Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КАЗ.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5 Мб
Скачать

Жанама әсерлері

Етеккір циклінің бұзылыстары, тромбоэмболия, ұйқының қашуы, тітіркенушілік, ұйқышылдық, шаршау сезімі, әлсіздік, депрессия, бастың айналуы, бастың ауруы, ісінулер, жүректің айнуы, іштің ауруы мен дискомфорты, сүт безінің ауырсынуы, галакторея, жатыр мойының эрозиясы, гирсутизм, алопеция, лихорадка, дене салмағының өзгеруі, ай тәрізді бет, остеопороз, есекжем, қышыну, безеу бөртпелері, анафилаксия және анафилактоидты реакциялар.

Саудаға тіркелген атауы:

18.4. Эстрогендер

Эстрогендермен емдеу ұрықтануға қарсы дәрілер ретінде (жасанды этинилэстрадиол қолданылады) және менопаузалы синдром симптомдарын төмендету (бірінші кезекте қалыпты 17-бета-эстрадиол қолданылады) үшін тағайындалынады. Перименопаузадағы интакты жатырда ұзақ гормональды ем қажет кезінде, эстрогендерге прогестоген қосылады (циклдік немесе үзіліссіз тәртіпте) эндометрияның атипиялық (қатерлі ісік) трансформациясына (немесе әйелдердегі эндометриялық локуста, гистерэктомияға жасалған). Басқа эстрогендермен емдеу көрсеткіштеріне постменапаузадағы әйелдердегі, сол сияқты еркектердегі сүт безінің операция жасалмайтын метастазды карцинамасында паллиативті ем жатады.

Гормоналды орын басушы терапия (ГОТ). Перименопаузадағы әйелдердегі эстрогендермен орын басушы ем, менопаузамен байланысты вазомоторлы реакцияның, қынап ернеуі мен қынаптың атрофиясының, остеопороздың алдын алу шаралары/емдеуі үшін жүргізіледі. ГОТ жүрек ауруының жиілігін төмендету үшін тағайындалмауы керек. ГОТ перименопаузадағы әйелдерде өмір сапасы шамадан тыс вазомоторлы және психоэмоциональды бұзылыстардың салдарынан төмендеген, қынаптың атрофиясы мен урогенитальды бұзылыстар (несептің ұсталмауы, мысалы) кезінде қолданылуы мүмкін. Қынап атрофиясы кезінде эстрогендермен (эстриола) қынапқа енгізу қысқа курсы жақсы ықпал береді. Жүйелік ем вазомоторлы және эстрогендердің басқа да жетіспеушішіктерінде қажет және 2-3 жыл мерзімге тағайындалуы мүмкін; жатыры сақталған әйелдерге, эндометрияның қатерлі ісігінің даму тәуекелін төмендету үшін прогестогендерді қосу қажет. ГОТ эстрогендерімен әр циклінің 12-14 күндерінің соңында 10 мг-нан медроксипрогестерон ацетатын тағайындау мүмкін. Бара-бар, эстрогеннің 28 күндік циклінің соңғы әр 12-14 күнінде норэтистерон 1 мг-нан күніне тағайындалуы мүмкін. Ерте табиғи немесе хирургиялық менопаузаға (45 жасқа дейінгі) ұшыраған әйелдерге ГОТ тағайындалуы тиіс, себебі оларда остеопороз және басқа да менопаузаның көріністерінің жоғары тәуекелі бар. Эстрогендердің кіші мөлшерін, перименопаузада немесе постменопауза кезеңінде жүйелік енгізу, остеопорозды төмендетеді, бірақ шамалы сүт безі қатерлі ісігінің даму тәуекелі жоғарлауы мүмкін. Ерте менопауза кезінде ГОТ табиғи менопауза басталғанша тағайындалуы мүмкін (50 жасқа дейін). Постменопаузадағы әйелдерге ГОТ ұзақ қолдану кезінде, (жатырмен немесе жатырсыз) оларды сүт безінің қатерлі ісігінің дамуы мен басқа да жанама әсерлерінің жоғары екендігімен хабарландыру. Әр бір ГОТ–пен емдеу шешімі жеке болуы керек және емді үнемі қайта қарап отыру керек (ең аз дегенде жылына бір рет). Кортикостероидты терапия, отбасылық остеопороз анамнезі, дене құрылысы арық, жеткіліксіз физикалық күш түсу, маскүнемдік немесе темекі тарту, ерте менопауза, 65 жасқа дейінгі ортан жілік немесе иықтың сыну факторлары қосымша ГОТ тағайындау көрсеткіштерініе жатады.

