- •5. Асан Қайғы Сәбитұлының шығармашылығындағы дала образы, халық тағдыры, ел болашағы мәселелері.
- •8. Абай поэзиясындағы оқу білім өнер тақырыбы
- •13. Абайдың табиғат лирикасы
- •19. Абайдың көркем аудармаларының (Крылов, Пушкин, Лермонтов) поэтикалық ерекшеліктері
- •22. Абай өлеңдеріндегі сатира және юмор
- •25. Абайдың ақын, поэзия және өнер туралы өлеңдері
- •32. Абай лирикасындағы махаббат, сүйіспеншілік тақырыбы
- •44. Абай қарасөздеріндегі тақырып, мазмұн және түр ерекшеліктері.
- •Абай бейнесі
- •76. Абылай хан және оның батырлары туралы тарихи жырлар мен аңыздар поэтикасы.
- •12. Әдебиетті оқытудағы эвристикалық әдіс.
- •15. Әдебиет сабағында мәнерлеп оқу және оның әдістемесі
- •18. Әдебиетті жаңа технологиямен оқытудың ерекщеліктері.
- •29. Әдебиеттің тектері мен жанрлық түрлері
- •48. Ә.Тәжібаевтың поэзиясы: өлеңдері мен поэмалары
- •52. Әдебиет сабақтарының түрлері.
- •63. Ә.Нұрпейісовтің «Қан мен тер» роман – трилогиясының поэтикалық ерекшеліктері.
- •67. Әдеби кейіпкерге салыстырмалы мінездеме берудің жолдарын оқыту әдістері.
- •79. Әдебиеттану ғылымының негізгі және жанама салалары.
- •23. Б.Майлиннің «Сексен сом», «Талақ», «Арыстанбай» әңгімелеріндегі тақырып, идея, көркемдік шешім мәселелері.
- •43. Б. Майлиннің өмірі мен шығармашылығын оқыту.
- •20. Ғ.Мүсірепов «Қазақ солдаты» романы: тарихи шындық және кейіпкерді мінездеу
- •33. Ғ.Мүсірепов көркем әңгіме жанрының шебері.
- •36. Ғ.Мүсіреповтің «Оянған өлке», «Жат қолында» роман – дилогиясының тарихилығы.
- •72. Дулат Бабатайұлы өлеңдеріндегі заман шындығы мәселелері.
- •11. Ж.Аймауытов прозасындағы психологизм («Ақбілек» романы бойынша).
- •30. Жансүгіров эпик ақын. «Күйші» «Күй» «Құлагер» поэмаларына тән эпикалық, көркемдік ерекшелік.
- •35. Жамбыл өлеңдеріндегі халық тарихының шындығы
- •16. Көркем шығармадағы образ және тип
- •64. Көркем шығарманың тіл ерекшелігін мәтіндік талдаулар арқылы оқыту.
- •82. Көркем әдебиеттегі мазмұн мен пішін.
- •88. Көркем әдебиттегі натурализм, модернизм, постмодернизм.
- •51. Қорқыт ата – тарихи тұлға, күйші – сазгер, жырау.
- •58. Қазіргі кезеңдегі қазақ поэзиясын оқытудың ерекшеліктері, (с.Мәуленов, х.Ерғалиев, т.Молдағалиев, ф.Оңғарсынова) шығармалары бойынша.
- •59. Қазақ ертегілеріндегі қырық өтірік және тазша бала хикаялары.
- •60. Қазақ әдеби сыны қалыптасуы мен дамуының тарихи кезеңдері
- •73. Қазіргі кездегі қазақ поэзиясын (м.Шаханов, н.Оразалин, т.Медетбек, и.Оразбаев, м.Айтқожина, тб) оқытудың ерекшеліктері.
- •2. Ауыспалы стендтер:
- •Iy. Дидактикалық материалдар жүйесі:
- •87. Қазақ әдебиетін оқытудың қазіргі кезеңдегі бағыттары.
- •4. Лиро – эпостық жырлардың жанрлық сипаты
- •Махамбет Өтемісұлы шығармаларындағы реалистік – романтикалық сарын
- •10. Мұрат Мөңкеұлы жырларындағы зар заман сарыны. «Үш қиян» толғау – дастаны
- •17. М.Әуезов «Қорғансыздың күні»
- •57. М.Әуезовтің драмалық шығармалары. «Хан Кене» пьесасын талдау.
