- •5. Асан Қайғы Сәбитұлының шығармашылығындағы дала образы, халық тағдыры, ел болашағы мәселелері.
- •8. Абай поэзиясындағы оқу білім өнер тақырыбы
- •13. Абайдың табиғат лирикасы
- •19. Абайдың көркем аудармаларының (Крылов, Пушкин, Лермонтов) поэтикалық ерекшеліктері
- •22. Абай өлеңдеріндегі сатира және юмор
- •25. Абайдың ақын, поэзия және өнер туралы өлеңдері
- •32. Абай лирикасындағы махаббат, сүйіспеншілік тақырыбы
- •44. Абай қарасөздеріндегі тақырып, мазмұн және түр ерекшеліктері.
- •Абай бейнесі
- •76. Абылай хан және оның батырлары туралы тарихи жырлар мен аңыздар поэтикасы.
- •12. Әдебиетті оқытудағы эвристикалық әдіс.
- •15. Әдебиет сабағында мәнерлеп оқу және оның әдістемесі
- •18. Әдебиетті жаңа технологиямен оқытудың ерекщеліктері.
- •29. Әдебиеттің тектері мен жанрлық түрлері
- •48. Ә.Тәжібаевтың поэзиясы: өлеңдері мен поэмалары
- •52. Әдебиет сабақтарының түрлері.
- •63. Ә.Нұрпейісовтің «Қан мен тер» роман – трилогиясының поэтикалық ерекшеліктері.
- •67. Әдеби кейіпкерге салыстырмалы мінездеме берудің жолдарын оқыту әдістері.
- •79. Әдебиеттану ғылымының негізгі және жанама салалары.
- •23. Б.Майлиннің «Сексен сом», «Талақ», «Арыстанбай» әңгімелеріндегі тақырып, идея, көркемдік шешім мәселелері.
- •43. Б. Майлиннің өмірі мен шығармашылығын оқыту.
- •20. Ғ.Мүсірепов «Қазақ солдаты» романы: тарихи шындық және кейіпкерді мінездеу
- •33. Ғ.Мүсірепов көркем әңгіме жанрының шебері.
- •36. Ғ.Мүсіреповтің «Оянған өлке», «Жат қолында» роман – дилогиясының тарихилығы.
- •72. Дулат Бабатайұлы өлеңдеріндегі заман шындығы мәселелері.
- •11. Ж.Аймауытов прозасындағы психологизм («Ақбілек» романы бойынша).
- •30. Жансүгіров эпик ақын. «Күйші» «Күй» «Құлагер» поэмаларына тән эпикалық, көркемдік ерекшелік.
- •35. Жамбыл өлеңдеріндегі халық тарихының шындығы
- •16. Көркем шығармадағы образ және тип
- •64. Көркем шығарманың тіл ерекшелігін мәтіндік талдаулар арқылы оқыту.
- •82. Көркем әдебиеттегі мазмұн мен пішін.
- •88. Көркем әдебиттегі натурализм, модернизм, постмодернизм.
- •51. Қорқыт ата – тарихи тұлға, күйші – сазгер, жырау.
- •58. Қазіргі кезеңдегі қазақ поэзиясын оқытудың ерекшеліктері, (с.Мәуленов, х.Ерғалиев, т.Молдағалиев, ф.Оңғарсынова) шығармалары бойынша.
- •59. Қазақ ертегілеріндегі қырық өтірік және тазша бала хикаялары.
- •60. Қазақ әдеби сыны қалыптасуы мен дамуының тарихи кезеңдері
- •73. Қазіргі кездегі қазақ поэзиясын (м.Шаханов, н.Оразалин, т.Медетбек, и.Оразбаев, м.Айтқожина, тб) оқытудың ерекшеліктері.
- •2. Ауыспалы стендтер:
- •Iy. Дидактикалық материалдар жүйесі:
- •87. Қазақ әдебиетін оқытудың қазіргі кезеңдегі бағыттары.
