Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КАЗ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.29 Mб
Скачать

Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық, бауыр қызметінің айқын бұзылыстары, бауыр жетіспеушілігі, жүктілік және емшекпен емізу, жас балаларға (12 жасқа дейін).

Сақтандыру.

Ламотриджинді бірден доғару кезінде талмалардың жиілеуін қолдау мүмкіндіктерін ескеру және мөлшерін біртіндеп төмендету керек.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: Жүктілік кезде қолдану кері көрсетілген.

Емшекпен емізу: Лактация кезеңінде қолдану кері көрсетілген.

Жанама әсерлері

Бастың ауруы, бастың айналуы, ұйқышылдық, ұйқының бұзылуы, әлсіздіктің сезінуі, озбырлық, естің шатасуы, жүректің айнуы, бауырдың дисфункциясы, лимфаденопатия, лейкопения, тромбоцитопения, тері бөртпелері, ангионевротикалық ісінулер, Стивенса — Джонсон синдромы, терінің улы некрозы.

Саудаға тіркелген атауы:

ТОПИРАМАТ

(TOPIRAMATE)

Шығарылу түрі.

Капсулалар 15 мг, 25 мг

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Үлестік немесе жалпыланған тонико-клоникалық талмаларда монотерапия ретінде және басқа тырыспаларға қарсы дәрілермен бірге біріктірумен қолдану; Леннокса — Гасто синдромымен байланысты талмаларды емдеу кезінде қосымша ем ретінде (ересектер мен балаларда); қояншықты бірінші диагностика жасағанда (ересектер мен 2 жастан үлкен балаларда).

Ішке (тамақ қолданғанына байланыссыз). Ересектерге монотерапия кезінде: бастапқы мөлшер — 25 мг 1 рет тәулігіне (түнге) 1 апта бойы, кейін мөлшерін 25–50 мг/тәу жоғарлатады (2 қабылдауға бөледі) арасы 1-2 апта клиникалық тиімділікке қол жеткізгенше; ұсынылатын мөлшер — 100 мг/тәу, ең жоғарғы тәуліктік мөлшер — 500 мг (кейбір науқастарда қояншықтың рефрактерлік түрлері кезде — 1000 мг/тәу). 2 жастан үлкен балаларға: емнің бірінші аптасында — 0,5–1 мг/кг түнге, кейін мөлшерін жоғарлатады 0,5–1 мг/кг/тәу (2 қабылдауға бөледі) арасы 1-2 апта; ұсынылатын мөлшер — 3–6 мг/кг/тәу (балалар үшін жуырда диагностикаланған үлестік талмалар кезінде — 500 мг/тәу).

Басқа тырыспаға қарсы препараттармен біріктіргенде: ересектерге — 25–50 мг түнге 1 апта бойы, кейін мөлшерін 25–50 мг-ға арасы 1-2 апталық қашықтықпен жоғарлатады және 2 қабылдауға қабылдайды; ең тиімді мөлшер — 200 мг/тәу, орта тәуліктік — 200–400 мг, ең жоғарғы — 1600 мг. 2 жастан үлкен балаларға: — 1–3 мг/кг/тәу түнге 1 апта бойы, кейін мөлшерін 1–3 мг/кг-ға арасы 1-2 апталық қашықтықпен жоғарлатады және 2 қабылдаумен қабылдайды; ұсынылатын тәуліктік мөлшер — 5–9 мг/кг.

Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық.

Сақтандыру.

Гемодиализдегі науқастарға, оны жүргізетін күні қосымша мөлшер берілу керек (шамамен ½ күндізгі мөлшер) емшара алдында және кейін. Доғаруды біртіндеп, мөлшерін 100 мг-нан апталық ара қашықтықпен төмендетеді.

Нефролитиаз тәуекелі жоғары науқастарға қолданатын сұйықтық көлемін жоғарлату ұсынылады. Бауыр қызметі бұзылған науқастарға сақтықпен тағайындайды (топирамат клиренсінің төмендеуіне байланысты). Балалар мен ересектерде екіншілік жабық бұрышты глаукоманың даму жағдайларының мүмкіндіктері. Топираматпен емдеу кезінде дене салмағының айтарлықтай жоғалту жағдайларында, тамқтануды күшейту немесе тамақ қоспаларын қолдану қажет.

Көлік жүргізушілерге жұмыс кезінде және жоғары көңіл қоюды қажет ететін адамдарға қолданбайды. Алкоголмен немесе ОЖЖ тежейтін препараттармен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: Жүктілік кезінде сақтықпен қолдануға болады, егер күтілетін емнің тиімділігі ұрық үшін потенциальды тәуекелден жоғары болса (жүктілік кезінде қолдану туралы адекваттық және бақыланылатын зерттеулер жүргізілмеген).

Емшекпен емізу: Емдеу кезінде емшекпен емізуді доғару керек.

Жанама әсерлері

Жүйке жүйесі мен сезім мүшелері жағынан: жоғары қажығыштық, атаксия, ойлаудың бұзылуы мен көңіл қою мәнділігінің бұзылуы, эмоциональды тұрақсыздық, естің шатасуы, бастың айналуы, парестезия, гипестезия, ұйқышылдық; сирек — қозу, амнезия, афазия, депрессия, диплопия және көрудің басқа бұзылыстары, конъюнктивит, нистагм, сөйлеудің бұзылуы, дәмді сезінудің бұзылыстары.

АІЖ мүшелері жағынан: анорексия, гингивит, жүректің айнуы.

Басқа да: дене салмағының төмендеуі, іштің ауруы, қалтырау, лейкопения, диспноэ, ісінулер, мұрыннан қан кетулер, нефролитиаз, гематурия, прурит, тиннит, дисменорея, либидо әлсізденуі, бедеулік.

Саудаға тіркелген атауы: