Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КРО шпор.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
226.88 Кб
Скачать

13. Абайдың табиғат лирикасы

Абай өлеңдерінің бір алуаны - табиғат лирикасы. Табиғат - адам баласының еңбек етіп, өмір сүретін ортасы. Бар байлық, қазына, тіршілік, табиғат дүниежүзі әдебиетіндегі ірі классик ақындардың барлығының да шығармаларынан орын алды. Әр дәуір, әр жағдайға лайықты табиғатты әркім әртүрлі жырлады. Біреулер табиғат арқылы өмір сүретін, біреулер табиғатты суреттеу арқылы көңіл-күйін, өз көзқарасын айтып берді. Ал кейбіреулер белгілі бір кезеңдерде өмірдегі күрес-тартыстардан безіп, табиғатты ғана жырлап, өмірден безу көйгейін тартты. Қайткенмен де, табиғат көркем әдебиеттен үлкен орын алды.

            Абайдың да айрықша жырлағанының бірі табиғат болды. Ол табиғат аясында өсіп, оны сүйе білді. Абайдың «Желсіз түнде жарық ай», «Күз», «Қыс», «Жаз» деген өлеңдерін оқығанда, табиғаттың әртүрлі құбылысы көзіңе елестейді. Жаратылыстың жайдары жазын, түсі суық тұманды күзін, не болмаса сақылдаған аязы мен қарлы боранын өзің көріп тұрғандай боласың.

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,

Күз болса, дымқыл тұман жерді басқан.

Білмеймін, тойғаны ма, тоңғаны ма?

Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.

Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,

Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.

Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,

Жапырағынан айрылған ағаш, қурай, -  деп, күз түсумен бірге бәйшешек солып, ағаштардың сидиып, жапырағынан айрылғанын, ерке жазда мәз-мейрам болып келген жастардың, асыр салып ойнаған балалардың көрінбейтіндігін, қысқасы, көңілсіз күздің бейнесін тамаша түрде елестетеді.

19. Абайдың көркем аудармаларының (Крылов, Пушкин, Лермонтов) поэтикалық ерекшеліктері

Абайдың аударма дәстүрі қазақ әдебиетіне ӛзіндік ұстанымдары мен шеберлік үлгісін ала келді және ақын кӛздеген тағылымдық, тәрбиелік сипаттарға құрылды. Әр шәкірт ӛз шама-шарқына қарай, аударманың түрлі үлгісін игере отырып ұстаз қойған биік межені бағындыруға тырысты. Аудармалар шәкірттердің орыс тілін білу дәрежесіне, ақындық шеберлігіне, түпнұсқа авторының айтар ойын қаншалықты дәл тауып, тамырын дӛп басқанына қарай әр түрлі үлгіде және қилы кӛркемдік деңгейде жазылды. Демек, Абайдың қазақ әдебиетіне қосқан бір жаңалығы – профессионалдық үлгідегі аударма жанрын әкелуі. Ақын аударма саласын қалыптастырып қана қоймай, бірден биікке кӛтерді. Тӛл әдебиеттің ерекшеліктерін ескере отырып, орыстың ең таңдаулы туындыларын қазақша сӛйлеткен ақынның құдіреті соңындағы шәкірттеріне үлгі еді. Абай аудармамен шұғылданған кезде оны кәсіби биікке кӛтеруді нысана етіп қоймаған тәрізді. Әйтсе де, Абай ӛзінің ақындық тәжірибесінде әрдайым сол кезде қазақ үшін озық үлгі болып табылатын орыстың мәдениетін үлгі-ӛнеге тұтқан классик ақындарды қазақша сӛйлетпей отыра алмаған. Сонымен бірге, Абай ақындығының кемелденуіне, асқан кӛркемдік пен терең мазмұнға ие болуына аударманың игілікті әсер еткені күмәнсіз. Ақынның әдеби мұралары ішінде аударма үлгілерінің де ӛзіндік орны мен салмағын сандық тұрғыда жүйелесек: аудармаға арналған 15 жылында Абай үлкенді- кішілі 50-ден астам шығарманы орыс тілінен қазақшаға аударыпты. Сонда ол А.С.Пушкиннің "Евгений Онегин" атты әйгілі шығармасынан 7 үзінді, М.Ю. Лермонтовтан 30-ға таяу ӛлең, И.А. Крыловтан 12 мысал және басқа да авторлардан 7 ӛлең шамасында аударған. Абайдың жасаған аудармаларының дәл не еркін болуы әртүрлі тарихи жағдайлардың жемісі. Мәтінді дәл аударудан дұрыс мағына шықпаған, не мәтіннің жай мағынасын бергенімен, ойындағыдай кӛркемдікке қол жеткізілмеген жерлерде Абай түпнұсқа мәтінінен алыстап барып, оның идеялық-кӛркемдік мағынасын ӛзінше береді. Ақын Пушкиннің түп нұсқасынан алшақтау кетсе оны Абайдың қазақ оқырмандарының қамын жеуінен туған заңды кӛрініс деп білу керек деп ойлаймын. Осындай ізденудің арқасында Абай еркін шығармашылық аударманың тамаша үлгілерін жасаған. Абайдың ерекше сүйіп аударған ақыны - М.Ю. Лермонтов. Ең алдымен, Лермонтов шығармаларымен Абайдың етене жақын екенін және оның жеке ӛлеңдерімен бірге кейбір поэмаларынан да үзінділер аударғанын білеміз. Абайдың аса кӛңіл бӛліп аударған ақындарының бірі орыстың атақты мысалшысы - И.А.Крылов. Аударма ӛнері жолға қойылмай тұрған шақтың ӛзінде И.А.Крыловтың бір мысалын ("Қарға мен түлкі") тұңғыш рет Ыбырай Алтынсарин қазақшалаған болатын. Содан кейін Абай оның он екі мысалын қазақ тіліне аударады. Крыловтың сатиралық мысалдарын қазақшалауға бармай, оның ӛсиетшілдік бағыты басымырақ мысалдарын Абай ден қоя аударған. Бұл аудармаларында да Абай шеберліктің, дәлдіктің, авторды терең түсінудің үлгілерін кӛрсете алған. Соншалық шабытты жолдар орыс елінің ұлы мәдениетімен қазақ ақынының танысып, Пушкин, Лермонтов сынды абзал жандармен сырласу сәтінде туған. Сол себепті, Абай, бір жағынан, ақындық ӛнерін шырқау биікке кӛтерсе, екіншіден, сол кездегі қазақ жұртшылығын тың бір дүниемен таныстырды, келешек ұрпаққа ӛнеге боларлық ұмытылмас еңбек жасады.