- •4. Лиро – эпостық жырлардың жанрлық сипаты
- •Махамбет Өтемісұлы шығармаларындағы реалистік – романтикалық сарын
- •10. Мұрат Мөңкеұлы жырларындағы зар заман сарыны. «Үш қиян» толғау – дастаны
- •17. М.Әуезов «Қорғансыздың күні»
- •57. М.Әуезовтің драмалық шығармалары. «Хан Кене» пьесасын талдау.
- •62. М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» дастаны.
- •66. М.Сералиннің өлеңдері мен мақалалары, «Айқап» журналын шығарудағы еңбегі.
- •69. М.Әуезовтің «Көксерек» повесіндегі тіршілік философиясының болмысы.
- •75. М.Мақатаев поэзиясындағы азаматтық – отаншылдық сарынды өлеңдері.
- •86. М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романындағы образдар жүйесі.
- •70. Прозалық шығармаларды оқыту жолдары мен әдістері.
- •9. Репродуктивтік әдіс. Әдебиет үйірмесі.
- •7. С.Сейфуллин – әдебиеттанушы ғалым
- •27. С.Торайғыровтың «Кедей», «Адасқан өмір» поэмалары.
- •45. С.Мұқановтың «Өмір мектебі» роман – трилогиясындағы тарихи кезең шындығы
- •46. С. Сейфуллиннің Көкшетау поэмасын оқыту
- •47. Сүйінбай Аронұлы шығармашылығындағы заман шындығы.
- •65.Сюжет пен композиция.
- •77. С.Торайғыровтың «Кім жазықты?» романының жанрлық ерекшелігі.
- •80. С.Көбеевтің «Қалың мал» романындағы басты кейіпкерлерді даралай мінездеу ерекшеліктері.
- •83. С.Торайғыровтың лирикалық өлеңдеріндегі тақырып, идея көркемдік тұтастығы.
- •55. Тіл дамытуға жүргізілетін жұмыстар, түрлері.
- •14. Шортанбай Қанайұлы шығармашылығындағы заман шындығы. Зар заман толғауы
- •41. Ш. Уәлиханов фальклор мен әдебиет зерттеушісі.
- •53. Шәкәрімнің лирикалық өлеңдеріндегі тақырып, идея, көркемдік.
- •68. Шәкәрім аудармаларының көркемдік ерекшеліктері. «Дубровский әңгімесі».
- •71. Шәкәрімнің прозалық шығармалары. «Әділ – Мария» романы.
- •81. Шолу тақырыбын оқытудың ерекшеліктері.
- •26. Ы. Алтынсариннің еңбек тақырыбындағы әңгімелері
- •38. Ы. Алтынсарин әңгімелеріндегі адамгершілік, еңбек тәрбиесі, мәселелері. (26 сұрақ)
- •50. Ы.Алиынсарин – педагог ағартушы. «Киригизская хрестоматия» оқу құралына сипаттама.
- •56. Ы.Алтынсариннің оқу – ағартуға, табиғатқа арналған өлеңдерінің көркемдік мәні.
- •39. І.Есенберлиннің «Көшпенділер» роман – трилогиясы: ел тарихы және көркем шындық.
- •Көшпенділер 1 - Алмас Қылыш
- •Көшпенділер 2 - Жанталас
- •40. І. Жансүгіровтың өмірі мен шығармашылығын оқыту. 11 сынып.
- •3. Жаңа сабақ.
- •I.Ой қозғау – побуждение
- •II. Жаңа тақырыптың мағнасын ашу – осмысление
- •III. Ой түйіні, пікір алысу – рефлексия.
- •34. 10 Сыныпта ы. Алтынсарин өмірі мен шығармашылығын оқыту.
73. Қазіргі кездегі қазақ поэзиясын (м.Шаханов, н.Оразалин, т.Медетбек, и.Оразбаев, м.Айтқожина, тб) оқытудың ерекшеліктері.
