Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КАЗ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.29 Mб
Скачать

6.2.3. Алапеске қарсы дәрілік заттар.

ДАПСОН

(DAPSONE)

Шығарылу түрі. Таблеткалар 25 мг, 50 мг, 100 мг

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Пауцибациллярлы және мультибациллярлы алапес.

4-5 апталық циклмен бір мезгілдік әр 6 күндік үзіліспен қолданады, алғашқы 2 апта – ішке, ересектерге 50 мг-нан күніне 2 реттен, келесі 3 аптада 100 мг-нан күніне 2 реттен; кейін 2 аптаға үзіліс жасайды, одан кейін екінші циклді сол кестемемен бастайды; емдеу курсы - 4 цикл; төртінші циклден кейін – 1-1,5 айға үзіліс жасайды.

Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық, ауыр қаназдық, бауыр жетіспеушілігі, созылмалы бүйрек жетіспеушілігі.

Сақтандыру.

Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет:

Қаназдық (ауыр қаназдықты емді бастар алдында емдеу қажет және емделу кезінде қанның формалық элементтерінің санын бақылау керек); гемолизге бейім болуы, Г-6-ФД жетіспеушілігі (нәрестелерді емшекпен емізуді қоса); жүктілік, порфирия.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: Сақтықпен.

Емшекпен емізу: Сақтықпен.

Жанама әсерлері.

Гемолиз және метгемоглобинемия; аллергиялық дерматит; сирек - гепатит және агранулоцитоз; «дапсон синдромы», мононуклеозге ұқсас, сирек – жоғары сезімталдық реакциялары келесі симптомдармен, бөртпе, қызба, сары ауру және эозинофилия; асқазан-ішек тітіркенуі, тахикардия, бастың ауруы, ұйқының қашуы, ашуланшақтық, парестезия, қайтымды шеткі невропатия және психоз.

Саудаға тіркелген атауы

КЛОФАЗИМИН

(CLOFAZIMINE)

Шығарылу түрі. Капсулалар 50 мг, 100 мг

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Мультибациллярлы алапес, 2-ші типті алапесті реакциялар.

Мультибациллярлы алапес (дапсон және рифампицинмен біріктіріп қолдану) п/о: ересектерге 50 мг-нан күніне 1 рет және 300 мг-нан 1 реттен айына; балаларға 10-14 жастағы 50 мг-нан күн ара және 150 мг-нан 1 реттен айына; емді 12 ай бойы жалғастыру керек. 2-ші типті алапесті реакциялар – п/о ересектерге және балаларға 200-300 мг-нан күніне 2 немесе 3 қабылдауға; емді 4-6 аптаға дейін жалғастыру қажет болуы мүмкін, тиімді әсерге қол жеткізгенше.

Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық, бүйрек және/немесе бауыр жетіспеушілігі.

Сақтандыру.

Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет:

Асқазан-ішек бұзылыстары (мөлшерін төмендету қажет, қабылдау арасын ұлғайту немесе қабылдауды доғару, егер емдеу кезінде симптомдар күшейсе); бауыр және бүйрек жетіспеушілігі, жүктілік және емшекпен емізу; жұмсақ жанаспалы линза түссізденуі мүмкін.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: Сақтықпен.

Емшекпен емізу: Сақтықпен.

Жанама әсерлері.

Тері беткейінің, шаштың, қасаң қабақтың, көздің кілегей қабығының, жастың, терінің, қақырықтың, нәжістің және зәрдің қайтымды боялуы; мөлшерге тәуелді асқазан-ішек симптомдары, іштің ауырсынуы, жүректің айнуы, құсу және диарея; ауыр кілегей және кілегей асты ісінулер, үлкен мөлшерін ұзақ қолданғанда ауыр және жай өрбитін аш ішектің өтпеуі болуы мүмкін.

Саудаға тіркелген атауы

РИФАМПИЦИН

(RIFAMPICIN)

Шығарылу түрі. Капсулалар 150 мг, 300 мг

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Мультибациллярлы алапес (дапсонмен біріктіру), пауцибациллярлы алапес.

Мультибациллярлы алапес типтерін емдеу үшін – п/о ересектерге 600 мг-нан айына 1 рет дапсонмен біріктіріп (100 мг-нан тәулігіне 1 реттен) және клофазиминмен (50 мг-нан тәулігіне1 реттен, қосымша қолдану 300 мг-нан айына 1 рет); балаларға – 10 мг/кг айына 1 реттен дапсонмен (1-2 мг/кг/тәу) және клофазиминмен біріктіріп (50 мг-нан күн ара, қосымша қолдану 200 мг-нан айына 1 рет), емнің ұзақтығы 2 жыл.

Пауцибациллярлы алапес типтерін емдеу үшін – п/о ересектерге 600 мг-нан айына 1 рет, дапсонмен біріктіріп – 100 мг-нан (1-2 мг/кг) тәулігіне 1 рет; балаларға – 10 мг/кг айына 1 рет, дапсонмен біріктіріп – 1-2 мг/кг/тәулігіне, емдеу ұзақтығы 6 ай.

Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық; сары ауру, жуырда болған инфекциялық гепатит (1 жылдан аз), емшекпен емізу, созылмалы бүйрек жетіспеушілігі, ауыр өкпе-жүрек жетіспеушілігі, емшек жастағы бала.

Сақтандыру.

Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет:

Бауыр бұзылыстары кезінде бауыр қызметін бағалау және алкогольді тәуелділік кезінде және ұзақ емдегенде егде жастағылардың қан формалық элементтерін санау; бүйрек жетіспеушілігі, пероральды ұрықтануға қарсы дәрілерді қолданатын науқастарға қосымша сақтық шараларды қолдану.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: Сақтықпен.

Емшекпен емізу: Сақтықпен.

Жанама әсерлері.

Анорексия, жүректің айнуы, құсу, диарея; бастың ауруы, ұйқышылдық, қызба, коллапс, шок, гемолитикалық қаназдық, жедел бүйрек жетіспеушілігі және тромбоцитопениялық пурпура – көбінесе үзілісті емдеу кезінде; бауыр қызметінің өзгеруі – сары ауру және потенциальды өлім гепатит (мөлшерге тәуелді; күндізгі ең жоғарғы 600 мг-ға мөлшерді жоғарлатпау керек); ісінулер, бұлшық ет әлсіздігі және миопатия, улы эпидермальды некролиз; лейкопения, эозинофилия, етеккір циклінің бұзылуы; зәрдің, сілекейдің және қақырықтың қызыл-сары түске боялуы.

Саудаға тіркелген атауы