллин – әдебиеттанушы ғалым
- •27. С.Торайғыровтың «Кедей», «Адасқан өмір» поэмалары.
- •45. С.Мұқановтың «Өмір мектебі» роман – трилогиясындағы тарихи кезең шындығы
- •46. С. Сейфуллиннің Көкшетау поэмасын оқыту
- •47. Сүйінбай Аронұлы шығармашылығындағы заман шындығы.
- •65.Сюжет пен композиция.
- •77. С.Торайғыровтың «Кім жазықты?» романының жанрлық ерекшелігі.
- •80. С.Көбеевтің «Қалың мал» романындағы басты кейіпкерлерді даралай мінездеу ерекшеліктері.
- •83. С.Торайғыровтың лирикалық өлеңдеріндегі тақырып, идея көркемдік тұтастығы.
- •55. Тіл дамытуға жүргізілетін жұмыстар, түрлері.
- •14. Шортанбай Қанайұлы шығармашылығындағы заман шындығы. Зар заман толғауы
- •41. Ш. Уәлиханов фальклор мен әдебиет зерттеушісі.
- •53. Шәкәрімнің лирикалық өлеңдеріндегі тақырып, идея, көркемдік.
- •68. Шәкәрім аудармаларының көркемдік ерекшеліктері. «Дубровский әңгімесі».
- •71. Шәкәрімнің прозалық шығармалары. «Әділ – Мария» романы.
- •81. Шолу тақырыбын оқытудың ерекшеліктері.
- •26. Ы. Алтынсариннің еңбек тақырыбындағы әңгімелері
- •38. Ы. Алтынсарин әңгімелеріндегі адамгершілік, еңбек тәрбиесі, мәселелері. (26 сұрақ)
- •50. Ы.Алиынсарин – педагог ағартушы. «Киригизская хрестоматия» оқу құралына сипаттама.
- •56. Ы.Алтынсариннің оқу – ағартуға, табиғатқа арналған өлеңдерінің көркемдік мәні.
- •39. І.Есенберлиннің «Көшпенділер» роман – трилогиясы: ел тарихы және көркем шындық.
- •Көшпенділер 1 - Алмас Қылыш
- •Көшпенділер 2 - Жанталас
- •40. І. Жансүгіровтың өмірі мен шығармашылығын оқыту. 11 сынып.
- •3. Жаңа сабақ.
- •I.Ой қозғау – побуждение
- •II. Жаңа тақырыптың мағнасын ашу – осмысление
- •III. Ой түйіні, пікір алысу – рефлексия.
- •34. 10 Сыныпта ы. Алтынсарин өмірі мен шығармашылығын оқыту.
22. Абай өлеңдеріндегі сатира және юмор
Абай өлеңдеріндегі поэтик тілдерінің басқа түрімен салыстырғанда, сарказмды ең көп кездесетін түрі деп атауға болады. Өз мағынасында қолданылатын, ауыстыру мағынасында қолданылатын немесе фигура түрінде сарказм қамшының өзегі тәрізді өріліп отырады. Ол - заңды. Өйткені қандай ақынның болсын, жауларына қарсы күресте қолданған күшті құралының бәрі - сатира. Сатираның тілі негізінде ирония, сарказм, әсіресе сарказм десек, Абай өлеңдерінде поэтик тілдің бұл түрі не үшін көп қолданылатынының сырын білу қиын емес.
Абайдың әртүрлі тақырыпқа жазған сатиралары көп. Олардың негізгі тілі - сарказм. Мысалы:
«Жылуы жоқ бойының,
Жылмиғаны неткені.
Құбылуы ойының -
Кетпей құйтың еткені.
Мұңды жылмың киімін
Кезек киіп, ел жиып,
Болыс болса түсінің,
Түксігін салар тырсиып,
Бір көрмекке тәп-тәтті
Қазаны мен қалбаңы;
Дөң айналмай ант атты,
Бүксіп, бықып әр жағы.
Сенен аяр түгі жоқ,
Бүгін жақсы көрініп,
Бүгін жалын, ертең шоқ,
Сөзі мен өзі бөлініп...»
(Абай, І том, 214-бет)
«Күштілерім сөз айтса,
Бас изеймін шыбындап,
Әлсіздің сөзін салғыртсып,
Шала ұғамын қырындап...»
(Абай, І том, 87-бет)
«Мінер атын, киімін ып-ықшам қып,
Сымбаттанып, сымпиып, тамақ аңдып,
Бұраңдап жылы жүзін асқа сатқан,
Ант ұрғанға қосылма, кетсін қаңғып...»
(Абай, І том, 170-бет)
Біз жоғарыда Абай - сатирик ақын, сондықтан оның өлеңдерінде сарказм жиі кездесуінің негізгі себебі сол методымен байланысты дедік. Бірақ Абайдың осы әдісті мол қолданудың жанрға көшуінің өзінде үлкен мән бар. Абайдың алдындағы тарихи әдебиеттен азды-көпті өз кезін сынаған, жамандық жақтарын шенеген сатирик ақындар деп Дулат тәрізді бірен-саран ақындарды ғана, сосын Шортанбайды айтуға болады. Ал ХІХ ғасырдың екінші жарымында Абайдан басқа ешкімді де айта алмаймыз. Абай сатирик ретінде өз кезінде дара ақын болды. Ақан сері тәрізді кейбір ақындарда кездесетін сатиралық өлеңдер адамдарға арналған, жалпы әлеуметтік мәні аз.
Қай кезде болсын сатира - өмірді, не өмірдегі адамдарды келеке ету, мысқылдау, солардың әртүрлі жаман жақтарын жұрт алдына салып масқаралау, күлу.
Бұл ақынның өмір тануы, көзқарастары өз кезіндегі үстем тап, билеуші таптың тілегіне қайшы келген кезде туады. Не көптің, не белгілі бір топ немесе тап атынан күрес майданына шығып, өз бойындағы бар күш, бар қайратын жаңағы үстемдік етушілерге қарсы жұмсайды. Қарсы жағының әртүрлі жаман жақтарын көреген келіп, олардың жанына салуға өз қолындағы құралдың ең өткірін жұмсайды. Абайдың сол өткір құралы шындық (реализм) және сатира болды десек, осыдан келіп сарказмның Абай өлеңдерінде поэтик тілдің негізгі бірі болып саналуының беті ашылатын сықылды.
«Улы сия, ащы тіл,
Не жазып кетсе, жайы сол», -
деп ақынның өзі айтқан ХІХ ғасырдың екінші жарымында ескі феодалдық құрылыстың елді ел етпей, жер ететін әртүрлі талас, тартыс, бақ, күндестік, жалқаулық, надандық, пәлеқорлық тәрізді іс-әрекеттерінен жерінген, халық қамын ойлап, жоғарғыларға сөзімен қатты күрес ашып, өз жұртын мәдениетке, адамгершілікке үндеген де Абай болды.
