Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КРО шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
226.88 Кб
Скачать

36. Ғ.Мүсіреповтің «Оянған өлке», «Жат қолында» роман – дилогиясының тарихилығы.

Оянған өлке - Ғабит Мүсіреповтің 1953 жылы жарыққа шыққан қазақ әдебиетінің алтын қорына қосылған шоқтығы биік туынды. Романның алғашқы журналдық нұсқасы «Әдебиет және исскуство» журналының 1952 жылғы 1-5 және 10-12 cандарында жарияланып, 1953 жылы роман жеке кітап болып шығады. Ал романның жалғасы ретінде «Жат қолында» романы арада отыз жыл салып жарыққа шықты.

Екі кітаптан тұратын романда ХІХ ғасырдың ІІ жартысы мен Октябрь революциясына дейінгі мерзімдегі қазақ халқының әлеуметтік,экономикалық хал – ахуалы, барша тұрмыс – тіршілігі,Қарағанды көмір өндірісі ашылып, онда қазақ жұмысшы тобының құрыла бастауы, Оралдан келген орыс, украин жұмысшыларымен өндіріске жаңа тартылған қазақ кедейлерінің ащы өмірдің азабын бірге тартып, біте қайнасуы, олардың таптық мақсатты терең түсінісіп, орыс капиталистері мен қазақ байларына қарсы тізе қоса бастауы, таптық сана-сезімінің оянуы суреттеледі. Романның екінші кітабы «Жат қолында» атты роман ширек ғасыр өткен соң — 1984 жылы дүниеге келді. Онда Қарағанды көмір кенін ағылшын алпауыттарының тонауы тартымды сипатталған.қоғамдық жағдайы кеңінен қамтылып, жан – жақты терең суреттеледі. Романда қазақ өмірінің сол кездегі тарихы да, әлеуметтік тұрғысы да, этика мен эстетика да, әдет – ғұрыптық, салт – санасы да үлкен суреткердің ой елегінен өтіп, бейнелі көрініс тапқан. Шығармада жазушы ескілікті әдет-ғұрыптарды сынап, кейбір дәстүрлердің қазақ даласында азая бастағандығын көрсетті. Қазақ топырағындағы Қарағанды шахтасы мен Ақбұйрат мыс қорыту зауытының құрылуы мен жаңа өмірге ұмтылған адамдар тағдыры, характер шиеленістері, түрлі қақтығыстар – барлығы романда көрініс тапты. Үш томға лайықталған еңбектің алғашқы кітабы Жұман мен Игілік секілді қазақ байларының, орыс байлары мен жұмысшы тобының тартысты қатынастарын жан-жақты көрсету арқылы қазақ даласының бүкіл бір дәуірін суреттейдіСонымен қатар романда қоныстандыру саясатының нәтижесінде жерлерінен айрылған,мұқтаждыққа ұшыраған,жұттың кесапатына душар болған,малдарын қырып алған шаруалардың күйзелісін көрсеткен.Мұның себептеріне көшпелі мал шаруашылығына кезектесіп келетін жұттың ауыр зардаптары,ХІХ ғасырдың соңына қарай отаршыл әкімшіліктің қазақ шаруашылықтарына мөлшерден тыс ауыр салықтардың салынуы,құнарлы жерлерін жаппай тартып алуыдың үдей түсуі жатады.Қоныс аударушы орыстар мен қазақтардың достық қарым –қатынасын шебер бейнелеп көрсеткен.

  • Игілік - паң да, тәккапар да емес. Даусын көтере сөйлегенін, бір адамға суық жүз көрсетеп, қабақ шытқанын ешкім көрген де, естіген де емес. Ала көзін бір төңкеріп, қалың қабағын бір түйіп қалса, бұл маңайдағы елдер басына қара жамылғандай болар еді.

  • Сандыбай – шебер. Он саусағыынан өнер тамады. Ағаштан түйме түйеді. Өзі айтқандай он саусағы алтын. Шеберлігімен елге танылған. Игіліктің ақ үйін салып берген де осы.

  • Жұман – мал бағумен ғана шұғылданатын ескіліктің адамы.

