Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КРО шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
226.88 Кб
Скачать

30. Жансүгіров эпик ақын. «Күйші» «Күй» «Құлагер» поэмаларына тән эпикалық, көркемдік ерекшелік.

Жансүгіров өлең жазуды 1912 жылы бастаған. Оның «Балдырған», «Қызыл жалау» атты өлең дәптерлері кейін, 1957 жылы Ұлттық кітапханадан табылды. Жансүгіровтың баспа бетін көрген алғашқы туындылары – «Сарыарқаға», «Тілек» деген өлеңдері. Бұлар 1917 жылы Семейде шығып тұрған «Сарыарқа» газетінде жарияланған. 1923 жылы «Сана» журналында «Мерген Бөкен» әңгімесі басылып шықты. Осыдан соң Жансүгіров өлеңдері «Тілші», «Ақжол», «Кедей еркі» газеттерінде жиі жарияланып жүрді. Осыдан былай қарай Жансүгіров халқына қаламы ұшталған, терең ойлы, талантты ақын ретінде мәшhүр болды.

Ілияс Жансүгіров қазақ әдебиетінің барлық жанрларында қалам тартып, елеулі туындылар берген әмбебап дарын. Әсіресе ол өзінің аса қуатты суреткерлік талантын поэзия жанрында көрсетіп, күллі қазақ әдебиетінің мақтанышына айналған туындылар берді.

Ілияс әдебиетке халық фольклоры дәстүрінен, аз оқуымен және біршама кештеу - 20-жылдардың басында келді. Бірақ ол сол кездің өзінде халық өмірін жетік білетін, қазақ тілінің байлығын тамаша меңгерген бозбала еді. Өте қабілеттілігі мен ізденгіштігінің, жігерлілігінің және жаңадан құрылып жатқан қоғамның қоңыртөбел ортадан шыққан талапты жастың оқып, білім алуына жылы қабақ танытуының арқасында, ол біршама қысқа уақыттың ішінде тез жетіліп, аршындап алға озды. Алматы, Ташкент, Мәскеу оқу орындарында жақсы мағынасындағы қомағайлықпен білім алды, өз бетімен де көп оқыды, орыс және әлем классикалық әдебиетін зерттей оқып, үздік туындыларын орыс тілінен қазақшаға аударды. Осы аралықта жазуға да төселіп, қоғамдық жұмыстарға, әдебиет ісіне белсене қатысты. Алғашқы жинағы 1928 жылы 34 жасында жарық көрген Ілияс 5-6 жылдың ішінде қатарынан арындап алға озып, Абайдан кейінгі дәуірдің аса көрнекті ақынына айналды. Прозалық, драматургиялық талантты кесек туындыларын айтпағанда, "Күй", "Күйші", "Құлагер" сияқты классикалық шығармалар тудырды. Ілияс поэзиясы — ойға - қанат, сезімге нәр беретін, ешқашан ескірмейтін, мәңгі жас поэзия.

35. Жамбыл өлеңдеріндегі халық тарихының шындығы

Жамбылдың ақын-жырау ретінде қалыптаса бастаған кезі Ресей отаршылдары – бір жағынан, Қоқан хандығы – екінші жағынан, жергілікті жандайшаптар- үшінші жағынан қазақ халқын әлеуметтік саяси қыспаққа алған шақ еді. Жаны сергек, санасы өрелі Жамбыл өзінің «Шағым», «Жылқышы», «Шәбденге», «Сәт сайланарда», «Өстепкеде», «Патша әмәрә тарылды», «Зілді бұйрық» сияқты өлеңдерінде елдің әлеуметтік саяси өмірін ақындық шыншылдықпен азаматтық жауапкершілікпен бедерлейді. Жамбыл Қазан төңкерісінен кейінгі елдің саяси-әлеуметтік өміріндегі тарихи өзгерістерге үлкен үмітпен ден қояды. Оның «Туған елім» атты толғауы 1936 жылы жарық көріп, онан соң орыс тіліне аударылған нұсқасы «Правда» газетінде жарияланып, қарт ақынның даңқы бүкіл әлемге жайылды. Халқына қадірі артып, даңқы өрлеген Жамбыл, шабыт тұғырына қонған Алатаудың ақ иық қыранындай, жыр нөсерін селдетеді. Оның 1936-1945 жылдар аралығында шығарған жырлары 13 мың тармақтан асады екен. Ол ел өміріндегі табыс пен жаңғыруларды, жеңіс пен ерлік істерді ерекше шабытпен жырлайды. Шағын жыр-толғаулар ғана емес, оның қарт көкірегінен «Өтеген батыр», «Сұраншы батыр» сияқты эпикалық туындылар қайта жаңғырып ақтарылады.

