Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тарих 5.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
111.65 Кб
Скачать

Ерте темір дәуіріндегі қазақстан

I бөлім. Алғашқы қауымдық адамдар өмірі. Алғашқы адамдардың пайда болуы

Қазақстан тарихы

Ғалымдар алғашқы адамды “епті адам” (австралопитек) деп атайды. “Епті адам” Кения жеріндегі Олдувай шатқалынан (Африка) табылған. Бұдан 1 млн 750 мың жыл бұрын өмір сүрген. Алғашқы адамның кәсібі терімшілік пен аңшылық болды. Баспаналары – үңгірлер. Ертедегі адамдардың ұжымы тобыр деп аталады.

Питекантроптың қаңқасы алғаш рет 1891 жылы Ява аралынан табылды. Ол бұдан 1 млн жыл бұрын өмір сүрген. Адамзат дамуында бұдан кейінгі сатыда Солтүстік Қытайдан табылған синантроп (“Қытай адамы”) тұрады. Синантроп бұдан 500-200 мың жыл бұрын өмір сүрген. Питекантроп пен синантропты “тік жүретін адам” деп атайды.

Еліміздің аумағында алғашқы адамдар бұдан 1млн-дай жыл бұрын пайда болған. Мұны Арыстанды өзенінің бойынан (Жамбыл облысы) және Қаратаудан (Оңтүстік Қазақстан) табылған еңбек құралдары дәлелдейді. Қазақстан аумағында өмір сүрген алғашқы адамдар – питекантроптың замандастары.

Орта тас ғасырында (б.з.б. 100-40 мың жыл аралығында) өмір сүрген адам алғаш рет Неандерталь (Германия) жерінен табылған. Сондықтан ғалымдар оған неандертальдық деген атау берген. Ол тастан, сүйектен, ағаштан құралдар жасай білген, шақпақ тастармен от жағуды үйренген.

Неандертальдықтың басы еңкіш, мойны қысқа, ал тістері аса ірі болған. Оның сөйлеу қабілеті толық қалыптаспаған. 1938 жылы Өзбекстанның Тесіктас үңгірінен неандерталь баланың сүйегі табылды.

Алғашқы еңбек құралдары қазғыш таяқ, үшкір тас, шоқпар болды. Алғашқы еңбек құралдары негізінен тастан жасалып, өте қарапайым болған. Алғашқы адамдар еңбек құралдарын жасау үшін қолға ұстауға ыңғайлы тастарды таңдап алды.

Кейінгі тас ғасырында (б.з.б. 40-12 мыңжылдықта) адамзат дамуының жаңа кезеңі басталды. Адамзат жердің барлық дерлік аумағын игерді. Қажырлы еңбектің нәтижесінде бұдан 40-30 мың жыл бұрын неандертальдықтан кейін “саналы адам” пайда болды. Оның миы ”епті адамның” миынан екі есе үлкен болды. Адамның жетілуінде еңбек шешуші рөл атқарған. Адам еңбек арқылы жетіліп, оның қолы, сөзі, миы дамыды. Қазіргі адамға ұқсас адамдар қалыптасты.

“Саналы адамның” сүйегі алғаш табылған жер Кро-Маньон үңгірі (Франция) болғандықтан, ол кроманьондық деп аталды.

“Саналы адам” тік жүруді, анық сөйлеуді меңгеріп, сөздік қорын жетілдіріп отырды. Рухани жағынан жетіле түсті. Үңгір қабырғаларына салынған суреттер бұған дәлел болады. Діни наным-сенімдері қалыптаса бастады, адамды жерлегенде түрлі әшекей заттарын бірге көмген.

Адамдар қарапайым еңбек құралдарын пайдалануды үйренген соң, табиғатқа тәуелділігі азая бастады. Жеміс-жидектерді терді, жеуге жарамды тамырларды қазып алды, құстардың жұмыртқаларын жинап қорек етті. Мұндай кәсіп терімшілік деп аталды.

Алғашқы адамдардың келесі кәсібі аң аулау болды. Олар негізінен мамонттарды, бизондарды, маралдарды, жабайы жылқыларды, үңгір аюларын аулады.

Қаратау үңгірінің тұрғындары домалақ малта тасты екі жағынан егеп, жүзі өткір, ирек ара секілді құрал жасай білген. Мұндай құралды чоппинг деп атайды. Бұл құралмен онша жуан емес ағашты кескен.