Елуінші жылдардың бас кезінде қазақ әдебиетінде өндіріс тақырыбына арналған жаңа романдар жарық көрді. Ғабиден Мұстафиннің «Қарағанды» (1952), Ғабит Мүсіреповтың «Оянған өлке» (1953), Әбу Сәрсенбаевтың «Толқында туғандар» (1953) романдары қазақ даласына өндіріс орындарының пайда бола бастауынан бергі ұзақ кезеңнің, қазақ жұмысшыларының туып қалыптасуының көркем шежіресін жасады. Алғашқы екі роман Қарағанды жұмысшыларының бұрынғы және кейінгі өмірін, азаттық жолындағы күресін суреттейді. Бүгін біз Ғабит Мүсіреповтың «Оянған өлке» романы туралы сөз қозғайтын боламыз. Романның алғашқы журналдық нұсқасы «Әдебиет және Исскуство» журналының 1952 жылғы 1-5 және 10-12 cандарында жарияланып,  1953 жылы «Оянған өлке» романы жеке кітап болып шығады. Ал, романның екінші кітабы – «Жат қолында» романы - арада отыз жыл откен соң, 1984 жылы шығып, оқырмандар қолына түсті. Екі кітаптан тұратын осынау роман - эпопеяда ХІХ ғасырдың ІІ жартысы мен Ұлы Қазан революциясына дейінгі мерзімдегі қазақ халқының әлеуметтік - экономикалық хал-ахуалы, барша тұрмыс-тіршілігі, қоғамдық жағдайы кеңінен қамтылып, жан–жақты терең суреттеледі. «Оянған өлке» Қарағанды тақырыбына арналғанмен, ХІХ ғасырдың екінші жартысында мұнда көмір өндірісінің ашылуы, жұмысшылардың алғашқы ұрпағының шығу кезеңі шындығын қамтиды. Роман атынан көрініп тұрғандай, автор сол негізде қазақ өлкесінің оянуын, оған келген адамдарды көрсетуді көздейді. Ол қазақтың көшпелі феодалдық тіршілігі мен жаңа туып келе жатқан капиталистік қарым-қатынастың қақтығысын бейнелейді. Өмір шындығының жан-жақты кең суреттелген көріністерімен, адамдар тағдырының шындығымен, өмір ағысы мен сыры жайлы кең толғамды мазмұнымен, байсалды реализмімен «Оянған өлке» осы дәуірдегі қазақ әдебиетінің өскелең бағытының куәсі тәрізді болды. Онда қазақ даласындағы экономикалық жаңа қарым-қатынасқа икемделген жаңа бай Игілік, көшпелі дәуірдегі қазақ байының типі Жұман, жаңа ашылған өндіріс орнынан өзінің келешегін тапқан Бұланбай, қазақ даласын аш қасқырдай кезіп жүріп, оның байлығын алуға ұмтылған Ушаков, Рязанов, орыс демократиялық қоғамының өкілдері Елизавета Сергеевна, Шило сияқты кесек бейнелер жасалған. 1984 жылы ұзақ үзілістен кейін Ғабит Мүсірепов «Оянған өлкенің» екінші кітабын «Жат қолында» деген атпен жариялады. Оның негізгі оқиғасы бұрынғыша Қарағанды жерінде, өндірістің шетел капиталының қолына өтуі оқиғаларына құрыла бастауы суреттеледі. Кейіпкерлері де негізінен бұрынғы таныс адамдар, жаңа кейіпкерлер ішінен дараланып көрінген – Игілік бидің баласы Кенжеғара. Жазушы шетелдік алыпсатарлардың байлыққа құмартқан пиғылын, амал-айласын көз алдыңыздан өткізеді. Ескінің тозып, жаңаның өніп келе жатқанын бейнелейтін күреске Кенжеғара араласады. Жас жігіт әділет жолын іздейді, тарих тағылымынан кеш қалған елін сүйреуді мақсат етеді. Роман ескі өмірдің күйреуімен, шетелдіктердің Қарағандыны тастай қашуымен аяқталады. Халық алға үмітпен қарайды. Осынша тарихты бастан кешіп, дүрбелеңге түскен даланың бейнесі – жазғы шапақты күні мен қысқы бораны, жайлауы мен жайлы шуақ түні үлкен суреткердің қолымен жарқын суреттеліп, романға өң берген. Романдағы адам мінезі, кейіпкердің ішкі жан – дүниесін беруде порттерік тәсілдерді шебер де ұжымды пайдаланады. Игілік образын сомдаудағы оның портеріне үңіліп көрелік: «Игілік би паң да, тәккапар да емес. Даусын көтере сөйлегенін, бір адамға суық жүз көрсетеп, қабақ шытқанын ешкім көрген де, естіген де емес. Ала көзін бір төңкеріп,  қалың қабағын бір түйіп қалса, бұл маңайдағы елдер басына қара жамылғандай болар еді... Бұйырғаны өтінгендей ғана, кесім айтқаны – бітім айтқандай ғана» - деп мінездейді. Ал Игіліктің осы мінезін жазушы тек айтып қоймайды, іс-әрекет үстінде көрсетеді. Жазушы екеуінің арбасу үстіндегі жан құбылыстарын айнытпай бере алған.  Осы суреттеуде бір жалғандық жоқ, нанымды, сенімді. Ғабит Мүсіреповтың адам психологиясын берудегі шеберлігін Сандыбай бейнесін мүсіндеу үстінде ең тамаша көрсете білген. Жалпы романдағы кейіпкерлердің барлығы жазушының эстетикалық мұратын ашуға қызмет етеді. Жазушының поэтикалық синтаксисі аша түсуі жоғары. Ол прозада – ақын. Оның сөйлемдері ырғақ, ұйқасымен, үнділігімен тіл қатады. Үйлесе сыр шертеді, бейнелі ойы мол, қат-қабат астары көп. Саздылығы ғажап жазушының сөйлемдері ықшам, етең-жеңі жинақы, ойнақы. Сықақ-қалжыңы, астарлы күлкі-әжуасы, шымшып алар әзілі жазушы шығармасының өн бойында үнемі көрініс беріп отырады. 42. Ғ.Мұстафиннің «Қарағанды»романы, кейіпкерлері.