Мұхтар Шаханов өлең өлкесінде өзіндік өрнегі бар ақын екені барлығымызға мәлім. Көтеріңкі интонацияны талап ететін өлеңдеріндегі ішкі рух өте жоғары деңгейде байқалады. Мысалы «Байқаймысың» өлеңін оқып қарасаңыз: Байқаймысың, Байқаймысың Мына ғажап тамашаны: Бір адамға байланысты бір адамның болашағы, –дейді ақын. Күнделікті естіп жүрген сөз сияқты бір қарағанда. Алайда ақын өлеңді құрамайды, төге салады, бір адаммен әңгіме, не болмаса сұхбат құрып отырғандай әсер қалдырады. Аудиториялық деңгейдегі дүниеден аулақтау қай өлеңін алып қарасаңыз да, өзіндік стилі аңқып тұратын поэзиясын бір оқығанда түсінбеуіңіз де мүмкін, алайда зерделеп алуыңызға жеңіл. Теңеуді аспаннан алып қолданбайды, сол себепті де жатталып қалуы оңай. Байыппенен көз жіберсең асау жылдар өрісіне, Бір адамға байланысты бір адамның жеңісі де. Бұл замани қағиданың мүмкін бе екен көнермегі, Қозы – Көрпеш аман тұрса , Баян сұлу өлер ме еді? Ақынның ақыл деңгейіндегі ойлануы мен ішкі жан дүниесіндегі қарама-қайшылықтардың бар екенін көрсетеді. Тарихтың қойнауында қалып қоймай, қайта қопарып алып шығуға ұмтылысы, өзінше әділдік іздеуі, пендешілікке бармай тұнық ойда қалуында болар. Бір ғана «Байқаймысың» өлеңі достық деген алты әріптен құралған сөзді әлінше алты түрге құбылтпай қай қиындықта да досың үшін жаралы, я болмаса досың үшін бағалы екендігіңді растап береді. Шаханов өлеңдері бірде жан сезімін алдыңызға бар ақиқатымен жайып салған адамның сырындай қабылданса, енді бірде жігерлендіруші күш танытып отырады: Өзің-ақ айтшы ғаламда мынау Жеңудің бәрі жеңіс пе? Жігітке арман жеткізіп пе еді Өз сорын өзі жеңбесе. Өмірдің барлық сәтсіздіктері Бақытсыздық емес ендеше! Өмірде өз қабілетіңді дұрыс танып, қоғамның, халқыңның қажетіне жарау үшін арманды дұрыс таңдай білу керектігін уағыздай отырып, осындай қорытындыға келді. Тайғақ өмір жолдарында сүрінгенде тірек олар, Сүйенішім сен екенін айтпастан-ақ біледі олар. Әлемнің бар ажарынан бізге достық сымбаттылау Мен жадырап жүрсін десең, сен мықты бол, қымбаттым-ау. Дәл осы өлеңі күйдім, сүйдім демей-ақ асыл жарына деген сезімін бір ғана достық сөзіне сыйғызып бере салған. "Алғашқы махаббатқа хат" деген өлеңіне зер салып, зейін қойып зерделей қарасақ: Сенің қолың кішкене нәзік қана, Нәзіктіктен тағдырға озып қара. Сенің көңлің мен үшін шалқыған көл, Сенің кеудең мен үшін жазық дала, - дейді. "Махаббат" ұғымын адам жан-дүниесімен шебер байланыстыра білген. Адам жаны бірде теңіздің асау толқынындай тербетіліп, себезгі сезім себелеп жатқандай. Мына жалған дүниеде тұнық сезімді сақтаудың қаншалықты қиын екендігін бір ғана өлең жолына сыйғызған сезім суреткері. Ұзақ жылдар сен маған таптырмадың, Тасасынан іздетіп көп тұлғаның. Түлкісі көп алдамшы ормандардан, Қалайша сен аман-сау өттің, жаным? - деп қалтарысы мен