Алғашқы адамдар ұстауға ыңғайлы тасты жарып, бөлшектеп, жүзін өткірлеген. Бұл қару чоппер деп аталады. Онымен таяқты ұштады, өлтірген аңдардың денесін боршалады, терісін сылды.

Алғашқы адамдардың еңбек құралдарын, тас өңдеу техникасын, бұйымдардың жетілдірілуін зерттеген археологтар тас дәуірін үш кезеңге бөледі: палеолит – ежелгі тас ғасыры (б.з.б. 2 млн 500 мың – 12 мың жыл) (2011 жылғы баспада б.з.б. 2 млн 600 мың – 12 мың жыл деп көрсетілген), мезолит – орта тас ғасыры (б.з.б. 12-5 мың жыл), неолит – жаңа тас ғасыры (б.з.б. 5-3 мың жыл). Бұл үш кезеңнің әрқайсысы өзінен бұрынғысынан неғұрлым жетілдірілген еңбек құралдарымен ерекшеленеді.

сұрақтар

1.      Алғашқы адамның ғылыми атауы:

2.      Бұдан 1 млн жыл бұрын өмір сүрген алғашқы адам:

3.      Еліміздің аумағында табылған алғашқы адам:

4.      Неандертальдық адамдардың өмір сүрген жылдары:

5.      Ежелгі адамның алғашқы еңбек құралдары:

6.      Қазіргі адамға ұқсас адамдар қалыптасқан кезең:

7.      Анық сөйлей білген ежелгі адам:

8.      Алғашқы адамдардың кәсібі:

9.      Екі жағынан егеліп, жүзі өткірленген тас құрал:

10.    Алғашқы адамдар чопперді пайдаланды:

11.    Тас дәуірінің кезеңдері:

Еңбек құралдарының жетілуі.

Қазақстан тарихы

Бұдан 100 мың жыл бұрын жер беті күрт суып, қыс ұзаққа созылды. Еуропа мен Азияның солтүстігінде қалыңдығы 2 км алып мұздық пайда болды. Жылы климатқа үйренген жануарлар қырылып, тірі қалғандары оңтүстікке ауып кетті.

Ертедегі адамдар ең әуелі найзағайдың түсуінен жанған ағаштың отын пайдаланды және оны өшірмей ұзақ сақтауға тырысты. Адамдар бірте-бірте отты өздері жағуды үйренді. Тасты тасқа ұрып, одан шыққан ұшқынмен отынды тұтатты. Ағаш таяқты бір-біріне үйкелеп қыздырғанда, бықсыған жаңқаларға жүн немесе өсімдік талшығынан жасалған білтені тигізіп тұтандырды. Отты пайдаланып адамдар жылынды, жыртқыш аңдардан қорғанды, тамақ пісірді.

Алғашқы еңбек құралдарын жасау тәжірибесі баяу жинақталды. Адамдар тастан ұсақ әрі жұқа құралдар жасауды меңгерді. Теріні кесетін және тесетін өткір жүзді, үшбұрышты қалақшалар, пышақ тәрізді кескіштер пайда болды. Аң аулауға шоқпармен бірге найза да пайдаланылды. Cүйектен ине мен біз дайындалды. Адамдар тасты өңдеуді, бұрғылауды үйренді. Тастан пышақ, найзаның ұштары, бұрғы, қашау, балға, кескіш жасалды.

Кейінгі палеолитте сүйек пен ағаш сапқа өткір жүзді ұсақ қалақша тастарды желімдеп орнатып, кескіш құрал жасаған. Желім ретінде тау балауызы, қарағайдың шайыры, битум қолданылған. Құрал жасаудың бұл әдісін “қыстырма әдісі” дейді.

Мезолитте (б.з.б. 12-5 мың жыл) тас құралдар пайдалануға ыңғайлы қалыпқа түсе бастады.

Алып мұздық бұдан 13 мың жыл бұрын ери бастады. Жер беті мұздықтан босап, қазіргі қалпына келді.

Далалық аймақтарда адамдар желге қарсы қалқа жасауды үйренді. Ірі жануарлардың сүйектерінен және ағаш бөренелерден баспана сала бастады.

Жаңа тас ғасырында (неолитте) адамдар тасты жылтыратып тегістеуді үйренді. Еңбек құралдарының жаңа түрлерін ойлап тапты: дәнүккіш, келі, балта, қайла.