Жамбыл - әрі эпик, әрі айтыс ақыны; абыз жырау әрі жауынгер жыршы. Ол шын мағынасындағы биік парасатты өнерпаз, азаматтық саяси поэзияны қалыптастырушы. Жамбылдың ұлылығы оның тек ақындық шеберлігімен ғана емес, сонымен бірге халық поэзиясының бұтақ жайған жаңа бір бәйтерегі болуымен, басқаша айтқанда , халық ақындарының жасампаздық рухтағы жаңа ұлы көшін бастаған даралығымен де өлшенеді. Оның сөздері ұранға айналып, өзі халық поэзиясының атасы аталды. Ол жыраулардың байтақ эпикалық дәстүрін, қазақ сөз өнеріндегі ғажайып импровизациялық үрдісті бүтіндей жаңа арнаға бұрып, оған жаңа мазмұн дарытты. Жамбыл – ізгілік жолындағы азатшыл азаматты нәсіліне, ұлтына бөлмеген шын мәніндегі интернационалист ақын. «Жамбыл жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан секілді. Оны жинап алып халқының қолына беру – біздің әрқайсымыздың азаматтық борышымыз» - деген еді Сәкен Сейфуллин. Жамбыл - жырдың толассыз бұлағы, өшпес өнегесі, тозбайтын асылы. Ол жасампаз ұрпақпен сырласындай, қимасындай мәңгі бірге жасай береді.

89. З.Қабдолов шығармашылығандағы романдар: «Біз жанбасақ», «Менің Әуезовім».

