Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КАЗ.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.29 Mб
Скачать

12.2. Аритмияға қарсы дәрілік заттар

Фармакотерапия аритмия типтерінің электрокадиографиялық дәлме-дәл мәліметтеріне негізделген. Аритмияға қарсы дәрілер байқап қолданылуы керек, себебі көбі емдегенде тиімді болып келгенімен, кейбір жағдайларда аритмогенді ықпал беруі (әсіресе гипогликемия тұсында) мүмкін. Есте сақтайтын жәй, егер аритмияға қарсы дәрілерді біріктіріп қолданғанда кезде, олардың жинақты теріс инотропты ықпалы елеулі болып келуі мүмкін, әсіресе миокардтың жиырылу қызметіне қатысты.

Аритмияға қарсы дәрілер клиникалық жіктелуі мүмкін: қарынша үсті аритмияда белсенді болып келетіндерге (мысалы, верапамил), қарынша үсті және қарынша аритмиясы кезіндегі белсенді (мысалы, дизопирамид) және қарынша аритмиясы кезіндегі белсенді (мысалы, лидокаин).

Сонымен қатар олардың ықпалы миокардтың электрлік үдерістеріне байланысты жіктелуі мүмкін:

  • I класс (А,В,С): мембранды тұрақтандырушы заттар (мысалы лидокаин, пропафенон)

  • II класс: бета-тежегіштер (мысалы, пропранолол).

  • III класс: реполяризацияны баяулатушы заттар (мысалы, амиодорон).

  • IV класс: кальции өзекшелерінің тежегіштері (мысалы, верапамил, дилтиазем).

Бірақ. бұл соңғы жіктелудің клиникалық маңызы төмендеу.

Сақтандыру

Көптеген аритмияға қарсы дәрілерде, кейбір жағдайлар салдарынан аритмияның туындауын қоштау қабелетіне ие болуы мүмкін. Гопикалиемия көптеген аритмияға қарсы дәрілердің аритмогенді ықпалын күшейтеді.

Аритмияға қарсы дәрілердің теріс инотропты ықпалы наркотиктермен үрдіс болуы мүмкін, оны біріктіру терапиясы кезінде ескеру керек, әсіресе миокардтың жиырылу қызметі бұзылғанда.

Экстрасистолия

Жүректің органикалық патологиясы жоқ кезде, фармакотерапия жүргізудің қажеті жоқ. Егер науқасты жүрек соғуы мазаласа адренотежегіштер тиімді болып келеді, олар басқа аритмияға қарсы дәрілерге қарағанда бұл жағдайда қауіпсізС .

Дірілдек аритмия (жүрекше фибрилляциясы)

Нормосистолияны көбінесе бета-блокаторларА ұстап тұрады (секция ), верапамилА немесе дилтиаземА. Дигоксин сирек жағдайларда ЖЖЖ-не бақылауды тез қалпына келтіруде құнды болып келеді, тіпті тамырға егу кезінде ықпалы бірнеше сағаттан кейін дамиды. Сонымен қатар, дигоксин тыныш күйде, күш түспей тұрып жүректің жиырылу жиілігін тиімді бақылай алады және созылмалы жүрек жетіспеушілігіВ кезінде таңдаулы дәріге жатуы мүмкін. ЖЖЖ тек бета-тежегіштермен немесе кальций өзекшелерінің тежегіштерімен бақылай алмаған жағдайда, оларды дигоксинмен біріктіруге болады, бірақ қарынша қызметі төмен жағдайда сақтық қажет.

Антикоагулянттарды қақпақшалардыңА патологиясы немесе егде жастағыларға тағайындайды, антикоагулянттарды өте егде адамдарға қолдану кезінде пайда мен тәукелді сақтықпен бағалауды қажет етеді. Эмболияны шеттету кезінде аспириннің варфаринге қарағанда тиімділігі төмендеу, бірақ тромбоэмболия тәуекел факторының айқын көріністері болмаса 75 мг тәулігіне қолдануға болады. Егер дірілдеуік аритмия 48 сағаттан кейін артық созылса және тромбоэмболия қаупі тумаса, синусты ырғақты (кардиоболжал) дефибриллятор разрядын жүргізу (электроимпульсты терапия – ЭИТ) арқылы немесе дәрінің көмегімен қалпына келтіреді. ЭИТ дәрілік заттарға қарағанда тиімдірек. Дәрілік кардиоболжалға пропафенонА немесе амиодоронА тура келеді.

Жүректің лүпілдеуі

Синусты ырғақтың ең тиімді қалпына келтіруге электрлік кардиоболжау – ЭИТ жатады. Балама ретінде амиодоронды қолдануға болады, ЭИТ-дан кейін синусты ырғақты ұстап тұру үшін амиодоронС және соталолС ұсынылады. Қарыншаның жиырылу жиілігін бақылау үшін кейде дигоксин пайдалы болуы мүмкінС. Егер 48 сағаттан артық жағдайы қалпына келмесе, ЭИТ–нің алдында антикоагулянттар қолданылуы тиіс.

Пароксизмалді қарынша үстінің тахикардиясы

Көптеген науқастарда аритмия өздігінен тоқтайды немесе вагустыВ рефлекторлы белсендіргеннен кейін синусты ырғақ қалпына келеді (ЭКГ бақылауымен тыныс сынамасы, тез отырып тұру, каротидті синус аймағын уқалау). Осы шаралар тиімсіз болғанда - тамыр ішіне аденозинаА енгізіледі. Миокард немесе жүрек қақпақшаларының айқын патологиялары жоқ науқастарға тамыр ішіне верапамилді егу дұрыс (верапамилді қолдану мүмкін емес, егер науқас жуыр уақытта бета тежегіштерді қабылдаса). Пропранололды тамыр ішіне тағайындау да ырғақтың тез қалпына келуіне мүмкіндік береді. Аритмияны нашар көтеретін жағдайларда ЭИТ тез көмек көрсете алады. Пароксизмальды қарынша үсті тахикардиямен бірге АВ-тежелу бірігіп келгенде, жүрек гликозидтерімен улануды шығарып тастау керек. Егер ол улану болса, гликозидтерді қолдануды доғарғаннан кейін көк тамырға калий тұздары мен бета тежегіштерді тағайындау керек.

Қарынша тахикардия

Қарынша тахикардиясы әсіресе инфаркт миокардының жедел сатысында дәрілік емді қажет етеді, осы және басқа да өмірге қауіпті аритмия мүмкіндіктері инфарктан кейін 24 сағат өткен соң бірден төмендейді. ЛидокаинВ – жедел шара көмектерінде жақсы дәрі болып келеді және амиодаронды қолдану мүмкін. АҚ айқын төмендеуімен, өкпедегі жедел тоқырау немесе басқада жедел айналым бұзылыстарымен жүретін қарынша тахикардиясы кезінде шұғыл түрде ЭИТ жүргізу қажет. Пароксизмдердің қайталануын болдырмау мүмкіндіктеріне бета тежегіштерді және оларды амиодоронмен біріктіріп қолдану жатады. «Пируэт» типті тахикардия эпизоды көбінесе өздігінен жүреді, бірақ жиі қайталанады және қарыншалардың фибриляциясына өтуі мүмкін. Аталған аритмия түрінде к/т магния сульфатынВ егу өте тиімді, туа пайда болған Q-T ұзаруында бета тежегіштерді қолдану мүмкін (тек соталол емес).