Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КРО шпор.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
226.88 Кб
Скачать

23. Б.Майлиннің «Сексен сом», «Талақ», «Арыстанбай» әңгімелеріндегі тақырып, идея, көркемдік шешім мәселелері.

Прозадағы алғашқы шығармаларының бірі – «Сексен сом». Мұнда Егеубай деген кедейдің бір күндік өмірін суреттеу арқылы жазушы «елім, жұртым» деп өтірік көлгірсіген алаш өкіметінің елді тонаушылық саясатының бет пердесін әшкерелейді. Жалғыз аты бар Егеубайға «алашорда» ашылыпты, соның шығыны деп үй басы «сексен сом» беретін болдық» деген Тынымбайдың хабары аспаннан жай түскендей көрінеді. Бұдан бір ай бұрын да 80 сомды төлей алмағаны, үшін «мынау большевик қарсылық көрсетіп тұр» деп ұстатып жібере жаздағаны есінде. Енді,міне, «Сексен сом» үшін алаш жігіттері Егеубайдың жалғыз көк шолақ атын алып кетеді.

Жазушының "Арыстанбайдың Мұқышы" деген әңгімесінде сондай "белсенді" алаяқтың тұлғасы қашалған. Көпшілік жұмысында қамқоршы больш көрінгісі келетін, бірақ өз құлқынан басқаны ойламайтын, пайда үшін кімге де болса жала жабудан тайсалмайтын, жұртшылыққа бүйідей тиген Арыстанбайдың Мұқышын жазушы былайша таныстырады:

"Төртбақ, теке көз, шалбар бет қараны көрсең, бұл Арыстанбайдың Мұқышы екен де  қой. Мұқыш екенін сездіруге өзі де құмар: қызмет басындағы адамды көрсе, шырғалап соның маңынан шықпайды.

— Жақсы келдің, шырағым, сені көруге құмар болып отыр едік,—деп, өзіңе жастық қоя, сені мақтай сөйлейтіні де бар.

— Кеңес үкіметінің жұмысына қасық қаным қалғанша дайынмын!—деп белсенділік көрсететіні де бар.

Онда да түсіне алмай томырықтық істесең:

— Арыстанбайдың Мұқышы дейтін белсенді кедейің мен боламын!—деп төсін қағып қоюдан да тайынбайды.

Осының бәрін жаудырса, "Мұқыш осы екен ғой",—деп, өзің де қол қоясың.

Ал "төртбақ, теке көз, шалбар бет қара", ежірейген мықыр Мұқыштың сырт кескіні де сондай нысаналы. Одан әрі Мұқыштың "қызмет басындағыларды" әбден ығыр қылған екі-үш ауыз үйреншікті жәдігөй  сөзі мынау "сені көруге құмармын", "жұмысыңа дайынмын", "белсенді кедеймін". Шынында, Мұқыш, әкесі Арыстанбай секілді, күні кешеге дейін "осы ауылды бір шыбықпен айдап келген" атқамінер, қу, ел жегіш парақор болатын; бүгінгі тіршілігі де сол: "баққаны өсек, айтқаны — ғайбат; көксегені — ұрыс-керіс, жанжал; жұрт арасына іріткі салып, біреуді біреуге атыстырып-шабыстырып жүрген, жалақор, пәлеқор. Мұндай алаяқ бұрын да болған, қазір де бар. Жазушы сондайлардың өз кезіндегі бір типтік бейнесін жасаған.

43. Б. Майлиннің өмірі мен шығармашылығын оқыту.

Тақырып: Бейімбет Майлин

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Қазақстанның көрнекті ақыны Бейімбет Майлинның өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін тереңдету.

2.Дамытушылық: «Шұғаның белгісі» повесі мазмұнына сай мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту.

3.Тәрбиелік: Бейімбет Майлиннің шығармашылығына қызығушылық туғызуға баулу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың типі: жаңа білім беру сабағы

Қолданатылатын әдіс-тәсілдер: дамыта оқу

Көрнекі құралдар: Бейімбет Майлиннің портреті, өмірі мен шығармашылығы туралы

суреттер, қосымша материалдар.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу сыныптағы оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру оқушыларды түгендеу.

2. Жаңа сабақ.

I. Сабақтың тақырыбы бойынша ой қозғау – побуждение.

Мұғалімнің кіріспе сөзі: Балалар, тақтаға қараңдар. Бүгін сабақта XX ғасырдың тағы бір белгілі ақыны Бейімбет Майлин туралы әңгімелесеміз.

«Инсерт» стратегиясы.

Білемін

Білдім

Білгім келеді

II. Сабақ тақырыбының мазмұнын ашу – осмысление.

«Шұғаның белгісі» повесімен жұмыс істеу. Мұғалім мәтінде шағын-шағын оқушылардың мәтіннің мазмұнын түсіну үшін 3 бөлімге бөліп, беруі тиісті.

1 топ – мәтіннің 1-ші бөлімі бойынша жұмыс жасайды, жаңа сөздермен танысады

2 топ – мәтіннің 2 бөлімі бойынша жұмыс жасайды, жаңа сөздермен танысады

3 топ – мәтіннің 3 бөлімі бойынша жұмыс жасайды, жаңа сөздермен танысады

III. Оқушылардың ой-пікірін білу – рефлексия.

Әр топ өздеріне берілген тапсырмаларды орындап болғаннан кейін 1-2 оқушы дауыстап жауаптарын оқиды. Қалған топ оқушылары жауаптарды толықтырып отырады.