ГОТ қолданатын әйелдерде, терең көк тамырлар тромбозы мен өкпе артериясының эмболиясының жоғары тәуекелі бар. Терең көктамыр тромбозы және жеке өкпе артериясының эмболиясы немесе отбасылық анамнезенде болуы, ауыр варикозды аурулар, семіздік, жарақаттар немесе ұзақ төсек тартып жату сияқты бейім келетін факторлардың жиынтық тәуекелі пайдадан асып түсуі мүмкін.

ГОТ қолдануы шамалы сүт безінің қатерлі ісігінің тәуекелін жоғарлатуы мүмкін. Жоғары тәуекелділік ГОТ ұзақ қолданумен байланысты және ГОТ қолдануды доғарғаннан кейін шамамен 5 жылдан кейін басылады. Сүт безінің қатерлі ісігінің тәуекелі біріктірілген ГОТ (эстроген және прогестоген) қолданғанда жоғары болып келеді, тек эстрогенді ГОТ қолданғанға қарағанда (бірақ эстрогендер жатыры сақталған әйелдерге қолдануға болмайды, жоғырыда қара).

Эпидемиологиялық зерттеулердің көрсетуі бойынша, 50-65 жас аралығындағы, ГОТ қабылдамаған, әр 1000 әйелдерде сүт безінің қатерлі ісігінің 32 жағдайы диагноздалды. ГОТ қабылдайтындарда сүт безінің қатерлі ісігінің даму тәуекелі келесі жолмен жоғарлайды. Біріктірілген эстроген мен прогестоген ГОТ 5 жыл бойы қабылдаған әйелдерде, шамамен 1000 әйелге қосымша 5 жағдай келеді; біріктірілген ГОТ 10 жыл бойы қабылдаған әйелдерде, шамамен 1000 әйелге қосымша 19 жағдай келеді. Тек эстрогеннен тұратын ГОТ 5 жыл бойы қабылдаған әйелдерде, шамамен 1000 әйелге қосымша 2 жағдай келеді; тек эстрогеннен тұратын ГОТ 10 жыл бойы қабылдаған әйелдерде, шамамен 1000 әйелге қосымша 5 жағдай келеді.

ГОТ ұрықтануға қарсы қамтамастық етпейді. Егер потенциальды фертильді әйел ГОТ қажеттілігі болса, гормонсыз ұрықтануға қарсы әдістерді қолдану қажет.

Этинилэстрадиол

(Ethinylestradiol)

Шығарылу түрі. Таблеткалар 50 мкг

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Менопауза симптомдары кезіндегі әйелдерге гормоналды орын басу терапиясында; остеопороздың алдын алу шараларында; постменапауза кезеңіндегі әйелдерге және еркетердің сүт безінің қатерлі ісігі кезіндегі паллиативті терапияда; еркектерде қуық үсті безін емдеуде біріктірілген ем құрамында; ұрықтануға қарсы прогестогендерге қарсы. Гормональды орын басушы терапия, ішке, ересектерге (әйелдер) 10-20 мкг-нан күніне. Постменопауза кезеңіндегі әйелдердегі сүт безінің қатерлі ісігі кезіндегі паллиативті терапияда, ішке, ересектерге 0,1–1 мг-нан күніне 3 рерттен.