З. Қабдоловтың «Менің Әуезовім» романында ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің әдеби бейнесі үздік шеберлікпен сомдалады. Ол осы романы үшін 1998 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы иегері атанды. Академик, жазушы Зейнолла Қабдоловтың «Менің Әуезовім» романы 1997 жылы жарыққа шыққан. Көлемі екі жүз жиырма бес беттен тұратын романның тақырыбы мен басты сюжеті қазақ әдебиетінің классигі, заңғар жазушысы, академик Мұхтар Әуезовтің өмірбаянына, тағдырына, қаламгерлігіне, ұстаздық қызметіне негізделіп жазылған көлемді прозалық туынды. Ұлы Мұхтар Әуезовтің көзін көріп, дәрісін тыңдаған, сүйікті шәкіртіне, жылдар өте келе дос-інісіне айналған Зейнолла Қабдоловтың дарыны ұлы суреткердің назарын бірден өзіне аударды. Суреткер жазуша Зейнолла Қабдолов ұзақ жылдар бойы ұлы ұстазының еңбегін, әр жанрдағы, әр жылдардағы шығармашылық мұрасын жинап, зерттеп келді. Романда Мұхтар Әуезовтің жан дүниесі, болмыс-бітімі, ұстаздық еңбегі автор көзімен бағаланып, авторлық баяндаумен ашылады. Романның негізгі оқиғалық арқауы – М.Әуезовтің 1930-60 жылдар аралығында Қазақ Ұлттық университетінің қазақ әдебиеті кафедрасында ұстаздық қызмет еткен кезеңінен бастау алып, шегіністер арқылы, кейіпкерлер диалогы арқылы ұстаздың осыған дейінгі тағдыр белестеріне де шолу жасалады. Соның ішінде, Мұхтар Әуезовтің  бала шағы өткен туған жері – Шыңғыстау, Бөрілі өңірінің табиғаты, атасы Әуездің, немере ағасы Қасымбектің болашақ жазушыға әсер еткені, хакім Абай және оның ақындық аясы, оған үлгі болған Алаш арыстары, яғни оның ұлттық дүниетанымын оятып, тағылым ұсынған ұлы ұстаздары туралы ой-толғамдар кеңінен ширатылып жазылған. 1920-1930 жылдар арасында етек алған тарихи, саяси оқиғалар, сол тұстағы жазушының қудалауға түсіп, азап шеккен кезеңдері, барлығы роман ішінде терең суреттеледі.  Алты атарудан тұратын роман әсерлі баяндаумен оқырманды өзіне елітеді. Романда кездескен эпизоттардың барлығын да автор бірде өз көзімен көргендей, бірде шегіністер арқылы іштей сабақтастыра, жымдастырып, кейіпкері – Әуезовті әр тарауға белгілі бір бірізділікпен көрсетіп отырады. Романда өмірбаяндық сюжеттер мен авторлық толғаныстар үндескен тапқан. Ұлы тұлғаның бүкіл ғұмырын терең толғаныспен суреттеген. Образды, көркем, суреткерлік шеберлікпен Мұхтар Әуезовтің болмыс-бітімін, адами тұлғасын дәл әрі нақты жеткізе білген. “... Көрген жерден көзді арбап, көңілді қоса баурап әкететін ғажайып сурет – тағы да айтайын, - Әуезовтің өлшеусіз кең, керіле жарқыраған әжімсіз жазық маңдайы мен жалтыр төбеден тайғанай сусып барып самайға ұйлығып қалған – оң шекеде бір уыс, сол шекеде бір уыс – шөкім-шөкім бұлт тәрізді көк мамық шашы. Сократ-маңдай деген маңдай болады деуші еді, сол осы екен ғой деп сүйсіндім ішімнен, кеудемдегі күллі діріліммен түйсініп...”. Бұл бейне шәкірт-автордың санасында мәңгілік сақталған. Суретті теңеумен, суретті метаформен әдемі кескінделген тұлғаның дәл бейнесі. І тарауда петрография сабағынан «қашып» барып, Мұхтар Әуезовтің лекциясына үлгеруді мақсат еткен шәкірттің оны тыңдауға құмартқаны шебер баяндалып, оқырманның ойын баурап алады. 3. Көркем шығарманы талдаудың жолдары мен әдістері