бұлтарысы көп, қызығы мен қиындығы қатар жүретін сыршыл дүниенің сан алуан сынағына төтеп беріп, ғаламат сезім жырын шынайы жырлаған. Мұхтар Шаханов - лирикада да өзіңің жан-тебіренісін, толғанысын ірікпестен қағаз бетіне түсіре алған ақын. Патриоттық рухты өлеңдерге ғана қалам тербейді десек, оқырманның да қателескені болып саналады. Оның дәлелі, мына бір-ақ шумақ өлеңмен махаббаттағы күллі болмысын жайып салады: Мүмкін, әлі күшім кем, ісім бала, Айқындалып келеді түсім жаңа. Саған, күнім, мәңгілік қарыздармын, Маған шексіз сенгенің үшін ғана. Қазіргі қазақ поэзиясының, жалпы дəстүрлі, классикалық қазақ жырының əдебиетке 70-ші жылдары келген талантты толқындарының ішінде өз үні, өзіндік поэтикалық бояуы, өзіне тəн айту машығы мен жеткізу тəсілі бар дарынды ақындарымыздың бірі — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының иегері Нұрлан Оразалин.
Бұл зерттеу еңбекте ақын Нұрлан Оразалин поэзиясындағы замана шындығы мен сол сарынды берудегі ақынның тақырыптық-көркемдік ізденістері сөз болды. Ақынның уақыт тынысын көрсетудегі өзіндің тəсілі мен көркемдік тұрғыдан алған тақырыбын игерудегі ізденістері басты назарға алынды.
Осынау телқоңыр терең ұғымдардың астарында көп сыр, көшелі пайым жатыр. Оны оқырман өлеңдерден тапса, ғылыми сараптамада ол жетістіктер қаламгердің болмысы мен бітімін, оның өлең көкжиегіндегі өзіндік орнын бағамдау мақсат болады.
Біздер, қалқам, өлең атты елденбіз, Жауыннанбыз…
Қайғыданбыз… Желденбіз…
Мəңгіліктің үрлеп мəңгі майданын,
Ғасырлардың қойнауынан келгенбіз.
Жүрегімен күндіз-түні от өрген,
Кермекті артық көретұғын шекерден.
Қалқам, біздер өлең атты елденбіз,
Ақындықтың ауыр жүгін көтерген.
Нұрлан Оразалин бұл жырын 1991 жылдың шілдесінде жазған. Осы өлеңді зер салып, зерделеп қарасақ, сөз басында біршама айтылған ақындық тарих пен ақындық эстафета туралы авторлық аннотация бар. Ақын бүгінгі күн мінбесінен сөз алып тұрып, мойнындағы азаматтықтың ауыр жүгін жауапкершілікпен көтеріп келе жатқанын терең сезінген сеніммен серт сөйлеп тұр. Бұл қаламгердің қарабайыр ұраны да, желге шығарған жыр-əні де емес, бұл ақындық азап пен тозаққа, жауапкершілік пен міндетке пейіл берген, пейіл беріп қана қоймай, өлең атты қасиетті өнердің қыр-сырын қапысыз сезінген, ұзақ жылдар бойы əр сəтті теңеу, салиқалы ой үшін маңдай терін сыпырған сарабдал ақынның шын сөзі.
Бүгінде көмескі тартқан тарихымыздың арғы тегі Түріктен, бергі белгісі (тасқа түскен жазуы бар) сол көк түріктің ұрпақтары: Құтлығ, Тоныкөк, Күлтегін және Иоллығ тегін тарихын танып, зерттеп жүрген, ежелгі тегімен сабақтас, тамырлас ақын Т. Медетбек шығармашылығынан ерлік пен елдікті танимыз. Мәселен, Күлтегіннен (үлкен жазу) бір шумақ өлеңді оқып көрелік :
Биікте көк тәңірі,
Төменде қара жер жаралғанда,
Екеуінің арасында адам баласы жаралған.
