Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тарих 5.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
111.65 Кб
Скачать

Қазақстан аумағындағы тас дәуірі

Тас дәуірі (палеолит)

Қазақстан тарихы

Адамзат қоғамындағы ең ұзақ тас дәуірі (палеолит) ерте және кейінгі тас ғасыры болып екі кезеңге бөлінеді. Ерте тас ғасыры б.з.б. 2 млн 500 мың – б.з.б. 40-35 мың жыл аралығын қамтыған (2011 жылғы баспада б.з.б. 2 млн 600 мың – б.з.б. 40 мың жыл аралығы деп көрсетілген). Кейінгі тас ғасыры б.з.б. 40-12 мың жыл аралығын қамтиды. Ерте және кейінгі палеолит аралығындағы орта тас ғасырының мерзімі – б.з.б. 100-40 мың жыл аралығы.

Ерте палеолит 3 кезеңнен тұрады.

1) Олдувэй – б.з.б. 2,6 млн – 800 мың жылдар.

2) Ашель – б.з.б. 800-140 мың жылдар.

3) Мустье – б.з.б. 140-40 мың жылдар.

Шығыс Қазақстанның Шульбинка, Оңтүстік Қазақстандағы Арыстанды өзенінің бойынан кейінгі тас ғасырының тұрақтары табылды. Бұл тұрақтардан өте жақсы өңделген қырғыштар қазып алынды. Қырғыштар шамамен бұдан 25 мың жыл бұрын жасалынған.

Адамдар тобы біртіндеп туысқандар ұжымына – рулық қауымға айналды. Бұл саналы адамның пайда бола бастаған кезіне сәйкес келеді. Әр руда бірнеше ондаған рулас адам болды. Алғашында барлық жұмысты аналар атқарып, ұжымдағы аналар беделі артты. Рулық бөлініс аналардың үстемдігімен анықталды. Жер, баспана, еңбек құралдарына ортақ меншік болды.

Ру ішіндегі мәселелер жалпы жиналыста шешілді. Оған ерлермен бірге әйелдер де қатысты. Жалпы жиналыста сайланған ақсақалдар даулы мәселелерді шешті, аң аулайтын, мал жаятын жерлерді бөліп берді. Рулық бірлестіктерді көсемдер басқарды.

Шақпақата (Маңғыстау) және Арыстанды (Қаратау) тұрақтары ерте тас ғасырының ең көне ескерткіштері болып есептеледі. Cебебі бұл тұрақтардан табылған құралдар Олдувай (Шығыс Африка) cайынан табылған ең көне құралдармен замандас. Бұл тас құралдар – жарғыш сынатас, бифас, пышақ, қырғыш, үшкіртастар.

Орталық Қазақстандағы кейінгі палеолиттік ескерткіштердің ең көрнектісінің бірі – Батпақ тұрағы. Оның мәдени қабаты жер бетінен 6 метр тереңдіктен табылған. 300-ге таяу тас қырғыштар қазып алынды. Тұрақтың жасы – б.з.б. 30-25 мыңыншы жыл. Орталық Қазақстандағы Семізбұғы тұрағынан жүзі түзу, кейде қайқы тас пышақ түріндегі қырғыштар табылған.

Ретушь әдісі – бір қабат өңделген тас құралдың жүзін ұсақ кертік ойықтар жасау арқылы өткірлеу. Үшкіртастарды тас жарықшақтарынан жасап, ұштарын ретушь әдісімен өңдеп өткірлеген. Қырғыштардың жүзін де ретушьпен өңдеген.

Адамдардың тас құралдарды өндірген және пайдаланған уақыты тас дәуірі деп аталады. Бұл дәуірдегі екі жағынан да өңделген қарапайым шапқыш тас құрал – бифас. Тас дәуіріне жататын Жамбыл облысындағы Бөріқазған және Шабақты тұрақтарынан 5000-ға жуық тас құрал табылды.

