Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КАЗ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.29 Mб
Скачать

4 Қосымша Бүйрек жетіспеушілігі

Дәрілік терапия кезінде, бүйрек қызметі төмендегенде, келесі себептер мәселелерді туғызуы мүмкін:

  • Дәрілік заттың немесе оның метаболитінің шығарылуының бұзылыстары улануға әкеледі.

  • Кейбір дәрілік заттарға сезімталдық жоғарлауы мүмкін, егер бүйрек элиминациясы бұзылмаған кездеде.

  • Жанама әсерлерді көтере алмау бұзылыстарының болуы мүмкін.

  • Кейбір дәрілердің тиімділігінің төмендеуі мүмкін.

Бүйрек жетіспеушілігімен ауыратын науқастарда көптеген дәрілік заттардың мөлшерін түзету керек, жанама әсерлерді болдырмау және тиімділікті қамтамас ету үшін. Бүйрек қызметінің табалдырық деңгейіне дәрілік заттың қаншалықты улылығына және ол тек бүйрекпен ғана бөліне ме немесе жартылай белсендірілмейтін өнімдерге дейін метаболизмге ұшырауына байланысты, дәрілердің мөлшерін төмендету. Көбінесе барлық бүйрек жетіспеушілік науқастары күш салу мөлшерін қабылдайды, ол қалыпты бүйрек қызметіне тағайындалынатын кәдімгі мөлшерге тең. Ұстап тұрушы мөлшер клиникалық жағдайға байланысты анықталынады. Ұстап тұрушы мөлшерді төмендету, өзгермеген қалыпты аралық мөлшерде бір реттік мөлшерді төмендету арқылы жүргізеді, әлде мөлшер аралығын ұлғайту арқылы өзгермеген бір реттік мөлшермен қолданады. Аралығын ұлғайту кестесі қолдану ыңғайлығымен және қаржы жұмсаудың төмендеуімен пайдалы, ал мөлшерін төмендету кестесі үнемі дәрінің плазмадағы құнарлығын қамтамас етеді. Төмендегі кестеде дәрілік заттар алфавит бойынша берілген. Кестеде тек арнайы мәліметтері бар дәрілер ғана келтірілген. Көптеген дәрілік заттар бүйрек жетіспеушілігі кезінде сақтықпен қолданылуы тиіс, бірақолардың мөлшерін қалай түзетуге болатын арнайы мәліметтер жоқ, сол себепті жеке дәрілердің арнайы мәліметтеріне қарау керек. Ұсыныста бүйрек жетіспеушілігінің шумақты фильтрация жылдамдығының (ШФЖ) бағалануымен, әртүрлі деңгейі берілген. Оның орынына сары судағы креатинин құнарлығы қолданылуы мүмкін, бірақ шамамен бағалау үшін, егер жасына, жынысына және дене салмағына арнайы номограмма арқылы түзетулер жүргізілмесе. Бүйрек жетіспеушілігі үш дәрежеге бөлінеді:

  • жеңіл — ШФЖ 20-50 мл/минутына немесе сары судағы креатинин 150-300 ммоль/л;

  • орташа — ШФЖ 10-20 мл/минутына немесе сары судағы креатинин 300-700 ммоль/л;

  • ауыр — ШФЖ <10 мл/минутына немесе сары судағы креатинин >700 ммоль/л.

Ұсыныс бойынша мөлшерлерді қолданған кезде келесі жағдайларды ескеру керек:

  • қолданылатын дәрілердің саны ең азға жеткізілуі керек.

  • Нефротоксикалық дәрілік заттар, мүмкіндігінше бүйрек патологиясынмен ауыратын науқастарға тағайындалмауы керек, себебі бұл кездегі нефротоксикалық жағдайлар қауіпті.

  • Бүйрек қызметін емнің алдында ғана емес, сол сияқты емделу кезінде де анықтау ұсынылады және қажет кезде ұстап тұрушы мөлшерді түзетулер керек.

  • Бүйрек қызметі жасы бара төмендейді (ШФЖ, креатинин клиренсі): мысалы 80 жаста ол жас дені сау адамның қызметінің жартысына тең. Егде жастағыларға тағайындағанда, бүйрек жетіспеушілігінің жеңіл түріне сәйкес тағайындайды.

  • Уремиямен ауратын науқастар қатаң бақылауда болады, күтпеген дәрілік уланудың алдын алу үшін. Бұндай науқастарда басқа өзгеретін сипаттармен жүретін клиникалық суреттері күрделігі (сіңірілуінің бұзылуы, ақуыздармен байланысы, метаболизмі, бүрек қызметі, басқа дәрілік терапия сияқты) бекітілген дәрінің мөлшерін қолдану мүмкіндігінің болмауы және жеке жақындауды талап етеді.