- •62. М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» дастаны.
- •66. М.Сералиннің өлеңдері мен мақалалары, «Айқап» журналын шығарудағы еңбегі.
- •69. М.Әуезовтің «Көксерек» повесіндегі тіршілік философиясының болмысы.
- •75. М.Мақатаев поэзиясындағы азаматтық – отаншылдық сарынды өлеңдері.
- •86. М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романындағы образдар жүйесі.
- •70. Прозалық шығармаларды оқыту жолдары мен әдістері.
- •9. Репродуктивтік әдіс. Әдебиет үйірмесі.
- •7. С.Сейфуллин – әдебиеттанушы ғалым
- •27. С.Торайғыровтың «Кедей», «Адасқан өмір» поэмалары.
- •45. С.Мұқановтың «Өмір мектебі» роман – трилогиясындағы тарихи кезең шындығы
- •46. С. Сейфуллиннің Көкшетау поэмасын оқыту
- •47. Сүйінбай Аронұлы шығармашылығындағы заман шындығы.
- •65.Сюжет пен композиция.
- •77. С.Торайғыровтың «Кім жазықты?» романының жанрлық ерекшелігі.
- •80. С.Көбеевтің «Қалың мал» романындағы басты кейіпкерлерді даралай мінездеу ерекшеліктері.
- •83. С.Торайғыровтың лирикалық өлеңдеріндегі тақырып, идея көркемдік тұтастығы.
- •55. Тіл дамытуға жүргізілетін жұмыстар, түрлері.
- •14. Шортанбай Қанайұлы шығармашылығындағы заман шындығы. Зар заман толғауы
- •41. Ш. Уәлиханов фальклор мен әдебиет зерттеушісі.
- •53. Шәкәрімнің лирикалық өлеңдеріндегі тақырып, идея, көркемдік.
- •68. Шәкәрім аудармаларының көркемдік ерекшеліктері. «Дубровский әңгімесі».
- •71. Шәкәрімнің прозалық шығармалары. «Әділ – Мария» романы.
- •81. Шолу тақырыбын оқытудың ерекшеліктері.
- •26. Ы. Алтынсариннің еңбек тақырыбындағы әңгімелері
- •38. Ы. Алтынсарин әңгімелеріндегі адамгершілік, еңбек тәрбиесі, мәселелері. (26 сұрақ)
- •50. Ы.Алиынсарин – педагог ағартушы. «Киригизская хрестоматия» оқу құралына сипаттама.
- •56. Ы.Алтынсариннің оқу – ағартуға, табиғатқа арналған өлеңдерінің көркемдік мәні.
- •39. І.Есенберлиннің «Көшпенділер» роман – трилогиясы: ел тарихы және көркем шындық.
- •Көшпенділер 1 - Алмас Қылыш
- •Көшпенділер 2 - Жанталас
- •40. І. Жансүгіровтың өмірі мен шығармашылығын оқыту. 11 сынып.
- •3. Жаңа сабақ.
- •I.Ой қозғау – побуждение
- •II. Жаңа тақырыптың мағнасын ашу – осмысление
- •III. Ой түйіні, пікір алысу – рефлексия.
- •34. 10 Сыныпта ы. Алтынсарин өмірі мен шығармашылығын оқыту.
82. Көркем әдебиеттегі мазмұн мен пішін.
Мазмұн мен пішін – күрделі мәселе, іргелі философиялық ұғым. Мазмұн мен пішін – тек өнер ғана емес, өмірдегі ақиқат шындықтағы кез келген затқа және құбылысқа тән нәрсе.
Мазмұн мен пішін ең алдымен бір – бірінен айрылмас байланыста, бірлікте ; бірінсіз бірі жоқ, яғни мазмұнсыз пішін жоқ, пішінсіз мазмұн жоқ.
Пішінді алайық. Пішін дегеніміз – бір нәрсенің пішіні ; басқа ережесі жоқ. Осының енді ішкі қасиеті, анықтамасы бар, ол – мазмұн.
Мазмұнды алайық. Мазмұн дегеніміз – бір нәрсенің мазмұны ; басқа ережесі жоқ. Осының енді сыртқы қасиеті, анықтамасы бар, ол – пішін.