сұрақтар

1.      Бөріқазған, Шабақты тұрақтарынан табылған тас құрал саны:

2.      Палеолит дәуіріндегі тас құралдарды өңдеу әдісі:

3.      Батпақ тұрағы табылған аймақ:

4.      Ерте палеолиттік тұрақтардың ең көнеcі:

5.      Рулық қауымдағы даулы мәселелерді шешті:

6.      “Саналы адам” кезіндегі туысқандық ұжым:

7.      Шығыс Қазақстаннан табылған кейінгі палеолиттік тұрақ:

8.      Ұзаққа созылған тарихи кезең:

9.      Палеолит неше кезеңге бөлінеді:

10.    Кейінгі палеолит қай мыңжылдықтарды қамтыды:

Жаңа тас ғасыры (неолит)

Қазақстан тарихы

Еңбек құралының дамуы адамзатты терімшілік пен аңшылықтан егіншілік пен мал шаруашылығына алып келді. Адамдар табиғат сыйына тәуелділіктен құтылып, өмір сүруге қажетті азық-түлікті өздері өндірді. Жер өңдеудің қарапайым түрін меңгеріп, жабайы жануарларды қолға үйретті. Кен өндіру және тоқымашылықпен айналыса бастады. Сонымен, неолит дәуірінің басты ерекшелігі – өнімді еңбектің пайда болуы.

Тас өңдеу биік деңгейге көтерілді. Ұсақ тастардан өткірленіп алынған ұштар мен кескіштер құрамалы құралдар жасау үшін қолданылды. Мұндай құралдарға жебе мен найза, жүзі өткір тастардан жасалған пышақ пен орақтар жатады. Құрамалы құралдар екі түрлі материалдан құрастырылып, құралдың ұшы немесе жүзі ұсақ өткір тастан жасалған.

Неолиттік тұрақтар мен қоныстар еліміздің аумағында көптеп кездеседі. Олардың жалпы саны 500-ден астам. Неолиттік тұрақтар адамдар уақытша және ұзақ уақыт аралығында тұрақты өмір сүрген қоныстар болып екіге бөлінеді.

Ежелгі адамдардың негізгі аулайтын аңдары аша тұяқты болып, жайылымын жиі өзгертетін болғандықтан, аңшылар олардың соңынан жылжып көшіп отырған. Сондықтан мекендердің көпшілігі уақытша болған.

Неолиттік тұрақтар: Усть-Нарым (Шығыс Қазақстан), Қарағанды, Зеленая Балка (Орталық Қазақстан), Пеньки (Солтүстік Қазақстан). Бұл тұрақтар Сарыарқаның солтүстігінде, Ертістен Есілге дейінгі аралықта орналасқан және жаңа тас ғасырының соңғы кезі – б.з.б. 5 мыңжылдыққа жатады.

Жаңа тас ғасыры (неолит) б.з.б. 5-3 мыңжылдықтар аралығын қамтиды. Тас дәуірінің дамыған кезеңі неолитте адамзат көптеген жаңалықтар ойлап тапты. Мата тоқып, киім тігуді үйренді. Қыш құмыра (керамика) жасауды біліп, ыдыстарға өрнектер салған. Сондықтан бұл дәуірді “қыш құмыралар заманы” деп атайды. Саздан жасалған қыш ыдыс көзе деп аталады.

Жезқазған өңірінен 150-ге жуық тұрақ, көне кен шығару, жерлеу орындары табылды. Қабірдің қабырғасы тас плиталармен қоршалған. Адамның басын солтүстік-батысқа қаратып, шалқасынан жерлеген. Бұл о дүниеге деген сенімнің болғандығын білдіреді.

Қызылорда облысында орналасқан Сексеуіл тұрағының маңында су қоймасы болған. Тұрақтан қой мен сиырдың (80 пайыз) және жабайы жылқылардың қаңқалары табылды. Бұл тұрақтың тұрғындары мал өсірумен және аңшылықпен айналысқан.

