Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КАЗ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.29 Mб
Скачать

6.4.3. Жергілікті қолданылатын препараттар

ОКСОЛИН

(OXOLINUM)

Шығарылу түрі. Май 0,25%

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Тұмау (алдын алу шаралары), вирусты риниттер, кератоконъюнктивиттер, кератиттер, жай және белдеме ұшық, үшкір басты кондилома, қатынасты моллюск, сүйелдер.

Жергілікті. Тұмаудың алдын алу шаралары мен ринитті емдеу: мұрынның шырышты қабатына жағу 2–3 реттен/тәулігіне; көздің вирусты аурулары: қабақтың үстіне майды жағады 3 реттен/тәулігіне немесе түнде жатарда. Жай және белдеме ұшық және қатынасты моллюска кезінде: зақымдалған теріге 1% немесе 2% майды 2–3 реттен күніне толық жазылғанша жағады. Сүйелдерді түсіру үшін оларға аппликациялар жасайды 2% немесе 3% маймен және арнайы қағазды жапсырады 2–3 реттен күніне 2 аптадан – 2 айға дейін.

Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық.

Сақтандыру.

Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет:

Жүктілік, емшекпен емізу.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: Мәліметтер жоқ.

Емшекпен емізу: қосымшаны қара.

Жүктілік: Мәліметтер жоқ.

Жанама әсерлері.

Жаққан жерде өтпелі күйдіру сезімі.

Саудаға тіркелген атауы

6.5. Қарапайымдыларға қарсы дәрілік заттар

6.5.1. Амебиаз бен лямблиоз кезіндегі қолданылатын дәрілік заттар.

МЕТРОНИДАЗОЛ

(METRONIDAZOLE)

6.2.2. бөлімді қара

ОРНИДАЗОЛ

(ORNIDAZOLE)

Шығарылу түрі. Таблеткалар 250 мг, 500 мг, қынап таблеткалары 500 мг

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Әртүрлі жерде орналасқан анаэробты инфекциялар, эрадикация H.pylori (міндетті түрде басқа бактерияларға қарсы және секрецияларға қарсы заттармен біріктіріп қолдану), жалған мембранозды колит, протозойлар инфекциясы (трихомониаз, лямблиоз, амебиаз), абдоминальды хирургия мен гинекологиядағы инфекциялардың алдын алу шараларында.

П/о 1 г/тәулігіне 2 қабылдауға.

Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық.

Сақтандыру.

Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет:

ОЖЖ аурулары (сонымен қатар қояншық), бауыр аурулары, маскүнемдік, жүктілік, емшекпен емізу.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: Жүктіліктің І үшайында ұсынылмайды, басқа кезде – егер потенциальды пайда тәуекелден басым болған кезде.

Емшекпен емізу: Ұсынылмайды. Объективті мәліметтер жоқ.

Жанама әсерлері.

Жүректің айнуы, құсу, іштің ауруы, диарея, жағымсыз темір дәмі, бастың ауруы, бастың ауруы, синкопальды жағдайлар, атаксия, естің бұзылуы, қояншық талмалары, нейтропения (лейкопения), эритематозды бөртпелер, тері қышынулары, зәр түсінің өзгеруі, аллергиялық реакциялар.

Саудаға тіркелген атауы

6.5.2. Лейшманиозға қарсы дәрілік заттар

ГЛЮКАНТИМ

(GLUCANTIM)

Шығарылу түрі. Таблеткалар 150 мг

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Лейшманиоз (тері және висцеральды).

Науқастың дене салмағына есепегенде 60 мг/кг күніне. Бұл кезде бірінші күні мөлшердің төрт бөлігін енгізеді, екінші күні – мөлшердің жартысын, үшінші күні – мөлшердің үштен төрт бөлігін және төртінші күннен бастап – толық мөлшер.

Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық, өкпе туберкулезі, бауыр және/немесе бүйрек жетіспеушілігі, жүрек-тамыр жетіспеушілігі.

Сақтандыру.

Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет:

Емделу кезінде ЭКГ, қандағы креатинин құнарлығы мен зәрдегі ақуызды бақылау керек.

Сурьма тұратын қосылыстарды көтере алмаудың даму тәуекелінен қашу үшін, мөлшерін біртіндеп жоғарлату керек. Егер көтере алмау немесе улану белгілері пайда болғанда, емді тоқтату қажет және содан кейін аз мөлшерде енгізу керек немесе басқа препаратты таңдау керек. Емдеу курсын ЭКГ-нің бақылауымен жүргізу керек, протеинурияның пайда болу мүмкіндіктеріне байланысты креатинин деңгейін бақылау керек.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: Ұсынылмайды. Мәліметтер жоқ.

Емшекпен емізу: Ұсынылмайды. Мәліметтер жоқ.

Жанама әсерлері.

Гипертермия, жөтел, миалгия, құсу, жергілікті реакциялар. Жоғары мөлшерлерді қолданған кезде - полиневриттер, миокардит, бауыр және/немесе бүйрек жетіспеушілігі.

Саудаға тіркелген атауы

АМФОТЕРИЦИН В

(AMPHOTERICIN B)

6.3 бөлімді қара