Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КРО шпор.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
226.88 Кб
Скачать

11. Ж.Аймауытов прозасындағы психологизм («Ақбілек» романы бойынша).

"Ақбілек" романының ұстанып отырған нысанасы-әйел тендігі. Романда бас кейіпкерді тек періште етіп көрсете бермей, өмірдегі бар болмыс-бітімімен, өзіндік табиғат-тіршілігімен, яғни пенделік қалтастарымен қаз қалпында бейнелейді. Шешесін өлтіріп, өзін зорлықпен алып кеткен ақ офицердің озбырлығына үнсіз көндіккен Ақбілектің жан дүниесіндегі күрделі құбылыстарды жазушы психологиялық тұрғыдан терең талдап, шебер береді. Романның бүкіл оқиғасы Ақбілектің айналасында өтеді, оның бәрі Ақбілектің ойы арқылы өрбиді.Күтпеген жерден нәсілі бөтен жұрттың ортасына түсіп, қарамүрттың меншігіне айналған жас қыздың қайшылықты тағдыры, жан күйзелісі романда жан-жақты әрі айшықты бедерленеді. Қазақ емес, орысқа намысын таптатумен тұрмай оң жақта отырып, жүкті болуы, оны білген атастырылып жігіт Бекболаттан айырылуы, әкесі мен өгей шеше арасындағы қырғи қабақтық т.б. бәрі Ақбілектің тағдырын қиындатып, жан азабына салады. Кейіпкердің қиын тағдыры жазушыны ішкі монолог, толғаныс т.б. секілді әдеби тәсілдерге жүгіндіреді. Суреткер бүкіл адами проблемаларды, бір кезендік қазақ өмірін, ондағы жаңа тіршілік-тынысты, сыртқы реалдық өмір шындығын сана күресі, ой арпалысы, көзқарас қақтығысы арқылы бейнелейді. Сөйтіп, жазушы Ақбілекті үлкен психологиялық образ дәрежесіне жеткізеді. Романның алғашқы бетінен-ақ ішкі монологтың көркемдік қызметі, оның әдебиеттегі атқарар рөлі айқын көрінеді. Мысалы, жазушы кеиіпкерлерінің рухани әлемін, жан дүние қалтарыстарын, жалпы табиғатын ашу үшін ішкі монологқа көп жүгінеді. "Бекболат", "Офицер", "Мұқаш" деп жеке-жеке тарау етіп алады да басты деген үш кейіпкердің портреттерінен бастап, ішкі ой-сезімдеріне дейін осы монолог арқылы барлау жасайды. Олардың өз ауыздарына сөз сала отырып, біраз табиғатын аша түседі. Тегінде ішкі монологтың авторлық және персонаждық түрлері (формалары) де бар. Кейде ішкі монолог кейіпкердің ішкі ой-қалай шебер берілген десеңізші:" Осы арам деміммен, арам ауызымен әкемнің иманды жүзіне қалай жақындармын, қайтып оны да арамдармын? Құдайдан қорқпай, оны құтты қадам мешіттей үйіне қалай кіремін? "Кәпір" сүйген, аймалаған, аяғымен жайнамаз салатын жерін қалай денем шімірікпей басармын? Мені көргенде, "пәленшенің орыс бүлдіріп... кеткен қызьГ деп, кім көрінген ішінен түрады-ау! Әлде біреуі әкеммен, не өзімнен егіскен күн айтыпта салады-ау!... " Жалғыздық-ішкі монологтың ең негізгі қасиетті екені белгілі. Өйткені адам жалғыз қалғанда ғана ойына, сана ағымына ерік бере алады. Сөйтіп өз-өзімен сөйлесіп кеткенін де сезбей қалады.Эмоционалдық қозғалыс ой қозғалысына дем беріп дамытып отыр. Дәл осындай ойлау динамикассы Ақбілектін ақтарға ұстатып кейін үйіне қайтып келе жатқан Мүқаштың ішкі монологы арқылы да бейнелейді. Аймауытовтың психологизмінде әсіресе психологиялық өзін-өзі талдау (психологический анализ ) көрнекті орын алады. Ішкі әлемді әшкерелеудің (бейнелеудің) бірден-бірі әдісі-осы психологиялық тұрғыдан өзін-өзі талдау, жегідей жеу.Бұл әдіс көбнесе өзі қылмыс сәттегі (сәтке дейін немесе сәттен кейін) көңіл күйі, жан азабы үстінде кейіпкердің ақтарылуы немесе өз ары алдында ақтаулы жағдайында көрінеді. Және ол сөз қылмыс жасаушының өз атынан айтылады оның екі түрі болады: өзін-өзі талдау (самоанализ) және кейіпкердің өзін ашуы (самораскрытие героя). Осы екінші түрде кейіпкер өзінің ойы мен сезімі, ішкі өмір ағының айтады, ол мезгіл өзі қылмыс жасаған сәтке сәйкес кёледі. Кейіпкер дәл сол сәтте қандай көңіл күйде болды не сезінді т.б. туралы әңгімелейді. Ал, бірінші жағдайда өзінің әлеміндегі жәй-күй мен жан арпалысы, өз ісін таразға салу тұрғысынан жан-жақты айтылады. Осы орайда айтылған теориялық тұжырымға Аймауытов бейнелеп отырған Мұқаш бейнесі, оның ішкі монологы нақты дәлел бола алады.