Мазмұн мен пішіннің бірлігі осының өзінен – ақ анық көрініп тұрғандай. Мазмұн пішіннің ішкі қасиеті, пішін мазмұнның сыртқы анықтамасы болғанджа ғана әрқайсысы өзін - өзі айқындай алады. Жалғыз – ақ осынау мазмұн мен пішіннің бір – біріне ауысу, көшу процесінің негізінде мазмұн жататынын ұмытпау керек. Қандай жағдайда болсын, әуелі мазмұн туады да, өзін анық айқындау үшін өзіне пішін іздейді. Демек, мазмұн мен пішінні мызғымас бірлігінің негізінде мазмұнның пішіннен басымдығы (примат) жатады деп ұққан жөн.
Енді осы ұғымды көркем әдебиетке көшіріп көрелік.
Әдебиеттегі мазмұн мен пішін деген не ?
Бұл арада тағы да біз сөз өнерінің қоғамдық санаға қатысын, әдебиеттің обьектісі - өмір, предметі – адам екенін, өмір шындығынан тыс, адам тағдырынан сырт өнер туындысы болмайтынын еске түсіреміз. Сана – шындықтың сәулесі болса, адам санасының мазмұны – сол адам таныған шындық екені мәлім. Сонда әдеби шығарманың мазмұны - өз эстетикалық идеалының тұрғысынан суреткер таныған ақиқат өмңр де, пішін – осы шындық тұтатырыла жинақталған көркем образдар жүйесі, яки әдеби қаһармендар өмірі екенін түсіну қиын емес.
Сонымен, әдебиеттегі мазмұн мен пішіннің бірлігі дегеніміз сөз өнеріндегі орасан зор маңызды заңдардың бірі, өнер туындысының көркемдігі үшін ауадай қажет жағдай бболып табылады. Көркем шығармадағы мазмұн мен пішіннің бірлігі – оның етене бүтіндігі, эстетикалық бағалылығы.
Әдебиеттегі мазмұн мен пішін дегенді белгілі бір көркем шығармадағы затты деректерге көшірсек, былай болар еді : шығарманың мазмұны – оның ақиқат шындыққа негізделген тақырыбы мен идеясы да, пішіні - әдеби қаһармандардың өзара қарым – қанынасына, тағдыр тартысына негізделген сюжеті, композициясы және жазушының өмірді өнерге айналдырған ең негізгі құралы – суретті сөзі, яки көркем шығарманың тілі.
88. Көркем әдебиттегі натурализм, модернизм, постмодернизм.
Натурализм (французша: naturalіsme, латынша: natura – табиғат) – философияда табиғатты барлық нәрсенің түп негізі, тану мен түсіндірудің әмбебап принципі ретінде қарастыратын философиялық бағыт.
Ғылым методологиясында натурализм табиғат заңдарының бірлігін мойындаумен байланысты таным әдісінің бірлігін, яғни жаратылыстану ғылымдарында қалыптасқан танымдық-методологиялық принциптер барлық ғылымдарға ортақ, әмбебап принциптер деп ұйғарылады. Әдебиетте натурализм тәсілін алғаш қолданған француз жазушысы Э.Золя болды.
Натурализм кез-келген нәрсенің қалып-бейнесін не қимылын жеріне жеткізе, елеусіз бөлшектеріне дейін қалдырмай суреттеуді мақсат етті. Шығармаларда шыбынның ұшуы мен қоңыздың ызыңы сияқты оқиғаға тікелей қатысы жоқ жайлар көп баяндалды. Адам кейпі, жануарлар қимылы, табиғат көрінісі қаз-қалпында сипатталды. Нәтижесінде тұспалмен сыпайы айтылатын жайлар қарадүрсін, жалаң баяндалды да эстет. қасиеттен айырылды, соңы анайылыққа апарып соқты. Бұл тәсілдің ерекшелігі оқырманның не болар екен деген сауалына қаламгер түгелге дерлік жауап берді, яғни бәрін жасырмай, тәптіштеп айтты. Француз сыншылары Э.Золяның “Нана” романына қатты наразылық білдірген. Ондағы бас кейіпкердің жасынан қиыншылық көруі, ақырында нәпсіқұмарлыққа салынуы мен оның іс-әрекетін тәптіштеп тізбектеуін оқырман тұрпайылық деп тапқан.Бұл тәсіл әдебиетте орын алған сайын оның осал жақтары да бой көрсетті. Орыс әдебиетінде де натурализмді қолдаған жазушылар болды (П.