Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КАЗ.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.29 Mб
Скачать

Таблеткалар 10 мг, 20 мг; егуге арналған ерітінді 1%, 5%

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Гиповитаминоз В6 (емдеу және алдын алу шаралары). Алдын алу шаралары үшін – ішке 2-5 мг/тәу ересектерге, 2 мг/тәу балаларға. Емдеу мөлшері – 0,02-0,03 г-нан күніне 1-2 реттен ересектерге, балаларға жасына қарай төмендетеді.

Гипохромды және макроцитарлы қаназдықD, сидеробласты қаназдық. Ішке 0,1-0,4 г-нан күнделікті немесе 0,1 г-нан б/е аптасына 2 реттен.

Паркинсонизм, кіші хорея, психотропты препараттарды қолдану тұсындағы кешкі дискинезияВ. Б/е 100 мг/тәу, курс 20-25 егу, 2-3 айдан кейін қайталау, мөлшерін 300-400 мг/тәулігіне жоғарлатады.

Орталы және шеткі генезді салдарВ, радикулит, неврит, невралгия, диабеттік невропатия. 50 мг-нан 3 р/күніне.

Литтла ауруыD, Меньера ауруы мен синдромы, теңіз және әуе ауруы, бастың айналуыС. 0,05-0,1 г/тәу 1-2 қабылдауға.

Инволюциялық жастағы депрессияD. Б/е 200 мг/тәу.

Жүктілік токсикозындаА. 0,05-0,1 г/тәу 1-2 қабылдауға.

Қант диабетінің 2 типіС. 0,05-0,1 г/тәу 1-2 қабылдауға.

Туберкулезге қарсы препараттарды қабылдаудан болған бауырдың зақымдалуыD, маскүнемдік кезіндеВ, жедел және созылмалы гепатиттер. Алдын алу шараларында - 0,01г/тәу, емдеу – 0,05г-нан күніне 3 реттен.

Диурезді жоғарлату мен несеп айдағыштардың әсерін жоғарлату үшін. 0,05-0,1 г/тәу 1-2 қабылдауға.

Майұра тәрізді, майұра емес және атопиялық дерматитте, нейродерматитте жиынтық терапияда. Белдемелі теміретке, экссудативті диатезде. 0,05-0,1 г/тәу 1-2 қабылдауға.

Кері көрсеткіштері.

Препаратқа жоғары сезімталдықтар.

Сақтандыру.

Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстыру керек:

Асқазан мен ұлтабардың жара аурулары, ЖИА.

Мөлшерден тыс: мөлшері 200 мг/күніне 30 күндей бойы – тәуелділік синдромы. Жоғары мөлшер, күніне 2 г-нан жоғары болғанда сенсорлы невропатияға әкелуі мүмкін.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: ФДА категориясы А. Үлкен мөлшерлер үшін – категория С. Плацент арқылы өтеді. Үлкен мөлшерді қолдану нәрестелерде тәуелділік синдромын туғызуы мүмкін.

Емшекпен емізу: Төс сүтіне өтуі туралы мәліметтер жоқ.

Жанама әсерлері

Сенсорлы невропатия, парестезия, аллергиялық реакциялар, бастың ауруы, тұз қышқылының гиперсекрециясы.

Саудаға тіркелген атаулары:

Ретинол (retinol)

Шығарылу түрі.

Ампуладағы ерітінді 1 мл; майлы ерітінді 50 мг-нан капсулада; драже 114 мг

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Гипо және авитаминоз А. Ересектерге 33 000 МЕ/тәу, балаларға 1000-5000 МЕ/тәу жасына байланысты.

Пигментті ретинитВ. 100 000 – 200 000 МЕ/тәу.

Гемеролапия, ксерофтальмияВ . Ересектерге 50 000 -100 000 МЕ/тәу, балаларға 1000-5000 МЕ/тәу.

Кератомаляция, конъюнктивит, қабақтың экзематозды зақымдалуы.

Терінің аурулары мен зақымдалуы (үстіру, күйіктер, жаралар, ихтиоз, гиперкератоз, теңге қотыры, экземаның кейбір түрлері және басқада қабыну және дегенеративті патологиялық үдерістері). Ересектерге 50 000 -100 000 МЕ/тәу, балаларға 5000 – 10 000 -20 000 МЕ/тәу.

Мешел, гипотрофия, жедел респираторлық ауруларда, созылмалы өкпе-бронх ауруларында, АІЖ эрозивті-жара мен қабыну зақымдануларында, бауыр циррозында жиынтық терапияда. 50 000‑100 000 МЕ тәулігіне.

Лейкоз (сүйек кемігінің цитостатиктер әсеріне тұрақтылығының жоғарлауы), лейкоплакия.

Өт және несеп шығару жолдарында конкременттердің пайда болуының және дерматоздардың алдын алу шараларында (глюкокортикоидтармен емдегеннен кейін). 50 000‑100 000 МЕ тәулігіне.

Кері көрсеткіштері.

Жоғары сезімталдық. Өт тас аурулары, созылмалы панкреатит (аурудың асқынуы мүмкін). Жүктіліктің I үшайында. Терінің жедел қабыну аурулары.

Сақтандыру.

Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстыру керек:

Жедел және созылмалы нефрит, жүрек қызметінің декомпенсациясы.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: ФДА категориясы А. Х ұсынылған мөлшерден артық қолданғанда – тератогенді әсер.

Емшекпен емізу: Төс сүтіне өтеді.

Жанама әсерлері

Ұсынылған мөлшерде ауыр немесе қайтымсыз жанама әсерлер болмайды; жоғары мөлшерлерді қолдану ұрықтың даму ақауларын туғызуы мүмкін; ересектерде өтпелі бас іші қысымының жоғарлауы.

Гипервитаминоз А: ересектерде ‑ ұйқышылдық, әлсіздік, бастың ауруы, беттің гиперемиясы, жүректің айнуы, құсу, жүрістің бұзылуы, аяқ сүйектеріндегі аурулар. Балаларда дене қызуының жоғарлау, ұйқышылдық, тершеңдік, құсу, тері бөртпелері болуы мүмкін. Жұлын ми қысымының жоғарлауы мүмкін (емшек жасындағы балаларда гидроцефалия мен еңбектің дөңкеюі мүмкін). Үлкен мөлшерден тыс қолданғанда терінің дөрекіленуіне, шаштың құрғауына, бауыр көлемінің ұлғаюына, эритроциттердің тұну жылдамдығының жоғарлауына, сары судағы кальций мен сілтілік фосфатаза құнарлығының жоғарлауына әкелуі мүмкін.

Саудаға тіркелген атаулары: