- •1 Завод тарихы
- •2 Жеке тапсырма. Мойынтіректің тұрқы бөлшегін өңдеудің технологиялық процесін жасау
- •2.1 Технологиялық бағдары
- •2.2 Дайындау операциясы
- •3 Қондырғыларды жөндеу
- •4 Сғзж тапсырмасы. Мойынтіректің тұрқы
- •4.1 Құйманың өндіру тәсілін таңдау
- •4.2 Бөлшек материялы және оның қасиеттері
- •4.3 Құйманың сызбасын және үлгісін жасау
- •4.4 Құймалардың сапасын бақылау
- •5 Теориялық бөлім
- •Өндірістік топсеруен
- •7 Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы
4.2 Бөлшек материялы және оның қасиеттері
Маған берілген мойынтірек тұрқысы сұр шойынан - тілімшелі графит түріндегі көміртек едеуір дәрежеде немесе толық бос күйде болатын шойынан дайындалады. Құрамында Мn, Р, S қосындысы бар Fe-C-Si қорытпасы. Сұр шойын құрамында 2,4— 3,8% көміртек пен 1,2—3,5% кремний болады. Негізінен, шойын құрылымын магний, кальций, және т.б. элементтер қосып түрлендіру арқылы алынады. Әдеттегі сұр шойындай емес, мұнда графит тақташа түрінде болмай, шартәріздес болғандықтан мұндай шойын беріктігіне қоса илемді болып шығады.
Құйма материалы МЕСТ 1412-85 бойынша СЧ20 маркалы сұр шойын.
Маркасы:сұр шойын СЧ20.
Классы:сұр шойын.
Өңдірісте қолданылуы: құймаларды жасайды.
Металл беріктілігі: HB 10 -1 = 143 - 255 Мпа
Кесте - 4.2.1 - Сұр шойын СЧ20 химиялық құрамы:
C |
Si |
S |
Mn |
P |
Fe |
3,3-3,5 |
1,4-2,4 |
0,15 дейін |
0,7-1 |
0,2 дейін |
~93 |
Кесте-4.2.2 - СЧ20 сұр шойынның механикалық қасиеті
σб(МПа) |
σа(МПа) |
δ5 (%) |
ψ % |
KCU (кДж / м2) |
200 |
372 |
245 |
60 |
|
Шойын (Чугун) -жақсы құйылатын қасиеті бар темірмен көміртектің (2% жоғарғы) қорытпасы;темірдің көміртек (2%-дан астам, әдетте, 3—4,5%), қайсыбір мөлшерде марганец (1,5%-ке дейін), кремний (4,5%-ке дейін), күкірт (0,08%-тен аспайды), фосфор (1,8%- ке дейін), ал кейде басқа да элементтер қосылған қорытпасы. Шойында көміртек темір карбиді Ғе3С түрінде байланысқан күйде болуы мүмкін (сұр Шойын). Шойын темір кендерін домна пештерінде балқыту арқылы алынатын өндеудің бастапқы өнімі; қолданылуы мен химиялық құрамына қарай шойын қолданбалы, яғни болат қорытуға арналған Шойын, құйма Шойын, арнаулы Шойын болып бөлінеді. Шойын құймалардың сапасын жақсарту үшін азғана мөлшерде түрленгіштер қосып түрлендіру және шойынды әр түрлі элементтермен қоспалау қолданылады.
Ақ шойын (Белый чугун) -карбид түрінде көміртек құрамына кіретін, ал омырық бетінің түсі күңгірт-ақшыл болатын шойын;құрамында көміртек темірмен химиялық қосылыс (цементит) түрінде болатын шойын. Ақ шойынның кристалдану процесі Fe-C диаграммасы бойынша жүреді. Қаттылық, беріктік, үйкеліске беріктік, морттық қасиеттері жоғары. Ақ шойын өндеуге келмейтіндіктен, одан қорытпалар гана алынады. Ақ шойынды соқаның тістерін, илем біліктерін, диірменнің шарларын құюға және соғылмалы шойын алу үшін пайдаланады.
Домна шойыны (Чугун доменный) —домна пешінде балқытылып алынған шойын;темір және марганецті кендерден домна пештерінде балқытып алынатын сұйық шойын. Домна шойынының 80—85%-інен болат өндіріледі.
Соғылмалы шойын (Чугун ковкий) — құрамына жапалақ түрлес графит кіретін және ақ шойынды босаңдату нәтижесінде алынатын шойын.
Сұйық шойын (Чугун жидкий) — домна пешінде немесе шойынпеште қорытылған шойын. Сұық шойын қатайған сон тасымалданып тұтынушыға жеткізіледі.белдігін, күпшектер, картерлер, фитингтер жасағанда соғылмалы шойын орнына қолданылады. Осының нәтижесінде құйма дайындамалардың массасы соғылмалы шойыннан құйылған дайындамалар массасынан шамамен екі еседей кем болады;құрылымында сфера түрлес графиттік кірме бар болатын, беріктігі жоғарғы шойын.
Шындалған шойын (Чугун ковкий) — механикалық қасиеттері жағынан сүр шойын мен болат аралығына сәйкес келетін шойын. Шындалған шойынды кейде соғылмалы шойын деп те атайды. Шойынның технологиялық қасиеттері бойынша және оның тіпті соғылмайтындыгын ескере отырып, шындалған шойын атауының дүрыс екенін ескерген жөн. Тұтқырлығы жоғары, құйма ретінде ақ шойындар қатарына жатады, ақ шойын құймаларын жоғары температурада ұзақ уақыт қыздырып, жасыту арқылы алады.
Сұр шойын (Чугун серый) -тілімшелі графит түріндегі көміртек едеуір дәрежеде немесе толық бос күйде болатын шойын;құрамында Мn, Р, S қосындысы бар Fe-C-Si қорытпасы. Сұр шойын құрамында 2,4— 3,8% көміртек пен 1,2—3,5% кремний болады.
Шар тәрізді графитті беріктігі жоғары шойын (Чугун с шаровидным графитом (высоко-прочный)) —беріктік көрсеткіштері жоғары шойын. Негізінен, шойын құрылымын магний, кальций, және т.б. элементтер қосып түрлендіру арқылы алынады. Әдеттегі сұр шойындай емес, мұнда графит тақташа түрінде болмай, шартәріздес болғандықтан мұндай шойын беріктігіне қоса илемді болып шығады.