сұрақтар

1.      Құрамалы құралдар жасау шыққан кезең:

2.      Қазақстан аумағындағы неолиттік тұрақтар саны:

3.      Неолиттік тұрақтардың ең көнесінің мерзімі:

4.      Б.з.б. 5-3 мың жылдық аралығын қамтитын кезең:

5.      Неолиттік адамдардың жерлеу дәстүрі:

6.      Маңында су қоймасы болған неолиттік тұрақ:

7.      Өнім өндіру шыққан кезең:

8.      Неолит дәуіріне жататын Пеньки тұрағы Қазақстанның қай аймағынан табылды:

9.      Неолит дәуірінің негізгі жаңалықтарының бірі қандай:

10.    Жезқазған өңірінен табылған неолиттік тұрақтар саны:

11.    Неолит кезеңіне жататын Қазақстан аумағынан қанша тұрақтар табылған:

Мыс – тас ғасыры (энеолит)

Қазақстан тарихы

Энеолит (мыс-тас) дәуірі б.з.б. 3000-2800 жылдар аралығын қамтиды. (2011 жылғы баспада энеолит б.з.б. 3000-1800 жылдар деп көрсетілген). Бұдан 7 мың жыл бұрын адамдар мыс өңдеуді үйреніп, мыстан жасалған құралдар өндіріске енгізілді. Бірақ металл тас құралдар қолданыстан мүлдем шығарылып тасталған жоқ. Қазақстан аумағында мыс-тас ғасырындағы екі тұрақ зерттелді. Ол энеолиттік ескерткіштер: Ботай (Солтүстік Қазақстан) және Шебір (Маңғыстау) тұрақтары.

Энеолит дәуіріндегі ерекше ескерткіш – Солтүстік Қазақстандағы Ботай тұрағы (б.з.б. 3-2 мың жылдық). Ол 15 гектар жерді алып жатыр. Тұрақтан қабырғалары жануарлар терісімен қапталған 158 үйдің орны табылды. Жылқы сүйектері көп табылды. Ботайлықтар жылқыны қолға үйреткен. Сонымен бірге бұлан, елік, аю, ит, қабанның сүйектері де кездеседі. Тұрақтан садақ ұштары, найзалар, балталар, пышақтар, ине мен біздер табылған.

Маңғыстау жеріндегі Шебір тұрағынан саз балшықтан жасалған, түбі жұмыртқа тәрізді ыдыстар табылды. Ыдыстар тарақ тісі секілді өрнекпен әшекейленген. Шебірліктер теңіз моллюскаларының қабықтарынан моншақ жасаған. Олар негізінен аң аулаумен айналысқан.

Энеолит дәуірінде қоғамда екі ірі өзгеріс орын алды. Еңбек бөлінісі пайда болды және аталық ру үстемдігі қалыптасты. Ең алғашқы ірі қоғамдық еңбек бөлінісі – шаруашылықтың егіншілік пен мал шаруашылығы болып бөлінуі. Бірыңғай егіншілікпен айналысатын тайпалар әлі қалыптаспады. Себебі теселі егіншілік адамдарды тамақпен толық қамтамасыз ете алмады. Мал бағу егіншілікке қарағанда өнімді көп берді.

сұрақтар

1.      Шебір тұрағы табылған жер:

2.      Энеолит дәуіріндегі ірі өзгерістер:

3.      Энеолиттік тұрақтар:

4.      Ежелгі адам металдан жасалған құралдарды игере бастады:

5.      Энеолит кезеңінің ерекше ескерткіші:

6.      Мыс-тас ғасыры (энеолит) қай мыңжылдықты қамтиды:

7.      Энеолит дәуіріне жататын Ботай тұрағы қанша гектар жерді алып жатыр:

8.      Энеолит дәуіріне жататын қай тұрақтан теңіз маллюскаларынан жасалған моншақ табылды:

