Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КАЗ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.29 Mб
Скачать

3. Аллергияға қарсы дәрілік заттар және анафилаксия кезінде қолданылатын дәрілік заттар

Гистаминнің b-рецепторларының (антагонистер) тежегіштері антигистаминді заттар ретінде белгілі. Олар гистаминге болатын жауапты реакцияларды басады, оған аллергияны сипаттайтын күлдіреуік, қышыма, түшкіру және тұмау жатады. Сонымен антигистаминді заттар аллергиялық реакциялардың есекжем, аллергиялық ринит және конъюнктивит сияқты симптомдарын жеңілдетеді, олар сонымен қатар тері ауруларындағы қышымаларды бақылайды, мысалы экзема кезіндегі. 

Кортикостероидтар, дексаметазон, гидрокортизон немесе преднизолон сияқты, аллергиялық реакциялар туғызған қабынудың барлық симптомдарын шеттетеді немесе басады. Препараттың енгізу жолдары белгілі аллергиялық жағдайға тәуелді болып келеді. Мысалы, терінің жеңіл бөртпелерін емдеуде кортикостероидтардың майы немесе кремі қолданылады. Егер тері реакциялары жергілікті кортикостероидтармен емдегенде қайтпаса, кортикостероид препараттарын ішке тағайындау мүмкіндігі қажет.

Анафилактикалық шок және сол сияқты жағдайлар, шұғыл жағдайлардағы жедел жүрек-тамыр жетіспеушілігіне және/немесе өлімге әкелетін ангионевротикалық ісінулер. Кеңірдектің ісінуі, бронхоспазм немесе гипотония мүмкіндіктерін шеттету үшін шұғыл ем қажет..

Анафилаксия кезіндегі емдеу шараларының кезеңдері

1. Симпатомиметиктерді енгізу. 

Эпинефрин (адреналин) бұлшық етке, эпинефриннің егу үшін ерітіндісі қолданылады 1:1000 (0,1%), ересектер мен жасөспірімдерге 500 мкг (0,5 мл); нәрестелерге 6 айға дейін 50 мкг (0,05 мл); балаларға 6 айдан 6 жасқа дейін 120 мкг (0,12 мл),  6–12 жасқа 250 мкг (0,25 мл). Артериальды қысым, пульс және тыныс алу көрсеткіштеріне тәуеледі жоғарыда көрсетілген мөлшерді енгізуді 5 минуттық ара қашықтықпен қайта енгізу мүмкін. Қан айналым жетіспеушілігі кезінде, көк тамырға баяу, эпинефриннің егу үшін ерітіндісін қолданады 1:10 000 (0,01%) (жылдамдығы 1 мл/мин), ересектерге 500 мкг (5 мл); балаларға 10 мкг/кг (0,1 мл/кг) бірнеше минут барысында. 2. Өмірге қажетті қызметтерді ұстап тұру. Тыныс алу жолдарының өткізгіштігін ұстап тұру керек; маска арқылы оттегі беру, артериальды қысымды қалпына келтіру (науқасты тегіс бетке жатқызу, аяғын көтеру).

3. Антигистаминді заттар, мысалы хлоропирамин, көк тамырға баяу 1 минут ішінде, ересектерге 20–40 мг, қажеттілігіне қарай қайталау (ең жоғарғы қосынды мөлшері 40–80 мг 24 сағат ішінде).

4. Кортикостероидтар, мысалы, гидрокортизон, көк тамырға баяу, ересектерге 100–300 мг; балаларға 1 жасқа дейін – 25 мг; 1–5 жасқа – 50 мг; 6–12 жасқа – 100 мг.

5. Көк тамырға сұйықтықты енгізу: инфузияны 0,9% натрия хлорид ерітіндісінен бастайды (0,5–1 л 1 сағат ішінде).

6. Егер науқаста бронхиальды демікпе ұстамаларына ұқсас симптомдар пайда болса сальбутамол 2,5–5 мг небулайзер арқылы енгізу қажет немесе аминофиллин 5 мг/кг көк тамырға 20 минут барысында енгізу керек.

ГИДРОКОРТИЗОН (HYDROCORTISONE)

Шығарылу түрі. Егуге арналған суспензия

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Бүйрек үсті безінің жедел жетіспеушілігі, жедел аллергиялық реакциялар, демікпелі статус, шоктың алдын алу шаралары мен емдеуі, кардиогенді шокпен асқынған миокард инфаркты, тиреотоксикалық күйзеліс, тиреоидит, тау пайда болған бүйрек үсті безінің гиперплазиясы, қатерлі ісік ауруларының салдарынан болған гиперкальциемия, ревматизм ауруларының жедел кезеңіндегі қысқа немесе қосымша ем, коллагенді аурулар, көпіршік, көпіршікті герпетиформалы дерматит (Дюринг ауруы), полиморфты көпіршікті эритема, эксфолиативті дерматит, саңырауқұлақ тәрізді микоз, теңге қотырдың ауыр түрлері және майұралы дерматит, жедел және созылмалы ауыр аллергиялық және қабыну үдерісімен жүретін көздің зақымдалуы, симптоматикалық саркоидоз, басқа ем түрлеріне бағынбайтын Леффлер синдромы, бериллиоз, туберкулездің ошақталған немесе шашыраған түрін туберкулезге қарсы химиотерапиямен біріктіріп қолдану кезінде, аспирациялық пневмонит, ересектердегі идиопатиялық тромбоцитопениялы пурпура (тек к/т!), ересектердегі екіншілік тромбоцитопения, жүре пайда болған (аутоиммуннды) гемолитикалық қаныаздық, эритробластопения, туа пайда болған (эритроидты) гипопластикалық қаныаздық, ересектердегі лейкоз бен лимфома кезіндегі паллиативті ем, балалардағы жедел лейкоз кезінде, диурезді күшейту үшін немесе нефротикалық синдром кезінде протеинурияны төмендету үшін, идиопатиялық типті нефротикалық синдром кезінде немесе қызыл жегі кезінде уремия болмағанда, жаралы колиттің және регионарлы энтериттің күйзелістік сатысында (жүйелік ем ретінде), субарахноидальды тежелудің дамуымен болатын туберкулезді менингит немесе оның қатері (туберкулезге қарсы химиотерапиямен біріктіріліп), жүйке жүйесінің зақымдалуымен болатын трихинеллез немесе миокард, бронхиальды демікпе, буындардың ауруы.

