Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КРО шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
226.88 Кб
Скачать

72. Дулат Бабатайұлы өлеңдеріндегі заман шындығы мәселелері.

Дулат Бабатайұлы (1802, Шығыс Қазақстан облысыАягөз ауданы Сандықтас қонысы — 1874, сонда) — көрнекті ақын. Өлеңдері ел ішінде көп тараған. Дулат шығармалары негізінен дидактикалық негізде жазылған. 1880 жылы Қазанда жарық керген «Өсиетнама» деген жинағына ақынның замана туралы толғаулары енген.

Ақын «Тегімді менің сұрасаң», «Ал, қарағай сұлу сындарлы», «О, Сарыарқа, Сарыарқа», «Асқар таудың сәні жоқ» атты өлеңдерінде ел басқару ісіндегі озбырлық, әділетсіздікті, патшаның отаршылдық саясатының әсерінен жер-қонысынан айрылған ел жағдайын сөз етсе, «Сүлейменге», «Кеңесбайға», «Бараққа», «Ел аралаған ишанға», «Еспембет» өлеңдерін жеке кісілерге арнайды. Ақын 19 ғасырдың 40-50 жылдарында өндіре жазған. Бұл - Ресей патшалығының қазақ жерін отарлау саясатының барлық салада бел алған кезі. Дулат осыны жыр өзегі етсе, кертартпа феодалдық-хандық дәуірді жоқтағаны емес, тәуелсіздікті, еркіндікті аңсағаны еді.

«Сауыр жерден айрылып, Қазақ елі жұқарды. Сауыр емес, шап болды... Заманға сай адамы - Қу заманға сұм басшы Сорымызға тап болды...»

- десе, тіпті өткен ғасырдың орта тұсы емес, одан 100-150 жыл кейінгі біздің заманымыздағы қазақ халқының, оның қоғамының күй-қалпын суреттеп отырғандай. Дулат ақын айтқандай:

«Орыстың көрсе ұлығын, Қыздан дағы қылықты... Майырдың алса бұйрығын. Борбайға қысып құйрығын Ел пысығы жортады-ай»

- сияқты шындық жергілікті басшыларға бұдан бір, бір жарым ғасыр бұрын ғана емес, «одақтасып» тұрған кезіміздегі біздің де ұлықтарымызға тән еді. Дулат ақынның бұл жердегі байқағыштығын кейін ұлы Абайдан да көрмейміз бе? Отаршылдық қамытын мықтап киген қазақ қоғамының ащы шындығын жырлауға келгенде, Дулат пен Абай көп сәттерде бір-біріне үндес келіп жатады. Дулат суреттеген өз елін, қазақты қорқытатын «ел пысығы», айталық, болыс «майырдың бұйрығын алғанда, борбайына құйрығын қысып, алдына түсіп томпаңдаса», Абай бейнелеген болыс та:

«Күштілерім сез айтса, Бас изеймін шыбындап... Әлсіздің сезін салғыртсып, Шала ұғамын қырындап...»

-деп өзі мойындайды. Абай да:

«Мәз болады болысың Арқаға ұлық қаққанға. Шелтірейтіп орысың Шенді шекпен жапқанға...» -

деп, Дулат айтқан «шен-шекпенге сатылған, батпаққа елін батырған» ұлықтар портретіне ұқсас етіп беріп тұр. Әрине, бұл жерде Абай образды Дулаттан «ұрлап тұрған» жоқ: екеуін де осылайша сөйлетіп қойған - өмір шындығы, олардың сол шындыққа барған суреткерлік талғамдары. Абайдың қазақ халқының тағдырын толғаған кеп сөзі жүз жыл кейінгі біздің заманымызға арналғандай көрінсе, Дулаттың да:

«Жеріңнің алды шұрайын, Дуан салып жайланып. Датыңды айтсаң майырға, Сібірге кеттің айдалып. Бейнең қандай болды екен, Қарасаңшы бір мезгіл Қодцарыңа айна алып...» -