Мұстафин Ғабиден шығармалары шетел тілдеріне аударылып, оқырмандардан өз бағасын алды. Мұстафин Ғабиденнің шығармалары 20 ғасырдың басындағы дүрбелең оқиғалар мен қоғамдағы жаңалықты, ел басынан өткерген ауырпашылықты кеңінен суреттеуімен құнды. Мұнда Мұстафин Ғабиден өзі өмір сүрген дәуірдің панорамалық суреттерін жасап, қиыншылықтарды жеңе отырып, ілгері ұмтылған қоғамды, ондағы адамдар қарым-қатынасын көркем бейнелейді. Кеңестік дәуір әдебиетінде көрнекті шығармалардың біріне айналған “Қарағанды” романы (1952) – ел экономикасын көтерген өндіріс ошағы мен сол өңірдегі жұмыскерлер, зиялылар турасындағы кең тынысты, күрделі роман. Мұстафин Ғабиден бұл шығармасында “Өмір мен өлім” романының кейбір сюжеттік желісін пайдалана отырып, ұлттық зиялылар қауымының қалыптасу кезеңін нанымды бейнелейді. Кейіпкер тағдырын қайшылықты оқиғалар легі арқылы өткір, ұтымды көрсетіп, адамдар әрекетін уақыт тұрғысынан емес, адамгершілік ұстаным тұрғысынан тануға ұмтылды. Әлеуметтік-психологиясының. тереңдігімен ерекшеленетін “Дауылдан кейін” романы (1960) 20-жылдардың орта кезіндегі қазақ ауылындағы өзгерістерді көрсетуге арналған. Көркемдік сапасы, шынайылығы, психологиялық сезім күйлерін суреттеудегі шеберлігі, образдарының жан-жақты ашылуы, оқиғаларының күрделілігі жағынан роман қаламгердің елеулі табысы саналды. Шығармадағы өмір шындығы “Көз көрген” романында (1963) отаршылдық пен езгіге қарсы күрес арқылы жалғасын тапты. Өз өмірінен және өзімен тұстас аға буынның басынан кешкен тарихи кезеңдері жайында мағлұмат беретін мемуарлық трилогия жазуды жоспарлаған Мұстафин Ғабиден “Көз көргенді” дүниеге әкелді. Мұстафин Ғабиден шығармаларының негізгі тақырыбы – өндіріс өмірі мен ауыл тіршілігінің тынысы.