Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КАЗ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.29 Mб
Скачать

17. Асқорыту мүшелерінің ауруларында қолданылатын дәрілік заттар

17.1 Антацидтік және басқа да жараларға қарсы дәрілік заттар

Антацидтер (көбінесе құрамында алюминий немесе магний кіреді) көбінесе жаралы диспепсия және эндоскопиялық негативті гастроэзофагальді рефлюкс кезіндегі симптомдарды жеңілдетеді. Оларды сонымен қатар кейде функциональды диспепсия кезінде қолданылады, бірақ бұл дәрілік заттардың тиімділігі анықталынбаған. Дәстүрлі мөлшері, мысалы, 10 мл 3–4 реттен күніне сұйық антацид, магнийден немесе алюминийден тұрады, жаралардың жазылуына әсер етеді, бірақ тиімділігі шамалы, антисекреторлы заттарға қарағанда (протонды насостардың баяулатқыштары мен гистаминді b-рецептор тежегіштері сияқты әсер етеді); жараны жазатын және бейтараптандыру әсері арасындағы байланыс дәлелі жоқ. Сұйық дәрілік түр анағұрлым тиімді, қатты түрге қарағанда.

Алюмий және магнийден тұратын антацидтер (мысалы, алюминий гидроксид пен магний гидроксид), суда айтарлықтай ерімейді, ұзақ әсер етеді, егер асқазанда ұсталса. Бұл антацидтер көптеген мақсаттарда қолданылады. Құрамында магний бар антацидтер ішті босататын әсерге ие, ал алюмийден тұратын антацидтер керісінше іштің қатуын туғызады.

Гистаминді b-рецептор тежегіштері, гистаминді b-рецепторларды тежеу нәтижесінде, асқазан секрециясын төмендету арқылы асқазанның және дуоденальды жаралардың жазылуына әсер етеді. Олар сонымен қатар гастроэзофагальді рефлюкс ауруының барысын жеңілдетеді. Гистаминді b-рецептор тежегіштерінің үлкен мөлшері Золлингера–Эллисон синдромы кезінде қолданылады, бірақ қазіргі кезде протонды насос баяулатқыштарына мән береді. Протонды насос баяулатқыштары мен гистаминнің Н2 рецепторларын тежегіштерін ұстап тұрушы ем ретінде қолданғанда Helico­bacter рylori айқындалған кезде эрадикация тәртібі өзгертіледі. Ұстап тұрушы емді кейде науқастарға антигеликобактриялық терапия жүргізу мүмкіндіктері болған жағдайда қолданады. Протонды насос баяулатқыштары мен гистаминді b-рецептор тежегіштерін СЕҚҚД –индуцирленген жаралардың жазылуына ықпал етеді (әсіресе дуоденальды жаралар). Ем сонымен қатар әйелдердің босануы кезінде қышқылмен аспирация тәуекелін төмендетеді (Мендельсон синдромы). Себебі белгісіз диспепсияны емдеуде жас адамдарға гистаминнің b-рецептор тежегіштерін қолдану тиімді, бірақ егде жастағыларға сақтық қажет, себебі оларда диспепсия симптомы асқазан ісігімен байланысты болуы мүмкін.

ҮШ КАЛИЙ ДИЦИТРАТ ВИСМУТЫ

BISMUTH SUBCITRATE

Шығарылу түрі.

Қапшықпен қапталған таблеткалар 120 мг.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

АсқазанВ мен ұлтабардың жара ауруларыВ асқыну фазасында; созылмалы гастрит (сонымен қатар Helicobacter pylori ассоцирленген) асқыну фазасындаА. Ішке 240 мг 2 реттен тәулігіне 30 минут тамақтың алдында Helicobacter pylori эрадикациясы үшін жинақты терапия құрамында тағайындайды. Басқа дайындау әдісі болуы мүмкін: 120 мг-нан 4 реттен тәулігіне: 3 реттен жарты сағат тамақтың алдында және 2 сағат алдын ең соңғы тамақты қолданар кезде. Емдеу курсының ұзақтығы 4‑8 апта.

Кері көрсеткіші

Жоғары сезімталдық, бүйрек қызметінің айқын бұзылыстары, жүктілік, төспен емізу.

Сақтандыру

30 минут дәріні қолданғаннан кейін тамақтың алдында және тамақтан кейін, тамақ, сұйықтықты және антацидтік заттарды қолданудан бас тарту керек. Дәрімен емді қолдану барысында нәжістің қара түске боялуы, сонымен қатар тілдің шамалы қаралануы болады. Helicobacter pylori қарағанда бактериоцидтік әсерін күшейту үшін кейбір жағдайларда дәріні метронидазолмен немесе амоксициллинмен 1‑2 апта бойы біріктірген дұрыс.

Жүктілік: қолдану кері көрсетілген.

Емшекпен емізу: қолдану кері көрсетілген

Жанама әсерлері

Жүректің айнуы, құсу, үлкен дәреттің жиі болу мүмкіндіктері. Дәріні үлкен мөлшерде ұзақ қолданғанда энцефалопатия болуы мүмкін, висмуттың ОЖЖ-не жиналуына байланысты. Антихеликобактериялық терапияның 40% жағдайында жанама әсерлері висмут препаратының қолдануына байланысты. Висмутты қолдану барысында ауыр жанама әсерлеріне байланысты әрі қарай емнен бас тарту 4% жағдайларда байқаладыА.

Саудаға тіркелген атауы:

алюминиЙ ТОТЫҒЫ МЕН магниЙ ТОТЫҒЫНАН ТҰРАТЫН БІРІКТІРІЛГЕН ДӘРІЛЕР.