Адамдар үшкір сүйектен ине, жануарлардың сіңірлерінен жіп жасап, хайуандардың терісінен киім тіге бастады. Саз балшықты күйдіріп, ыдыс жасады. Пешке ағаш көмірін жақты.

Қолқашау дегеніміз – қалақ тасты екі жағынан қашап, таяққа бекіткен құрал. Оның ұзындығы 20 см, салмағы 1 кг болған. Жануарлардың терісін тазалайтын, етін боршалайтын тас шапқылар мен қырғыштар жасалды. Жамбыл облысынан табылған бес мыңнан астам құралдың бәрі – қашау мен үшкір заттар.

сұрақтар

1.      Тас өңдеу жоғары деңгейге көтерілген кезең:

2.      Мұз дәуірі басталды:

3.      Жер бетін басқан мұздықтың ери бастаған кезі:

4.      Тас құралдар пайдалануға ыңғайлы қалыпқа түсе бастады:

5.      Ұзындығы 20 cм, салмағы 1 кг шомбал құрал:

6.      Ежелгі замандағы от жағудың ең алғашқы әдісі:

7.      Үшкір сүйектен жасаған зат:

8.      Бөрiқазған, Шабақты тұрақтарынан шамамен қанша тас құралдар табылған:

9.      Екі жағынан өңделген қарапайым шапқыш тас құралды қалай атаймыз:

10.    Қазақстанда алғашқы адамдар шамамен 1 миллиондай жыл бұрын өмір сүргендігін дәлелдейтін тастан жасалған еңбек құралдары Маңғыстаудың қай тұрағынан табылды:

 

 

Көшпелі бақташылық – шаруашылықтың негізгі түрі

Қазақстан тарихы

Көшпелілер жазда – жайлауға, күзде – күзеуге, қыста – қыстауға, көктемде – көктеуге көшіп жүрген.

Күзеу – қыс жақындағанда қоныстанатын, қыстауға жақын жайылым. Халық жиналысы өткізіліп, ру мен тайпаның маңызды мәселелері шешілген.

Қыстау – жылы қоралары бар тұрақты орын. Ерте көктемде мал қыстауда төлдетіледі.

Көктеу – қыстан қиналып шыққан түлік ұзап алысқа өрістей алмайтын және мал төлдеп жатқан кездегі қора маңындағы жайылым. Көктеу шоқылар мен қыраттарда орналасқан. Көктеуде ежелгі мереке – Наурыз мейрамдалған. Бұл мереке бұдан 3000 жылдай бұрын пайда болған. Көктемгі және күзгі жайылымдарда қой мен түйе қырқымы жүргізілген.

Жайлау – малды алысқа ұзатып жаятын жайылым. Жайлауда үйлену тойы, әр түрлі ойын-сауық, ат жарысы, күрес өткізілген және жыршылардың жыры, ақындар айтысы тыңдалған. Қысқы азық-түлік әзірленген.

Көшпелі мал шарушылығының бірнеше түрі болған.

Таза көшпелі тұрмыс – еліміздің батысы мен орталық аудандарында қалыптасқан.

Жартылай көшпелі мал шаруашылығы – Қазақстанның шығысында, Алтай мен Тянь-Шань тауларында, Жетісудың таулы аймақтарында дамыды.

Отырықшылық – оңтүстіктегі Сырдария, Шу, Келес өзендерінің бойында болған.

Киіз үй екі бөліктен – ағаш қаңқадан және жабуға арналған киізден құралған.

Ағаш қаңқа үш бөліктен тұрады: кереге – киіз үйдің негізі, уық – керегеге байланып, шаңырақты көтеріп ұстап тұратын бөлігі, шаңырақ – дөңгелек немесе конус тәрізді етіп жасалған төбесі. Көшпелілер киіз үй ішіндегі ошақты киелі санаған.

сұрақтар

1.      Киіз үйдің негізгі бөлігі:

2.      Батыс және Орталық Қазақстанда қалыптасқан шаруашылық түрі:

3.      Жайлаудағы мал жаю тәсілі:

4.      Наурыз мейрамы пайда болды:

5.      Дәстүрлі мал шаруашылығындағы көші-қон түрлері:

6.      Қыстау дегеніміз:

7.      Көшпелілердің негізгі баспанасы:

8.      Қанша үй ауылды құраған:

9.      Қай жайылымда малды алысқа шығарып жаятын болған:

10.    Киіз қандай негізі 2 бөліктен құралған:

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]