Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КАЗ.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5 Мб
Скачать
☆

Кері көрсеткіштері

Тыныс алу орталығының тежелуі, Ауыр СӨОА (тыныс алу жетіспеушілігінің күшеюі), жедел тыныс алу жетіспеушілігі, миастения, кома, шок, жабық бұрышты глаукома (жедел ұстама немесе бейім болу), өмірге қажетті қызметтердің әлсіздігімен жүретін жедел алкогольді улану, наркотикалық анальгетиктермен және ұйықтататын заттармен жедел улану, ауыр депрессиялар (өзін-өзі өлтіру бейімділігінің байқалуы мүмкін), жүктілік, лактация кезеңі, клоназепамға жоғары сезімталдық.

Сақтандыру.

Атаксиямен, ауыр бауыр ауруларымен, әсіресе жедел нашарлау сатысындағы, түнгі апноэ эпизодтарымен жүретін ауыр созылмалы тыныс алу жетіспеушілігімен ауыратын науқастарға сақтықпен тағайындайды. Егде жастағы науқастарға сақтықпен тағайындайды, себебі оларда клоназепамның шығарылуы баяу жүруі мүмкін және тұрақтылықтың төмендеуі мүмкін, әсіресе жүрек-өкпе жетіспеушілігінде.

Ұзақ қолданғанда дәріге тәуелділік дамуы мүмкін. Клоназепамды ұзақ қолданғаннан кейін бірден доғарғанда, абстиненция синдромының дамуы мүмкін.

Емделу кезеңінде алкоголді қолдануға жол бермеу керек.

Клоназепамды балаларға ұзақ қолданғанда көп жылдар бойы байқалмайтын, физикалық және психикалық дамуына тигізетін жанама әсерлері болуы мүмкін.

Көлік жүргізу мен механизмдерді бақару қабілетіне әсері

Емделу кезеңінде психомоторлы жылдамдықтардың баяулауы байқалады. Бұны жоғары көңіл қоюды және тез психомоторлы реакцияларды қажет ететін, потенциальды қауіпті қызмет түрлерімен айналысатын адамдарға ескеру қажет.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: Жүктілік кезде қолдану кері көрсетілген. Клоназепам плацентарлық кедергіден өтеді.

Емшекпен емізу: Лактация кезеңінде кері көрсетілген. Клоназепам төс сүтімен бөлінуі мүмкін.

Жанама әсерлері

ОЖЖ жағынан: емнің басында – айқын тоқырау, шаршау сезімі, ұйқышылдық, әлсіздік, бастың ауруы, қатып қалу жағдайы, бас ауруы; сирек – естің шатасуы, атаксия. Үлкен мөлшерде қолданған кезде, әсіресе ұзақ емделгенде – артикуляцияның бұзылуы, диплопия, нистагм; парадоксальды реакциялар (сонымен қатар жедел қозу жағдайлары); антероградты амнезия. Сирек – гиперергиялық реакциялар, бұлшық ет әлсіздігі - депрессия. Ұзақ емделген кезде кейбір қояншық түрлерінің талмаларының жиілігі жоғарлауы мүмкін.

Асқорыту жүйесі жағынан: сирек – ауыздың құрғауы, жүректің айнуы, диарея, асқазанның қыжылдауы, жүректің айнуы, құсу, тәбеттің төмендеуі, іштің қатуы немесе диарея, бауыр қызметінің бұзылуы, бауырдың трансаминаза және сілтілі фосфатаза белсенділігінің жоғарлауы, сары ауру. Емшектегі балаларда және ерте жастағы балаларда сілекей бөлінуінің жоғарлауы мүмкін.

Жүрек-қан тамыр жүйесі жағынан: АҚ төмендеуі, тахикардия.

Эндокринді жүйе жағынан: либидоның өзгеруі, дисменорея, балаларда қайтымды ерте жыныстық дамулар (толық емес ерте уақытты пубертат).

Тыныс алу жүйесі жағынан: к/т енгізу кезінде тыныстың тежелуі, әсіресе тыныстың депрессиясын туғызатын басқа дәрілермен емдеу барысында; емшектегі балалар мен ерте жастағы балаларда бронхиальды гиперсекреция болуы мүмкін.

Қан түзілу жүйесі жағынан: лейкопения, нейтропения, агранулоцитоз, қаныаздық, тромбоцитопения.

Несеп шығару жүйесі жағынан: зәрдің ұсталмауы, зәрдің ұсталуы, бүйрек қызметінің бұзылыстары.

Аллергиялық реакциялар: есекжем, тері бөртпелері, қышымалар, өте сирек - анафилактикалық шок.

Дерматологиялық реакциялар: өтпелі алопеция, пигментацияның өзгеруі.

Басқа да: үйренгіштік, дәріге тәуелділік; мөлшерін бірден төмендеткенде немесе қабылдауды доғарғанда – алып тастау синдромы.

Саудаға тіркелген атауы:

ЛАМОТРИДЖИН

(LAMOTRIGINE)

Шығарылу түрі.

Таблеткалар 25 мг, 50 мг, 100 мг

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Талмалар: тырысулар (тонико-клоникалық), үлестік және жалпыланған, Леннокса — Гасто синдромы кезінде (басқа антиконвульсантты заттарға тұрақтылық кезде).

Ішке, 25–200 мг-нан тәулігіне (700 мг-нан тәулігіне); мөлшерін, жиілігін және қабылдау ұзақтығын жеке тағайындайды