Көркем шығарманы талдағанда – оның идеялық бағытын ашуға айрықша көңіл бөлінуі қажет, себебі онсыз кейіпкерлер бейнесі шығарма соңына дейін түсініксіз күйде қалады, әрі толық мәнді бола алмайды; Әдеби туындыны талдаудың нәтижелілігі оқытудың түрлері мен әдістемелерін тиімді ұйымдастыруға тікелей байланысты болады. Көркем шығармаларды оқу және талдай білу − оқушылардың әдеби білімін дамытудың негізгі тәсілі. Бұл көркем сөз зергерінің шығармашылық өсу үрдісін де байқатады. Оқу мен талдауды ұйымдастыру кезінде мұғалім сабаққа тек ғылыми-танымдық тұрғыдан қарамай, оған көркемдік ойлау тұрғысынан да қарауды ұмытпаған жағдайда ғана табысқа қол жеткізеді. Тегінде, көркем шығарманы талдау екі түрлі болады: бірі – академиялық, яғни көркемдік-әдебиеттанушылық талдау, екіншісі – көркем шығарманы мектептік талдау. Екеуін шатастырмаған жөн. Мұның әр қайсысының өзіндік орны бар, атқаратын қызметі де екі түрлі. Біздің мақсатымыз екіншісі – көркем шығарманы мектепте талдаудың ғылыми-әдістемелік негіздерін жүйелеу. Бұл − әдебиетті оқытудағы маңызды мәселелердің бірі. Оқушының қабылдау мүмкіндігін анықтағанда, ол қандай түрлерде жүргізілсе де, мұғалімге талдау бағытын айқындау үшін оның негізгі жолдарын, әдіс-тәсілдерін белгілеп алғаны орынды. Мектептегі шығарма талдаудың негізінде әрқашан әдебиет-танытқыштық жүйе жататыны сөзсіз. Бірақ оған шәкірттердің жету жолы, ойлау деңгейі мектептік талдауда ғылыми-әдебиеттанытқыштық талдаудан гөрі көбіне қарапайым, жеңілдеу болып келеді. Мектептік талдауды ұйымдастыру ежелден қалыптасқан әдістемелік ғылыми негіздер мен мектеп қабырғасындағы әдеби шығармаларды талдаудың көпжылдық тәжірибелеріне сүйенеді. Көркем шығарманы талдаудың әдістемелік жолдарын жүйелі талдаудың өзіндік амалы, әдеби шығармаларды қарастырудың ерекше бір мүмкіндігі деп білу керек. Мектеп тәжірибесінде, әдетте, қазіргі кезеңдегі әдебиетті оқыту әдістемесі ғылымы ұсынған шығармаға талдау жасаудың үш түрлі әдістемелік жолы пайдаланылып келеді:

  • тұтастай (немесе автор ізімен) талдау;

  • образдар бойынша талдау (кейіпкер, жан-жануар, табиғат, т.б. бейнелері);

  • проблемалық-тақырыптық талдау. Автор ізімен талдау немесе тұтастай талдау. Мұндай талдаудың негізінде шығарманың сюжеті жатады, ал оның нақты бөлімдері – сахналық көріністер, тараулар, эпизодтарды талдауда ерекше мән берер бірнеше құндылықтары болады. Оқу үрдісінде талдаудың табиғи тәртібі, күрделі шығарма мәтінін қайталап оқудың негізінде автордың өрбітіп келе жатқан ойына ілесуден, әсерленуден туған сыныптың назары, көңіл-күйі шығарманы түр мен мазмұнның бірлігінде қарастыруға байланысты болмақ. Оқушылардың көз алдында әдеби шығарма оқиғасы бөлім-бөлім болып тізбектеліп өтеді. Олар сюжеттің дамуын бақылап, негізгі көріністерді бөліп, қаһармандар іс-әрекетінің сенімділігіне, шығарманың тіл көркемдігіне назар аударады. Шығарманың кейіпкерлер жүйесін оқып-үйрену. Көркем туындының кейіпкерлер жүйесін талдау − мектептегі шығарма талдаудың ең кең таралған жолы. Ол, жалпы, оқушылардың жас ерекшеліктеріне де байланысты жүргізіліп, әдебиетке адамтану ғылымы деген көзқарастың бекуін қалыптастырады. Әдеби кейіпкерлер бейнесін қарастыру көп жағдайда V-VII сыныптарда талдаудың міндетті түрдегі негізгі шарты болып келеді. Осы кезеңде оқушыларға шығарманың көркем бейнелер жүйесін қарастыруға мол мүмкіндік туады. Шығармадағы кейіпкерлерді образдар жүйесінде, бір-бірімен байланыс, қақтығыс-тартыс, шиеленіс үстінде алып қарастырғанда, олардың бойындағы қасиет-сапалар әртарапты, жан-жақты ашылады. Проблемалық-тақырыптық талдау – мектептегі талдаудың ең мәнді де мазмұнды жолы. Қазіргі кездегі мектептегі проблемалық-тақырыптық оқытуда проблемалық талдау жолының өзіндік түйінді орны бар. Бұл талдау жолын оқып-үйрену үшін алдымен проблемалық сұрақ пен проблемалық жағдаят түсінігін анықтап алған жөн.