дегені де бейне бізге айтып тұрғандай. Ар жағын былай қойғанда, соңғы 70-80 жыл бойы Дулат айтқандай:

«Болашақты болжамай, Жол сауданы олжалай. Ақбекендей алданып, Жылқыдай делбе сандалып...» -

империялық торға, коммунистік әміршілдік құрығына түскен жоқпыз ба? Жалғыз ел билеу, заң-сот істеріне қатысты ғана емес, езге сәттерде де екі алыптың үндес, идеялас тұрғанын кереміз. Мысалы, ақынға, ақындыққа екеуі де қатаң талап қояды. Дулат:

«Жыршының аты жыршы ма, Әркімнен елең жаттаса. Сез - жібек жіп, жыр - кесте, Айшығы айқын көрінбес, Өрнексіз қылып баттаса...»

десе, Абай:

«Өлең - сездің патшасы, сөз сарасы, Қиыннан қиыстырар ер данасы. Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп, Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы...»

деген талап қояды. Бірақ «тілге жеңіл, жүрекке жылы тиген» сөз патшасын қалың жұртшылық түгел қабылдап жатыр ма? Абайдың:

«Айтушы мен тыңдаушы көбі надан,

Бұл жұрттың сез танымас бір парасы...» -

деп зар илегені және белгілі.

«Кім жалғыз бұл жалғанда, есті жалғыз, Мұңдасар болмаған соң бір сыңары. Жалтаңдап жалғыз Абай өткен жоқ па? Қазақтың табылды ма соның пары? Өлеңімен жұбатты өзін-өзі, Еңбегі еш, іші беріш, жүзі сары. Сөзін ұғып, ақылын алмаған соң, Патша қойса не керек қазақ шары?!»

-деп Шәкәрім айтқандай, ұлы Абай «сөзімді айналама жеткізе алмадым, ұғып тыңдар адам аз» деп күңіренсе, осы ойды Дулаттан да көреміз. Ол бірде:

«Бәрі тегін жер тезек Қайсысын таңдап алайын, Асыл сөзден бұл кетті...»

- дей келіп, сол асыл сөзді айтатын да, тыңдайтын да кісі жоқ, ылғи «қылжың, қылжақ туысқан, қырт пен мылжың ағайын» десе, тағы бірде:

«Ел құлағы саңырау, Кімге айтамын сөзімді... Бәрін айт та, бірін айт, Ұғынар мұны ел кайда?..» -

деп, заман жайын толғап, ел билеген ұлықтар мен қадірі асқан жақсыларды сынап, «қармайтұғын талы қалмай, тереңге сүңгіген елі» туралы «түнде ұйқы бермеген көзінен төккен арманын» айтады. Бұл - Дулат пен Абайдың ортақ зары, заманы, ортасы тудырған шындық үні. Дулат - Абайға дейінгі қазақ ақындарының ішінде жазба поэзияға бір табан жақын келген, Европа мен орыс мәдениетінде классикалық поэзия деп аталатын өлең сөздің біраз белгілерінің қазақтағы бастауын танытқан ақын. Қазақ поэзиясы Абайға дейін ауызша жаралып, ауызша таралған, бірақ тілі ауыз әдебиеті тілінен өзгеше түсетін, авторлы поэзия болды, қазіргі жоғары үлгідегі жазба поэзияны бастаушы - ұлы Абай десек, Абайдың тақыр жерден өнер таппағанын және білуіміз керек. Қазақтың жазба поэзиясының алғашқы нышандары Дулат өлеңдерінен көрінеді. Іргетасты қалаған Абай болса, соны қалау кезеңі туғандығын, қалайша қалаудың алғашқы үлгілерін көрсеткен Дулат деп айтуға әбден болады. Сөзіміз құрғақ болмас үшін «кезбен көрсетіп, қолмен ұстататын» мысалдармен дәлелделік.