3. Сабақ қорытындысы:

- Ал, балалар, повесті оқыдық, әр топ сұрақтар бойынша жұмыс істеді, енді айтқандарымызды қорытындайық.

1. Осындай тамаша ақын Б.Майлин қандай шығармаларды білесіңдер?

2. Повесті неге «Шұғаның белгісі» деп атаған?

4. Бағалау.

5. Үй тапсырмасы: «Шұғаның белгісі» повестін мазмұнын айту.

85. Батырлық эпостың жанрлық сипаты. Тарихи жырлармен арақатынасы.

Батырлық жырлар, батырлар жыры — ауыз әдебиетіндегі ең бай да көне жанрлардың бірі.[1] Қаһармандық эпос деп те аталады. Батырлық жырлар халық өмірінің тұтас бір дәуірін жан-жақты қамти отырып, сол тарихи кезеңдегі батырлардың сыртқы жауларға қарсы ерлік күресін, ел ішіндегі әлеум. қайшылықтар мен тартыстарды бейнелеп береді. Бірақ онда тарихи оқиғалар тізбегі өмірде болған қалпында емес, жырдың көркемдік шешіміне лайықты өріледі.[2] Бас кейіпкердің жүріс-тұрысына, өзге елге ерлік сапарға шығуына және өз елін жаудан азат етуіне байланысты оқиғалар бір қаһарманның маңына топталып, соның бейнесін ашуға қызмет етеді. Эпос желісі белгілі бір тарихи дәуірге табан тіреп, соны көрсетіп отырғанымен, оған көбіне түрлі заманның оқиғаларын бір қаһарманға теліп жырлап беру тән. Батырлық жырлардың осы өзгешелігіне байланысты ғылыми ортада көптен бері түрлі тұжырымдар орын алып келеді. Ресейлік зерттеушілер (Б.А. Рыбаков, Р.С. Липец, т.б.) және кейбір қазақ ғалымдары (Әлкей Марғұлан, Әуелбек Қоңыратбаев, т.б.) эпостық жырлардағы тарихи оқиғалар мен тарихи тұлғаларға сүйене отырып, жыр мен тарихтың жақындығын тілге тиек етсе, енді бір топ ғалымдар (В.Я. Пропп, Б.Н. Путилов, т.б.) эпостың нақты тарихи оқиғаларға қатысы жанама түрде ғана көрінеді деген пікірді алға тартады.

Соңғы кездері, эпостық жырларда тарихтың да, көркемдік шарттылықтың да белгілі бір дәрежеде орын алатынын, бұл екеуінің үнемі бірге әдіптеліп отыратынын негіздеген зерттеулер жарыққа шықты (В.П. Аникин, В.М. Гацак, Р. Бердібаев, Ш. Ыбраев, т.б.). Қалай болғанда да, Батырлық жырлар — ең алдымен көркем шығарма. Ол өзінің жанрлық нысанасына қарай шындықты өзінше қорытып, оны өзінің көркемдік өзгешелігіне қарай өріп отыратыны даусыз. Эпостық жырлар адамзат қоғамының тарихи даму үрдістерімен бірге жасап келеді. Осыдан болса керек, эпостық жырларды кейде тарихи кезеңдерге қарай топтастыру орын алып келе жатыр. Эпостық жырларды іштей саралап, жанрлық белгісіне, шығу дәуіріне қарай топтастырып отыру ғылымның жеткен деңгейін танытады және мұндай жинақтаушылық сипаты бар ой-пікірлер бұрын-соңды жүргізілген ізденістердің нәтижесіне сүйенеді. Қазақ эпосын пайда болған дәуіріне қарай топтастыру үлгісін Шоқан Уәлиханов, Г.Н. Потанин, В. Радлов, Ә. Диваев, Ахмет Байтұрсынұлы зерттеулерінің тәжірибесіне сүйеніп Марғұлан ұсынған болатын. Ол эпосты бес салаға бөлсе, кейіннен Қоңыратбаев эпосты он салаға бөледі. Мыңдаған жылдық тарихы бар қазақ эпосының шығу дәуірін, жанрлық түрлерін ішкі көптеген ерекшеліктеріне қарай топтастыру оңай іс емес.

Батырлық жырларын пайда болу кезеңдеріне қарай ірі үш топқа жинақтауға болады:

1) “Ең көне заманғы эпос”, “ертегілік эпос”, “архаикалық эпос”, “көне эпос”, “мемлекетке дейінгі эпос” дейтін атаулар ғылымда алғашқы кезеңдегі эпостық жырларды атау үшін қолданылып жүр. Бұлардың қатарына “Ергенеқон”, Аттилла, Ер Төстік, мергендер туралы эпостық жырлар жатқызылады.

2) Тарихи кезеңдердің эпосы: Түрік қағанаты, Оғыз хандығы, ноғайлы дәуірі, Қазақ хандығы кезеңіндегі эпостар (“Қорқыт Ата кітабы”, “Алпамыс”, “Қамбар”, “Қобыланды”, “Ер Тарғын”, т.б.).

3) Жаңа дәуір эпосы (тарихи жырлар, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске байланысты жырлар, “Еспенбет”, “Өтеген”, “Нарқыз”, т.б.).