Мөлшерлеу тәртібі жеке. К/т құю, к/т тамшылатып, сирек б/е қолданады. Шүғыл терапия үшін к/т егу ұсынылады. Бастапқы мөлшер 100 мг (30 секунд енгізіледі)‑500 мг (10 миунт ішінде енгізіледі) құрайды, кейін қайта әр 2-6 сағат сайын, клиникалық жағдайларға тәуелді енгізеді. Препараттың жоғары мөлшерін тек науқастың жағдайы тұрақтанған кезге дейін енгізеді, бірақ тек 48-72 сағаттан кем емес, себебі гипернатриемия дамуы мүмкін. Балаларға тәулігіне 25 мг/кг мөлшерде дене салмағына тағайындайды. Қор-түрін ішке немесе преиартикулярлы 5‑50 мг бір реттік мөлшерде ара қашықтығы 1-3 аптамен енгізеді. Б/е 0.125‑0.25 г/тәу.

Кері көрсеткіштері.

Гипертониялық аурудың ауыр түрлері және Иценко‑Кушинга ауруы, психоздар, нефрит, остеопороз, асқазан мен ұлтабардың жара аурулары, арнайы емнің болмауы кезіндегі белсенді туберкулез түрлері, қант диабеті, жуырда болған операцияларда, жүктілік, жүйелік зең аурулары, препарат құрамына жоғары сезімталдық. Шұғыл жағдайларда кері көрсеткіштерді салыстырмалы түрде қарастыру керек.

Сақтандыру.

48-72 сағат бойы гидрокортизон әсері жеткіліксіз кезде және ұзақ кортикостероидтармен ем жүргізілгенде, гидрокортизонды басқа ағзада натрийдің ұсталуын туғызбайтын кортикостероидтар препаратымен алмастыру керек. Гидрокортизонмен емдеу кезінде натрийдің шектелуімен және жоғары калийден тұратын емдәм тағайындау ұсынылады. Көздің ұшықты инфекцияларымен зақымдалған науқастарға препаратты сақтықпен тағайындайды, себебі қасаң қабақтың перфорациясы болуы мүмкін. Сақтық сонымен спецификалық емес жаралы колит, дивертикулитте, жаңадан қойылған ішек анастомозы, бүйрек қызметінің жетіспеушілігінде, гипертония, остеопороз, қатерлі миастения кезінде де қажет. Гидрокортизон туғызған салыстырмалы бүйрек үсті безінің жетіспеушілігі препаратты доғарғаннан кейін бірнеше айға дейін созылуы мүмкін. Осыны ескеріп, күйзелістік жағдайлар кезінде, осы кезеңде дамитын, гормональды емді тұздармен және/немесе минералокортикоидтармен бірге тағайындау арқылы қайталайды. Кортикостероидты ем қосымша болып саналады және негізгі ауруды емдеудің орынын баса алмайды. Туберкулездің белсенді түрімен ауыратын науқастарға гидрокортизонды туберкулезге қарсы еммен сәйкес біріктіріп қолданады. Туберкулездің жасырын түрінде немесе туберкулин сынамасының вираж кезеңінде науқастың жағдайын қатаң қадағалау керек, ал қажет жағдайда химиялық алдын алу шараларын жүргізу қажет. Емдеу кезеңінде вакцинация жүргізілмеу керек. Жүктілік, лактация кезеңінде және нәрестелерге препаратты тек өте қажет жағдайларда және тікелей дәрігердің бақылауымен тағайындалынады. Гидрокортизонды қабылдаған балалар, жүктілік кезінде қабылдаған аналар бүйрек үсті безінің жетіспеушілігін анықтау үшін қатаң бақыланылады. Кейбір препараттың түрлері еріткіш құрамында бензил спиртінен тұрады, оны кейде шала туылған нәрестелердегі өлімге әкелетін «демікпе синдромымен» ("Gasping Syndrome") байланыстырады.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Беременность: FDA категориясы С. Плаценттік кедергіден өтеді, терапиялық құнарлығының теріс әсері дәлелденбеген.

Емшекпен емізу: 1% аз мөлшері төс сүтіне өтеді, аз мөлшері қауіпсіз, жоғары мөлшері – баланың өз гормондар өнімін тежеу тәуекелі және бой өсуінің ұсталуы – ұсынылмайды.