Адам баласы үстіне ата-тегім
Бумын қаған, Үстемі қаған отырған.
Отырып, түркі халқының ел-жұртын
Қалыптастырған, иелік еткен.
Дәл осы жауынгерлік пен ержүректік мінез Темірханның “Көк түріктер сарыны” кітабында келесідей берілген :
Ұлдарымыз
Алшаң-алшаң жүретін,
Балпаң-балпаң басатын.
Қаншалардың шымылдығын
Найзасының ұшымен ашатын,
Жолбарыстарды алып ұрып
Сүтін ішетін,
Сөйтіп шөлін басатын,-
Арда болсын /1.26/.
Осы екі өлең жолдарын салыстырсақ, екі түрлі заман туындыларының арасындағы ұқсастықты, үндестікті байқаймыз. Біздіңше, осы ата-баба сарыны Темірхан поэзиясын жаңа биікке көтеріп отыр.
Иранбек поэзиясы туралы айтқанда оның өлеңдеріндегі Абай поэзиясы секілді азаматтық үннің сыншылдықтың соншалықты адуын қарқынмен шығатындығына тоқталғың келеді. Иранбек поэзиясын оқығанда қым қиғаш тартыстың, əділдік пен зұлымдықтың күресінің үнемі бір бірімен бетпе бет келіп, бір біріне аяусыздықпен, ымырасыздықпен қарай-тын мінез иелері онтайлап қарсы алдымыздан шығады. Иранбек Оразба-евтың «Өмірнама» деп аталатын мыңдаған жолдардан тұратын десте өлеңдері оның шығармашылығындағы жаңа белес. Күтпеген жерден дүниеден өткен Мұнар қайтыс болғаннан кейінгі кезеңде жазылған өлеңдерін ақын кезінде мерзімді басылымдар бетіне «Мұнар, Мұнар» деген атпен жариялап отырды. Қысқа-қысқа лирикалық өлеңдерден құралған жинақтан лири-калық кейіпкердің жан ашуын білдіретін алғашқы беттегі өлең шумақтарының өзі-ақ бауыр еті баласынан айырылудың қаншалықты азапты ауыр тағдыр болғандығынан хабардар етеді. Ақын бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ деген қағидадан бір сəт ауытқымай мейірімсіз ажалдың салған жараның ешуақытта жазылмай-тынын, ұлы Мұнардың орны ешуақытта толмайтындығын аузынан жалын шығара отырып жырлайды. Тазы ашуын тырнадан алыпты дегендей жанын жайлаған улы запыранды жаратушының алдына төгіп шаша отырып, тағдыр қыспағын ешуақытта кешпейтін мінез танытады [1.]. «Өмірнама» кітабы – лирикалық қаһарманның қайғылы күйін, ащы дертін ақындық тілдің құдіретімен ба-рынша шыншылдықты жеткізген жинақ.
Марфуға Ғалиқызы Айтхожина (25 тамыз 1936 жылы ҚХР, Шыңжаң өлкесі, Құлжа қаласында туған) – қазақтың жыр аққуы атанған ақын қызы. Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткеріМарфуға Айтхожина "Аңсау", "Ақку жүрек", Алатаудың Ақ батасы" туындыларында Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерін эпикалық кең тыныспен жырлайды. 60-жылдардан бері бүгінгі күнге дейін жиырма бес жыр жинағы шыққан. Алғашқы өлеңдер жинағы "Балқұрақ" деген атпен 1962 жылы жарияланған. Кейіннен әр жылдары "Шыңдағы жазу", "Жастық шақ", "Аққуым менің", "Қаракөз айым", "Баянжүрек", "Көзімнің қарасы", "Ақ бесігім", "Жарқыра, менің жұлдызым", "Қыран жеткен", "Таңдамалы", "Сағыныш сазы", "Жапырақ сілкінген кеш", "Аңсау", "Аққу жүрек", орыс тілінде "Утверждение", "Голубые голуби", "Струна степей", "Горсть земли", "Украшение коня", "Летние росы" өлеңдер жинақтары жарық көрді. Бірқатар шығармалары болгар, поляк, венгр, чех, парсы т.б. тілдерге аударылған.
