- •1 Завод тарихы
- •2 Жеке тапсырма. Мойынтіректің тұрқы бөлшегін өңдеудің технологиялық процесін жасау
- •2.1 Технологиялық бағдары
- •2.2 Дайындау операциясы
- •3 Қондырғыларды жөндеу
- •4 Сғзж тапсырмасы. Мойынтіректің тұрқы
- •4.1 Құйманың өндіру тәсілін таңдау
- •4.2 Бөлшек материялы және оның қасиеттері
- •4.3 Құйманың сызбасын және үлгісін жасау
- •4.4 Құймалардың сапасын бақылау
- •5 Теориялық бөлім
- •Өндірістік топсеруен
- •7 Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы
4.4 Құймалардың сапасын бақылау
Құйманың ақауы бойынша олардың сапасын бақылайды. Ақаулар сыртқы (құмдық қаяу, қиғаштық, толық құйылмау, т. б.) және ішкі (шөгіндік және газдық қаяу, жарықтар, т. б.) болып екіге бөлінеді. Құймадағы ашық немесе жабық қуыстарды құмдық қаяу деп атайды. Олар қораманы жеткілікті тығыздамаудан, қорама мен өзек беріктігінің кішкентай болуынан және басқа себептерден пайда болады.
Бір жақтың екінші жаққа қатысты ығысуын құйманың қиғаштығы деп атайды. Осыған мыналар әкеледі: қораманы дәл құрастырмау; модель мен өзектік жәшіктегі өзектің белгіленген бөлімдерінің сәйкес келмеуі.
Құйманың және құюжолы жүйесінің дұрыс емес құрылымынан және құю температурасының төмен болуынан құйманың жеке бөлімдерінің толмауын толық құйылмау деп атайды.
Кедір-бұдырлы беті және ірі кристаллитті құрылымы бар құйманың денесіндегі қуыстарды шөгіндік қаяу деп атайды. Осы ақау мынадай себептерден пайда болады: ірі габаритті құймаларды балқымамен жеткілікті қоректендірмеу; құю температурасының тым жоғары болуы; құйма құрылымының технологиялық болмауы.
Тегіс беті бар құйманың денесіндегі қуыстарды газдық қаяу деп атайды. Қорамаға балқыманы құйған кезде осы ақау мынадай себептермен пайда болады: газбен қаныққан балқыманы қорамаға құю; жоғары ылғалдылығы бар қорамалау қоспасын қолдану, т. б.
Құйма денесіндегі жарықтар деп құюжол жүйесін дұрыс емес дайындау, аса қыздырылған балқыманы құю себептерінен және технологиялық процестің басқа ауытқуынан пайда болған ақауларды айтады.
Құймадағы ақауларды көзбен шолып, люминесцентті бақылап, магнитті немесе түсті ақаукөргіштік, рентгенскопия, гамма-ақаукөргіштік, ультрадыбыс және басқа тәсілдер көмегімен анықтайды.
Құймадағы ақауларды оңдаудың бірнеше тәсілдерін қолданады. Сылап бітеумен немесе қоюжақпамен құйманың шамалы беттік ақауларын декоративті түзетеді. Құйманың кеуектілігін жою үшін әртүрлі құраманы оған сіңіреді.
Құйманың ары қарай өңделмейтін бетінде пайда болатын ақауларды (қаяулар, жарықтар және өтпелі тесіктер) газ немесе электр пісіру әдістері көмегімен жояды.
Құймалардың ықтимал ақаулары және оларды алдын ала жоюҚұю барысында менің құймамда пайда болуы мүмкін ақаулар нүктелік және жазықтық ақаулар болуы мүмкін.
Нүктелік ақауларға кристалл торындағы бос торам, жылжыған атомдар атом қоспалары, бос орындары жатады. Олар атомдардың жылу тербелістері, пластикалық деформация, металдарға қоспалар аралсақанда пайда болып, бос орын болуына әсер етеді. Сызықтық ақаулардың негізгі түріне дислокация жатады. Дислокация дегеніміз, материалдардың кристалдануындағы өзгерістер шеткі дисслокация кристаллографиялық жартылай жазьқтың артқы жиегін көрсетеді. Мұндай ақаулардың мөлшері кішкентай, бірақ сопақша болып келеді.
Жазықтық ақаулары әдетте дәндер шекарасында бос жазықтықтарда пайда болады. Шекаралар eнi 5-10 атомаралық қашыктықтай болады. Дәні ұсақ болған сайын кристалл бepiктiri арта түседі. Бұл ақаулар құйманы дұрыс суытпаудың себебінен болуы мүмкін. Сондықтан құйманың сууын мұқият бақылауымыз қажет. Құймадағы ақауларды көзбен шолып, люминесцентті бақылап, магнитті немесе түсті ақаукөргіштік, рентгенскопия, гамма-ақаукөргіштік, ультрадыбыс және басқа тәсілдер көмегімен анықтайды.
Құймада бұл ақаулардың бар екендігін анықтасақ, оларды жою әдістерін қарастыруымыз қажет. Құймадағы ақауларды оңдаудың бірнеше тәсілдерін қолданады. Сылап бітеумен немесе қоюжақпамен құйманың шамалы беттік ақауларын декоративті түзетеді. Құйманың кеуектілігін жою үшін әртүрлі құраманы оған сіңіреді.