9.      Энеолит дәуірінде қайтыс болған адамды қалай жерлеген:

10.    Аталық ру қай дәуірде орнай бастады:

11.    Энеолит кезеңіне жататын Ботай ескерткіші Қазақстанның қай аймағынан табылды:

12.    Энеолит кезеңіне жататын Ботай тұрағының мерзімін көрсетіңіз:

Ежелгі адамдардың қоршаған орта туралы түсінігі

Қазақстан тарихы

Адамдар өз білімдерін суретті хат – пиктография арқылы хабарлаған. Әрбір ұғымның өзіндік шартты таңбасы болған. Шұбар атты салу арқылы малдың індет ауруынан қырылғанын білдірген.

Қараүңгір мекенінен дөңгелек түптері қызыл бояумен боялған қыш ыдыстар табылды. Ыдыстарға шұңқыр мен штрихтар түріндегі өрнектер салынған. Қарағанды облысынан табылған қыш ыдыс толқын тәрізді және геометриялық өрнектермен әшекейленген.

Тотемизм – адамдардың шығу тегін жануарлар, өсімдіктер немесе табиғат құбылыстарымен байланыстырды. Ежелгі адамдар өздерін белгілі бір жануардан таралдық деп есептеген. Сол жануарларды ата тегіміз деп сиынған.

Адамдар табиғаттың дүлей құбылыстарынан сақтану үшін әр түрлі тылсым әрекеттер жасаған. Магиялық әрекеттер – құлшылық етіп сиыну, құрбандық шалу, қорғайды деген түсінікпен тұмар тағу.

Сонымен бірге, адамдардың наным-сенімі кәсіптің түріне тәуелді болған. Егіншілер егіннің, малшылар табынның өз құдайлары болады деп есептеген.

Діни түсініктердің пайда болуын неандертальдықтардың жерлеу ғұрпынан байқауға болады. Олар өлімді мәңгі ұйқыға кету деп түсінгендіктен, адамды бір қырынан жатқызып, бір қолын басының астына салып жерлеген. Адамның маңайына киіктің мүйізін айналдыра қойған.

Өте ерте заманда өлген адамның үстіне қызыл минерал бояу сепкен. Қызыл түс – қанның түсі. Ертедегі адамдар қан жанмен байланысты екенін білген.

Палеолиттік суретшілер сурет салуда ағаш көмірін пайдаланған. Суреттер үңгірдің қабырғасында бейнеленген. Шашын таңғаларлықтай сәндеген, белін буған әйелдерді жиі бейнелеген. Әр түрлі бояумен шауып келе жатқан аттарды, аңшылықтың түрлі көріністерін салған.

Ертедегі мүсіншілер сүйек пен мүйізден жүгіріп жүрген еліктердің және адамдардың бейнесін ойып жасаған. Cүйек пен мүйізден жасалған әйелдердің мүсіндері көп табылған. Еңбек құралдарын ойып әшекейлеу жиі кездеседі.

сұрақтар

1.      Жүгіріп жүрген еліктің бейнесі жасалды:

2.      Алғашқы қауым суретшілері жиі бейнеледі:

3.      Қанның жанмен байланысты екендігіне деген сенім:

4.      Неандертальдықтардың адамды жерлеу ғұрпы:

5.      Магиялық әрекеттерге жатады:

6.      Адамдардың шығу тегін жануарлар, өсімдіктер, табиғат құбылыстарымен байланыстыратын ең көне сенім:

7.      Қаратаудағы Қараүңгір мекенінен табылған зат:

8.      Тасқа түсірілген суретті хат:

9.      Ежелгі адамдардың түсінігіне тән сенімді белгілеңіз:

10.    Ежелгі адамдар не үшін құрбандық шалған:

11.    Ежелгі адамдардың суреттерінде шұбар ат ненің белгісі болған:

12.    Неандертальдықтар өлімді қалай түсінген:

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]