84. Қазақ әдебиеті кабинетін жабдықтаудын өзіндік ерекшеліктері, оқу ісіндегі орны.
Кабинетті жабдықтау:
техникалық оқыту құралдары: телевизор, DVD, аудио-, бейнетаспалары
интерактивті тақта
электронды оқулықтар
мультимедиалық оқу бағдарламалары
лингафондық құрылымдар (лингафондық кабинет).
Құжаттардың тізімі:
- нормативтік құжаттар
- кабинеттің паспорты
- кабинеттің перспективтік даму жоспары
- картотека, оқу-көрнекi құралдарын жүйелеу (электрондық картотекалар)
- техника қауіпсіздігі мен санитарлық-гигиеналық норма ережелерiн сақтауды қамтамасыз ететін құжаттар
- үйірме, факультатив, элективті курстар құжаттары
- мониторингтік папка (оқушылардың бiлiм сапасының мониторингiсі).
III . Кабинеттің оқу-әдістемелік кешені
Кабинеттегі көрнекі құралдар тілді (сөйлеу тілін) дамытуға ықпал етуі тиіс, дидактикалық, таратпа, анықтама материалдары жеткілікті көлемде болып пән бойынша бағдарламаны орындауды қамтамасыз етуі қажет.
Стендтер: тұрақты және ауыспалы (безендірілу мәдениеті, материалдарының тартылымдығы, мазмұны сай болуы қажет)
1. Тұрақты стендтер:
1) Тақтаның сол жағында, тақтадан биік немесе қатарлас бір деңгейде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздері ілінуі тиіс (лицензиялы, ҚР Білім және ғылым министрлігінің әдістемелік ұсыныстары басшылыққа алынады)
2) Тақтаның үстіңгі жағына тілге қатысты нақыл сөз жазып ілуге болады.
Тілден артық қазына жоқ.
Тілден артық қасиет жоқ.
Н.Назарбаев.
Тіл мен сөз — көңілдің айнасы.
Ж.Баласағұн.
Тіл жоқ жерде ұлт жоқ.
Ш.Айтматов.
«Әдебиет – адамды өз ырқына жетелеп алатын қасиетті дүние»
М.Әуезов.
Ұлтымыздың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың «Отыз бірінші» қара сөзі ақынның портретімен безендірілуі ұсынылады. «Отыз бірінші» қара сөздің берілу себебі: оқушыларға төрт тағылымдық, тәрбиелік мағынасы бар, әрі оқығанды есте сақтау үшін не істеу керектігі туралы айтылған.
«Біріншіден, көкірегі байлаулы берік болмақ керек.
Екіншіден, сол нәрсені естігенде я көргенде ғибратлану керек.
Үшіншіден, сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып, ойланып, көңілге бекіту керек.
Төртіншіден, ой кеселді нәрселерден қашық болу керек».
3) 5-11 сынып аралығындағы оқу бағдарламасына енген ақын-жазушылар мен өнер қайраткерлерінің портреттері хронологиялық тәртіпте ілінеді.
Ақын, жазушылар:
- А. Құнанбаев
- Мәшһүр-Жүсіп Көпеев
- Ж. Аймауытов
- А.Байтұрсынов
- М. Дұлатов және т.б.
Билер:
- Әйтеке би
- Төле би
- Қазыбек би
4) Қазақ тілі жазбаларының тарихынан:
- руналық жазба
- араб жазбасы
- кириллица жазбасы
- латын жазбасы.