Боборыкин, В.Немирович-Данченко, т.б.). Гоголь бастаған бұл ағым өкілдері қоғам өмірінің терең қалтарыс-бұлтарысына дейін зерттеп жазу керек деп санады. Н.В. Гогольдің “Өлі жандар”, Ф.М. Достоевскийдің“Бейшаралар”, И.С. Тургеневтің “Аңшының әңгімелері”, т.б. туындылар орыс қоғамындағы шаруалар жайын бұлжытпай суреттеген. Қазіргі әдебиеттануда натурализмді тұрпайы суретке, ділмарлыққа бой ұрушылық, шындықты баяндаудың қарадүрсін, қаражаяу түрі деп түсіну басым.Сахна өнерінде натуралистердің негізгі талабы пьесадағы оқиғаны ойын арқылы емес, тап бастан кешіргендей етіп көрсетуге әрі психологиялық, тұрмыстық және тарихи шындықтан ауытқымай қаһармандардың өмір сүрген ортасын қайта жаңғырту дегенге тірелді. Натурализм өкілдері театрдағы кәсіби машықпен, шарттылықпен күресе отырып, спектакльді сахнаға көшірілген “өмір бөлшегі” ретінде көрсетуге ұмтылды.Адам мінезі мен іс-әрекетін биологиялық тұрғыдан түсіндіру натурализмді айқындай түсетін белгілер болды. Оның көрнекті өкілдері қатарында режиссерлер А.Антуан (Франция), О.Брам (Германия), актерлер Э.Цаккони(Италия),П.Н. Орленев (Ресей), т.б. болды. Қазақ театрында қойылған алғашқы спектакльдерде, актерлер ойынында ұлт тұрмысын дәл көрсетуге ұмтылған Натурализм-нің кейбір белгілері бой көрсетті.Постмодернизм (ағылш. postmodernism) — әуелде сәулет өнері саласында қолданылған атау болып, хатжүзіндік тіке мағынасы — "модерннен кейінгі", яғни "осы заманнан кейінгі", "соңғы", "жаңа заман" дегенді білдіреді. Бұл сөздің қазақша баламасы тұрақтанбаған, кейбіреулер оны "соңғы осы заманшылдық" деп те атап жүр.Сәулетте бұл ағым модернизмнен де көркем дегенді білдіреді. Ол көптүрлі өзге ағымдардың ерекшелігін өз бойына сіңірген, бір бойына барлық ерекшелікті қамтыған бес аспап ағым есептеледі. Кейіннен бұл ағым модернизімге қарсылық ретінде сурет, музыка, философия салаларында да қолданыла бастады және әсіресе философияда ықпалды "Постмодернизм" ағымы қалыптасты.Постмодернизм түптеп келгенде модернизмге қарсылықтан туындаған. Ол Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Батыс Еуропалық ұлы қиялдың быт-шыт болуы себепті өз бойында тұрақтылық, заңдылық, ереже атаулыдан арылған жаңа ағымның пайда болуына түрткі болды.Постмодернизм ағымына бірлікке келген біртұтас анықтама беру қиын. Тек бұл ағымнан кез келген қалыптасып қатып қалған түрлі өмір пішіндеріне қарсы тұрудай ортақ ерекшелік байқалады. Бұл ағымның жалғасу уақыты жөнінде де біркелкі пікір жоқ. Негізінен, 1970-1990 жылдар аралығы олардың дәурендеген мезгілі есептеледі. Кезекте, архитектура, әдеби сын, психоанализ, заңгерлік, педагогика, әлеуметтану, антропология, саясаттану қатарлы салалар өздерінің постмодернизмдік күйі туралы біршама жүйелі тұжырымдар жасады. Безендіру мен құрылымға қарата сыни көзғараспен қарау және қатып-семушілік пен табынушылыққа мазақтау мәмілесін ұстанатын олар арнаулы әдіспен белгілі бір идея мен жүйеге тастай бекінуге түбегейлі қарсылық көрсетеді. Бұл мағынада оны "Измсіздік" деп те атауға болады.Әдеби сын саласындағыларға салыстырғанда қатал философтар постмодернизм терминіне келісе бермейді. Өйткені бұл ұғым тым бұлдыр, тым шұбалаңқы мағынаға ие. Мысалы, постмодернизмді феминизм, структурализм, кейінгі колониализм секілділермен шатастыратындар да бар.
